Сабақтың тақырыбы: «Көктемді қарсы алайық»



жүктеу 39.99 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі39.99 Kb.
түріСабақ
: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлері
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту уақыт талабы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
sabaktar -> №36 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Шымкент қаласы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайды білмек парыз ойлы жасқа (10-сынып)
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың асқар белі абай XX ғасырдың заңҒар биігі мұхтар мұғалімнің кіріспе сөзі
Қалыбекова Рыскүлдің,

«Үлгілі» жалпы орта мектебі бастауыш сынып оқытушысы.

ОҚО, Мақтарал ауданы

Сабақтың тақырыбы: «Көктемді қарсы алайық»



Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Көктем мезгілі туралы әңгімелеу. Көктем туралы тақпақтар, өлеңдер айту. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға иллюстрация бойынша көктем бейнесін көркем бейнелеуге үйрету.

ә) тәрбиелігі: Қызығушылыққа, сұлулыққа, мейірімділікке, сыйластыққа, батылдыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

б) дамытушылығы: Мақал- мәтелдер айтқызу, тыйым сөздер айту, түрлі ойындар жүргізу кезеңінде ой-өрісін және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, жан-жануарлар, үй құстары, жеміс ағаштары, сөзжұмбақ. Топтастыру ойыны

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Қазақ тілі, Математика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындау, талапқа сай отырғызу.

2. Өтілген тақырып бойынша сұрақ беріп, жауап алу.

1. Сурет сабағына қажетті құралдарды ата.

2. Суық және жылы түстерді ата.

3. Пейзажист деген кім?

4.Мүсінші деген кім?

5. Әбілхан Қастеев деген кім?

Ойын. «Ой шақыру»Ойынның шарты: Сұрақ бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін қағазға түсіру.




Өсімдіктер

Ауак

Жерк



Табиғат

Тіршілік иелері

Тау,

тастар






Жануарлар

Адамк

Су

3.Жаңа сабақ.

Балалар Атақты суретші Әбілхан Қастеев бізге қонаққа келіп отыр.

Ол сендердің білімдеріңді байқауға келді. Сендерге беретін ойын тапсырмалары бар екен. Сол тапсырманы дұрыс орындағандарға

Және суретті суретті әдемі салған оқушыларға беретін сыйлығы бар.

Сондықтан жақсы оқуға тырысайық.


Балалар сөзжұмбақты шешейік.


К



Ө


К

Т

Е


М

1. Көктемде не жылына бастайды?

2. Ең алғаш гүлдейтін жеміс ағашы?

3. Қай құсты орман емшісі деп атайды?

5. Бейбітшілік құсын ата.

6. Орман ағашын ата.


Сергіту сәті:

Жаңбыр жауды себелеп,

Жасырынды көбелек.

Аспан кетті күркіреп,

Бұл не деген керемет.
1-оқушы: Көктем қандай көңілді,

Күміс моншақ төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

2- оқушы: Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел, балалар әнменен,

Қарсы алайық көктемді.

Көктем мезгіліне байланысты мақал- мәтелдер, тиым сөздерді айтып

жіберейікші.


Сәуір болмай, тәуір болмас.

Жаңбыр жауса, жер ырысы,

Егін өссе ел ырысы.

Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі,

Малды теппе, ақты төкпе

Отты шашпа, күлді баспа

Құстың ұясын бұзба.

Гүлді үзбе

Жас шыбықты сындырма

Құстың жұмыртқасын алма.
Ойын: «Гүл құрау»

Ойынның шарты: Балалар есепті орындау барысында гүлді құрастырып шығарады.








Сергіту сәті. Құлпыра берші кең дала,

Гүліңді мен терейін.

Жапырағыңмен жасыршы,

Құшағыңа енейін.

Балалар, біз енді көктем көрінісін қағаз бетіне түрлі түсті бояулармен бейнелейік.

Қорытынды жасау.



Оқушылардың салған суреттерін бағалаймын.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет