Сабақтың тақырыбы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»



жүктеу 63.82 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі63.82 Kb.
түріСабақ
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Абайтану 2 сынып

Салиева Бақтыгүл -№229мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылы

Сабақтың тақырыбы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіру. Оқу-білімнің

мәнін жете түсінуге ықпал ету. Өлеңді мәнерлеп

оқуға төселдіру.

Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін, ауызша сөйлеу дағдыларын

дамыту.


Тәрбиелік: Ілім, білімнің адам өміріндегі маңызын жеткізу,

білімге, ғылымға деген құштарлығын арттыру.



Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреттері, слайдтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері (Топпен жұмыс жасау, сұрақ-

жауап, ой қозғау,

топтастыру, эссе)

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2 топқа бөлу.

І топ "Мұрагерлер"

ІІ топ "Ұрпақтар"



ІІ. Қызығушылықты ояту.

-Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге-деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, балалар, шынында да қазақтың кемеңгер, данышпан, ойшыл ұлы ақыны Абай аталарыңның өлеңдері жақсы оқуға, білімді болуға, тәртіпті, тәрбиелі, адамгершілігіміз мол болуға шақыра ма?

-Абайдың өлеңдерін жаттап, көңілімізге тоқуымыз керек пе?-деген сұрақтарға жауап алу.



ІІ. Өткенді еске түсіру. Ойын "Гүл текшелерін жинау"

  1. Абай кім, қай жерде, қай жылы туылған?

  2. Абайдың азан шақырып қойған аты кім?

  3. Абайдың әкесі кім, ол кім болған?

  4. Абайдың анасы кім?

  5. Абайды кім тәрбиелеген?

  6. Абай қанша жасынан өлең жазған?

  7. Оны кім Абай деп атаған?

  8. Абайдың қанша қара сөзі бар?

  9. Абайды әлемге танытқан кім?

  10. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?



ІІІ. Жаңа сабақ.

Ой қозғау. Балаларға оқу-білім жайында мақал-мәтелдер айтқызу

1. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

3. Білімсіз күнің жоқ, оқусыз білім жоқ.

4. Оқу білім қазығы, білім өмір азығы.

5. Ақылды ұл білім іздер, ақымақ ұл шылым іздер.

6. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.

7. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

8. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
Оқушылардың білім-ілім жөніндегі мақал-мәтелдерін тыңдау.

-Балалар, міне, білімсіз күнің жоқ екен, білімді болсаң сенің алдың ашық, жақсы мен жаманды ажырата алатын боласың.

- Абай аталарыңның оқу-білім жайында жазған қандай өлеңін білесіңдер?

-"Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқушыларға айтқызу.

-Балалар, бүгін біз Абайдың білім, ғылымға арнаған "Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңімен танысамыз.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегімді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

-Балалар, осы өлең шумағында сендерге таныс емес сөздер бар, сол сөздермен танысамыз.



Сөздікпен жұмыс

Махрұм-ешнәрседен хабардар болмау

Дөп сермесем-дер кезінде

Медресе-бұрынғы кездегі білім ошағы

Шен алсын-атақ алу

Дәптерге жазып алу.



Сергіту сәті: "Желсіз түнде жарық ай"

Балаларға өлеңді тізбектетіп оқыту, топқа бөліп оқыту.



Өлең шумақтары бойынша жұмыс.

І-топқа тапсырма.

1. Абайдың қандай өлеңімен таныстыңдар?

2. Абай неге өкінеді?

ІІ топқа тапсырма.

1. Адамның бір қызығы кім?

2. Адам баласын не үшін оқытады?

Балалардың ойларын, түсініктерін тыңдау.

-Иә, балалар, ақын аталарың бұл өлеңінде жастарды, мына сендерді білімге, ғылымға шақырып жатыр. "Жас кездеріңде білім алыңдар, оқыңдар, ғылыммен айналысыңдар" дейді, ертең ержеткен кезде бекер оқымаппын деп өкініп жүрмеңдер деп өзінің өкінішін айтып жатыр.

"Адамның бір қызығы-бала деген" деп, баланы оқыту керек дейді, оны оқуға бергенде атақ алсын деп бермеу керек, білім алсын, білімді болсын дейді, білімді адамның борышы халқына қызмет ету"- дейді ақын.

Тақтадан Абайдың өсиетін оқып беру.

"Ғылым-білімге неғұрлым ертерек бала кезден ден қойсаңдар-кейін өкінбейсіңдер"
Балғын шақтарыңда оқыған кітаптарың, алған білімдерің тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.
Шығармашылық тапсырма. Ұйқасын тап .

І-топ. Абайды оқы, ерінбе,

Пайдаң тиер ... (еліңе)

ІІ-топ. Халқына ең жақыны,

Қазақтың ұлы . ақыны)...

Білім"_сөзіне_топтастыру_жазу.'>"Білім" сөзіне топтастыру жазу.

ғаламтор

кітап мектеп

оқу Білім журнал

телевизор іздену




ІY. Қорытынды.

Эссе жазу.

І топ. "Оқусыз білім жоқ"

ІІ топ. "Оқу-білім бұлағы"

-Ендеше балалар, өздерің айтқандай оқусыз білім жоқ екен. Сендер білімді болуларың үшін көп оқуларың керек. "Білімдінің күні жарық" дегендей, білімді болғандарыңда ғана жетістікке қол жеткізіп, өмірден өз орындарыңды аласыңдар. Абай аталарың өзінің өлеңдері арқылы қазақ жастарын, сендер сияқты жас ұрпақтарды имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Сондықтан сабақты жақсы оқып, ғылыммен айналысып, елімізді дамытуға, көркейтуге, жаңалық ашуға ұмтылуымыз керек..



Сабақты аяқтау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.



Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегімді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.



Шығармашылық тапсырма

Ұйқасын тап
І топ
Абайды оқы, ерінбе,

Пайдаң тиер ...

Шығармашылық тапсырма

Ұйқасын тап
ІІ топ
Халқына ең жақыны,

Қазақтың ұлы ...



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет