Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"



жүктеу 33.25 Kb.
Дата06.04.2016
өлшемі33.25 Kb.
түріСабақ
: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Алғаш рет ежелгі көшпелі халықтардың рухани бітімін әлемдік рухани үрдімен сабақтастыра қараған қазақ ғалымы: а Ш. Уалиханов; б Әл – Фараби; в М.Әуезов.
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты Сабақтың мақсаты
lessons -> 1. негізгі бөлім автомобильдердің жалпы қҰрылысы
lessons -> Орны: 209-кабинет
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2 2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы»
lessons -> Сабақтың типі : Білімді және іс-әрекет тәсілдерін бекіту мен өзектендіру. Сабақтың технологиялық картасы
lessons -> Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушылардың құрлықтар мен аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру
lessons -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
lessons -> М. Ю. Курбанова Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы Ақсукент-2014ж. Жоспар
Сыныбы: 6 "Ә "

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала ("Менің атым Қожа")

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра

отырып мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын

арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға,

өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.

Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының

өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше

ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем

шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту,

ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке,

мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға

шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды түгендеу;
ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;

2. Үй тапсырмасын сұрау (тараулар бойынша мазмұндату)
Автор, тақырып аясында сұрақтар мен тапсырмалар беру:

1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”

2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.

3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында суреттермен жұмыс жасату
30,40,50 балдық жүйемен жазылған сұрақтарға жауп беру; Бұл қай сәт,бұл кім деген сұрақтардан тұрады.

Бұл сурет туралы не білесің?
Кейіпкерлер туралы әңгімеле
Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз?
Қашан, кіммен кездесті?
Бұл сәтте қандай жағдай болып еді?

3. Жаңа сабақты меңгерту
"Менің атым Қожа" кітабы туралы видео-роликті оқушыларға көрсету.

Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды

Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар

Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

Бес жолды өлең Бір топқа- Қожа, екінші топқа- Жанар, үшінші топқа- Жантас

Кім? ( зат есім) 1сөз
қандай? (сын есім) 2сөз
Қайтті? (етістік) 3сөз

Сөйлем (кім туралы) 4сөз


Қорытынды сөз 5сөз

Үй тапсырмасын беру
1.“Бақытты балалық шақ” ой толғау жазу немесе “Түбі адам болатын бала” тақырыбында Қожаның суретін салу

2. "Түбі адам болатын бала" 24-тарауын оқып келу, түсінігін айту.




Бағалау
Қорытынды



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет