Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау



жүктеу 45.08 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі45.08 Kb.
түріСабақ
: method
method -> 1.Әбішев К. А. Философия А., 2006ж. Бөрібаев Т.Қ. Ұлт менталиенті. А.,2002ж
method -> Рабочая учебная программа Мамандық: 5В070500 Математикалық және компьютерліқ улгілеу Оқу түрі: күндізгі Өскемен Усть-Каменогорск 2013
method -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
method -> Жылу техникасы
method -> Д. Серікбаев атындағы ШҚмту «Көлік және логистика» кафедрасы
method -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
method -> «Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы, машинажасау және көлік факультеті
method -> Ф1 и вкгту 701. 01-01-1-2011
method -> Ғылым философиясы және тарихы
method -> Пояснительная записка Составители: Крупко А. И., учитель русского языка и литературы мбоу гимназия №6, методист гимц ро по русскому языку
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы

С. Жаңғабылов атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Досанова Галина

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

мақсаты: 1. Оқушылардың сөз құрамы туралы білімдерін бекітіп, жұрнақ пен жалғауды ажырата білу, көркем жазу дағдысын жетілдіру, СКТ арқылы сөздің жасалуын білу.

көрнекілігі: Тірек сызба, тест, ребус, Венн диограммасы, мақал-мәтел, графикалық диктант.

пәнаралық байланыс: Дене тәрбиесі, музыка, ана тілі, есеп сабағы.

әдісі: СТО технологиясы , СКТ технологиясы

сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. Оқушылар бір-біріне тілек айту.

Еңбек етсең жасыңнан

Бақыттысың жас ұлан

Білім, еңбек, спорттың

Табылайық қасынан.

VII Қысқы Азияда ойындарының біздің елімізде өтіп жатқаны туралы әңгімелесу.

1.Тапсырма: (қайталау сұрақтары)

А с т а н а – А л м а т ы 2 0 1 1

Бүгін біз өз құрама командамызға медаль жинауға көмектесеміз.

  1. Шаңғышылар, 2.Мәнерлеп сырғанаушылар, 3.Конькишілер, 4. Биотлоншылар.

2. Үй тапсырмасы. 349 – жаттығу.

«Медеу мұз айдынында» тақырыбына әңгіме жазып келу, ереже сұрау, жұрнақ пен жалғауды ажырату.

(Алғашқы медальдарын тапсыру ең бірінші орындаған топ алтын медальға ие болады).

ІІ. Мағынаны ашу.

Біз жоғарыдағы тапсырмаларды орындау арқылы Орталық стадионға жеттік. Ол танымастай болып өзгерген, кеңейтілген, төбесі жабылған. Орталық стадион 1958 ж салынған. Сөздің бар ғой сан қыры,

Жанды етейік жансызды

Жұрнақ, жалғау арқылы

дей отырып бүгінгі сабағымызға кірісеміз.

Ақпанның үші

Жұрнақ пен жалғау

  1. Тірек сызбамен жұмыс.

Сөз құрамы

түбір қосымша

жұрнақ жалғау

жаңа сөз байланысқан сөз

(медаль беру)

  1. Оқулық пен жұмыс.

350 – жаттығу (ауызша) өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөзді түбір мен қосымшаның түрлеріне ажырату.

Шекарашы сақшысы

(медаль беру)

  1. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу минуты.

Бұл менің Азиадам!

(медаль беру)

Орталық стадионның қасында Б.Шолақ атындағы спорт сарайына келдік. Онда мәнерлеп сырғанаушылар өнер көрсетеді.

351 – жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгімен белгіле.

Әдепсіз бала

Ауыздықсыз атпен тең.

Ақылды қария

Жазып қойған хатпен тең.

(талдауға 4 топқа төрт жол беріледі)

(марапаттау)

  1. Сергіту: Ән . «Зырлайды шанамыз». (қимылмен)

352-жаттығу. Сөздерге тиісті жалғау жалғап, сөйлем құрап жазу. Тақтаға жаздыру.

  1. Баян сабаққа әзірленді. І топтан 1 бала

  2. Мұғалім сыныпқа кірді. ІІ топтан 1 бала

  3. Ауланың қарын күреді. ІІІ топтан 1 бала

  4. Серік доп сатып алды. IVтоптан 1 бала

(медаль беру)
ІІІ. Ой толғаныс.

353 – жаттығу. «Жұрнақ пен жалғаудың өзгешелігін мысал арқылы дәлелде».

Графикалық диктант.

.
Құрылысшы құрылыста істейді. Марат ағам іскер адам.

Әнші әнді шырқады. Айдос кітапханаға барып келді.

Спортшы спортпен шұғылданады.

(марапаттау)

  1. Шығармашылық тапсырма.

Біз Достық даңғылының бойымен жүріп келеміз. Міне енді Медеу мұз айдынына келдік. Ұйымдастырушылар жарысқа қатысушыларға арнап ұрандар ілген екен, желдің әсерінен кейбір сөздер түсіп қалыпты. Соны табу керек.

«Шынықсаң ... боласың ».

« ... – жаны сау ».

«Денсаулық – зор ... ».

(марапаттау)

6. Әр адам өз денсаулығына көңіл бөлу керек. Дене шынықтыру жаттығуларынан басқа дұрыс тамақтанудың да орны ерекше. Біздің спортшыларымыз да, өзіміз де күш жинап алу үшін мына тапсырманы орындайық.

а) Білімдіге дүние жарық

Білімсіздің күні кәріп.

ә)СКТ технологиясының әдіс – тәсілі.

Өнерлі



Жіңішке сөз

3

6 дыбыс

6 әріп 3

3 буын


1 тасымал

Түбірге жұрнақ

Жалғау арқылы

жас.сөз.

қандай?

Сынын білд.сөз.

б) Ребус шешу. «Оқулық»

(ана тілінен жаттаған өлеңді еске түсіру)

  1. Венн диаграммасы.

Жұрнақ Жалғау
Жаңа сөз байланысқан сөз

Қосым-

Сөз мағынасын ша сөз бен сөзді

өзгертеді байланыстырады


ІV. Бағалау.

Жарысымыздың қорытындысын шығару үшін Азияда ауылына қайталық.

Командалар қанша медаль алғанын есептейік.




алтын

күміс

қола

Шаңғышылар

Мәнерлеп сырғанаушылар

Конькишілер

Биотлоншылар










Барлығы:

V. Үйге тапсырма 354 – жаттығу.

Теледидардан қазақстандық спортшылардың бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін, медальдарын біліп келу.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет