Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбею (көбею) мүшелері. Гүлдің құрылысы. Сабақтың мақсаты



Дата02.05.2016
өлшемі36.98 Kb.
түріСабақ
«Биология 6 сынып»

Тулебаева А.Ш, биология пәнінің мұғалімі

СҚО, Есіл ауданындағы Петровка орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің көбею (көбею) мүшелері. Гүлдің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:

Өсімдіктердің генеративті мүшелерімен және гүлдің құрлысымен танысу.


Сабақтың міндіттері:

  • Білімділік: Өсімдіктердің генеративті мүшелерімен және гүлдің құрлысымен таныстыру.

  • Дамытушылық: Есте сақтауға, бір-бірімен салыстыра білуге, қызығушылықтарын оятуға, сонымен қатар электронды оқулықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: Табиғаттағы маңызын түсіндіре отырып, экологиялық тәрбие беру.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, электронды оқулықпен жұмыс, слайдтар , қорытындылау.
Қолданылған модульдер:

1.Өсімдіктер

2.Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері
Сабақтың көрнекілігі: гүлдің макеті, интерактивті тақта, электронды оқулық, кесте.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: а) сәлемдесу

ә) сабақта жоқ оқушыларды анықтау

б) сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстыру

2. Өткен тақырыптарды жаңа сабақты түсіндіру кезінде салыстырмалы түрде қайталау



Біліміңді сына! (сұрақ-жауап, тест тапсырмалары)
3 . Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұғалім: Балалар, біз сіздермен бүгінгі сабақтан өсімдіктердің генеративті мүшелерін қарастырамыз
Оқушылар: Өсімдіктердің генеративті мүшелеріне не жатады? Олардың

вегетативті мүшелерден айырмашылығы қандай?


Мұғалім:

Өсімдіктің мүшелері

Вегетативті Генеративті

өсімді көбею

тамыр, сабақ, жапырақ гүл, жеміс, тұқым

Мұғалім: Дұрыс. Ал, мен бүгінгі сабағымды Сәтімбековтың мына өлең шумақтарымен жалғастырғым келіп отыр


(Р.Сәтімбеков.)

Дала көркі сан алуан гүлімен,

Құстың көркі сайрайтұғын үнімен.

Табиғаттың тарылтпайтын тынысын,

Жердің көркі жарық сәуле Күнімен.

Гүлді көрсек жадырайды жанымыз,

Гүлдерменен салтанатты сәніміз.

Қызыл, сары, көк гүлдер бар сан алуан,

Сол гүлдерге арналады әніміз!

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыз өсімдіктің генеративті мүшесі – гүл туралы болмақ.


Мұғалім:

Гүл дегеніміз – бұтақтанбаған, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүл – тек гү.лді өсімдіктекрге ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды.


Оқушылар:

Сонымен гүл қандай өркенге жатады?

Өркен дегеніміз не?

(Электронды оқулық. Өркен)

Өркеннің бөліктері

Қысқарған және ұзарған өркеннің айырмашылықтары

(Электронды оқулық. Өркен)

Мұғалім:

Енді барлығымыз өсімдіктің генеративті мүшесі - гүлдің құрылысымен танысайық. Назарларымызды электронды оқулықтағы гүлдің құрлысына аударайық


Оқушылар:

Гүлдің бөлімдері


Мұғалім: Гүл бөлімдері




Гүл сағағы Күлте

жапырақша



Гүл табаны Аналық

Тостағанша Аталық

жапырақша
(Электронды оқулық. Гүлдің құрылысы)

Гүл
Сыртқы құрылысы Ішкі құрылысы

Гүл сағағы Күлте Аталық Аналық

жапырақша

Гүл табаны Тостағанша

Жапырақша

(Электронды оқулық. Гүлдің құрылысы)

Кесте. Гүлдің Макеті (салыстырмалы түрде қарастыру)
Гүл



Ішкі құрылысы



Аталық Аналық



Аталық жіпше Тозаңқабы Аузы Мойны

Жатыны

(Кесте. Гүлдің Макеті)
Ендігі кезекте жаңа қарастырған гүл бөлімдерінің атқаратын қызметін қарастыру үшін электронды оқулықта берілген анықтамалармен танысайық

(Электронды оқулық. Гүлдің құрылысы)

(Дәптермен жұмыс)
4.Бекіту

№ 20 «Гүлдің құрылысы»;

«Гүлдің құрылысы» кесте, гүлдің макеті
5. Сабақты қайталау және қорытындылау (бағалау)

6. Үй жұмысы.

§22, Гүлдің құрылысы, 35- 39 суреттерді дәптерге салу;



Сұрақтарға ауызша жауап беру
Каталог: sites -> default -> files -> posled -> sko
sko -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
sko -> Сабақтың тақырыбы: § 11. Табиғат кешені Сабақтың мақсаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамымен таныстыру
sko -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ерте кездегі көшпелілер мәдениетінен түсінік беру
sko -> Сабақтың тақырыбы: Ауа массалары. Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы
sko -> Сабақтың тақырыбы: Көне қалалар.Қазақстанның қалалары
sko -> Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры. Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру
sko -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары Сабақтың максаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі»,
sko -> Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері. Жану


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет