Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты



жүктеу 62.35 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі62.35 Kb.
түріСабақ
: files -> sites -> 1383501714865338 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1392365796276233
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
book-catalog -> Молдабаева Гулайда Бекболқызы Тақырыбы: «Достық дегеніміз не?» Мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Малдың пайдасы Сабақтың мақсаты: а оқушыларға өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру
book-catalog -> Сабақ тақырыбы: Қорықтар 9 сынып қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Зейнелова Қ. Т. Астана, 2012
book-catalog -> Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы
book-catalog -> 63 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзахметова Жанна Даулетовна
book-catalog -> Сабақ 10 «Ә» сынып «Жарасымды қарым-қатынас»
1392365796276233 -> Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
book-catalog -> Пән: Физикалық география Сыныбы: 6 Күні: 12. 2015 Тақырыбы
Астана қаласы

63 орта мектебі



Математика пәні мұғалімі: Сагадиева Сауле Кыдырхановна

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Бөлшектерді көбейту тақырыбын электрондық оқулық бойынша түсіндіруді қолдану.

ережесін жатқа білу, қолдана алу.

2. Дамытушылық: электрондық оқулық арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденіс-терін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне доста-рына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс ойын сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық,тест, логикалық есептер және сөзжұмбақтар жазылған кесте карточкалар, бағалау кестелері, төс белгілері.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы: І. Ой қозғау: Нені біліп шығу керек?

ІІ. Ой толғау: Нені білгіміз келеді?

ІІІ. Ой қорытыу: Нені білдік?

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу.



ІІ. Үйге берілген есептерді тексеру.

ІІІ. Бүгінгі сабақ топтық сайыс ойын сабағы екенін хабарлау. Оқушы-ларды үш топқа бөлу.

І-топ: Дұрыс бөлшек. Топ басшысы Серікбай Жандос

ІІ-топ: Бұрыс бөлшек. Топ басшысы Жұмағұл Мерей.

ІІІ-топ: Аралас сан. Топ басшысы: Қойшыбек Ернар.

Әр топ бөлшектерге анықтама беріп, өз аттарын қорғайды.

IV. Өткен сабақты пысықтау үшін қайталауға тест беріледі. Мұғалім ауыз-ша жауаптарын тексереді. Дұрыс жауаптар бойынша ұпай жинайды.

Тест (қайталау)



Жаңа сабақтың құрылымы

(плакат)

V. Жаңа сабақты баяндау электронды оқулық арқылы
Жай бөлшектерді көбейту ережесі

мұнд. Бөлшекті натурал санға н/е

көбейту


(немесе керісінше)



Жай бөлшектерді көбейту (дәптерлеріне жаздырту)

І. Ой қозғау: Тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмасында бөлшекті нату-рал санға көбейтуді тең бөлшектердің қосындысы түрінде үйретіледі. Мысалы:


(Бөлшектің алымы мен натурал сан көбейтіліп алымға жазылды. Бөлімі өзгеріссіз қалады).

Мысалы:



ІІ. Ой толғау.

Көбейту амалы қандай қарапайым есептерді шығарғанда пайдаланылады?



  • Тік төртбұрыштың қабырғалары берілгенде ауданын есептеуде.

  • Заттың құнын есептегенде бағасы мен данасы немесе массасы көбейтіледі.

  • Жылдамдық пен уақытты көбейтіп, жүрілген жолды есептеуде.

Тік бұрышты параллепипедтің (м/ы: бөлменің көлемі) көлемін, үш өлшемін ұзындығын, енін, биіктігін көбейтіп есептеуде және т.б. есептер шешуде ондағы шамалар бөлшектермен бірлесе, онда бөлшектерді көбейту амалын білуіміз керек. Мысалы: Тік төртбұрыш АВСD ұзындығы  ауданы S=?


Шешуі: S=ұз. ені

Жауабы:

қалай шықты?

1 дм.












В



























С

дм2

А 1 дм


D

Сұрақтар:



  1. Шаршы неше бөлікке бөлінеді? (15).

  2. Көбейтінді бөлшектің бөлімі қалай табылады? (5·3=15 бөлімдерін көбей-тіп).

  3. Тік төртбұрышта неше бөлік бар? (8)

  4. Көбейтінді бөлшектің алымы қалай табылады? (4·2=8 алымдарын көбей-тіп).

Осы сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар жай бөлшектерді көбейту ережесін өздері тұжырымдап айтады.

Міндетті түрде мұғалімнің өзі ережені оқушыларға ерекше дауыспен айту керек. Сонан соң оның әріппен жазылуын формула түрінде жазған жөн. Ары қарай тірек конспекті жазылған плакат бойынша түсіндіру.



Жай бөлшектерді көбейткенде бөлшектерді қысқартып, болған соң, көбейту керек. Мысалы: немесе қысқаша

Бөлшекті натурал санға көбейту (немесе керісінше). Бұл есеп ой қозғауда қарастырылды ғой, сондықтан ережесін оқушылардың өздеріне қорытуға жетелеу керек:

Ереже: Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы ретінде алынады да, бөлі-мі өзгеріссіз сол қалпында жазылады.

немесе

Аралас сандарды көбейту. Электрондық оқулық арқылы түсіндіру

Алдын ала мысалды жазып, шығарылу жолын көрсетіп қойып, оқушыларға көбейтінді бөлшектің қалай шыққандығы туралы ой тастау керек. Есепке қарап отырып оқушылар аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдырғанын байқап, ережені оқушылардың өздеріне қорытуға жетелеу керек.



Ереже: Аралас сандарды алдын ала бұрыс бөлшекке айналдырып, бөлшекке көбейту ережесі бойынша көбейтеміз.
Мысалы:

ІІІ. Ой қорыту.

6. Жаңа сабақты бекітуге деңгейлік тапсырмалар орындаумен, жаңа сабақты меңгергенін білу (ойын түрінде).



І-деңгей. Оқушылық бөлім: (тақтамен жұмыс). «Қазақстан – 2030» ел прези-дентінің Қазақстан халқына жолдауы бойынша қысқаша оқушылардан сұрақ-жауап алу.

«Болашаққа ұмтылу – 2030 жылға қош келдіңіз» ойынын жүргізу. Тақтада ілулі тұрған плакатқа әр топтан бір оқушыны шығару.


«Болашаққа ұмтылу – 2030 жылға қош келдіңіз»


ІІ деңгей. Алгоритмдік бөлім. Логикалық есеп шығару.
1
Х
)


2)


Х







3



)


ІІІ деңгей. Эвристикалық бөлім.

Сөзжұмбақ шешу.

Кестелердегі амалдарды орындап, табылған мәндерді кему ретімен – төмендегі кестеге орналастырсақ және олардың астына сәйкес әріптерді жазсақ, белгілі бір сөз шығады. Сол сөзді тап.


Х



8

















36







Н

О

Л

Б


IV. Шығармашылық бөлім (оқушымен жұмыс).

598-есепке мәселе есеп құрастырумен, оқушылардың сөздік қорын білу, мате-матиканы қазақ әдебиетімен байланыстыру.



7. Үйге тапсырма. 587 (1,2) 588 (1,2) 589 (1,2)

8. Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап алу.

1. Бөлшектерді қалай көбейтеміз?

2. Натурал сандарды бөлшек санға қалай көбейтеміз?

3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?



9. Жиған ұпай сандары бойынша жеңген топты марапаттау. Білімдерін бағалау кестесін пайдалана отырып бағалаймыз.

10. Сабақтың соңы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет