Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»



жүктеу 86.83 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі86.83 Kb.
түріСабақ
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа оқи отырып, мазмұндық

талдау жасау, батырдың ойын, халықтың арман-тілегін жоқтаушы тұлға

бейнесін ашу.

Дамытушылық. Өлеңге әдеби-теориялық талдау жасай отырып, жан-жақты талдау

жұмыстарын жүргізу, өзіндік жеке көзқарастарын қалыптастыру.



Тәрбиелік. Махамбеттің өр өлеңі арқылы бүгінде ұлттық намысы бар тұлға

тәрбиелеу.


Мақсатқа жету барысында оқушының нақты іс-әрекетіне байланысты қойылатын міндеттер:

Мазмұнға байланысты міндет:



  • Махамбет ақын өмір сүрген тарихи кезең, тарихи оқиғалар жайлы біледі;

  • ақын өлеңінің ішінен өз бейнесін, арман-тілегін аша білетін тіркестерді қолдану арқылы негізгі идеясын ашады;

  • ақын өлеңіне көркемдік талдау жасайды: ассонанс, аллитерация, риторикалық сұрау.

Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндет:

  • мазмұнды игеру қажеттілігін түсініп, өз бетінше әрекет жасайды;

  • өз пікірін саналы түрде ашық айтып, пікірсайысқа араласуға белсенді болады;

  • оқушының ойлау қабілетін ғана дамытып қоймай, елге, жерге, Отанына деген патриоттық сезімнің дамуына әсер ету.

Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттер:

  • оқушылар топ ішінде бірлесе жұмыс жасау арқылы бір-бірінен үйренеді;

  • әлеуметтік ортада талқыланған ойларын саралап жеткізуіне мүмкіндіктер болады;

  • ой бөлісу, талдау , салыстыру жұмыс әрекеттерінде бір-бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын жан-жақты игеруге қол жеткізеді.


Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ мазмұнының ашылуына көмектесетін әдістер:

семантикалық карта, елес жетелеу, сөздікпен жұмыс, теориялық талдау, кейіпкерге хат, сөз тізбегін жасау, эссе жазу.


Сабаққа қажетті құралдар және көрнекіліктер:

Махамбет бейнесі, ақын өлеңі, кестелер, интерактивті тақта


Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка өнері.
Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақ.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Үй тапсырмасын беру.

6. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау.

7. Кері әсер парағы.

Күтілетін нәтиже:

  • жоғарыдағы мақсат пен міндеттер орындалған жағдайда, оқушы ақын өлеңдерінің құндылығын сезінеді;

  • өлеңге теориялық талдаулар жүргізе алады;

  • өлеңдегі әрбір сөз немесе сөз тіркестерін жан-жақты талдау жүргізудің негізінде Махамбет бейнесін терең, мазмұнды түрде аша біледі.

  • өзіндік ойы, көзқарасы арқылы ақын шығармашылығына баға береді.



Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

    • Оқушыларды түгендеу;

    • Сынып ішінде микроклимат орнату;




  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақты еске түсіру мақсатында, үй тапсырмасының негізіндегі жұмыс Семантикалық карта арқылы үй тапсырмасы сұралады.
«Семантикалық кестені» толтыру арқылы өлең жолдарының кімге арналғанын табыңдар.



Үзінді


Кім

жайында?

Махамбет


Исатай

Жәңгір

Баймағанбет



Достарың келіп табалап, дұшпаның сені басқа ұрсын.













Байеке, сұлтан, ақ сүйек

Қыларың болса, қылып қал

Күндердің күні болғанда,

Бас кесермін жасырман.















Ақ табаны астында,

Дулығасы басында.















Дұшпаныма келгенде,

Тартынбай сөйлер асылмын.

















Жаңа сабақтың барысы. Мағынаны ажырату кезеңі.
Сынып бөлмесінде қолайлы жағдай туғызу және жаңа сабақты байланыстыру мақсатында А.Еңсеповтің орындауында «Жұмыр қылыш» күйі ойналады. Осы күй арқылы, елес жетелу арқылы оқушы ойын, назарын жаңа сабаққа шоғырландыру.

Сұрақ: Күйді тыңдау барысында көз алдымызға не елестейді, нені сезіп отырсыздар

балалар? Нені байқап отырсыздар? Күй желісінде қандай ерекшелік бар?
Махамбет – ақындықтың алдаспаны, намыстың наркескені. Махамбет мұрасы біздің ұлттық намысымызды қамшылайтын, жігерімізді жанитын қасиетімен қымбат та қастерлі.

Махамбет мұраларының қай-қайсысын танып- білсеңіз де көкала бұлт торлаған аспанның төсін қақ айырып, жарқылдаған найзағайдай бір ғажайып, ғаламат күш-қуатты сезінесіз. Онымен қоса дауылды даланың күзгі өртіндей ащы өкініш өзегіңді өртегендей болады. Осы жарқылдаған жырларды естігенде, асау да адуын мінезді, арқалы да аруақты ақынның өр тұлғасы асқақтап көз алдыңа келгендей болады. Өйткені Махамбет өлеңдерінде ұлтымыздың өлмес, өшпес, биік рухы, мұқалмас жігері, намысы, азаттыққа ұмтылысы, аһ деген арманы мен ыстық сезімі жатыр. Оған дәлел бүгінгі сабақтың өзегіне негіз болып отырған Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі арқылы да көз жеткіземіз. Н.Назарбаевтың Махамбетке берген бағасы оқылады.(Тақтадағы өлең жатқа мәнерлеп оқылады.





Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?


Өлеңнің негізгі идеясы – ел қамын, ел жайын ойлаған ақын ылғи да «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі – Елінің Ертеңі ғана.

Сөздікпен жұмыс. Өлеңдегі негізгі сөздерге назар аударйық.

Ереуіл – ұзақ жортуға төзімді де шыдамды, берік, мықты ат

Еңку-еңку – кедір-бұдыр, ойлы-қырлы жер.

Тебінгі – тоқым қысқа болғанда аяқ киім мен шалбар балағын қорғайтын, ер-тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі.

Терлік – тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі. «Найза саю ерліктен, ат жауыры терліктен»

Малта – сүзбеден сығып, домалақтап дайындаған уақ құрт.

Темір қазық – бір нәрсені байлауға арналған үшкір, кішірек келген жұмыр ағаш я темір.

Толағай – түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш.
Өлеңнің көркемдік ерекшелігі.

Оның «қорғасыннан құйылған» ап- ауыр әр сөзінен еліне қорған бола білетін Өзін танимыз. Көнеретін архаизм де емес, жаңаратын неологизм де емес, нақ екі арадағы екеуіне бірдей етене , еркін, еспе мағыналы ерке де серке сөздерді қайдан тауып, қалай ғана ақпа-төкпе өлеңге өріп жібергеніне таң қаласыз.

Қоңыр салқын, егеулі найза, ереуіл ат – эпитет

Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

Теңеу – зат пен құблыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.

Майдай – теңеу.

Ереуіл атқа ер салмай, Тебінгі теріс тағынбай

Егеулі найза қолға алмай, Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Еңку-еңку жер шалмай, Темір қазық жастанбай

Ерлердің ісі бітер ме? Ерлердің ісі бітер ме?


Мұндай ұйқасқа жазылған өлең әдебиетте ассонанс деп аталады.

Ассонанс – ( французша assonanse - үндес) бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталанып келуі.

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Аллитерация (латынша - дыбыстас) бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі.

Өлең соңы риторикалық сұраумен аяқталып тұр.



Риторикалық сұрау – ешқандай жауапсыз-ақ өлеңнің өн бойында өзінен-өзі анықталып жататын сұрау. (грекше rһetor - ділмар)

Өлең шұбыртпалы ұйқасқа құрылған 20 тармақтан тұрады. Екі бунақтан, 7-8-9 аралас буынды өлең.

Оқушыларға шығармашылық тапсырма. Бір сәт болса да жоғарыда айтылған ойымызды, талдауымызды жинақтап, Махамбет образына ену арқылы оның ойын, арман-тілегін сезініп, түсініп көрейік.
Кейіпкерге хат: «Махамбетке жауап хат» (ойтолғаныс түрінде жазылады)

Жазылған хаттар кіші топта талқыланып, таңдалынған хат иесі «автор орындығында» оқу құқығына ие болады.



Бекіту.

Махамбет және оның серіктері қиын қыстау кезеңде болашаққа үміт көзімен қарап, қалың көпті ерлікке, елдікке үндеген, өмірдің өшпес рухын көтерген, атар таң, келер күнге мың сан армандарын жалғап, өмір-уақыттан өз еншілерін алуға қадам жасаған ақын.

Ырзалықпен емес, ызалықтан айтса да «Махамбет – көтерілістің негізгі дем берушісі» деп Жәңгірдің мойындап, баға беруіне мәжбүр еткен ақын.

Махамбет өлеңдерінің өміршеңдігі, құндылығы неде деп ойлайсың? (ойтолғаныс жасау)

(бірнеше сөз немесе сөз тіркестерінің тізбегін құру керек. Мысалы, тәрбиелеуде, адамгершілік, рухани байлық, қайсарлық, азаматтық, жігерлілік, найзалы ерлігінде, болашағын ойлауы т.б. Сол сөздердің негізінде эссе жазу)



Зерттеулер:

Махамбет өлеңдерін алғаш орыс тілінде сөйлеткен Анна Никольская сынды ақындарға ой тастаған ақын.

Бүгінгі ұрпағы ақын рухын жоғары бағалап, «Қызыл жусан» фильмін түсірген ел.

Бүгінде ақын Сабыр Адайларға «Махамбет» жырын туғызған, жазушы Сейіт Қасқабасовқа «Махамбеттің мәңгілік мұңы» деп аталатын зерттеу мақаласын жаздырған, қылқалам шебері, суретші Т.Мұқатқа «Ереуіл атқа ер салмай» атты сериялы шығармалар тудырған Махамбет рухының өшпестігі, жасампаздығы, өрлігі деп айтар едім. (Қосымша №1)


Бағалау. Оқушылардың ойлау, шығармашылық әрекеттерін бағалаймын.
Бағалау кестесі

Тапсырмалар

Оқушының

аты-жөні


Өлеңге теориялық талдау жасауы

Кейіпкерге хат жазуы

Эсседегі құнды,

өзгеше пікірлері



Өзіндік ізденіс бағытындағы

ақпараттарды

жеткізе білуі


Топ ішіндегі

бірлесе жұмыс жасау

әрекеті


Ойларын тұжы-

рымды


жеткізуі, өзіндік жеке көзқара

сын білдіруі


























Үйге тапсырма. Махамбеттің рухын асқақтатын өлең немесе ойтолғаныс жазып келу.
Кері әсер парағы

1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз немесе не үйрендіңіз?

2. Сабақ барысында сізге не ұнады/ұнамады?

3. Сабақ мазмұны бойынша немесе кез келген сұрағыңыз.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет