Сабақтың тақырыбы: Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек



жүктеу 67.37 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі67.37 Kb.
түріСабақ
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Жаңақоныс орта мектебі

Шүйіншалина Айгүл Жылқайдарқызы

Химия-биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек

сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Сабақтың мақсаты: білімділік: алғашқы көмектің адам өмірін сақтаудағы

маңыздылығын ұғындыру.Сіңір созылғанда, буын

шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы

көмекті ұйымдастыру жолдарын үйрету.

Сабақ барысында әртүрлі тапсырмалар

беру арқылы оқушылардың танымдық, шапшаңдық

қабілеттерін дамыту.

Адамның тік, сымбатты жүруіне тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Сабақ әдісі: Интерактивті оқыту, топтастыру, дидиктиклық материалдармен жұмыс, тірек-сызба, семантикалық карта толтыру. Аппликациямен жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, суретті плакаттар, түрлі-түсті қағаздар.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық тренинг (Мектеп психологын қатыстыру)

Түрлі-түсті парақшаларды таңдау арқылы оқушыларды топқа бөлу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Кесте толтыру.Берілген сүйектерге «+» қою.

2.Суретті “сөйлету”.Бас қаңқасының бөлімдерін, омыртқа, қабырға сүйектерінің атауларын жазу.Сүйектің байланысуы.

3.«Қаңқа құрастыру» Апликация, -үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс

4.Биологиялық диктант.

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау:

Топбасшылары семантикалық карта толтыру.

Топ мүшелері Бинго сұрақтарына жауап береді. Ғаламторға саяхат(сурет бойынша қорытындылау)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мектеп медбикесі немесе ауыл дәрігерімен кездесу.

ІҮ.Бекіту. Зертханалық жұмыс.

Ү.Қорытындылау.

ҮІ.Бағалау. Топ басшылары берілген бағалау парағын толтырып, жалпы ұпай саны шығарылып, өзін -өзі бағалау жүргізіледі.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

ҮІІІ.Рефлексия.



1.Кесте толтыру


Р/с

Сүйектер

Бас сүйектері

Иық белдеуі, қол сүйектері

Жамбас белдеуі, аяқ сүйектері

1

Бұғана










2

Шыбық(садақ) сүйек










3

Шүйде сүйегі










4

Ортан жілік










5

Шынтақ сүйегі










6

Жауырын










7

Асықты жілік










8

Тоқпан жілік










9

Толарсақ сүйектері










10

Білезік сүйектері










11

Жамбас сүйектері










12

Башпай сүйектері










13

Саусақ сүйектері










2.Берілген суретті плакаттарға бас қаңқасының, омыртқа жотасының, кеуде қуысының атауларын жазу. (Слайд бойынша)

3.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. «Қаңқа құрастыру» (аппликация)

4.Биологиялық диктант

1.Байланысқан сүйекті.... (буын қабы) жабады.

2.Қаңқаның сүйектену процесі..... (дене өсуі) тоқтағанда...(22-25) жасқа қарай аяқталады.

3.Омыртқа жотасының біріншісі...(атлант) деп аталады.

4.Адамның омыртқа жотасы ...(төрт) иілімнен тұрады.

5.Сүйек...( дәнекер )ұлпасына жатады.

6....(Қалқанша маңы)бездерінің жұмысы нашарласа,

сүйектің өсуі және дамуы тежеледі.

7.Қаңқаның дамуына ..(Д )дәрумені әсер етеді

Семантикалық карта толтыру


Р/с

сандар

Кеуде сүйегі

Омыртқа жотасы

Аяқ сүйектері

адамқаңқасы

Жұп қабырға

Омыртқа жотасы

сегізкөз

мойын

құйымшақ

Омыртқа жотасының ұзындығы

жамбас

толарсақ

Ортан жілік

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

200 40 12 2 33-34 4-5 7   2 6 5 1,5






























Бинго сұрақтары:

1.Сегізкөз қай омыртқаға жалғанады? Бел омыртқа

2.Омыртқаның қисаюы не деп аталады? Сколиоз

3.Бала қаңқасында қанша сүйек болады? 340

4.Сүйектің қан өндіру мүшесі- сүйектің қызыл кемігі


Жаңа сабақ. Мектеп, ауыл дәрігерімен бірлесе алғашқы көмек түрлерін үйрету.

Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек

сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

1.Байламдардың созылуы.

Оқыс қимылдағанда, буында сүйектердің ығысуы шамадан асып кеткенде байламдар зақымдалады немесе созылады.

Зақымдалған буын айналасы ісіп, қатты ауырады. Байлам созылғанда тамырлар үзіліп, жарақаттанған жерге қан құйылады.

Алғашқы көмек: алдымен, зақымданған жерге мұз, қар немесе мұздай шүберек басу. 20минуттан соң таңғыш салып, медициналық мекемеге жеткізу.
2.Буынның шығуы.

Буын басы буын ойысынан шығып кеткенде беттерінің жанасуы бұзылады.. Мұндай жағдайда зақымданған жерге салқын зат басып, зардап шегушіні қозғалтпай, медициналық мекемеге жеткізу керек.


3.Сүйек сыну. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады.

Сүйек сыну ашық, жабық түрлері болады. Ашық сынуда сүйек қана емес, тері, бұлшықет, қан тамырлары да зақымдалады. Алдымен қан кетуді тоқтату керек, шендеуіш салып таңу.


4.Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы.

Бұғана мен жауырын зақымданса, орамалмен қолды мойынға таңып, қолтыққа кез-келген мата қояды.

Қабырға сынса, зардап шегушіні орындыққа отырғызып, терең дем шығартады да, кеуде қуысын қысып дәкемен орап тастайды.

Бассүйек пен омыртқа жотасының сынуы өте қауіпті. Зардап шеккен адамды қозғалтпай, тез жедел-жәрдем шақыру керек. Омыртқа жотасы зақымдалса зардап шегушіні етпетінен тақтайға жайлап жатқызып, басы мен иығының астына матаны бүктеп қояды.

Бассүйек сынса жай зембілге жатқызып апару керек. Басты қозғалмайтындай етіп, жан-жағына киім не көрпе қояды.

Ғаламтор беттерінен:




Бекіту. Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек

сынғанда көрсетілетін алғашқы көмекті көрсету.

Нұсқауларға сәйкес әрекеттерді орындай білу, бір-бірлеріне көрсету.


Қорытындылау.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.

Үйге: Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда

көрсетілетін алғашқы көмек. Жұмыс дәптер тапсырмалары. Буын ауруларына мәнжазба жазу.



Рефлексия.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет