Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



жүктеу 0.97 Mb.
бет1/5
Дата24.04.2016
өлшемі0.97 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5
: fr
fr -> 98 Существующие концепции региональной безопасности и стабильности, роль региональных организаций в области регулирования конфликтов
fr -> Влияние тимэктомии на иммунный ответ у мышей линии сва/Са
fr -> Джон и Кайл, оба вооруженные, «расслабляются» под деревьями
fr -> Абак и счеты
fr -> Немецкий историк в письме Порошенко: политика США "яма со змеями"
fr -> Викторина «африка» Из уважения к коренному населению, Ливингстон сохранил все местные названия, наносимые на карту. Сделал лишь одно исключение. Какое? Назвал водопад Виктория в честь королевы Англии. Что в Африке называют «негритянским
fr -> Комнатная коляска для ребенка-инвалида
fr -> Уйгуры введение
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларға тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы турала айта отырып, ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы , сонымен қоса Грекия, Рим, Хетт, Финикия, Палистина т.б. елдер туралы өтетіндігімізден хабардар ету.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқулықпен, авторларымен таныстыру.

Сабақтың түрі: Кіріспе

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, кітап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы зор. Оны оқу барысында адамзаттың алғашқы даму жолы, мемлекеттердің даму заңдылықтары, әлеуметтік-шаруашылық салаларындағы өзгерістердің себептері мен салдарлары, рухани өмірде қол жеткен табыстар, т.б. туралы ғылыми көзқарас қалыптасады. Бұл пәннің тәрбиелік мәні де үлкен.

5-сыныпта «Ежелгі дүние тарихы» пәні оқытылды. Ал 6-сыныптың дүние тарихы соның жалғасы.

Қазірге дейін қолданып келген 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулықтарында ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы оқытылғанымен, тақырып аясын ашуда еуроцентристік көзқарас басым болды. Бұл көзқарасты ұстанған ғалымдардың оқулықтары ежелгі Грекия мен Римнің тарихын көбірек оқытуға баса көңіл аударды. Осы жағдай басқа халықтардың көне тарихын оқып үйренуге нұсқан келтірді. Орта және Орталық Азияның ежелгі халықтары мен мемлекеттерінің тарихы ауызға алынбады. Сондықтан да олар туралы мектептерде нақты білім берілмей келді. Осы кемшіліктерді жою мақсатында бұл оқулыққа Орта және Орталық Азияда қалыптасып, дамыған ежелгі Бактрия, ежелгі Кушан, ежелгі Парфия патшалықтары туралы жеке тақырыптар енгізіліп отыр.

Сонымен қоса 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығында оқушылардың өздігінен оқуына лайықталған материалдар берілген. Оларды оқу тарихы жағдайлар мен оқиғаларды терең түсінуге көмектеседі.

ІІІ. Сабақты бекіту: «Ежелгі дүние» атты тақырыпта эссе жазу.

IV.Бағалау:

Ү. Үй тапсырмасы: Кіріспені оқып келу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 1. Шумер және Аккад

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Азияның оңтүстік-батысында қатарласа ағатын екі өзен Евфрат пен Тигр бойындағы қолайлы ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп, тіршілік етуіне әсер еткенін оқушыларға жеткізу.

  • Дамытушылық: Оңтүстік Қосөзен бойын мекендеген елдің шумер мен аккад халықтары деп аталатынын, шумерліктер Қосөзенге оның шығыс жағынан келіп қоныстанғанын, ал аккадтықтар болса, оңтүстік-батыс өлкелерден келіп орналасып, екі халықтық топ ең еделгі мәдени орталықтардың бірін негіздегенін жеткізу.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды Отанға сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: Театрландырылған сабақ. Жаңа сабақты баяндау Сабақтың көрнекілігі: «Египет және ежелгі Алдыңғы Азия» картасы, 6-сыныпқа арналған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы. (Төлебаев Т., Құсайынова Р. Дәкенов М.). Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.



  • Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және алғашқы тұрғындары.

  • Қосөзендегі алғашқы мемлекеттер.

  • Қосөзен қалаларының бірігуі.

Сабақ алдында оқу пәніне лайық психолгиялық жаңа ахуал туғызамын

Сабақты бастағанда Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан Евфрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен басталып, Парсы шығананыға құятынын картадан көрсетемін.

Тақтаға қос өзеннің схемасын бормен сызып, саяхат жасаймыз. Бұл екі өзенді көбінесе Қосөзен деп атайды. Кейде өзен аралары Месопотамия деп те жазылатынын айтамын. Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болған екен. Қамыс көп өскен.

«Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады, ал елі өте бай болды. Неге? Бұл сұрақ, әрине әрқайсыңды қызықтырады.

Көз алдарыңа елестетіп көріңдер, сендердің алдарыңда тұрған мұғалім емес, ежелгі Месопотамияның тұрғыны делік. Өткен дәуірден келген қонақтан елі жайлы, ондағы ауа райы туралы, қандай өсімдіктер мен жануарлар өсетіні, қалай өмір сүріп, тіршілік еткені жайлы сұрап алыңдар».

ІІІ. Сабақты бекіту:

Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпатты келеді. Көне заманда бұл аймақ батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болған екен. Сонағ қарамастан адамдар батпақты да жұмсақ, әрі құнарлы топырақты жерлерді де біртіндеп игере бастайды. Еккен өнім мол өнім берді, бір пальманың өзінен 50 кг құрма алды, Қосөзеннің оңтүстігінен жібек жүн, бидай, құрма т.б. шет жаққа шығарыла бастады.



  • Айтыңдаршы, Қосөзеннің ежелгі тұрғындары еңбек ету нәтижесінде артық өнім өндіре алды ма?

  • Қосөзенде мемлекет пен тапқа бөлінушілік неге ертерек пайда болды?

Кестені толтырыңдар:

Оңтүстік Қосөзендегі шаруашылықтың дамуына мүмкіндік туғазған жағдайлар

Шаруашылықтың дамуына кері әсер еткен жағдайлар







IV.Бағалау:

Ү. Үй тапсырмасы туралы хабар.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 2. Ежелгі Вавилон

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қалалардың ішінде Вавилон қаласының ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы баяндау.


  • Дамытушылық: Қосөзеннің ортаңғы және төменгі ағысы бойы толықтай Вавилонға бас игені, Хаммурапидің ол елдердің құдіретті билеушісіне айналғаны жайлы айту.

  • Тәрбиелік: Заңдардың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептелгенін оқушыларға жеткізу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Оқушылар ойша саяхат жасайды. Кітаптың мәтінімен жұмыс істейді, әңгімеге араласады, жаңа тарихи терминдерді дәптерге түсіреді, сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың типі: Саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Картамен жұмыс.

Сабақтың жоспары:


  • Вавилонның өрлеуі

  • Хаммурапи заңдары

  • Б.з.б. VII-VІ ғасырдағы Вавилон.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:

Сұрақ:1. Ур қаласының маңынан табылған табыттарды зерттеу барысында өлген адаммен ондаған құлдары, ат бағушылар, музыканттары бірге жерленіп, оған қоса алтын бұйымдар, неше түрлі әшекейлер қоса қойылғаны анықталды. Бұл туралы қандай қорытынды жасауға болады? Өз ойыңды айт.


  1. Қала-мемлекеттер деген не? Олар қалай қалыптасты?

Жаңа сабақ:

Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу. Мүмкіндігінше оқушылармен бірге «Ежелгі дүние тарихы» энциклопедиясын ақтаруға кірісемін.



Вавилон

Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.

Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына ба,ындарды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.

Қаланың архитектуралық ерекшеліктерін, қалай орналасқанын, тарихи ескерткіштерін айта келіп, төмендегідей сұрақтар қоямын:



  • Қаланың орталық алаңындағы үлкен қақпаның кіре берісіне неге кілем төселген? Ел кімге иіліп сәлем беріп жатыр? Қақпаға үлкен күйме жақындап келеді. Бұл кім болды екен? Оқушылар өзойларын айтады.

  • Бұл кісінің кім екенін осы қаланың бір тұрғындарынан сұрайық. Қала тұрғыны-вавилондық бала рөлін бір оқушы ойнайды.

Вавилондық баланың әңгімесі..

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау

  1. Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамыту бағытында жұмыс істеймін.

Оңтүстік Қосөзеннің бойынан табылған әлемдегі ең еделгі заң үзінділерінде былай делінген:

  • 186. Егер адам кішкентай баланы асырап алса, бірақ кейн ол бала өз әкесі мен шешемін тауып алса, онда бұл тәрбиеленуші өзінің әкесі мен шешесін үйіне қайтып бара алады.

  • 188. Егер қолөнерші жас баланы тәрбиелеу үшін алып, өз кәсібіне үйретс, онда ол асырап алып өтем төлету арызы бойынша жауапқа тартылады.

Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсаттар көздеді? Өз ойларыңды білдіріңдер.

IV. Үйге тапсырма беру: Ежелгі Вавилон туралы жақсы білетін жол бастаушы байқауына дайындалу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Ежелгі Қосөзен мәдениеті.



  • Білімділік: адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып есептелетін Қосөзен туралы, көптеген халықтардағы сияқты діни түсініктерге байланысты дүниеге келген Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар жайлы баяндау.

  • Дамытушылық: Қосөзенде қалыптасқан дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі, оны дүниеге келтірген шумерліктер туралы айту. Барлық оқушыларды сабаққа жұмылдыру, соның нәтижесінде бүкіл сынып білімін жетілдіре түсу.

  • Тәрбиелік: Әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі туралы баяндау.

Сабақтың әдісі: «Гильгамеш туралы аңыз» дастанының мазмұнымеен таныстыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Алғашқы жазу суреттер жобасы тақтаға сызылады. Мүсіндердің макеттері қойылады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.


  • «Гильгамеш туралы аңыз».

  • Сына жазу.

  • Өнері.

  • Діни түсніктер

Балаларға ертегі, дастандарды айтып берген жөн бе немесе оқып беру керек пе? Бұл сұрақтың жауабы бала ықыласына және дастанның мәніне байланыстырамын

Ертегі кітабына неше мәрте үңіліп, оның мәнін әбден ұғынамын. Ертегінің көркемдік дәрежесі жоғары болған сайын айтушы да шабытпен кіріседі және әңгімесі әсерлі шығады. Көркем шығарма әсерімен оқушыларды рухани ғажайып ертегілер өлкенісне ертіп әкетуге болады. Олар нағыз өмірден мыстан кемпірді, сөйлейтін аңдарды, сиқыршыларды, алыптар мен ергежейлілерді көруге болмайтынын білсе де ертегіге сенеді. Ертегіні талдай түсіндіріп, оны баланың жанына жеткізудің ерекше мәні бар.

Енді жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, «Гильгамеш таралы аңцз» дастаныының мазмұнын айтып беремін.

Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасқаны, оны дүниеге келтіргендер Қосөзенге шығыстан қоныс аударып келген шумерліктер екені баяндалады.

Олардың алғышқы жазуы арқылы, әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы қалыптасады. Мысалы, «құл» жеп жазу үшін жұмыртқа суретін салды. Ал «туу» немесе «дүниеге келді» деген ұғымды білдіру үшін құс пен оның жұмыртқасын бірге салғанын салып көрсетемін.

Осылайша суреттердің орнына сурет таңбаларын пайдаланып жазу пайда болды. Бірақ бұл жазу да күрделі, қиын еді. Кейінірек әр сөзді нақты таңбамен жазу үшін таңбалар қолданылғаны белгілі. Міне, осылайша еделгі шумерлік әріп қалыптасты. Дегенмен кейбір әріптер бірнеше мағына беретін еді.

Ежелгі Қосөзен өнері туралы айтқанда б.з.б. VI ғ. Вавилон қаласының суретін пайдаланамын. Вавилон құрылыстарының ішінде ең құдіреттісі-Иштар құдайдың құрметіне арналып салынған қақпа. Олардың барлығы мыстан жасалған. Қақпаның мұнаралы дуалына айбат шеккен арыстандар мен аждаһа бейнелі қасиетті жануарлар бейнеленген. Күйдірілген, түрлі-түсті кірпіштер бұл жануарлар бейнесін ерекшелендіре түсетін.

Қақпадан енген адам тас төселген жолмен алыстан көренген мұнараға қарай жүретін. Ол биік мұнара құдіретті Мардук құдайдың ғибадатханасының мұнарасы еді. Мұнара биіктігі оның басына қараған адамның бөркі жерге түсердей еді.

Вавилон аспалы бағымен, зәулім мұнарасымен әлемге әйгілі. Мұғалім одан әрі Аспалы бақтың тарихын айтып беремін.

Қосөзендіктердің діни түсініктер туралы оқулық бойынша баяндаймын.

ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.

Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу, оқушыны ойлану әрекетін дамытуға ынталандыру.

IV. Үйге тапсырма: §3



6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Египетте мемлекеттің пайда болуы.



  • Білімділік: Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып, шағын мемлекеттер пайда болғанын баяндап жеткізу.

  • Дамытушылық:мемлекеттің пайда болуы жайлы 5-сыныпта алған түсініктерін одан әрі дамыту.

  • Тәрбиелік: Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы нәтижесінде ғылыми білімдер, сәулет және құрылыс өнері дамығандығы жайлы әңгімелеп, балаларды әсемдік әлемін, адамзат баласмының қолымен жасалған ғажайып өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырамын сұрау.


  • «Гильгамеш туралы аңызда» не туралы баяндалады?

  • Дастан не туралы?

  • Аспалы бақ туралы не ойлайсыңдар?

Жаңа сабақ жоспары:

  • Ніл алқыбының табиғат жағдайлары.

  • Нілдің тасуы

  • Алғашқы мемлекеттер

  • Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы.

Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:

  • Алғашқы қауымдық қрылыс пен құлиеленушілік құрылыстың арасындағы айырмашылық неде деп ойлайсыңдар?

  • Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөлініп, біреуді біреу қанау деген болып па еді?

Оқушылар салыстыру арқылы жауап беруге тырысады. Тақтаға тірек сөздер жазылады: 1) адамды адамның қанауы; 2) теңдік; 3) тап.

Перғауын (фараон) өз ұлына жазған өсиетінде былай деді: «Кедейлерге еш уақытта сенбе, кедейлер ең беріспес жауың: патша өзінің әйгілілігімен даңқты, өз әскеріңді алға сүйре, малмен,жермен, мүлікпен сыйла, оларды сыйға тарт».

Перғауын неге кедейлерді қас жау деп есептейді? Патшалығының даңқын шығару үшін ұлына қандай өсиет қалдырды? Перғауын кімнің мүддесін қорғады?

Осы сұрақтарға дұрыс жауап алғаннан кейін «мемлекет» және «ел» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты ашып көрсетемін.

Оқушылар оқулықтың 25-бетін оқып шыққаннан кейін «Алғашқы қауымдық құрылыста мемлекет болды ма?» деген сұрақ қоямын. Билік басында ақсақалдар кеңесі мен көсемі болғанын оқушылардың есіне сала кетемін.

«Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі биліктен мемлекеттің айырмашылығы қандай?»

Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін «мемлекет-бұл күш қолданылатын, күшке сүйенетін билік (әскер, сақшылар т.б.)» деп түйіндеймін.

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.

түсінікті болуын пысықтау барысында оның мәнінің тереңірек ашылуына, оқушылардың оның қыры мен сырана қаныға алуына байланысты болмақ.


  • Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Египетте құлиеленушілік құрылыстың түбегейлі орнап, бекігені туралы айт. Еңбек өнімділігінің артуына және ауыл шаруашылығының дамуына бұл жағдайдың әсері болды ма?

  • Египеттің б.з.б. 1500 ж. Басқыншылық жорықтарын контур картаға түсіріңдер, шекарасын көрсетіңдер. Соғыста қолға түскен тұтқындар неге «бағалы» табыс болып есептеледі?

IV. Үйге тапсырма: §4

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 5. Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы



  • Білімділік: Билік шекарасы, мемлекет туралы ұғымдарды дамыту.

  • Дамытушылық: ежелгі Египет еңбекшілерінің жағдайын, мүліктік және әлеуметтік жіктелуін ашып көрсету.

  • Тәрбиелік: Қолөнершілердіғ еңбегі, олардың ептілігі және төзімділігі жайлы баяндай отырыпы, оқушыларды еңбекке, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сурет, карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.



  • Ежелгі Египеттің табиғат жағдайларан сипаттаңдар.

  • «Ніл-құтты мекен» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың үйге берілген кестені қалай толтырғанын аралап көріп, екі-үш оқушыны орнынын тұрғызып, оқытамын.

  • ІІІ Тутмос жүргізген тағы бір қанды шайқас аяқталды. Перғауынның байлығына тағы байлық қосылды. Жорықтан әскербасы да оралды, оның байлығы бұрынғыдан да арта түсті. Шайқастарда жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Соғыстан оралған ол үйіне келгенде не көрді?

Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, қарапайым халықтың жағдайын түсіндіруге көшемін. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып оралғандықтан ешбір еңбекке жарамсыз болды, нәтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне әсер еткен, яғни ежелгі Египетте адамдар бай және кедей топтарға бөліне бастады.

Египет жауынгерлері жаулап алған елдердің мал-мүлкін, бағалы дүниелерін ғана емес, адамдарын да айдап әкелген.



  • Соғыста қолға түскен құл неге бағалы табыс болып есептелді? Неге оларды «тірі өліктер» деп атады?

Оқушылар жауабын тыңдап болған соң құлдардың ең ауыр жұмыс атақарғандығын, олар егіс даласында, құрылыста, шеберханаларда еңбек етіп, үлкен харамдар мен фараондардың зираттарын салғанын баяндаймын.

  • Ежелгі Египеттегі құлдардың негізгі көзі не деп ойлайсыңдар?

  • Құлдар санының өсуі неге әкеліп соғуы мүмкін?

Шаруалардың жағдайын түсіндіруге көшкенде оқулықтың 31-бетіндегі кесте тақтаға сызылып, оқушылардың көмегімен толтырылады.






Құл

Шаруа

Колөнерші

Тау-кен жұмысшылары

1

Нені иемденді?













2

Қандай жұмыстар атқарды?













3

Қандай құқықтары болды?













Египетте б.з.б. ІІ мыңжылдықта құлдар шаруашылықтың барлық саласында еңбек етті. Шонжарлардың егіс далаларында жер жыртып, егін егіп, оны жинады, тау-кен жұмыстарын істеді.

Ежелгі Египеттегі шаруалар екі түрлі міндеттер өтеген:заттай алым-салық төлеген және еңбек ету міндеткерлігін атқарған. Шаруалар өз жерінде өндірілген астық және басқа да өнімдерімен салық төлеп отырған. Әкімдер әрбір шаруаның қанша жері мен малы, жеміс ағашы бар екенін есепке алып отырған. Күзге қарай шаруаның жеріне салық жинаушы келіп, түсімін есептеген.

Қолында таяғы мен пальма шыбығы бар күзетшілер астық беруін талап еткен. Салық жинаушының ойынша, ол атқарып жүрген қызмет ауыр, әрі ешкімге жақпайтын жұмыс.

«Шаруаларға келсең осы,-дейді салық жинаушы,»- «Өнім жоқ»- деп ренжиді де отырады, ештеңе бергілері келмейді, осыдан кейін күзетшісіз келіп көр.

Тақтадағы кесте толтырылғаннан кейін, әрине, оқушылардың көмегіне сүйене отырып, төмендегі мәселелерге оқушылар назарын аударамын.


  • «Шаруа дегеніміз кім?

  • Шаруа шаруашылығына сипаттама беріңдер.

  • Оны кім және қалай қанады?

  • Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

  • Қайсысының құқығы мүлде жоқ болды?»

Қолөнершілердің еңбегі туралы бір оқушыға дауыстап оқытамын

Сабақты пысықтаймын.

ІІІ. Үй тапсырмасы: §5.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 6. Египеттегі үстем тап өкілдері және

перғауындардың басқыншылық саясаты.


  • Білімділік: ІІІ Тутмос тұсында Египет әскерлері зор жеңіске жетіп, бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын, беделін күшейткенін баяндау.

  • Дамытушылық: Перғауындардың жаулап алған жерлерін аяусыз талан-таражға салғанын, фараон мен шонжарлар өмірін суреттеу.

  • Тәрбиелік: Египет әскербасыларының бөтен елге, жерге жасаған басқыншылық соғыстарын, олардың ұстанған саясатын бейнелеу, әшкерелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырамын тексеру.



  • Еңбекшілер еңбегін сипаттаңдар

  • Шаруалар патша қазынасына қандай салықтар төлеп отырғаны таралы айтыңдар.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Перғауындар.

  2. Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санауы.

  3. Күшті әскери тәртіптің орнауы

Перғауындар басқарып тырған мемлекеттік аппарат әр түрлі қызмет басындағы шонжарлардан тұрды.

«Шонжар» ұғымы туралы баса айтып кетемін. Оларды тікелей перғауында өзі тағайындайды, шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, әкімдер, жазғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты.

Перғауындар мемлекеттің шаруалар мен құлдарды басып-жаншитын құлар болғанын, үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғап отырғанын сабақ барысында қорытындылап, түйіндеймін. Сондай-ақ ежелгі Египет патшаларының бүкіл Египет халқы мен табиғат байлықтарына иелік етіп, билеп-төстегені, шонжарлардың мүддесі үшін еңбеккерлерді аяусыз қанағаны туралы баяндаймын.

Перғауындар шонжарлардың жағдайын жақсарту мақсатында оларға құнарлы жерлерден тұтас мекендер беріп, шондардар өмірі мен олардың дүние-мүлкіне қастандық жасағандарды аяусыз жазалағанын айта отырып, перғауын мен шонжарлар бейнесін аша түсемін.

Оқулықтағы суреттерге оқушылар назарын аудару.

Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санайтына тоқталып, тақтаға «Перғауын» («фараон») сөзін жазып, египеттіктерше «перо» сөзі «үлкен үй», «патша сарай» деген ұғымды білдіретінін айтамын.

Шонжарлар тобына кімдер жататынын тақтаға жазып қоямын. Олардың тұмыс жағдайы туралы бір оқушыға кітаптан оқытамын.

Перғауындардың жақсы дайындығы бар, жаттықтырылған, тұрақты әскер құрғаны туралы баяндай келіп, ІІІ Тутмостың негізгі әсер құрамы жаяу әскерден тұрғанын, құлдар әскерге шақырылмағанын, негізгі әскер құрамы шаруалар болғандығын айтамын.

Тәжірибелі әскербасылар қарамығындағы жаынгерлерін сапта жүру, садақ ату сияқты әскери өнерлерге үйретті. Жалқауларға дүре соғылды. Бейбіт уақытта жауынгерлер жұмыстың небір ауыр түрлерін атқарды.

Соғыс тактикасында жеңіске жету көбінесе жаяу әскердің іс-қимылдарына байланысты болды. Жаяу әскер садақпен қаруланды. Ауыр қаруланғандардың қолында қалқаны, ұзын найза, балтасы болды.

Соғыс қару-жарақтарын жасаған кезде қола кеңірек қолданыла бастады.

Жеңіл арбалы атты әскер құрамы пайда болып, соғыс тактикасына үлкен өзгерістер әкелгенін, оған тек бай-шонжарлар, ауқатты әскербасылар мінгенін айта кетемін. Ал олардың қолбасшысы болып, әрине, перғауынның баласы ғана тағайындалды.

Сондай-ақ перғауындардың Азия мен Африка елдеріне ақы төлеп, әскер жалдағанын айта кетемін.

Перғауындар жалдамалы әскерін қалай тиімді пайдалана білді? /ой қозғау/

Оқушылар жауабын тыңдап болған соң: «Шаруалардан құрылған әскерге қарағанда жалдамалы әскерлер әскери сапасы жағынан ерекшелеу болды. Соғыс өнерін жақсы білді. Шаруалардан құрылған жауынгерлерден жалдамалы әскерлердің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? Қандай жағдайларда сенімді болды? Қандай жағдайларда әлсіздік танытты?» деген сұрақтар қоя отырып, әскердің екі түріне мінездеме беруге көшемін. Әскерге алынған шаруаларды перғауындар соғыс өнеріне үйретті, жаттықтырды. Бірақ әскери жорықтар кезінде шаруаның ойында, санасында ауылы, шаруашылығы тұрды. Алдағы шайқасты ойлап келе жатқан ол жоқ, шаруашылықты басқаруға отбасының шамасы жете ме, күзгі өнімді жинай ала ма-міне, оны осы ойлар қинайды.

Жалдамалы әскердің негізгі міндеті-жорыққа қатысу, соғыс тактикасын үйрену, сондықтан ол шаруаларға қарағанда сапасы жағынан мықты, соғыс өнерін меңгерген, жауды жеңіп, бекіністі алуға бар күшін салады. Ал егер Египетті жау шапса, қайсысы елін ерлікпен қорғай алады? Неге?

Осы сұрақтар арқылы жалдамалы әскердің жақтарын ашып көрсетемін.

Перғауындар жаулап алған елдерін аяусыз талан-таражға салды. Египет әскерлері мол олжамен оралып отырды. Алтын тиеген кемелер, тең-тең маталар, бағалы ағаштар, әшекей бұйымдар, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқылар әкелді. Осылардың ішіндегі бағалысы тұтқындар еді.

Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?

Соғыста жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Шайқастан оралған шаруаның үйі, шаруашылығы қандай жағдайда еді?

Үнемі жүргізілген соғыстар Египет патшалығын неге әлсіретті? Өз ойларыңды білдіріңдер.

ІІІ. Оқушының жаңа оқу материалын қалай түсінгенін тексеру.

IV. Жаңа сабақты пысықтау

V. Үй тапсырмасы: §6



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет