Сабақтың тақырыбы. Суды қорғау. Сабақтың мақсаты



Дата24.04.2016
өлшемі37.39 Kb.
түріСабақ
ОҚО, Түркістан қаласы, №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ордабаева Ұлбосын
Дүниетану
1-сынып
Сабақтың тақырыбы.
Суды қорғау.

Сабақтың мақсаты:

1.Судың адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

2.Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

3.Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой жинақтау, проблемалық ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.


  1. «Өзен және көлдер» мәтінінің түсінігін айту.

  2. Өз ауылымыздағы өзен жайлы жазып келген әңгімелерін оқыту.

  3. Өткенді бекіту су туралы өткенді Венн диаграммасы арқылы қорыту.

Адам өмірі мен табиғттағы судың маңыздылығы.


Адам өмірі Табиғат




ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.


Табиғатты қорғау-азаматтық парыз. Балалар, сендер табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасай білулерің керек. Дұрыс қарым-қатынас дегеніміз ағаштардың бұтақтарын сындырмау, көшеге лас қоқыстарды тастамау, су көздерін былғамау, жануарларды қорғау, күшік, мысықтарды жәбірлемеу, құстардың ұясын бұзбау. Егер осы айтылғандар дұрыс орындалмайтын болса, біздің қоршаған ортамыз өзгеріп, өмірімізге қауіп төнеді. Жануарлардың , құстардың адамдар үшін пайдасы өте зор. Адамдар үй жануарларының етін, сүтін тамаққа пайдаланады, жүнінен киімдер жасайды. Құстар зиянды құрт-құмырсқаларды жеп тазалайды. Біз оларға ұя жасап, қосымша қоректендіруіміз керек. Ағаш көшеттерін отырғызып, бөлме өсімдіктеріне су құйып, күтсек, олар бізге таза ауа бөледі.
2.Ендеше сусыз тіршілік жоқ және су тапшылығы жайлы жазып келген шығармаларыңды оқып беріңдер.
3.Адам суды өз қажетіне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы үшін пайдаланады. Олай болса біздің еліміз суды қалай пайдаланады? Ауыз сулар бүлінуде. Суда ұлы заттар өте көп.
4.Судың ластану жолдары, денсаулыққа әсері. Сызбамен жұмыс.

завод


Кен орындары темір жол

Суды ластаушы

заттар

жуындылар өнеркәсіп

мұнай өнеркәсібі шахта


судың маңайына

күл-қоқыстар төгу.

Лас судағы зиянды заттар.


Судағы улы заттар немесе химикаттар ұрпақтың өсіп жетілуіне зиянын тигізеді.


Микроорганизмдер қатерлі аурулар туғызады.


Жұқпалы ішек аурулары

Тырысқақ

/холера/


Гепатит

/боткин/


Сары ауру

Дизентерия

/қантышқақ/



Іш сүзегі

паратиф

5.Ластанған суды тазарту жолдары.




Ластанған суды тазарту жолдары
сүзу

қайнату

хлорлау


тұндыру.


6.Оқулықпен жұмыс. (тізбектей оқыту)

7. Топтық жұмыс туралы.


І топ. Жұмбақтар

ІІ топ. Мақал-мәтелдер

ІІІ топ. Тыйым сөздер

ІҮ, Сабақты қорыту



  1. Су туралы ойларын айту.

  2. Лас судағы улы заттарды атау

  3. Ережелер: 1.Қайнамаған суды ішпе «

2.Суды ластама

3.Суды үнемде



4.Суда малтып үйрен
5. Суды қорғау туралы заң және стандарт бар. Ірі өндірістерде, суды көп мөлшерде пайдаланатын қалаларда жуынды суды тазартатын қондырғылар қойылған. Мысалы, жер бетіндегі су қоймаларына жыл сайын 500 миллиард текше метр тазартылған су қосылады.
Каталог: materialy -> bastaych
bastaych -> Сабақтың тақырыбы : Сыр сүлейі Нұртуған Сабақтың мақсаты: Сыр сүлейі Нұртуғанның шығармаларымен таныстыру
materialy -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлы А. Құнанбаевтың шығармашылығымен
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқының XVIII-XIX ғасырлар аралығында рухани мәдениетінің дамуы
bastaych -> ОҢТҮстік қазақстан облысы бәйдібек ауданы мыңбұлақ жалпы орта мектебі
bastaych -> Сабақтың тақырыбы: Алтай аясында. (Иса Байзақов) Сабақтың мақсаты: а/ Оқушыларды елін сүюге, табиғатты қызықтап, оны
bastaych -> Сабақ Тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана» Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Қырықбаева Ж
bastaych -> Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Мақсаты
bastaych -> Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет