Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы, қызметі, маңызы. Сабақтың мақсаты



Дата03.05.2016
өлшемі28.79 Kb.
түріСабақ
Уразова Рая Лұқпанқызы

Биология пәні мұғалімі

Б.Момышұлы атындағы №25 орта мектеп

Атырау қаласы


Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы, қызметі,

маңызы.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы, қызметі, маңызы туралы түсінік

беру.


Дамытушылық: Қан айналым жүйесімен байланыстыра отырып, дамыта оқыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту түсіндіру, сұрақ жауап.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап

Құрал-жабдықтар: Инетерактивті тақта, тірек-сызба, үлестірмелі қима қағаздар, перфокарта, суреттер, слайттар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

А) Cәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқу-құрал жабдықтарын ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа ынтасын аудару.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспары:


1. Тынысалулардың маңызы

2. Тынысалу мүшелерінің құрылысы.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тәрізді адамда тыныс алады. Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығында газ алмасу. Дененің оттегін сіңіріп және көмірқышқыл газын бөліп отыруы тыныс алудың негізі. Бұл процесс өмір бойы жүреді. Адам оттегінсіз жүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуымен аз қызметтерін атқару үшін қажет. Ұлпалардың жиыруына, тер бөлуіне, сілекей бөлуіне, қозуды өткізуіне энергия жұмсалады. Ал ал энергия қоректік заттардан бөлінеді. Денеде өтетін осы жағдайлардың барлығынаоттегі қажет. Тынысалу жүйесі оттегін қан айналым жүйесіне өткізіледі. Ал оттегі қанның құрамдағы гемоглабинмен бүкіл денеге таралады.

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, кеңсірік, көмей, сіңірдек, ауатамыр жатады. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын сілекейлі қабықша астарлайды. Онда көптеген түкті эпителий мен сілекей бөліп шығаратын жасушалар бар. Түктер ауа құрамындағы шаң тозаңдарды, сілекей микроптарды сүзіп қалады. Тыныс алғанда кеңсіріктегі ауа жылынады. Ондағы лейкоциттер сілекейге шыланып иірімдердегі микробтарды жояды. Мұрын қуысының жоғары жағында иіс сезетін жүйке талшықтары бар. Мұрын қуысындағы ауа кеңсіріктен аңқаға, ал одан көмекейге барады. Көмей мойының жоғары жағында орналасады. Оның қабырғасы бірнеше шеміршектен құралған. Шеміршектер өзара сіңір және бірыңғай салалы бұлшықпен жалғасады. Шеміршектер тыныс жолын тарылып кетуден қорғайды. Тамақты жұтқан кезде көмейге кіреберістегі шеміршекті бөбешік жауып қалады. Көмей шеміршектерінің арасында сілемейлі қатпарлар дыбыс сіңірлері бар. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы бос орын дыбыс қатпарларын кіріп, оларды тербейді. Сөйтіп дыбыс пайда болады. Адам сөйлегенде дыбыс сіңірлерінен басқа тіл, ерін, жақ, сүйек, бөбешік, мұрын, ауыз қуыстары қатысады. Ауа көмейден кеңірекке өтеді. Кеңірдек доға тәрізді 16-20 шеміршекті сақиналардан итұрады, олардың ұзындығы 10-15 см.

Ауа тамырдың төменгі жағы 2-ге тарамдалып ауа тамырларын түзеді. Бұтақтарының ұштары жалғаспалы шеміршек сақиналарынан тұрады. Ауа тамырды ұштары өкпелерге жалғасып, одан әрі тармақталады, өкпе көпіршектерімен аяқталады.

Өкпе кеуде қуысында орналасады. Өкпеде ауа тамырдың әрқайсысы тармақталып, біртіндеп кішірейетін ауа жүретін түтікшеге айналады. Түтікше өкпе көпіршіктермен аяқталады. Көпіршіктердің саны 300 миллион. Әр көпіршіктің қабырғасы жұқа, эпителий жасушаларының бір қабатынан тұрады және қантамырлар шырмап жатады. Ауатамырының тармақтары, сала тамырлар және жүйкелер өкпеге еніп, өкпеден көктемырлар шығарды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасын сірі ауыз астарлап жатады. Олардың арасындағы ылғалды қуыста мүлде ауа болмайды, бірақ онда аздаға сероз деп аталатын сұйық орналасады. Бұл сұйықтың өкпенің үйкелісін жеңілдетеді.

Жаңа сөздер тақтаға жазылады.

Ауа жолы, мұрын қуысы, аңқа, кеңірсек, көмей, кеңірдек, ауа тамыр, көпіршіктер, өкпе.

Бекіту бөлімі: (карточка)

Қорытындылау бөлімі:

1. Тыныс алудың маңызы қандай?

2. Тыныс алу мүшелерін ата?

3. Мұрынмен тыныс алудың қандай пайдасы бар?



Дыбыс қалай пайда болады?

Үйге тапсырма: Тынысалу мүшелерінің құрлысы, қызметі, маңызы. Оқу.
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет