Сабақтың тақырыбы: Құймалар



жүктеу 30.06 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі30.06 Kb.
түріСабақ
: sites -> default -> files -> zip rar pdf doc
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
zip rar pdf doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы»
zip rar pdf doc -> Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне аудару. Сабақтың мақсаты
zip rar pdf doc -> Сабақ түрі: жаңа сабақ түсіндіру
zip rar pdf doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы»

№ 43 орта мектеп-гимназиясы Нығызбаева Г. Ж.

Сабақтың тақырыбы: Құймалар

Мақсаты: 1. Оқушыларды құймалардың түрімен таныстыру, құймалар қолданылуын, құрамын, ерекшелігін түсіндіру.

2. Оқушының біліктілігін, ойлампаздығын шыңдау, дүниетаным қабілетін дамыту.

3. Формулаларды дұрыс жазуға, білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру.

Сабақтың формасы: жеке, жұптық

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, электрондық оқулық, периодтық кесте, сұлбалар
І. Ұйымдастыру.

а) оқушыны түгендеу

б) сабаққа әзірлеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өндірісте металды алу әдістері. Металлургия

1. Металлургия ұғымы, оның түрі

2. Түсті металдар ерекшелігі

3. Металдарды өнеркәсіпте алу

4. Металдарды алу жалпы әдістері (интерактивті тақтада кесте түрінде)

5. Металлотермия әдісі, рафинирлеу деген не?

6. № 4, 6 есеп
ІІІ. Жаңа сабақ: Құймалар

1. Құймалар ертеден пайдаланып келе жатқан қосылыстар. Металдарға қарағанда құймалар қасиеттері пайдалы. Ең алғаш алынған құйма-қола. Құймадан-пышақ, балта, қару-жарақ т.б. жасалған

2. Интерактивті тақтада: суретте (Болат қылыш, қыздыру аспаптары)

3. Интерактивті тақтада Құймалардың қолданылу сұлбасы



4. Электрондық оқулықтан гипер текст «Метал құймалары». Металдар қасиеттері

5. Есеп шығару: электрондық оқулықта № 6,7 есеп

VI топ элементі энергетикалық деңгейіндегі құрылысы мынадай:





бұл қай элемент, оған сәйкес қасиеттерді жазыңыздар.

Өз бетімен электрондық оқулықтан № 8 есепті шығару
IV. Сабақты бекіту:

1) Неге көпшілік жағдайда құйма қолданылады?

2) Қола, жез құрамы қандай?

3) Электрондық оқулықтан І деңгей тестін шешу


V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма: § 9.4. № 4, 6 есептер

Сабақтың тақырыбы: Алюминий өндірісі


Мақсаты:

1) Оқушыларға алюминийдің жер қыртысында таралу ерекшелігін минералдарын алу технологиясын және өндіруді түсіндіру.

2) Оқушылардың дүниетаным қабілетін, біліктілігін шыңдау.

3) Өндірісте металдарды алу теңдеулерін жазуға, білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Сабақтың формасы: жеке, жұптық
Көрнекілік: Сызбалар, схемалар (интерактивті тақтада, электрондық оқулық)
І. Ұйымдастыру: а) оқушыларды түгендеу;

ә) сабаққа әзірлеу.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Шойын және болат өндірісі»

  1. Темірдің таралу ерекшілігі

  2. Шойын өндіру (суретті пайдаланып)

  3. Болат өндіру (флипчарттағы сызба)

  4. Темір металлургиясы, оның жаңа бағыттары

  5. Қазақстандағы қара металлургия

  6. Венн диаграммасы (интерактивті тақтада жазу)

  7. Реферат: «Қара металлургия»

ІІІ. Жаңа сабақ: «Алюминий өндірісі»

Сызба интерактивті тақтада (флипчарт арқылы)

Электрондық оқулықтан алюминий жалпы сиаттамасы гипер мәтін

Таралуы, өндірісі




Алюминий адам ағзасында 10-5% -ке дейін болады. ол қан сарысуында, өкпе, бүйрек, сүйек, шаш, тырнақ, ми, эпителий ұлпаларының дамуына қатысады. (суреттерде)
IV. Деңгейлік тапсырмалар

  1. Алюминийдің физикалық қасиеттері, периодтағы орны (электрондық оқулықты пайдаланып)

  2. Теңдеулерін жаз:

  3. Өндірісте алюминий алу, теңдеуі, жүру жағдайлары

V. Бекіту тесті (интерактивті тақтада)

1. Алюминий қандай металл?

А) сілтілі

Б) сілтілі жер

В) екідайлы

2. Алюминидің тотығу дәрежесі

А) 0


Б) +3

В) -3


3. -тің атауы

А) корунд

Б) боксит

В) шпат


Жұмбақ (жеке топпен)

Табылса бұрын там-тұмнан,

Қазірде көп әрбір өлкеде.

Қымбат болды алтыннан,



Қандай металл ертеде?
VI. Үйге тапсырма § 9.6, № 3 сұрақ
VII. Бағалау



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет