Сабақтың тақырыбы: «Модель және модельдеу»



жүктеу 33.53 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі33.53 Kb.
түріСабақ
: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Алғаш рет ежелгі көшпелі халықтардың рухани бітімін әлемдік рухани үрдімен сабақтастыра қараған қазақ ғалымы: а Ш. Уалиханов; б Әл – Фараби; в М.Әуезов.
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> 1. негізгі бөлім автомобильдердің жалпы қҰрылысы
lessons -> Орны: 209-кабинет
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2 2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы»
lessons -> Сабақтың типі : Білімді және іс-әрекет тәсілдерін бекіту мен өзектендіру. Сабақтың технологиялық картасы
lessons -> Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушылардың құрлықтар мен аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру
lessons -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Күні:

Сыныбы:

Мұғалімі:______________________________________

Тексерген:_________________________________

Сабақтың тақырыбы: «Модель және модельдеу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға модель туралы анықтама беру, модельдеу қалай жүзеге асатыны туралы түсінік беру, өз бетінше модель құра алуға үйрету.

Дамытушылық: модель және модельдеу ұғымына түсінік бере отырып, оқушылардың ой өрісін, білім білік дағдыларын қалыптасатырып, алған білімдерін дамыту, өз беттерімен ақпаратпен жұмыс істеуді үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, оқулық, презентация.

Сабақтың  барысы:

1.     Ұйымдастыру (3 мин)

2.     Өткенді  қайталау (10 мин)

3.     Жаңа сабақты  түсіндіру (20  мин)

4.     Сабақты пысықтау кезеңі (10 мин)

5.     Үй  тапсырмасы (2 мин)



Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің қандай қасиетін білесіздер?

  3. Циклдік алгоритм туралы не білесіздер?

  4. Циклдік алгоритмге мысал келтіріңіздер?


Жаңа сабақ: Модель және модельдеу

Модель – схема, математикалық формула, физикалық конструкциялар, мәліметтер қорымен және оларды өңдеу алгоритмі түрінде құрылған қандай да бір нысанды айтамыз.

Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модель ұғымы логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Әрбір нысан бірнеше қасиеттерге ие. Модель құру үдерісінде ең негізгі қасиеттер таңдалынады.

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары, әйгілі суреттердің көшірмесі.

Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістердің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.

Модельдеу мақсаты:


  1. Зерттелетін нысанның мағынасын түсіну;

  2. Нысанның қолдану аясын анықтауды және басқару тәсілін жақсартуды анықтау;

  3. Қолданбалы мақсаттарды шешу;

  4. Тікелей және жалпы мақсатта қолдану аумағын болжау;

Модельдің негізгі түрлеріне:

  1. Тәжірибелік модельдер;

  2. Материалдық модельді;

  3. Ақпараттық модель;

  4. Вербальдік модель;

  5. Математикалық модель;

  6. Компьютерлік модельдер;

  7. Компьютерлік емес модельдер;

Математикалық модель құру- бұл кез келген жүйедегі жобаланатын немесе зерттелетін саланың негізгі кезеңі болып табылады. Модель сапасы нысанның барлық кезеңдегі сараптамасына байланысты. Модель құру- бұл формальді емес процедура. Зерттеушіге тікелей тәуелді келеді және оның тәжрибесі мен талғамы әрқашанда нақты тәжірибелі материалға жүктеледі. Модель нақты, ақиқат және қолдануға ыңғайлы болуы шарт.

Модельге қойылатын талаптар:

  1. Әмбебаптылық- нысанның нақты қасиетін зерттейтін модельдің толық көрінісін сипаттайды.

  2. Баламалық- нысанның керекті қасиетін берілген тапсырмаға сәйкес жоғары деңгейде қамтамассыз етуге деген мүмкіншілік.

  3. Нақтылық- нысанның нақты мағынасын және модель арқылы алынған сәйкес анықтамасын сипаттайтын дәрежесін бағалау.

  4. Үнемдеушілік- ЭЕМ есте сақтау ресурсының және жүзеге асқан уақытының белгілі бір уақыт аралығында қаншалықты деңгейде пайдалануын анықтау.

Сабақты пысықтау сұрақтары: Модель және модельдеу ұғымын қалай түсіндіңдер және оны құру жолдарына сипаттама беріңдер.




Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдеу ұғымын қалай түсінесіздер?

  3. Модель мен модельдеу айырмашылығы қандай?

  4. Модельдің негізгі түрлеріне не жатады?

Үйге тапсырма: №13 тақырыпты оқу: «Модель және модельдеу». Конспекті жазу. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беру.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет