Сабақтың тақырыбы



Дата26.12.2019
өлшемі11.88 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Май клеткалары (липоциттер)

1. Май клеткалары ретикулалық клеткалар мен гистициттерден пайда болады. Цитоплазмасында май жиналады. Май клеткалары мамандалған клеткалар емес, сондықтан оларды дәнекер ұлпасының шала жіктелген клеткаларының кейбір функциялық күйі деп қарастыру керек. Сүтқоректілер мен адамның май ұлпасы ақ және қоңыр май ұлпалары болып бөлінеді.

Ақ май ұлпасы адамда құрсақтың төменгі бөлігінде, санда, бөкседе, бүйрек маңында болады. Қоңыр май жаңа туғаан нәрестелерде және қысқы ұйқыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр май ұлпасы адамда жоқ деуге де болады, ал ол кейбір сүтқоректілерде көп болады – жауырын аймағында, мойнында, омыртқа жотасыының бойында, төсте, қол белдеуінің бұлшық еттерінің арасында орналасады. Май ұлпасының бұл түрінің қоңыр түсі ұсақ қан тамырлар торы мен цитохром пигменттерінің көп болуына байланысты. Май ұлпасы тіршілікке қажетті энергия көзі болып табылтын организмдегі май осы рөлін атқарады. Ішкі органдард соққыдан сақтайды, организмде жылудың сақталуына себепші болады.

2. Толық клеткалар, немесе ұлпалық базофилдер (гепариоциттер)



Толық клеткалар адам мен сүтқоректілердің борпылдақ дәнекер ұлпаларында, көмекей безінде, бауырында, алқым безінде, жатыр қабырғасында, сүт бездерінде, ас қорыту жолының кілегейлі астыңғы қабатында, тілде байқалады. Осы органдарда толық клеткалар ұсақ қан мен лимфа тамырларын бойлай орналасады. Толық клеткаларда органеллалар нашар жетілген. Толық клеткалардың цитоплазмасында түйіршіктер көп болады. Цитохимиялық әдістер, толық клеткалардың цитоплазмасында түрлі ферменттердің – липаза, қышқыл және сілті фосфатазалар, пероксидаза, цитохромоксидаза т.б. ферменттер болатынын дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет