Сабақтың тақырыбы: Мәтінді мазмұндау м ақсаты: Оқушыларды мәтінді мазмұндауға үйрету Міндеттері



жүктеу 283.32 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі283.32 Kb.
түріСабақ
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"
Коппагамбетова Ардак Галымжановна №48 ЖББОМ

Бастауыш класс мұғалімі

«Сөз өнері » факультатив сабағы

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді мазмұндау

Мақсаты: Оқушыларды мәтінді мазмұндауға үйрету

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды мәтінді түсініп оқып, мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуге үйрету.



2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап,жаттығу әдістері.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптағы суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Сабақтың барысы:

«Көңіл ашар» жаттығуы.

Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, күн!
Қарады маған да. Сәлеметсіз бе, жер!
Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, сіз!
Қарады саған да. Сәлеметпіз біз.

ІІ.Қызығушылығын ояту:

1. Фонетикалық сәті.

Ә-әже, Ғ-ғалым, Қ-қалам, ң- теңге, Ө-өзен, Ұ-ұя, Ү-үй, һ-жиһаз, І-іні.

2.Оқушыларға қойылатын сұрақтар:


1)Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

2)Бүгін неше сабақ болады?

3) Бірінші сабақ  қандай?

4) Сыныпта неше адам бар? (неше қыз балалар, ер балалар)



ІІІ. Мағыныны тану:

1.Мәтін мазмұнын ашу үшін жүргізілетін жұмыс:

1)     тексті оқудан бұрын текстке байланысты баланың не білетінін анықтау ниетімен әңгімелесу;

2)     шығарманы оқу ;

3)     әңгімелесу;

4)     әңгімелету (суретпен, суретсіз, ойыншық көрсету арқылы);

5)     экскурсия, бақылау.

2. Мәтіннің 3 бөлігі: басы

негізгі бөлімі

соңы


3. Мәтінмен жұмыс. «Мектеп»

Мынау –мектеп. Ол үш қабатты. Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, математика кабинеттері бар. Олар әдемі, жарық. Балалар кітап оқиды, дәптерге жазады, сурет салады.



-Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. (қара жазылған сөздер орнына сұрақтар қойыңдар. Мысалы: Мынау не?)

*Жұппен ауызша айтқызу.



Сергіту сәті.     


*Тізбектепеп оқу.                                                                                                                                                         Дәптер. 

Дәптер сенің сырласың.    

Дәптер досың болады.                                                                                                               

Әріптердің тұлғасы,                                                                                                                   Дәптеріңе қонады.

4-тапсырма. Керекті сөздерді жаз.   

  Әсем ... шықты. Гүлжан  ... су құйды. Мен ... оқыдым. Бірінші ...аяқталды.  Оқушы  ... жазды. Болат ... орындады.                                                                        Керекті сөздер: үй тапсырмасын, тақтаға, кітап, гүлге, сабақ, дәптерге.



ІҮ.Ой толғау:

- Мәтін дегеніміз не?


-Мәтін неше бөліктен тұрады?
-Әр жол қалай жазылады?
-Мәтін неше түрге бөлінеді?

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты:


Білімділік: ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырата білу.
Дамытушылық: балалардың қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту.Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру.Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: көрсету, сұрақ – жауап,, түсіндіру, әңгімелеу
Сөздік жұмыс: «Саяхат»
Қолданатын көрнекіліктер:
«Шалқан»ертегісі, «Жеті лақ пен қасқыр» ертегі желісі бойынша суреттер, Аю, шырша мен ағаштар. Түрлі-түсті қағаз,желім,сүлгі.ақ қағаз
Ұйымдастырушылық-ізденіс:
Тәрбиеші: : Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» дыбысымен жүреді.
I аялдама келдік.
«Шалқан» ертегісін слайд арқылы көрсету.
Балалар жарты шеңбер құрып отырады.
II.аялдама. Суретпен жұмыс.
Мынау аялдамада қызық суреттер ілініп тұр.
– Бұл қандай ертегі?
- «Жеті лақ пен қасқыр»
- Осы ертегіні кейіпкерлерін атаңдаршы?
-Ешкінің неше лағы бар?
- Ешкі тамаққа кеткен кезде лақтарға не айтып кетті?
- Қасқыр лақтарды қалай алдамақшы болды?
- Ешкі қасқырды қалай алдап соқты?
-Қане,балалар лақ туралы тақпағымызды айтайықшы.
-Шөре,шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секендемей деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
Балалар тағы да пойыз отырып келесі аялдамаға барады.
ІІІ аялдама. «Орман». Сол орманда Аю жылап тұр.
Тәрбиеші: Аю, сен неге жылап тұрсын, саған не болды?
- Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі? – деп балалардан сұрайды.
-Балалар аю қай ертегіден келді?
-«Үйшік»ертегісінен келді.
Тәрбиеші: Жылама Аю, біздің балаларымыз сондай әдемі, үлкен үйшікті жасай алады .Қане балалар аюдың көңіл көтеріп аю туралы тақпақ аитып бойымызды жазып алайық.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайын
Себетіне салайық.
Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз саған үйшік соғуға көмектеседі. Аю мен балалар пойыз отырып келесі аялдамаға жетеді.
Тәрбиеші: Аю, саған біздің балаларымыз үйшік жапсыруға көмектеседі.
Әртүрлі түстерді пайдалана отырып,балалар үйшік жапсырады.
Аю балаларға рахмет айтып ,орманға қайтады.
Қане балалар топқа оралайық
Ғажайып сәт . Бауырсақ секіріп топқа кіреді.
Балалармен амандасады:
-Сәлеметсіңдер ме Балалар?
- Мен танисыңдар ма?
- Мен кіммін??
-мен кімнен қаштым?
Балалар: Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштың.
Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма?
Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмай қашып кеттім.
-Қане,балалар қарайықшы бауырсақ түлкіні алдап қайда қашты екен.
Слайд арқылы көрсету.
Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма?
Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсендер, мен сендерге сыйлық беремін.
Балалардың жауабы: - Біз сиқырлы пойызға отырдық.
- Ертегілер еліне саяхатқа бардық.
- «Шалқан», «Үйшік» ертегісін еске түсірдік.
- Аюға үйшік жасадық, сергіту сәтін орындадық, қайтадан топқа келдік.
Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын, ал сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр. Сау болыңдар!
Қортындылау:
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Тақырыбы: «Ыбырай  Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы»

Мақсаты:

1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.



Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта.окулық,хрестоматия

Пәнаралық байланыс:дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде
оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  – Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш
кітабымды кеше ғана бастадым,» – деп жазған жылы
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы

1889 – қайтыс болған жылы.

ІІ. Мағынаны тану
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

«Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары.

Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз»  өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері».

Шағын әңгімелері.

Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» т.б.

Ыбырайдың жастарды,ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі,төзімді болуға үндеген «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері. Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың  пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері.

Орыс жазушыларынан аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.



1. Топтастыру стратегиясы.

                    Ақын                                       ағартушы                            Ы.Алтынсарин                        оқулық авторы

                    Ғұлама                            шағын әңгіме шебері

2. «Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы. (кубизм)

«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі бойынша.

1. Мазмұндау,баяндаушылар

2. Зерттеушілер

3. Сұрақ құрастырушылар

4. Афоризмдер табу

5. Сурет салу

6. Дәнекерлеушілер (Қазіргі заманмен байланыстыру)

 3. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

«Әке мен бала»,  әңгімесі бойынша талдау жұмыстары.





Әке

Бала

Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ

 4. «Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» 
-Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікірталастыру
5. Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»                                                             «Оренбурский листок»  газетінен

2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз»Ы.Алтынсарин.

3.  «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды»                                                                                              Ы.Алтынсарин.



ІІІ. Ой толғаныс         «Бес жолды өлең»тұжырымдамасы

1.Ыбырай-педагог

2. Білімді, оқымысты

3. Оқытады, үйретеді,жазғызады.

4.Ыбырай- балалар әдебиетінің атасы

5. Ыбырай- ұстаз

Тақырыбы: Әдемі сөйлеу де өнер

Мақсаты: Оқушыларды тіл құдіретін сезіне білуге, дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын түсіне


білуге қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге,
пікір таластыра білуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Мағынаны ашу:

1.Ой сергіту

Оқушыларға «Кәне кім жылдам» ойынын ойнату. Ол үшін оқушыларды екі топқа бөліп, қиылып алған қағаздарға 5 сөзден жазып мәтін құрастыру керектігі айтылады. Қай топтың мәтіні мағыналы әрі маңызды болса, сол топ жеңімпаз болады.


2. «Өнер алды қызыл тіл»
- Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлеуге үйренейік.
- Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы - кітап. олай болсакітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздер, сөйлемдерге назар аудар, есіңде ұста, сөзіңде пайдалан. Әдемі сөйлеудің көзді бұлағы халық тілінде.
а) Шешендік ақыл – нақылға негізделген даналық сөздерге назар
аудар. ол үшін жыраулар толғаулары, терме жырлар, ауыз әдебиеті
ү.лгілерін көп оқы.
ә) Мақал – мәтелдерді сөздік қорыңа қосып, оларды ұтымды
пайдалануға тырыс. «Ең әдемі сөз – аз сөз» дейді халық. «Көп сөз
– көмір, аз сөз алтын» дегені тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу
үшін көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын айтарыңды қысқа, әрі нақты, нық айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын. Әуелі өз ойыңды айту үшін ішіңнен не айтатыныңды жинақтап ал. Сонда ғана сен әдемі де әдеби сөйлейсің.
б) « Шешендік қоржынын » жаса. Бұл қоржыныңа осындай сөздерді жинап, оны жазба жұмыстарында пайдалануға тырыс.
3.«Барлық қасиеттің бірі – сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсіне де жақсы сөйлей білуге үйрен, сыпайы , анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Өйткені қандай сөзді айтуды әдеттенсең, тіл соны айтады» делінген.
Сөзді өз орнымен сөйле. Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да жаман көрінеді. Орынсыз айтылған артық сөз опық жегізеді. егер сөйлеген сөзіңнен бір нәрсенің пайдалы иісі сезініп тұрмаса, ондай сөздің айтылмағаны жақсы.
«Сөз бір шарап сияқты, одан бастың ауруы да ауырмауы да мүмкін» депті білімдарлар. Біреу сенен бір нәрсені сұрамаса, жауап бермегейсің, ал сұрап қалса турасын айтқын. Босқа кететін жел сөзден сақтан.
... Жақсы сөз жан азығы, жақсы сөзге сараң болма. Жақсы сөз тыңдауға ынталы болмаған кісінің бар ынтасы, есіл – дерті мал, дүниеге ауып кетеді. Дөрекі сөйлемей, сыпайы, жақсы сөз айтсаң, сен де жақсы сөз естисің деген даналық сөзі бізге өнеге ретінде сөздің адам өміріндегі құдіретін паш еткізгендей.
Бұқар жырау сөз өнерінің қиындығына маңыз беріп:
Ел бастау қиын емес ...
Қонатын жерден қол табылады.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан
Қиынды көргенім жоқ десе, «Жастарымыздың үлкен бір кемшілігі бар, - дейді
Серке Қожамқұлов. Ол мынау: сөйлесе кетсең, көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдерінің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбар – ала келетіні бірден байқалады . Бұның өзі, әрине тілін ұстартуға зер салмағандықтың салдары»
Сонымен бірге «Қабуснаманың» - Ақындық өнер туралы бөлімінде «Ей, перзентім, егер ақын болғың келсе, ақылды бол. Сөзің тілге жеңіл, көңілге қонымды болсын . Түсінуге қиын, қисынсыз сөздерді қолданудан сақтан, өзіңе түсінікті болғанмен, өзгелерге түсініксіз ауыр сөздерді пайдаланба» деген өсиетінде де сөз қадірін, сөз құрметін айқындаумен қатар, оны қолданудың маңызына айырықша мән бергендігін байқаймыз.
«Ақылдың көзі – аталы сөз » деп ұққан халқымыз сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған. Оның айғағын «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Шешенннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген» т.с.с көптеген мақал – мәтелдерден байқауға болады.

Сабақты қорытындылау:

1. Мақал – мәтелдер жарысы. Екі топ жарысады.

Алға шыққан топ мүшелері асыл сөзбен марапатталады.

2.... Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі - білуге де , айтуға да қажеті жоқ сөздер. екіншісі - білуге де, айтуға да қажетті сөздер. Үшіншісі – білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер. Төртіншісі – білуге керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер. Негізінде, дүниенің бар жақсылығы - айту және білу үшін қажетті сөздерге тән қасиет. Бұл сөздер дүние үшін пайдалы болып, айтушыға да, тыңдаушыға да мән – мағынасымен әсерлі болуы тиіс.


... Сөйлеген сөздің мағынасына мән бермесең, мысалы, сен де бір құс сияқтысың. Мұндай құстың атын тоты дейді. Тоты құс та сөйлейді, бірақ ол сөздің мағынасын білмейді. Шешен кісінің сөйлеген сөзі халыққа түсінікті және оның өзі халықтың әрбір сөзін жете түсініп, жоғары дәрежеде меңгерген жағдайда ғана айтуға болады. Мұндай жандар ақылдылар тобына жатады. Ал ондай қасиеттен құр алақан қалған жандар - олар бір адам кейіпіндегі жануарлар. Сөздің құнын дұрыс бағалай біл. Өйткені сөз жай нәрсе емес. Білген сөзіңді өз орнына қойып, уақытыңды босқа өткізбеуге тырыс.

Тақырыбы: Әліппенің атасы

Сабақтың мақсаты: Әліппенің атасы сөзінің мағынасын ұғындыру.
1.Оқушыларға қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов туралы мағлұмат беру;
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, оқуын дамыту;
3. Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету.

Сабақтың әдісі: көрнекілік стратегиялары арқылы түсіндіру.


Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілік құралдары: интерактивті тақта, компьютер, А.Байтұрсыновтың суреті, тірек сөздер схемасы, сәйкестендіру тесті, «АС» картасы, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың барысы


Психологиялық дайындық. Оқушылардың сабақтағы әрекеті.
а) Өз ойыңды еркін айту;
ә) Өзгені тыңдай білу және көмектесу;
б) Әдемі, қатесіз жазу.

1-кезең. Ой қозғау.

-Ең алғашқы оқулығыңды ата.
«Әліппе» оқулығы.
О: -А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен танысу, оқып үйрену.
Өмірдерек. Тірек сөздер схемасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).



  • 18821884 жж. ауыл мектебінде оқыды.

  • 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

  • 18951909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

  • 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.

  • 1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.

  • 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.

  • 1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады.

  • 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.

  • 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.

  • 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.

  • 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.

  • Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [8] әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады.

Сөздікпен жұмыс.
жер аудару - адамды соттап, алыс жерге жіберу: Сібірге т.б.
сөз мұрасы - ел ішінде сақталып қалған аңыз, ертегі, жыр

«Артық білім – кітапта». (Оқулықпен жұмыс)

2-кезең. Операциялық - орындаушылық кезең. (Жаттығулар орындау)
Поэзия минуты.
Оқушылар А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңінмәнерлеп оқиды..
Сәйкестендіру тесті.
Екі бағанда дара, мағынасы, мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес келетін сөздер беріледі. Оқушылар сәйкес сөздерді сызықпен қосады.

Топтастыру стратегиясы.
Оқушылар А.Байтұрсынов кім? деген сұраққа жауап жазады. (ақын, мұғалім, ғалым, аудармашы).
Полиглот. Оқушылар берілген сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.

мұғалім- .




Блок тапсырма. «АС» картасы.

Екі бағанға сөздер жазылады, оқушылар сөздерді оқып, есте сақтаулары қажет. «Күн мен түн» ойынын ойнау арқылы оқушылар көздерін жұмған кезде екі блоктан да бірнеше сөздер алынып тасталынады. Оқушылар жоғалған сөздерді орнына қойып жазады.


оқулық Торғай
өлең Орынбор
әліппе Қарқаралы
аударма Байтұрсын
мақала Ахмет

«Мақал – сөздің мәйегі». Оқушыларға тақтада жазылған бірнеше мақалдың ішінен бүгінгі сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мағынасын айшықтайтын мақалды тауып, оқып беру тапсырылады.

Ой түйіндеу. Бүгінгі өтілген тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.

Дауысты дыбыстар әлемінің жұмбақ аралына саяхат

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Дауысты дыбыстардан алған білімдерін бекіту
Дамытушылық: тілдік эстетикалық сезімге тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге баулу, тілдегі асыл сөздердің мәнін түсіндіре отырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: аралдарға саяхат.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырма сұрақтар арқылы сұралады.
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстарды айтқанда адамның қандай дене мүшесі жұмыс атқарады.
Қазақ әліпбиінің негізін салушы
«Әліпби»/араб/, «Алфавит»/орыс/ қандай елдердің сөзі
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар саны және олар неше бөлікке бөлінеді.
Таңбаларға нелер жатады.
Қос дауысты әріптерді ата.
Сабағымызды «Дауысты дыбыстар әлемінің жұмбақ аралдарына саяхатымызды бастаймыз». Бастамас бұрын аралдарды ашу үшін ондағы тапсырмаларды орындаймыз.
1. «Арнайы сөздік қор» аралы. Тапсырма:Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарға берілген уақытта сөз құрап жазу.
2. «Хабардар болу» аралы. Берілген уақытта сөзді тез тауып жазу. Жуан дауысты дыбысты бір сызықпен, жіңішке дауысты дыбысты екі сызықпен сызу(4 минут)
● Қыстың айлары: Қыркүйек, қазан, ақпан, қараша.
● Тәулік уақыты: Жыл, ай, апта, күн.
● Жыл мезгілі: Тамыз, күз, сенбі, тоқсан.
3. «Фонетикалық талдау» аралы. Көп нүктенің орнына дауысты дыбыстарды қойып, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасау.
К.. л, б.. л.. л.. р .. қ.. л.. қ!
.. қ.. ғ.. нд.. к.. ң.. лг..
.. қ.. л.. сп.. н т.. қ.. л.. қ!
4. «Семантикалық картамен жұмыс» аралы. Берілетін сөздер: Шабылып, өзгеруі, дәстүрлі.
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік
Ш
А
Б
Ы
Л
Ы
П
5. «Термелі диктант аралы». Тасымалдауға болмайтын сөздерді мұғалім оқып, оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
Ара, балық, алма, абай, көктем, қара, балою, дала, оқушы, Қызылорда, дәптер, жаңалықтар, ауыл, аю.

6. «Шығармашылық» аралы.

Әріпті мәтін ішінен сөздерді табу.
арпаопцшуироымрыоауапмромсанарпвлралмтмамапвмолмржанрпоракөлрпволтамақпвлгражерриаолапайдараолвайрполврқазоиворалмолвромижел

Тақырыбы: «Сөздер» патшалығына саяхат



Мақсаты: Сөз түрлері – синоним, омоним, антоним сөздер туралы жалпы түсінік беру (аттарын атамай); балалардың сөздік қорларын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету; дұрыс тыныс алуға, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру; достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ

Қажетті құрал-жабдықтaар, көрнекіліктер: Интерактивті тақта (немесе үлкен экранды теледидар), үш түрлі ертегі бейнеленген слайд (1 үй, үй үстінен шеттері көрініп тұрған көп сөз белгілері; 1 сөз белгісі, екі-үш үй; қатар тұрған екі үй), үнтаспадан тыңдалатын дыбыстар: пойыз бен машинаның жүрген даусы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ой сергіту

Жылулық шеңбері
–Бүгін біз «Сөздер» патшалығына саяхатқа барамыз. Ол патшалық алыста, сол себепті біз ол жаққа көлікпен барайық. Айтып жіберіңдерші, қандай көлік түрлері бар еді?
–Біз ең алдымен пойызға отырамыз. Ал,қонақтар бізді шығарып салып тұр, не деуіміз керек?
ІІ. Іздену кезеңі:
Балаларды бір-бірінің белінен ұстатып тіркесіп жүргізіп партаға отырғызады.
–Біз «Сөздер» патшалығына жақын қалдық, енді ары қарай машинамен жүрейік.
Балаларға қалаулары бойынша кейбіреуі машина айдағандай, кейбіреуі машинада отырғандай қимылдар жасау керектігін түсіндіреді.
1-аялдама: (синоним сөздер)

Мағынасы бірдей сөздер
Интерактивті тақтадан бір үйі бар ертегі бейнесі көрінеді.
–Міне, «Сөздер» патшалығына да келіп жеттік. Жақсылап қараңдаршы, бұл патшалық қандай екен? Не көріп тұрсыңдар?
Сурет бойынша үш-төрт баланы сөйлету.
–Патшалықтың бұл бөлігінде өте тату сөздер өмір сүреді. Олардың татулығы сондай, тіпті төрт-бес сөз бірігіп бір үйде тұра береді екен. Мына үйде қандай сөздердің тұратынын көрейікші.

Үйден төрт сөз белгісін алып шығады. Әр сөзді көрсете отырып, оның қандай сөз екенін айтады:


–«Әдемі, сұлу, сүйкімді, ажарлы». Естідіңдер ме, бұл сөздердің мағынасы бір-біріне ұқсас екен, бәлкім олар сол себепті тату шығар.
Дидактикалық ойын «Тату сөздер»
–Келіңдер, біз де бір үйде тұратын тату сөздерге айналайық. Мен «мейірімді» деген сөзбін, Жәнібек сен қандай сөзсің?
Осы ретпен көмектесе отырып балаларға синоним сөздерді айтқызу.
Дәптермен жұмыс

–Енді дәптерді ашып, мына суретке қараңдар. «Балмұздақ қандай?» деген сұраққа әртүрлі үш сөзбен жауап беріп көріңдерші.
Балалардың жауабын тыңдау, мадақтау.
–Жүріңдер, машинамызға отырып, патшалықты аралауды жалғастырайық.
Сергіту сәті «Көліктерді айдаймын»
(жоғарыда көрсетілгендей)
2-аялдама: (омоним сөздер)
Айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер
Интерактивті тақтадан бір сөз белгісі және екі, үш үй бар ертегі бейнесі көрінеді.
–Бұл жердегі сөздер өте пысық, олардың әрқайсысының екі-үш үйі бар. Мысалы, мына «ара» деген сөздің екі үйі бар: бір үйіне кірсе ағаш кесетін араға айналып, ағаштарды аралай бастайды. Ал, екінші үйіне кірсе ұшатын араға айналып, гүлдерден бал жинауға кіріседі.
Әр үй туралы айтқанда сол үйден сәйкес суретті шығарады.
–Көп жұмыс істегендіктен де олардың үйлері көп екен. Келіңдер, еңбек етуді біз осы сөздерден үйренейік.
Тыныс алу жаттығулары «Ара»
Өлең жолдарын тәрбиеші айтады, балаларға мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығару кезінде /ж/ мен /з/ дыбыстарын созып айту керектігін түсіндіреді. Қолдарымен қимылдарын келтіруге болады.
1.Еңбек бізге жарасты,
Аралаймыз ағашты.
-ж-ж-ж-ж-
2.Ағайынды аралармыз,
Еңбек үшін жаралғанбыз.
-з-з-з-з-з-
Дәптермен жұмыс
–Дәптердегі «Қарлығаш» деген сөздің қанша үйі бар екен? Әр үйге кірген сайын ол сөз не істейді?
Балалардың пікірін тыңдау, сөйлету.
Дидактикалық ойын «Пысық сөздер»
–Келіңдер, біз де пысық сөздерге айналып көрейік.
Балаларды ойлануға жетелеу, пікірін айтқан баланы мадақтау. («түс, жұлдыз, қой, бас, т.б.» сөздерді пайдалануға болады)
– Машинамызға отырып, патшалықты аралауды жалғастырайық.
Сергіту сәті «Машина айдаймын»

(жоғарыда көрсетілгендей)
3-аялдама: (антоним сөздер)Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Интерактивті тақтадан қатар тұрған екі үйі бар ертегі бейнесі көрінеді.
–Ал, бұл жерде мүлде басқаша сөздер тұратын көрінеді. Екі сөз көрші тұрса да бірін-бірі жақтырмайды екен. Олар ылғи да бір-біріне керісінше сөйлейді. Біреуі «жақсы» десе, екіншісі «жаман» дейді. (ақ-қара, ұзын-қысқа, т.б.)
Дәптермен жұмыс

–Дәптердің төменгі жағында берілген суреттерге назар аударыңдар.
Сурет бойынша екі-үш баланы сөйлету.
Дидактикалық ойын «Араз сөздер»
–Біз де біраз уақытқа араз сөздерге айналайық.
Қатар отырған көрші балаларды бір-біріне арқаларын беріп отырғызып, антоним сөздер ойлату. Дұрыс жауап берген балаларды мадақтау.
–Қалай ойлайсыңдар, көршімен араз болу жақсы ма? Неге олай ойлайсыңдар?
Балалардың пікірін тыңдау, достыққа, татулыққа жетелеу.

ІІІ.Қорыту:

1.Бір-біріне тіркесіп, пойыздың жүргенін келтіреді.


Машина айдағандай қимылдар жасайды.
Интерактивті тақтадағы суреттерді тамашалайды.
–Бұл жер әдемі екен. Бір үй көрініп тұр.
Мұғалім түсіндірмесін тыңдайды.
–Мен «қайырымды» деген сөзбін. т.б./
Суретін салу/мұғалім,көз, биік-аласа/

Дәлелдеу, топқа бөлу, буынға бөлу./

Дәптердегі балмұздақтың суретіне қарап, «қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді ойлап, айтады:


–Балмұздақ тәтті, суық, ақ (түрлі-түсті).
Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.
1.Оның жақсы және жаман жағы? «Т кестесі»

2.Сөзжасам жасау


Балалар мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығару кезінде /ж/, /з/ дыбыстарын созып айтады.
–«Қарлығаш» деген сөздің екі үйі бар. Бір үйіне кіргенде құс болып ұшады, екінші үйіне кіргенде Қарлығаш деген қыз болып жұмыс істейді.
Басқа да омоним сөздерді ойластырады.
Антоним сөздер туралы тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Сурет бойынша антоним сөздерді айтады:
–Үлкен - кішкентай, аз –көп.
Қатар отырған балалар бір-біріне арқаларын беріп отырып антоним сөздерді ойлап, айтады.

Көршімен араз болудың жаман екенін айтады.


2.Сөз атасы мақал демекші сайыспен аяқтайық:

1-мақал-мәтелдер

2-жұмбақтар

3-жаңылтпаштар айтып жарысайық.


–«Сөздер» патшалығы өте үлкен, оны бір күнде аралап біту мүмкін емес. Бүгін біз біраз бөлігін ғана аралап біттік, енді пойызға отырып өз класымызға қайтайық.

ІҮ.Мадақтау

Ү.Үйге тапсырма: Сөздердің үш түрлі мағынасына орай сөздер жаттау,суретін салу.
Сабақтың тақырыбы: Дүниеде не өлмейді?

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айта білуге қалыптастыру.


2. Түрлі әдістерді пайдалана отырып, өзіндік қорытынды жасауға, ауызекі тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
3. Оқушыларды шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баул
Түрі: аралас
Әдісі: ой толғау, ізденіс, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: техникалық құрал
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
І. «Дүниеде не өлмейді?» шығармасы бойынша ХІҮ ғасырға саяхат жасау.
Халық ауыз әдебиеті, дана адамдар, мұралар, өмір деген сөзді есіткенде көз алдарына кімдерді, нелерді елестететінін айту.
1. «Өмір» дегенде - су, жер, ауа, ана, ағаш т. б
2. « Халық ауыз әдебиеті»- мақал - мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер т. б
3. «Дана адамдар» - Ш. Уәлиханов, Жәнібек хан, А. Құнанбайұлы,...
4. «Мұра» - тіл, әдебиет, дәстүр, халық аспаптар...
ІІ. Экранда берілген суреттердің ішінен ұлы адамдардың қайсысы хан болғанын табу.
ІІІ. Данагөй шешеннің сөзі. (Көрініс)
ХІҮ ғасырда атақты Жәнібек хан өмір сүріпті. Жәнібек ханның алпыс биі болыпты. Алпыс бидің ішіндегі ең ақылды, кемеңгері, данышпаны Жиренше шешен екен. Жәнібек хан билерін шақырып алып: «Дүниеде не өлмейді?» - деп сұрайды екен. Сонда билер:
Ағын су өлмейді.
Асқар тау өлмейді.
Аспандағы ай мен күн өлмейді
Қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен тұрып:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны
Асқар таудың өлгені,
Қара бұлттың басқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Кешке қарай батқаны.
Қара жердің өлгені,
Алты ай қардың басқаны.
Бұл дүниеде өлмейтін зат жоқ екен, бірақ екі зат мәңгілік.

Ұлының аты өлмейді,


Ғалымның хаты өлмейді.
ІҮ. Сұрақ - жауап.
1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің қай саласына жатады?
2. Нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, бата - тілектерді қандай сөздер дейді?
3. Шешендік сөздердің ерекшеліктері қандай?
4. Шешендік сөздер бізге не болып жетті?
5. Шешенді тап
Тақырыбы:“Cөз мерген” тіл-танымдық ойыны
Мақсаты: «…Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп, қуаттылығы мен нәзіктігін Абай ақын тамсана жырлаған, қазақ тілінің құдіреттілігін паш ету. Ұлттық рухани болмыстың алғышарты болып табылатын қазақ тілінің тереңде тұнып жатқан сөз маржандарын жарқырата көрсету.

Сайыстың басты мақсаты – қазыналы қазақ тілін жетік меңгерген тіл жанашырларының тілге жүйрік, сөзге шешен екендігін анықтап, нағыз сөз мергендерін тану.
Сайыстың шарттары: Сайыс үш кезеңнен тұрады: «Мықты болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр». Сайыста қазақ тіліне байланысты тест тапсырмалары, мақал-мәтелдер және әр түрлі тапсырмалар жасырылады.
Жанры: Тіл – танымдық сайыс
Көрнекілігі: Слайд
Сайыстың барысы:
І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр».
ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».
ІІІ кезең: «Ойлы болсаң, озып көр».
Сайысты қорытындылау: Жеңімпазды анықтау, марапаттау.
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің! – дей отырып, 4 класс оқушыларына арналған «Сөзмерген» қазақ тілін білгірлер сайысын назарларыңызға ұсынамыз!
Ақталған ақ арманы, үміттері,
Қашан көрсең жүреді күліп тегі
Қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың, сайыстың үміткері
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Шын жүйрік шабысымен танылады,

Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? – сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.

Сайысқа барлығы 8 оқушы қатысады. Сайыс үш кезеңнен тұрады. «Мықты болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр». Сайыстың әрбір бөлімінен соң ұпай саны төмен 2 оқушы ойыннан шығарылып отырады. Жеңімпаз «Сөз мерген» дипломымен және сыйлықпен марапатталады. Сайыстың әрбір кезеңі аралығында көрермендермен де ойын жүргізіледі. Ойынға белсене қатысушылар сыйлықтарға ие болады.


Сайыстың шарты түсінікті болса, «Сөз-мерген» тіл-танымдық ойынынын бастаймыз.
1 – кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».
Бұл бөлімде қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне және логикалық сұрақтарға байланысты тест тапсырмаларын орындайсыздар. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Экранда берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берсеңіздер, қоржындарыңызға 1 ұпайдан қосылады.
(Экраннан тест тапсырмалары көрсетіледі. Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Барлығы 10 тест. Тест нәтижесі бойынша ұпай саны аз екі 2 оқушы ойыннан шығарылады. )

1. Екпіннің неше түрі бар? (4-ой екпіні, сөз екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні);


2. «Оюлар» өлеңінің авторы? (Фариза Оңғарсынова);
3. Жылқыда не жоқ? (өт жоқ)
4. «Өзің белмес ісіңді,
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң наданнан,
Қабырыңды жырақ қыл»-деген өсиет сөздің авторы кім? (Жиренше шешен)
5. Білгеніңді кісіден сұра, …. мақалды жалғастыр (үлкен білмесе кішіден сұра)

(Сұрақтарға жауап берген оқушыларға сыйлықтар тапсырады).


І кезеңнің қорытындысы бойынша __________________________________________________________________________


ойыннан шығарылады. Сіздер біздің сайысымызға қатысып, жақсы жауап бердіңіздер. Білімдеріңіз шыңдала берсін. Қатысқандарыңызға рахмет.

ІІ кезең:


Енді екінші кезеңге көшеміз.

ІІ кезең – «Жүйрік болсаң, шауып көр», бұл кезеңде ауызша тапсырмалар беріледі.Тапсырмаға ең бірінші қол көтерген сайыскер жауап береді. Мұнда сіздердің шапшаңдықтарыңызбен қатар, ана тілімізді түсіну деңгейлеріңіз тексеріледі. Тапсырма:
Берілген сөзді дұрыс нұсқамен сәйкестендіресіздер және сол тіркестің мазмұнын ашасыздар.
Мысалы:
көрпеге тимеу
жерге тимеу
Жарғақ құлағы
жанына тимеу
жастыққа тимеу

Дұрыс жауабы: Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппай күні-түні еңбектену.

Әрбір дұрыс жауапқа берілетін ең жоғарғы ұпай – 5.
ТАПСЫРМАЛАР:
үлкен болды
төрт болды
1. Екі көзі
түйедей болды
жапалақтай болды
Екі көзі төрт болды – қорқып кетті

қар тамған


жас тамған
2. Кірпігінен
су тамған
қырау тамған
Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы, суық жүзді адам

атылған оқ


атылған садақ
3. Айтқан сөз -
ақыл сөз
бата сөз
Айтқан сөз – атылған оқ – айтқан сөзінде тұру, уәдесін орындау.

бүгінен түсті


алшысынан түсті
4. Асығы
тігінен түсті
аунап түсті
Асығы алшысынан түсті – жолы болды.

бозторғай жұмыртқалау


көгершін жұмыртқалау
5. Қой үстіне
құс жұмыртқалау
сауысқан жұмыртқалау
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық орнау.

су алмас
жем алмас


6. Қой аузынан
сөз алмас
шөп алмас
Қой аузынан шөп алмас – жуас.

Осымен сайыстың ІІ кезеңі аяқталды. ІІ кезеңнің қорытындысы шыққанша көрермендерге сұрақтар жасырамын. 1. Кеден – жаңа сөз, неологизм


2. Бесік құда – көнерген сөз, архаизм, бала бесікте жатқанда құдаласу
3. Ұрлықшы – дисфемизм, дөрекі сөз
4. Құлағының мүкісі бар – эвфемизм, жұмсартып айту.
5. Бетінен оты шығу – тұрақты тіркес, ұялу
6. Жай түсті – табу сөз, найзағай түсу
7. 40 уәзір қай ертегіден – «Аяз би»
(Сұрақтарға жауап берген оқушыларға сыйлықтар тапсырады).

ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша __________________________________________________________________________


ойыннан шығарылады. Сіздер біздің сайысымызға қатысып, жақсы жауап бердіңіздер. Білімдеріңіз шыңдала берсін. Қатысқандарыңызға рахмет.

ІІІ кезең:


Енді үшінші кезеңге көшеміз.

ІІІ кезең – «Ойлы болсаң, озып көр», Берілген тақырыпқа байланысты өтірік өлең құрастыруларыңыз керек. Мұнда сіздердің ойлау қабілеттеріңіз тексеріледі. Тапсырмаға берілетін уақыт – 5 минут.
Тақырыбы: «Сабаққа дайын емеспін».

(Тақтада өтірік өлеңнің тақырыбы беріліп тұрады. Оқушылар өлең жазғанша музыка ойнайды).


Сіздерге берілген уақыт аяқталды. Кәне, өлеңімізді оқимыз.

Осымен сайыстың ІІІ кезеңі аяқталды. ІІІ кезеңнің қорытындысы шыққанша көрермендердің арасында жатқа өлең оқу сайысы өткізіледі.

Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)

ІІ кезеңді әділқазылар алқасы бағалайды.

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр». Сайыста тапсырмалар жасырылады.


Әділқазылар алқасы берілген жауаптарға байланысты бағалайды.
Қорытынды шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.


Тақырыбы: Жұмбақтар әлемінде.

Мақсаты: 1) Оқушыларға жұмбақтар және олардың түрлері туралы түсінік


беру, әңгімелеу;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту;
3) Халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін саналарына енгізу. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Ребустар, қима қағаздар, әртүрлі жұмбақтар жинақтары.


Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сайыс-сабақ

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:
– Құрметті оқушылар, қатысып отырған қонақтар! Бүгінгі біздің «Жұмбақтар әлемінде» сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайыс болған соң, жауаптарымызды, тапсырмаларды орындауымызды бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Мұғалім:
- Сайысымызды бастамас бұрын, балалар, әдебиеттен білетінімізді еске түсіріп, жұмбақ дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп көрейік.
Ж – жасырын нәрсе
Ұ – шешуі болады
М – ойын
Б – сұрақ
А – ойлануды қажет етеді
Қ – бір адам жасырады, басқалары шешеді
Жұмбақ – халық ауыз әдебиетінің түрі
Мұғалім: - Дұрыс-ақ, балалар. Енді мен сендерге «жұмбақ» сөзінің анықтамасын айтып көрейін. Жұмбақ дегеніміз – таныс, бейтаныс заттардың, қимылдың не табиғат құбылысының сөзбен салған суреті.
Жұмбақта заттар, құбылыстар толық болмаса да, ықшам түрде дөп басып, дәл суреттеледі. Басы артық сөздер атымен болмайды. Мына жұмбақтарды шешіп көрейік:
Қолы жоқ –сурет салады,
Аузы жоқ – тістеп алады. (Аяз)

Үй үстінде жарты қалаш (Ай)

Осы екі жұмбақтың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар?
Бірінші жұмбақ өлең түрінде, екінші жұмбақ қара сөз түрінде берілген екен. Жұмбақтар әртүрлі тақырыптарға құрылады: оқу құралдары, адамның дене мүшелері, табиғат құбылыстары, жануарлар, өсімдіктер туралы, үй жиһазы, техника туралы және т. б.
Жүргізуші:
- Ерте заманнан бері адам табиғат сырларын ашып,үйрену үшін әуелі балаларына жұмбақ шешкізіп үйреткен. Қазақ ауылында жатар орынға үй-іші болып жиналып, үлкендер бүлдіршіндерге ертегі, аңыз, ата-бабаларымыздың басынан өткен тарихи-жауынгерлік оқиғаларды баяндап беретін болған. Мұндай кезде жұмбақтар да айтылып, шешілетін. Жұмбақ шешуде ешкім де қағыс қалмаған.
Жұмбақ шешу дегеніміз – ақыл алғырлығын сынасу.
Жұмбақ шешу дегеніміз – балаларды ой жүйріктігіне,табан астында тапқырлыққа баулу.
Мұғалім: - Ендеше, балалар, сайысымызды бастайық! Бұл сайыста сендерге тек жеңіс тілейміз. Өз білімдеріңді жан-жақты көрсете біледі деген сенімдеміз.Қай топ көп жұмбақ шешсе, сол топ жеңіске жетеді.

І сайысымыз – «Өз жұмбағым». Екітоп бір-біріне жұмбақ жасырады.


ІІ сайысымыз – «Әртүрлі тақырыпта» Топ басшылары қима қағаздарды алып, қандай тақырыпқа жұмбақ шешетінін анықтайды. Берілген тақырыптар: Оқу құралдары
Жануарлар туралы
Табиғат құбылыстары
Адамның дене мүшелері
Жүргізуші: - Жұмбақтар құрылыстарына қарай ребус, метаграмма, анаграмма, кроссворд болыпта бөлінеді.
ІІІ сайысымыз – «Метаграммалар»
1) Жазда өсіп,піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады.
(Қауын -Жауын)
2) Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз - Қазы)
3) Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.
(Мұз - Тұз)
4) «Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.
(Тай – Ай)
Жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар! Келесі сайысымыз – «Ребустар сыр шертеді». Екі топқа екі-екіден ребустар беріледі, онда мақалдар жасырылған, шешіп көрелік.
Жасырылған мақалдар: «Піл күшті,
Піл күшті емес, тіл күшті»,
«Еріншектің ертеңі бітпес»,
«Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры»,
«Өз елің – алтын бесік»
Жүргізуші: - Рахмет, балалар! V сайысымыз – «Ұйқасын тап» деп аталады.
Мен айтқан сөйлемдерді аяқтайсыңдар.
Өзінше ноян,
Қорқақ кім?.. Қоян.

Шабақ аңдып жағада,


Шарқ ұрады ... Шағала.

Сылдыр қағып,таудан құлап,


Жатыр ағып, мөлдір ... Бұлақ.

Тұмсығымен шымшып,


Құрт тереді ... Шымшық.

Орыннан-орынға ауысқан,


Ұшқалақ қарала ... Сауысқан.

Жүгіретін қуанып,


Бала біткен андыздап,
Қандай тәтті ... Балмұздақ.

Жүргізуші: - Соңғы VI сайысымыз – «Ұқсас атаулар» сайысы.


Бірі – ағаш кесу құралы,
Бірі – шырынды бал бұлағы
(Ара)
Санасаң,
Бір үйде төртеуі бар.
Қаласаң,
Ауызды өртейтін нәр.
(Бұрыш)
Жел соқса,
Жайқалып толқиды,
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
(Өлең)
Бірі – ыдысқа керек,
Бірі – жүріске керек.
(Аяқ)
Жүргізуші: Осымен балалар, сайысымыз аяқталып, өз мәресіне жетті. Сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздар марапатталып, дипломдар табыс етілді





4

  • 5

Категория: Классному руководителю | Добавил: serega72

Просмотров: 9504 | Загрузок: 5318 | Рейтинг: 0.0/0




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет