Сабақтың тақырыбы: көсемшенің жасалуы мен түрленуі. а Білімділігі : Көсемшенің жасалуы мен түрленуін меңгерту



жүктеу 71.14 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі71.14 Kb.
түріСабақ
: files -> sites -> 1383501631428029 -> files -> Documents -> kazak%20tili
sites -> Музыка 2 вариант
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
sites -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
kazak%20tili -> Сабақ тақырыбы : Қос сөздерден өткенді қайталау
Documents -> Сабақтың жоспары: Үйге: 2 (200-204 бет) №12 жаттығу. 204 бет. Қосымша мәліметтер әкелуге болады. Жаңа тақырыпты талдау
Documents -> Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген мерекелік кештің сценарийі Мақсаты: /Тауықтың таң шақырған дауысы
Көсемшенің жасалуы мен түрленуі

Сабақтың тақырыбы: көсемшенің жасалуы мен түрленуі.

а) Білімділігі: Көсемшенің жасалуы мен түрленуін меңгерту.

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу. Ойларын дәл,нақты айтуға дағдыландыру.

б) Тәрбиелілігі: Ізеттілікке,оқуға,білім алуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету, тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.



Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі. Аралас,модуль элементтерін сабақта қолдану,топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндіру, іздендіру,талдау,өзін-өзі бағалау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызба,оқушылардың біліміне баға қою парағы. Абай суреті, қыс мезгілі суреті.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

  3. оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Бүгінгі сабақтың мақсаты-көсемшенің жасалуы мен түрлерін меңгерту. Алған теориялық білімімізді жаттығулар мен деңгейлік тапсырмалар арқылы көрсетеміз.

  1. Өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін «Қазымыр оқушы» ойынын бастаймыз. Екі топтың жүргізушісін белгілейміз. Оқушылар кезегімен келесі топқа сұрақтар қояды. Жауап беретін оқушыны жүргізуші көрсетеді. Көп сұраққа жауап берсе, сол жеңіске жетіп, қазымыр оқушы атанады. А тобының жүргізушісі Б тобының жүргізушісіне сұрақтар қояды, содан кейін Б тобының жүргізушісі А тобының жүргізушісіне сұрақтар қояды. Жеңіске жеткен оқушыны оқушылар анықтайды.

  2. Үй тапсырмасын тексереміз. 254-жұмысын тексеру.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Көсемшенің жасалуы мен түрлері. Көсемше етістік түбірлеріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұранқтар арқылы жасалады.

-а,-е,-й жаза,күле,сөйлей

-ып,-іп,-п жазып,күліп,сөйлеп

-ғалы,-гелі қарағалы, жазғылы,бергелі

-қалы,-келі айтқалы,кеткелі

Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамайды.

(Б.Момышұлы)

Сөйлемге талдау жұмыстарын жүргізу.



  1. Кел, бар, жина. Тақтаға оқушыларды шығару. Етістікке көсемше жұрнағын жалғап,түрлендіру.

  2. 257-жаттығу жұмысы. Көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасату.

  1. Мәтінді мәнерлетіп оқыту. Тақыраптар қою. «Бәйге», «Жарысқа дайындық ».

  2. Тақтаға көсемшелерді теріп жазу,талдау.

  3. Мәтін бойынша сұрақтар қою. Қазақтың қандай ұлттық ат ойындарын білесіндер?

  4. Жылқы малына байланысты қанадй мақал-мәтел білесіңдер?

  5. Батырлардың сенімді аттары қалай аталады?

  6. Жылқы малына байланысты Абай атамыздың бір өлеңін кім жатқа айтады?

  1. «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойынын бастаймыз. Ойынның жүру барысымен таныстырп өтемін. Екі топтың жүргізушісі болады. Сегіз бөлікке бөлінген жаймалар беріледі. Үш деңгейлік тапсырма жазылған үлестірмелер қойылған. Ең үстіндегі III,II,I деңгей тапсырмалар бар. Әр бөлікте бір сұрақтан.

Үстіңгі сұраққа дайындықсыз бірден жауап беріледі. ( III деңгей)

Екінші деңгейлік тапсырма мақалдың екінші сыңарын оқушылар өздері тауып, мағынасын ашу. Көсемше жұрнағын ажырату.





  1. Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді.

  2. Жақсының ісі өлейді.

  3. Оқи берсен,көзін ашылады.

  4. Батыр түсінде жау көреді.

  5. Аққу көлін аңсайды.

  6. Ақылды кісі ісіне сенеді.

  7. Батыр жауда көрінеді.

  8. Үлкенді сен сыйласаң.

  9. Анаға қарап қыз өеді.

  10. Еңбек қылсаң ерінбей

  11. Жақсыны халық мақтайды

  12. Білекті бірді жығады.

1-деңгейлік тапсырмада «Қыс мезгілі» суреті бойынша тірек сөздерді қатыстыра отырып, мәтін құрату. Көсемше жұрнағын ажырату. Тірек сөздер: қалың қар,тайғақ жер, ызғарлы күн, қалың киім, таза ауа. Толық жауап болса, ойыншыға фишка беріледі. Сары-3, жасыл-4, көк-5 түсті фишкаларды оқушылардың жауабына қарай топ жүргізушісі беріп отырады.




  1. Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір. Ат, жарқыра, ту, басыл, жау, соғыл ,сеп

  1. Таң

  2. Жұлдыз

  3. Ай

  4. Боран

  5. Жаңбыр

  6. Қоңырау

  7. Тұқым




  1. Тест сұрақтары (ауызша)

  1. Көсемше жұрнақтарын тап

а) -ған,-ген

ә) -мақ,-мек

б) –а,-е,-й


  1. Көсемшеге жалғанатын жалғауды тап

а) Көптік

ә) Тәуелдік

б) Жіктік


  1. Көсемше тұлғалы етістіктің жіктеліп тұрған түрін тап

а) Айттым

ә) Бітіпті

б) Қалдым


  1. Көсемшенің қандай қосымшалары жіктелмейді?

а) –а,-е,-й,

ә) –ып,-іп,-п

б) –ғалы,-гелі,-қалы,-келі


  1. Көсемше жұрнағы қатысқан сөйлемді тап.

а) Мен ол айтысты көрген жоқпын

ә) Мен оған көмектестім

б) Абай өзін де, айнала жұртты тегіс ұмытыпты


  1. Мақал-мәтелден көсемше жұрнағын тап.

а) Денсаулық-зор байлық

ә) Оқу инемен құдық қазғандай

б) Көп түкірсе,көл болады


  1. Сабақты қорытындылау. Топ жүргізушілердің бағасын тыңдау.


Үйге тапсырма: 258-жаттығу жұмысы.

Күшейткіш үстеу

    1. Сабақтың тақырыбы: Күшейткіш үстеу

    2. Сабақтың мақсаты:

  1. Үстеуді, үстеу түрлерін, күшейткіш үстеуді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту.

  2. Шығармашылық жұмыстар арқылы ой-санасын, тілін, білімділігін арттыру.

  3. Ана тілін ардақтай білуге, туған жерін, тілін сүйе білетін ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру

Сабақ көрнекілігі: электронды оқулық,интерактивті тақта.Деңгейлік тапсырмалар.

Сабақ түрі. Аралас сабақ,жаңа сабақ беру.

Сабақ әдісі: Караевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.


    1. Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.Сабаққа дайындау. Тақтаға ашық журнал ілінеді.

  2. Үй тапсырмасын сұрау. Үстеудің мағыналық түрлері.

  1. Мөлшер үстеуі.

  2. Үстеулерді қатыстырып мәтін құрау, яғни шығармашылық жұмыс.

  1. Үй тапсырмасын сұрап болған соң, тақтадағы ашық журналға әр графаға тапсырманың орындалғаны жөнінде белгі қойылады.

  2. Үйге тапсырманы қорытындылап, электронды оқулық қосылады. Оны тыңдап, өтілген тақырыптар жөнінде оқушылар арқылы ой түйінделеді де жаңа сабақ өтіледі.




    1. Жаңа сабақ. Күшейткіш үстеу.

  1. Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді. Сырт ажарында тіпті тірлік белгісі жоқ. Сайысқа қатысқан оқушылар керемет сөйлейді. Күшейткіш үстеу қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, т.б. Бұнда күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалып, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мүлдем білмейді, әбден шаршаған,керемет сөйлейді,-деген мысалдарда етістікпен тіркесіп қалай?-деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді.

  2. Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін Білімнің биік шыңына шығаиын белгі көрсетіледі. Бұл белгінің белгісі-барлық тапсырманы орындаған оқушының шыққан биік шыңы.

  3. Деңгейлік тапсырмалар орындалады.


1-деңгей:

Мына сөйлемдерден үстеуді табыңыз.



    1. Асан екеуміз ақырын әңгімелесіп келеміз.

    2. Ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.

    3. Ал,енді тынығайық, -деді Асан

    4. Жетісу ата жеріміз еді. Әз-Жәнібек хан заманынан бері қырқысып келеміз. Әуелі жеңдік

    5. Жоғары-төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.

    6. Алыста Алатаудың қарлы шыңдары жарқырай күнге шағылысады.



2-деңгей:

Үстеулерді құрамы жағынан талдау.



  1. Әрлі-бері дөңбекши беруге серіктерімді оятып алармын деп қысылдым

  2. Топтанып келген қасқырлар жылқыға шапқанымен, қоңын ойып, жағын сындырып алған тай болмаса, ешбірін жығып алып, емін еркін жей алған жоқ

  3. Көзіңді ашып жұмғанша жылдам хабар алғызды.

  4. Ауыл ілгері көшті.

  5. Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді.

  6. Жігіттің даусы аз саябырлады да, қақпаны қайта ашты.


3-деңгей:

Үстеулерді мағынасына қарай ажырат. Сұрақ қою арқылы үстеулердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын тауып дәлелде.



  1. Аққасқа ырылғанда Бейсенбайдың денесі мұздап ілгері жылжи берді.

  2. Бүгін өлген жауыңның ұрпағы ертең қайыра аттанбай ма бері қарай?

  3. барлық аттылар жан-жаққа шаба жөнелді.

  4. Бандылар күшігін алдырған қасқырша кезіп, елдің үрейін ала бастады.

  5. Омбы вокзалы едәуір үлкен де салтанатты көрінеді.

  6. Осы кезде жұмысшылардың барлығы да әбден шаршаған болатын.

  7. Бұл өте батыр екен.

Деңгейлік тапсырмаларды орындап болғаннан кейін ашық журналға белгі қойылып,бағаланады.
Қорытындылау:

  1. Мұғалім:

Мектеп қабырғасында қазақ тілінен алған, әлі де ала беретін бүкіл біліміңді ана тіліміздің қадір-қасиеті арқылы сезініп, сан алуан ғылым-білім негіздерімен хабардар болып, бойымызға жинақтаймыз. Сондықтан ана тілін ардақтап, туған тілді құрмет тұтамыз.

Осы орайда сабақты мына өлең жолдарымен аяқтаймын:


Қасиетті қазақ тілі-ана тілім,

Қымбат бізге ар тілім-баба тілім.

Жатыр мұнда халқымның шежіресі,

Қуанышы-қайғысы-қасіреті.


Қабат-қабат елімнің тарихы бар,

Сыры да бар, мұңы бар, бәді де бар.

Ізі болып Ақтабан шұбырынды,

Туы болып тігілді Абылайдың.


Ей,жастарым,бағалай біл тіліңді.

Қазыналы қарттары бар ұғымды.

Оқышы сен қалың-қалың томдарды,

Танисың сен сол арқылы асылыңды.


Кешегі өр Махамбет хандарға,

Тілін тартпай сөйлеген.

Үні болған ғажап тіл,

Абай, Мағжан,Сәкеннің,

Тілі болған-қазақ тіл.
Өзге ұлттарды оқытып өз тілінде,

Қазақ деген ел бар деп,

Бар әлемге паш еткен ұлы Абайды,

Мықты екен-ау, мықты екен,

Мұхтар болып сөйлеген,

Қаза тілі-ғажап тіл.


Қорытындылау:

  1. Оқушылардың деңгейлік тапсырмаларға байланысты алған ұпайларының қорытындысы баға болып қойылады.




    1. Үйге тапсырма беру.

-Күшейткіш үстеу.

-«Достық» тақырыбына шағын шығарма жазу



-Шығарма жазуда үстеу түрлері қоладнылу керек.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет