Сабақтың тақырыбы: Топографиялық карта жайлы түсінік. Картамен жұмыс жасау



жүктеу 47.92 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі47.92 Kb.
түріСабақ
:
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Топографиялық карта жайлы түсінік. Картамен жұмыс жасау.



  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға карталар жайлы түсінік беру және карталар масштабына үйрету.



  1. Уақыты: 45 мин.



  1. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  2. Өтілетін күні:



  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, топографиялық карталар.



  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.

  • Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша жалпы әскери жарғы талаптарының негізгі бағыттарын айтыңдар.

  • Әскери қызметшілерді шынықтыру тәсілдері туралы айтыңдар.

  • Әскери қызметшінің денсаулығына медициналық бақылау жасау қандай жолдармен жүргізіледі?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Топографиялық карта жайлы түсінік. Карталар масштабы. Карталардың масштабтары бойынша қолданылуы. Карта масштабының шамасы.



Топографиялық карта жайлы түсінік. Картамен жұмыс жасау.

Карта – бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта (қағазда) кішірейтіліп бейнеленілуі. Олардың масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолданылуы(географиялық,топографиялық, өндірістік, орман, жол, геологиялық, топырақты, оқулық) бойынша топтастырады. Топографиялық картаның географиялық картадан айырмашылығы – оның масштабында. Оларға: 1:25 000 – 1:100 000 масштабына дейінгі карталар жатады.

Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің қайнар көзі, әскерлердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлану жасалынады, ұрыс қимылдарын жүргізуге шешім қабылданады; марш жасалады; ракета жіберу мен артиллерия атысы үшін мәліметтер дайындалады, жергілікті жерде инженерлік жабдықтау бойынша есеп айыру мен өлшеулер жүргізіледі; нысана координаттары анықталады, нысананы көрсету жүзеге асырылады.

Карталар масштабы.

Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығына қатынасы карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10 000 он мыңдық, 1:25 000 жиырма бес мыңдық, 1:50 000 елу мыңдық, 1:100 000 жүз мыңдық, 1:500 000 бес жүз мыңдық, 1:1 000 000 миллиондық.



1:25 000 (1см-ге 250м) жиырма бес мыңдық масштабты карта – ең толық, әрі дәл карта, бөлім мен бөлімше командирлерінің су тосқауылдарын бұзуда, қалаларда ұрыс әрекеттерін жүргізу, инженерлік ғимараттар салу кезінде жергілікті жердің шағын жекеленген аймақтарын мұқият зерттеп, бағалауға, артиллериялық атысты жүргізу жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жоспарлауда дәл өлшеу үшін арналған.

1:100 000 (1см-ге 1км) жүз мыңдық масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, ұрысты жоспарлау, әскерлерді басқару және өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде оның тактикалық қасиетін бағалау, жергілікті жер мен нысананы көрсетуге бағдарлануға, қарсылас обьектілерінің (нысаналарының) координаттарын анықтауға арналған, сонымен бірге әскери-инженерлік ғимараттарды жобалау мен жергілікті жерде инженерлік жабдықтауға байланысты шараларды орындауға арналады.

1:200 000 (1см-ге 2км) екі жүз мыңдық масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, бағалауға арналған. Ол әскердің ұрыс әрекеттерін жоспарлау мен оны қамтамасыз ету шараларында, әскерді басқаруды жоспарлау кезінде қолданылады. Жол картасы ретінде жиі қолданылады, өйткені онда жол тораптары мен оның ұрыстық және басқа техникамен жүруге жарамдылығы көрнекі әрі жеткілікті дәрежеде толық бейнеленген.

1:500 000 (1см-ге 5км) бес жүз мыңдық масштабты карта операцияға дайындық пен оны жүргізу кезінде жергілікті жердің жалпы сипатын зертеу мен бағалауға арналған. Ол әскерлердің өзара әрекеттері мен басқаруды ұйымдастыруда, әскер қозғалысы мен нысананы көрсетуін бағдарлауда, сондай-ақ жалпы ұрыстық жағдайдың бағыттарын жазу үшін қолданылады.

1:1 000 000 (1см-ге 10км) миллиондық масштабты карта жергілікті жерді жалпы бағалауға және ірі географиялық аудандардың табиғи жағдайларын зерттеуге, ұрыс әрекеті театрын әскери-географиялық бағалауға, әскерді бағалауға және басқа да міндеттерді шешуге арналған.

Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды.

Карта шетінің оң (төменгі) жағында сандық және сызықтық масштабы, масштаб көлемі көрсетіледі.

Сандық масштаб алымы бірге тең бөлшекті көрсетеді, ал бөлшектің бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша ретке кішірейгенін көрсетеді. Мысалы: 1:50000 масштабында карта сызықтық өлшемдер 50 000ретке кішірейтілген, яғни картаның 1см-і жергілікті жердің 500 м-іне сәйкес келеді.

Сызықтық масштаб – бұл сандық масштабтың графикалық мәнері. Түзу сызықты масштаб негізі деп аталатын кесінді бірнеше рет салынған. Масштаб негізі жергілікті жердегі жүздеген метр немесе км-дің бүтін санына сәйкес келеді. Қағиди бойынша, оның ұзындығы 2см-ге тең. Бірінші негі майда бөліктерге бөлінеді.

1:10 000

М200 0 200 400 600м










































А Д

Бұл суретте А және Д араларындағы қашықтық 680 метрге тең.



Картаның 1см-ге сәйкес келетін жергілікті жердегі метр немесе км-дегі қашықтық масштаб шамасы деп аталады.

Естеріңде болсын! Егер сандақ масштабтың бөліміндегі екі соңғы нөлді сызып тастасақ, онда қалған сандар 1см-ге неше метр сәйкес болатынын яғни масштаб шамасын көрсетеді. Мысалы: 1:25 000 масштабты карта картаныі 1см-не жергілікті жердің 250м шамасына сәйкес келеді.

в) Қорытынды бөлім – 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Топографиялық карта дегеніміз не?

  • ҚР ҚК-нде топографиялық карталардың қандай масштабтары пайдаланылады?

  • Топографиялық карталардың қолданылуы туралы айтыңдар.

  • Карта масштабының шамасы неге тең?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет