Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу. Сабақтың мақсаты



жүктеу 46.76 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі46.76 Kb.
түріСабақ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ШАЛҚАР АУДАНЫ

БОШЫМОВА ЖЕҢІС ТЫНЫШТЫҚБАЙҚЫЗЫ

6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ


Пәні: Информатика

Сыныбы: 6а

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Paint графикалық редакторымен таныстыру, сурет салуды, сақтауды және ашуды меңгерту.

Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ


  • Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?

Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, Стандартты программа - Paint графикалық редакторы сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді. Өз мүмкіндіктері бойынша Paint заманауи талаптарға жауап бере алмайды. Бірақ, Paint ортасында графиканы өңдеу қағидаларын үйреніп алсаңдар, одан күрделірек программаларды игеру жеңілдейді.

Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Іске қосу: Бастау → Барлық программалар → Стандарттық → Paint.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады.

Пиксель (ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Мөлшерін өзгерткенде растрлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық. Ол үшін:



  • Paint батырмасын шертіңдер;

  • Ашылған мәзірден Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар.


СУРЕТТІ САҚТАУ:

  • Сақтау бұйрығын орындау үшін пернелердің қандай тіркемесін қолданылатынын естеріңе түсіріңдер. CTRL+S пернелер тіркемесімен




  1. Жұмыс үстелінде «5а сынып» деген бума құрыңдар

  2. Смайликтің суретін салыңдар

  3. Paint → Қалай сақтау бұйрығын орындаңдар

  4. «Бірінші сурет» деген атаумен әртүрлі пішімді таңдап, бірнеше рет сақтаңдар.

  5. Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар

  6. «5а сынып» бумасының терезесінде кесте түрінде көрсетуді орындаңдар (Қосымша - Кесте батырмасы)

  7. Алынған файлдардың қасиеттерін қарап шығыңдар. Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер


САҚТАЛҒАН СУРЕТТІ АШУ:

Суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар



  • Егер суретпен жақында жұмыс істеген болса, онда оны Соңғы бейнелер (Последние изображения) тізімінен қарауға болады

  • Ашу (Открыть) бұйрығын таңдаңдар

Жиі орындайтын бұйрықтарды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюға болдаы. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу бұйрығын орындау керек.



  1. Жылдам қол жеткізу тақтасына Ашу, Басып шығару бұйрықтарының батырмаларына қосыңдар.

  2. Тақтаны жолақтың астына орналастырыңдар.

  3. Тақтаның мәзірін пайдаланып, өзгертулерден бас тартыңдар.

Түс таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады.

(Цвет1) Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды.

(Цвет2) Фонның түсін, фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады.



Суретті тышқанның сол жақ, оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады.
ТҮЙІН:

  • Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар қолданылады.

  • Растрлық бейнелерді Paint Стандарттық программасында өңдеуге болады.

  • Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі – пиксель.

  • Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады.


ІІІ. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Жаңа сурет салыңдар.

  2. Сурет салу аймағындағы маркерлерді жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10*15 см етіп алыңдар.

  3. Белсенді түстерді таңдаңдар.

  4. Қылқаламды, Қарындаш сайманын, Сызық және Сопақ (Овал) фигураларын пайдаланып сурет салыңдар (77-сурет). Бояу үшін контурлардың «тесіктері» болмауы керек екеніне көңіл аударыңдар. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Масштаб сайманын қолданыңдар.

  5. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. 1-тәсіо – алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. 2-тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.

  6. Суретті «5а сыныбы» бумасында Ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.


В деңгейі

  1. Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар (78-сурет).

С деңгейі

  1. Суретке мәтін қосыңдар (79-сурет).


ІV. Сабақты бекіту

  1. Графикалық деректерді енгізу мен шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?

  2. Графикалық редактор деген не?

  3. Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар.

  4. Растрлық графиканың артықшылығы неде?

  5. Қандай тәсілдермен файлды ашуға болады?

  6. Қандай тәсілдермен файлды құруға болады?

  7. Бейненің қандай пішімінің сапасы нашар болады?

  8. Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?

  9. Қызыл, жасыл және сары түстердің бірдей көлемін араластырсақ қандай түс шығады?

  10. *Түсті анықтағанда қара және ақ түстерді қалай алуға болады?

  11. *RGB (0,250,0) кодына қандай түс сәйкес келеді?

  12. *Қылқаламды қалай баптауға болады?

  13. *Сұр түспен боялған контурсыз эллипстің суретін қалай саламыз?


V. Үйге тапсырма: §14. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

VІ. Бағалау

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет