Сабақтың тақырыбы: Табиғатсыз адамдардың күні жоқ. Сабақтың мақсаты



жүктеу 43.52 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі43.52 Kb.
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Сабақтың тақырыбы: Табиғатсыз адамдардың күні жоқ.

Сабақтың мақсаты: туған жер табиғатын қорғауға тәрбиелеу. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге үйрету. Оқушылардың айнала қоршаған табиғатқа деген жауапкершілік қарым – қатынасын, экологиялық санасын қалыптастыру

Мұғалім: Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер – Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар – бір – бірімен тамырлас әрі тағдырлас.

Туған жер деген сөзде терең ұғым бар, әрі ол әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені. Туған жердің барлық табиғи қадір – қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды. Адамның барлық өміріндегі тағдыры да туған жермен тамырласып, өзектесіп жатады.

Кең байтақ еліміз жайлы, еліміздің табиғаты жайлы, аң – құстары жайлы терең білуіміз керек. Табиғат адамзаттың өмір кешуіне мүмкіндік тудырып, жер – ана елді асырап бағып, орман – тоғай елге дәулет ретінде, су, ауа денсаулықтың кепілі ретінде көрініс тауып отырғанын халық даналығы дөп басып түсіндірген. Табиғат – ана адамзатты осыншама байлықпен қамтамасыз етіп, өсіріп – өрбітіп отырғанда, адамзат та өз тарапынан оған қамқор болуы парыз. Көл – көсір табиғат байлығын үстемелеп молайтып, ұқыптап пайдалану, көзінің қарашығындай сақтау, жанашырлықпен қорғау әр адамның міндеті. Табиғатты қорғау бәріміздің борышымыз.

Өйткені, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Олардың бәріне кім кінәлі? Әрине адам. Адам өміріне көп нәрсе қажет. Ал адам өзіне қажеттілерін осы табиғаттан алады. Шөлдегенде – су, қарын ашқанда – тамақ, қараңғыда – жарық, тұншыққанда – ауа, тоңғанда – жылу керек. Міне осының бәрі табиғаттан алынады. Міне, осылардың бәрін адам өміріне қажетті жағдайлар дейді. «Бір тал кессең, он ағаш отырғыз» дегендей өсімдіктерге көп көңіл бөлуіміз керек. Ауаны тазарту үшін жасыл өсімдіктерді көптеп өсіруіміз керек. Өсімдік әлемін сақтау, шаруашылық үшін кесілген ағаштың орнына жаңасын отырғызу, көшелерді, үй маңайын көгалдандыру, ластанған суды тазарту керек. Қазіргі таңда осы өсімдіктерге көп көңіл бөлініп Елбасымыздың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде. Біз де тазалық айлығын өткізіп, бұл бағдарламаның өтуіне де өз үлесімізді қосып жүрміз. Өсімдіктер мен жануарлар күннен – күнге азайып бара жатырғаны бәрімізге белгілі. Өсімдіктер мен жануарларды, аң – құстарды қамқорлыққа алуымыз керек. Қазіргі кезде біздің өзен – көлдеріміздің, теңіздеріміздің сулары суалып, сортаңға айналып, балығы азайып бара жатырғаны да баршамызға мәлім. Су – тіршілік көзі екенін ұмытпай суға үлкен мән беріп, су болмаса тіршілік қиын болатынын білуіміз керек.



Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң жаратылған көркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Ойласақ табиғат пен адам егіз

Жылдың сол мезгілінен өзге неміз.

Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,

Ал қоғамсыз табиғаттың өзін де өлі деңіз,

Туған жер, атамекен, ауыл сөздері жүрегімізге жылы естіліп, сағыныш сезімге бөлейді, өмірге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түседі, ет жүрегімізді елжіретеді.

Тәңіріме бас иіп бағынамын,

Туған жерді аңсаймын сағынамын.

Туған жер деп соғады жүрегім де,

Басымды иіп, алдыңа бағынамын.

Әрбір ұрпақ үшін алдыңғы буын ата – ананың туған жер табиғатын қорғау дәстүрі әрі өнеге, әрі мұра болып саналады.

Әрбір сөзі өнеге ата менен бабаның,

Батыр ұлы көп болады даланың

Ұрпақтары ұлылыққа жетелеп,

Тағылымына зор мән берген баланың.

Біздің халқымыздың өмірі табиғатпен етене байланыста өткен. Ашық аспан астында, киіз үйді пана етіп, жел мен боранда, ыссы мен аязда, көгілдір көктем мен қоңыр күзде де малын бағып, табиғатпен тел өскен, тіршілік еткен. Сондықтан оған қарап қамқорлық жасап аялаған. Сонымен қатар олар аспан денелеріне де ерекше назар аударып қастерлеген. Күнге қарап мезгілді анықтаған. Ай, жұлдызға қарап түнде жол жүрген.



Және жаңа туған айға қарап:

Жаңа айда жарылқа, Ескі айда есірке – деп иіліп сәлем берген.

Асқарлы тауды, шың құзды бағалаған. Жер, су, өзен мен көлге де қамқорлықпен қараған. «Су анасы бұлақ», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Су – ырыстың көзі» деп оларға да қамқорлықпен қараған. Жан – жануарларға, жәндіктерге, аң – құстарға қамқорлықпен қатынас жасаған.



Аққуды ақтықтың, адалдықтың белгісі санаған. Аққу – құстың сұлтаны деген.

Қарлығашты адамға «қанатымен су сепкен қамқоршы» деген.

Ал, көгершінді «тыныштық пен бейбітшіліктің белгісі» деген.

Бүркітті «Құс патшасы» деп есептеген. Оларды атпай, өлтірмей сақтап, жанашырлықпен қараған.

Қарасам Қазақстан картасына,

Оранған бар байлықтың алқасына.

Арайлы атамекен – туған жерім,

Мен үшін сенің артық әр тасың да.

Ажарлы туған өлке атырабым,

Жайқалтқан жасыл әлем жапырағын.

Тіршілік атаулыға нәрін берген,

Ол сенің қасиетті топырағың.

Табиғатты қорғау ережелері



  1. Көгалды жерлерді таптамау.

  2. Өсіп тұрған ағашты, жас талды сындырмау.

  3. Құмырсқа илеуін бұзбау.

  4. Құс ұясын бұзбау.

  5. Жеміс ағаштарының түбін әктеу.

  6. Өсіп тұрған ағаштың қураған бөлігін кесіп, кескен жерін сылау.

  1. Орманда, бақта қоқыс тастамау.

  2. Көктемде ұшып келетін құстарға ұя жасау.

  3. Қыста қыстап қалатын құстарға қамқор болу.

Табиғатты аялау – әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,



Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет