Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов «бір тойым бар»



Дата25.04.2016
өлшемі61 Kb.
түріСабақ
: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы : Киелі аспап-қобыз
caf -> Аты-жөні Айя Серикбайқызы Шалгимбаева Лауазымы
caf -> Мекеме атауы Қ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Аты-жөні Рахимов Бауыржан Кусжанович Лауазымы Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
caf -> Центром развития сотрудничества со странами латинской америки
caf -> Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің достарымыз
caf -> Қызметі: Тәрбиеші Еңбек өтілімі: 23 жыл Санаты
caf -> №22 жалпы орта білім беру мектебі Т. А. Ж. – Ешимова Арнат Айтымовна Қызметі – тарих және география пәнінің мұғалімі
caf -> Білім облысы: Таным Бөлімі: ҚМТҚ Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (Логика) Мақсаты
caf -> «Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Айналамен таныстыру Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қысқы орман»
Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов «БІР ТОЙЫМ БАР» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақтың дарынды ақыны Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы толық мағлұмат бере отырып, «Бір тойым бар» өлеңінің идеялық мазмұнын ұғындыру.

Дамытушылық: оқушының ой-қиялына ерік бере отырып поэзиялық шығарманы талдау дағдысын қалыптастыру, тілін дамытып, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықты сіңіру, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтада ақын бейнесі, жыр жинақтары бойынша көрме, ақын туралы өлеңдер



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс, салыстыру, шығармашылық ізденіс

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы, «Ана» және «Аруана – бауыр дүние» өлеңдері.

Мұғалім: Қазақта ақын көп. Атақтысы да жеткілікті. Бірақ табиғи құбылыстар сияқты құдіретімен табындырып, қазақ өлеңін жаңа сатыға көтергендер сирек. Сол сиректердің бірі әрі бірегейі – Төлеген Айбергенов екенін таныдық.

Онда үй тапсырмасы бойынша ақынның өмірін сызба бойынша әңгімелеп берейік: «Ой қозғау» әдісі



(Оқушылар әр таным бойынша жеке-жеке сөйлейді.)

1. 30-ақ жыл ғұмыр кешті

Мен марттағы найзағай күркірімін,

Құрманғазы күйінің бір тілімін.

Менің жаным саясын паналаған

Дүниедегі бар қыздың кірпігінің... деп ақын өзі жырлағандай, Төлеген

Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда (ары қарай өмірдерегін айтып шығу)

2. 10 жылдай ғана жыр жазды

Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Найзағай отындай жарқ еткен жырлары қазақ поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады. (Өлеңдерін атап өту)

Мұхтар Шаханов ол туралы бір өлеңінде:

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,

Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған

Махамбет пен Сен ғана – деген еді.

3. Нағыз жыр перзенті

Азғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. Жарық дүниенің 30-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды.

Ақын Мұқағали Мақатаев жыр перзентіне арнаған «Төлегенге» өлеңінде:

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.

Торғай – өлең шырылдап бара жатты,

Аузында ажал деген сұрапылдың... деп жырлапты.

4. Бірнеше жыр жинағының авторы

Ол бірінші рет «Жас дәурен» атты жинақта бір топ өлеңдерімен көрінді. Бірнеше кітаптары шықты. «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат», «Құмдағы мұнаралар».

Төлегентанушы ақын Б.Иманов былай деп жырлайды:

Торғай өлең өлмеді, аман қалды,

Әкетті ажал...

Жыр емес, адамды алды.

Бір өмірдің дастаны басталды да,

Шорт үзілді,

Шоп-шолақ тамамдалды.

5. Өзіндік өлең өрнегімен танылды

Қазақ өлеңдері көбінесе 7,8 және 11 буынды болып келеді. Ал Төлеген Айбергенов 18-19 буынды өлеңдер жазып, өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын.

Мұғалім: Осындай 18-19 буынды өлеңі үйге берілген «Ана» өлеңі.

(Өлеңді жатқа сұрау.) Өлең құрылысын айтқызу: 15-16 буынды, 1шумақта 4 тармақтан, 3 бунақты, егіз ұйқаспен жазылған өлең.

Сыныптың оқушыларына үш топ яғни үш қатарға топтастыру тапсырмасын беру.

1-қатар: Ана кім? (қызметіне қарай)

2-қатар: Ана кім? (қасиетіне қарай)

3-қатар: Ана кім? (жынысына қарай)

Мұғалім: Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен – аналар. (Аналар мерекесі туралы)

Ана туралы тақырыпты екінші анамыз – Отан-Ана тақырыбымен жалғастыратын Т.Айбергеновтің «Аруана – бауыр дүние» өлеңі үйге берілген болатын.

(Өлеңді балаларға мәнерлеп оқыту)

Келесі тапсырма Венн диаграммасы бойынша сұрау.


Мұғалім:

Өлеңнің соңғы екі тармағын оқиық:



Түкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құттай жүрекпен

Келем мен бүгін қасиетті байтақ Қазақстанды көтеріп!

Ақын туған жерге деген сүйіспеншілігін жырлау үшін аруана туралы аңызды ұтымды пайдаланған. Ақын туған, аңсаған, сағынған Қазақстан бұл күндері егемендігін алып, қарыштап алға басып, жаңа жолға түскен ел атанып отырғанын мақтанышпен айтуға болады.

Қазақтың аймаңдай ақын перзенті Төлеген Айбергенов Нөкіс қаласында мәңгілікке көз жұмған. 8 наурыз – ақынның туған күні. Ақынның шырылдап қалған торғай-өлеңдері аман қалды. Ақынның өлеңдеріне арқау болған мына бір оқиға да бұл күндері аңызға айналған сияқты. «Бірде Төлеген өз достарын үйінде дастархан жайып күтеді, алайда түрлі себептермен көпшілігі келмей қалады. Олармен ертеңіне кездескен Төлеген өз ренішін білдіріпті. Сонда ақындардың бірі оған: «Өкпелеме, жігітім, бір тойың болары сөзсіз мүмкін» деп басу айтқан екен. Сол оқиғадан соң ақынның «Бір тойым бар» өлеңі туыпты.

3. Жаңа сабақ. Төлеген Айбергенов «Бір тойым бар» өлеңі

Жаңа тақырыпты түсіндіру алгоритмі:

1. Мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы.

2. Өлеңді іштей оқушыларға оқыту.

3. Сөздік жұмысы

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1) Ақын тойының ортаға тастар ұраны қандай? (Үзінді тауып оқыту)

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...

Сәбилерге ағаны үлгі етемін,

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін...

2) Ақынның жиған-тергені не деп ойлайсыңдар?

3) Жырда айтылған ақынның арманы орындалды ма? (дәлелдеңдер)

4) Өлеңнен ақын мінезін тануға бола ма?

5) Өлең неге «Бір тойым бар» деп аталады?

6) Шығарманың кейіпкері кім? (Т.Айбергенов – лирикалық кейіпкер)

5. Бір шумағын алып өлең құрылысына талдау.



Бәйге берем жығылған палуанға да,

Адалдығы сезіліп тұрар болса.

Қыз қуатын жігітке ат беремін,

Жанам деген жүрекке от беремін...

11 буынды, 3 тармақты, егіз ұйқас.

6. Өлеңді ұйқас ерекшелігіне қарай екіге бөлуге болады: 1. Той ұраны.

2. Ақын арманы.

7. Өлеңнің идеясы туралы не айтар едіңдер? Адам өмірінің бақытты кезеңдері және әр түрлі армандарға жету жолындағы адам баласының әрекеті.

4. Жаңа тақырып бойынша бекіту.



Мен марттағы найзағай күркірімін,

Құрманғазы күйінің бір тілімін.

Менің жаным саясын паналаған

Дүниедегі бар қыздың кірпігінің... деп ақын өзі жырлағандай, ақын жыл басы саналатын наурыз айында дүниеге келген. Әсем айдағы найзағай күркірі қасиетті жерімізге нұр сыйлайды, көк өсіреді, кең даланы гүлге орайды. Адамзат көңіліне қуаныш сыйлап, ұлы армандарға жетелейді. Төлеген жырларының осы табиғатпен үндестігі бар екенін байқау қиын емес. Төлеген поэзиясы мәңгі халықпен бірге. «Ақынның талай күнгі арманы еді, Мәңгілік тарқамауы анық оның» деп кесіп айтуға болады.

5. Үйге тапсырма беру. «Бір тойым бар» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.

«Ақын және арман жыр» тақырыбында ой толғау жазу.

6. Оқушыларды бағалау.



7. Сабақты аяқтау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болды және біз мақсатымызды орындай алдық па? ( Т.Айбергеновтің жаңа өлеңімен танысу, өлеңді теориялық тұрғыдан талдау, мәнерлеп және шапшаң оқуға үйрену, арман-қиялға жетелеу.)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет