Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің түрлері мен жасалу жолдары. Қазақ театр өнері



жүктеу 61.26 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі61.26 Kb.
түріСабақ
: articles
articles -> Ход урока Этапы урока и время Деятельность учителя Деятельность учащихся
articles -> Конспект урока поколения ЭВМ фио (полностью) Павлова Марина Владимировна Место работы моу гимназия №4 г. Можайска
articles -> Приложение 2 Примерное содержание сообщений к уроку. Война в Корее
articles -> Строение креветок
articles -> Ҳар бир сўзда яширин тарих барча тарихий исмлар ва жойларнинг номлари
articles -> Решение 14-й ташкентской городской окружной избирательной комиссии по выборам президента республики узбекистан
articles -> Закона Республики Узбекистан «О выборах в областные, районные и городские Кенгаши народных депутатов»
articles -> Қарори ўзбекистон республикаси олий мажлисининг қонунчилик палатаси депутатлигига номзодларни рўйхатга олиш тўҒрисида
articles -> Муккутль, исторический центр аварского вольного общества Муккратль, расположен на солнечной стороне, на склоне у правого берега реки Рисор, в 10ти километрах от Чародинского райцентра Цуриб
articles -> -
«Саран қаласы әкімдігінің №17 орта жалпы білім беретін мектеп» ММ

Қазақ тілінен ашық сабақ
ИКТ қолданып қазақ тілі сабағында ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау барысында оқушылардың синтаксис туралы білімдерін саралау, талдау, жинақтау.

11-сынып


Өткізген: Бакирова С.Т.

Саран қ.


2011 жыл


Сабақтың тақырыбы:

Синтаксис. Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің түрлері мен жасалу жолдары. Қазақ театр өнері.

Сабақтың мақсаты:






Білімділік:

Синтаксис тақырыбы бойынша білімдерін қайталау, жинақтау, талдау.




Тәрбиелік:

Өзіне-өзі сыни тұрғыдан баға беруге дағдыландыру, қазақ халқының театр өнері туралы білімдерін жан-жақты толықтыру, эстетикалық талғампаздыққа баулу




Дамытушылық:

Электрондық оқулық, электронды тестермен жұмыс арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту;

Көрнекіліктер:

Электронды оқулықтар. Интерактивті тақта. Электронды тест. Тұсаукесерлер. Флипчарттар

Пайдаланылатын технология

Денсаулық сақтау технологиясы. Блум таксономиясы

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі

Сұрақ – жауап, ізденіс, дәлелдеу, сыни түрдегі бағалау

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі. Қазақстан тарихы




  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіңдер ме? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Синтаксис. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері мен жасалу жолдары. Қазақ театр өнері. Шәкен Айманов. Сабақтың мақсаты түрлі жаттығулар орындау арқылы ұлттық бірыңғай тесілеуге даярлық барысын орын әрі жалғастыру. Синтаксис тақырыбы бойынша білімдерін қайталау, жинақтау, талдау.




  1. Ой шақыру




2.1.

  • Сабағымызды бастамас бұрын ой шақырып алайық. Қазір қандай сабақ?

  • Қазақ тілі.

  • Ендеше осы «Қазақ тілі» тіркесі көлемінде ой шақырамыз. Осы тіркесті естігенде қандай ой келеді, қандай ассосация пайда болады?

Қазақ тілі:

  • мемлекеттік тіл

  • қазақ халқының ана тілі

  • 1989 жылы мемлекеттік тіл мәртебесін алды

  • сабақ

  • Сабира Туркеновна – қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

  • ҰБТ-де тест тапсыру

  • Фонетика, лексика, грамматика

  • Түркі тілдері

  • Білім саласы

2.2.

Енді осы айтқандарыңды жинақтап, түйіндеңдер:



Қазақ тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп жазылған. Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Қазақ тіліне жақын тілдер: өзбек, қырғыз, қарақалпақ, ноғай, татар, әзербайжан және т.б.. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар: В.В.Радлов, Н.Т.Сауранбаев, В.В.Бартольд, қазақ тілі білімінің негізін салған – Ахмет Байтұрсынов. Қазақ тілі мұғалімі – Бакирова С.Т.. Қазақ тілі сабағы мультимедия кабинетінде өтеді. Сабақта біз жазамыз, қазақша сөйлесеміз, жаттығулар орындаймыз, ҰБТ-ге дайындаламыз. Қазақ тіл білімі салаларына бөлінеді.


  1. «Зерделі сұрақ»

    1. (Презентация 1 тұсаукесері бойынша жұмыс)




  1. «Талдау – табыс кілті»

    1. Сөйлем сөздерден құралады: Жұмат Шанинге, республиканың, атағы, халық әртісі, берілді, 1931 жылы; сөздерін пайдаланып сөйлем құрау, талдау.

    2. Интонациясына қарай талдау: 1931 жылы Жұмат Шанинге республиканың халық әртісі атағы берілді –хабарлы сөйлем;

      1. Интонациясына қарай түрлендіру: 1931 жылы Жұмат Шанинге республиканың халық әртісі атағы берілді ме? - сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлем;

      2. 1931 жылы кімге республиканың халық әртісі атағы берілді? – сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлем;

      3. 1931 жылы Жұмат Шанинге республиканың халық әртісі атағы берілді? – интонация арқылы жасалған сұраулы сөйлем

      4. 1931 жылы Жұмат Шанинге республиканың халық әртісі атағы берілсін – бұйрықты сөйлем;

      5. Бәрекелді, 1931 жылы Жұмат Шанинге республиканың халық әртісі атағы берілді! – лепті сөйлем.

    3. Синтаксистік талдау жасау, құрамына қарай талдау: 1931 жылы Жұмат Шанинге республиканың халық әртісі атағы берілді – жай, жақты, толымды, жайылма сөйлем.

    4. Құрамына қарай түрлендіру:

      1. Атаулы сөйлемдер: Жұмат Шанин.

Халық әртісі.

1931 жыл.



      1. Жалаң, толымсыз сөйлем: 1931 жылы берілді.

Жұмат Шанинге берілді.

Республиканың халық әртісі атағы берілді.




  1. Біліміңді шыңда

«Жай сөйлем» тақырыбы бойынша компьютерлік тестілеу.


  1. Денсаулық сақтау технологиясы (Презентация 2)




  1. Электронды оқулықпен жұмыс



5.1. «Лингва» электронды оқулығының 5-блогіндегі «Шәкен Айманов» мәтінімен жұмыс. «Шәкен Айманов – кино жұлдызы» - Презентация 3

Шәкен Кенжетайұлы Айманов

Ол қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Бала күнінен домбыра ұстап, ән салуға құмар болды, жанынан өлең шығарған. Үлкендер аузынан өнегелі ертегі, аңыз-әңгіме тыңдауға жалықпаған. Шәкен бауырмал, көпшіл, сері мінезді, сауықшыл болып өседі. Мектепте көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, пьесаларда рөл ойнай бастайды. Семей педагогика училищесінде оқып жүріп театр өнерімен әуестенеді.

1933 жылы Ш.Айманов Қазақ драма театрының құрамына алынады. Қазақ театрының іргетасын қалаушы Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков сияқты ағаларынан тәлім алған. Қазақ драма театры сахнасында 20 жыл ойнап, қатардағы актерден СССР халық әртісі дәрежесін алған әйгілі режиссер болды. Шәкен сомдаған Қобыланды батыр, тапқыр алпыс айлалы Алдар көсе, Исатай рөлдері оның тамаша талантының айғағы. А.Островский, М.Горький, Н.Погодин пьесалары мен У.Шекспирдің «Отелло» трагедиясы, әсіресе1964 жылы Лондон театры сахнасында көрермен қауымын тамсындырған қазақ актері болатын. Шәкеннің қойылымындағы «Абай» спектаклі 1952 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

1958 жылы Ш.Айманов кино өнері саласында жемісті еңбек етеді. «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Махаббат туралы аңыз» фильмдері қазақ және әлемдік киноның алтын қорына енді. Өзі де фильмдерде ойнайды. Ш.Айманов есімін қазақ драма театры мен кино өнерінің көрнекті өкілі ретінде халық зор құрмет тұтады. Қазір «Қазақфильм» киностудиясы Шәкен Айманов есімімен аталады.

    1. Мәтіндегі сөйлемдерді интонациясына қарай анықтау (хабарлы сөйлемдер);

    2. Мәтіндегі зат есімдерді талдау:

      1. Жалқы есімдер;

      2. Күрделі зат есімдер (қосарланған, қысқарған, біріккен, тіркескен)

    3. Сөйлемдерді құрамына қарай анықтау (жай және құрмалас сөйлемдер);

  1. Бала күнінен домбыра ұстап, ән салуға құмар болды, жанынан өлең шығарған – аралас құрмалас сөйлем (Бала күнінен домбыра ұстап, ән салуға құмар болды – қимыл-сын сабақтас құрмалас; ән салуға құмар болды, жанынан өлең шығарған – интонация арқылы байланысқан ыңғайлас салалас құрмалас) – жазбаша

  2. Мектепте көркемөнерпаздар үйрмесіне қатысып, пьесаларда рөлдер ойнай бастайды (қимыл-сын сабақтас құрмалас).

  3. Қазақ драма театры сахнасында 20 жыл ойнап, қатардағы актерден КСРО халық әртісі дәрежесін алған әйгілі режиссер болды (қимыл-сын сабақтас құрмалас).




  1. Тапқырлар аялдамасы

«Тапқырлар аялдамасы» Презентация 4 бойынша сұрақ – жауап:



  1. бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда, сөйткенмен жалғаулықтарымен қандай салалас қ.с. түрі жасалады – Қарсылықты;

  2. Себеп-салдар с.қ.с. жалғаулықтары - өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті;

  3. Кезектес с.қ.с. жалғаулықтары - бірде, біресе, кейде;

  4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары - не, немесе, я, яки, әлде, әйтпесе;

  5. және, әрі, да, де, та, те жалғаулықтарымен салалас қ.с. қай түрі жасалады – ыңғайлас с.қ.с.;

  6. Одағайдың тыныс белгілері – үтір, леп белгісі;

  7. Сын есімнің сұрағы – қандай?

  8. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері – бастауыш, баяндауыш;

  9. Жуан дауысты дыбыстар – А,О,Ы,Ұ;

  10. «Мереке» сөзінің сининимі – той, думан;

  11. Қосымшаның түрлері – жұрнақ, жалғау;

  12. Үндестік заңына бағынбайтын септік – көмектес;

  13. Буын түрлері – ашық, тұйық, бітеу;

  14. Реттік сан есімнің жұрнақтары - -нші, -ншы, -ыншы, -інші;

  15. Толықтауыш мағынасына қарай қалай бөлінеді – тура, жанама;

  16. Етістіктің неше шағы бар? – 3

  17. Ілік септігі сөйлемнің қандай мүшесі болады? – анықтауыш;

  18. Бастауышы жоқ сөйлем – жақсыз;

  19. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері – толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш;

  20. Шығыс септігінің сұрақтары – кімнен? неден?




  1. Қызықты сабақ - қиялға қанат (сабаққа қорытынды)




  1. Релаксация




  1. Бағалау




  1. Үйге тапсырма




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет