Сабақтың тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы. Мақсаты: Витаминдер және олардың маңызы жөнінде мағлұмат беру



Дата02.05.2016
өлшемі101.28 Kb.
түріСабақ
8-Сынып.

Сабақтың тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы.

Мақсаты:

1. Витаминдер және олардың маңызы жөнінде мағлұмат беру.

2 Азық – түліктерде болатын витаминдер және олардың маңызы жөнінде түсіндіру.

3 Витаминдердің түрлерімен ерекшеліктерін түсіндіріп, оқушылардың ой-өрісін дамыту.



Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: витаминдер туралы слаидтар, плакаттар, кестелер.

Сабақтың барыс:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
III. Жаңа материалды түсіндіру
YІ. Бекіту
Y. Бағалау
YI Үйге тапсырма:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1. Ас қорыту процесінде шайнау қандай рөл атқарады?

2. Жұту қалай жүзеге асырылады.

3. Сілекей бездері бөлетін ферменттерді атаңдар.


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. (слайд арқылы сабақты түсіндіру)

Тақырыптың жоспары:



  1. Майда және суда еритін витаминдер.

  2. Авитаминоздар: ақшам соқыр, бери – бери, қырқұлақ және мешел аурулары.

  3. Гиповитаминоздар. Тағам құрамындағы витаминдерді сақтау.


Жаңа материалды түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы.
Витаминдердің маңызы. Витаминдер (латынша «vіta» – тіршілік, өмір) тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше органикалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. Витаминдер тағамның құрамында аз мөлшерде болғанымен ағза үшін өте қажетті заттар. Витаминсіз ағзаның өсуі, дамуы және тіршілігін жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан да витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін қажетті зат деп аталуының мәні зор (84-сурет).

Витаминдердің көпшілігі тағамдық заттардың құрамында болады, ал аздаған түрлері адам ағзасында түзіледі.

Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин (1853–1937) тапты.

Витаминдер ағзадағы зат алмасу процесіне қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде витаминдердің 30-ға жуық түрі белгілі. Витаминдер, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өсуі, дамуы үшін өте қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

Витаминдер өсімдіктекті және жануартекті тағамдардың құрамында кездеседі. Адамға тәулігіне қажетті барлық витаминдердің мөлшері 180–200 мг.

Витаминдердің адам ағзасында жетіспеуінен болатын ауруды – авитаминоз дейді. Авитаминоз кезінде ағзада зат алмасу бұзылады. Витаминдерді шектен тыс көп мөлшерде пайдалану да зиянды. Бұл кезде ағзаның улануы (гипервитаминоз) байқалады.

Витаминдердің түрлерін латынның бас әрпімен белгілейді. Мысалы, A, B, C, D және т.б. Кейде осы әріптердің жанына сандар жазылады. Бұл сандар сол топқа жататын витаминдердің табылу ретін көрсетеді. Мысалы, B1, B2, B6, B12 .

Витаминдердің топтары мен түрлері. Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді. Майда еритіндерге A, D, E, K витаминдері жатады.

Суда еритін витаминдерге C, PP және B тобындағы барлық витаминдер жатады.

 

 

84-сурет. Витаминді тағамдар

 

Майда еритін витаминдер. A витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. A витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды.



А витамині бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5–10,5 мг.

D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды.

Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады (85-сурет). Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.



Е витамині (токоферол) ағзаның зат алмасу процесіне және көбеюіне әсер етеді. Бұл витамин жетіспеген жағдайда әйел бедеулікке ұшырауы мүмкін, кейде қаңқаның бұлшықеттері қатая (жансыздана) бастайды. E витамині көкөністерде, астық тұқымдастардың дәнінде, өсімдік майында және жұмыртқада кездеседі. Адам ағзасы үшін қажетті тәуліктік мөлшері 10–20 мг.

    К витамині (филлохинон) қанның ұюына әсер етеді. Витамин жетіспегенде жарақаттанған жердегі қанның ұюы баяулайды да, қан аға түседі. К витамині көкөністерден жасалған салаттарда, томатта, бауырда кездеседі. Сонымен бірге К витамині ішекте болатын кейбір микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі. Адам ағзасы үшін К витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 0,2–0,3 мг.

 

 

85-сурет. Мешелмен ауырған баланың аяқ сүйектерінің қисаюы



 

Суда еритін витаминдер. С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, кілегейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе адам қауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған қырыққабатта көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60–100 мг.

В1 витамині (тиамин) зат алмасуға, асқазан және жүректің, жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер етеді. Жетіспегенде жүйке жүйесінің жұмысы бұзылып, адамның қозғалысы өзгереді. Бас ауырады, жүректің соғуы жиілейді және аяқ-қол дірілдейді. В1 витамині ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда, адам бери-бери кісенделген ауруына ұшырайды. Жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, жүруі ауырлайды, тіпті аяғы сал (паралич) болып қалады. В1 витамині түрлі жармалардың қалдығында, сүт өнімдерінде, жұмыртқада, жемістерде мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 2,3 мг.

В2 витамині (рибофлавин) зат алмасуға, көзге, қан жасалу мүшелерінің қызметіне әсер етеді. Жетіспеген жағдайда баланың өсуі баяулайды, тері мен ішкі мүшелердің кілегейлі қабықшаларында ауру пайда болады. Көздің қасаң қабығы қабынып, көзден жас ағады. В2 витамині жармалардың құрамында, ашытқыда, көкөністерде, етте, сүтте мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 3–4 мг.

В6 витамині (пиридоксин) негізінен ағзадағы нәруыздың алмасуына әсер етеді. Эритроциттердің жетілуіне, темірдің дұрыс пайдаланылуына әсер етеді. В6 витамині майдың алмасуына әсер етіп, бауыр мен терідегі зат алмасудың дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. В6 витамині адам ішегіндегі микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 2,3 мг (86-сурет).

В12 витамині (цианкобаламин) қанның түзілуі үшін қажет. Жүйке ұлпасының өсуін реттеуге қатысады. Оның жетіспеуі қаназдық (анемия) ауруына шалдықтырады. Бұл кезде ағзаға оттегі жетіспейді. В12 витамині ағзада ұзақ уақыт жетіспесе, адам өліп кетуі де мүмкін. Бұл витамин бауырдың, бүйректің, балықтың, жұмыртқаның құрамында кездеседі. Ішектегі кейбір микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі. Ағзаға қажетті мөлшері 2–3 мг.

РР витамині (никотин қышқылы) ішек-қарын (асқазан) қызметіне әсер етеді. Жетіспеген жағдайда адам өзін дәрменсіз сезінеді, көңіл күйі өзгереді. Теріде күлдіреген көпіршіктер мен дақтар пайда болады. Адам пеллагра ауруына шалдығады. РР витамині еттің, бауырдың, жұмыртқаның, қара нанның, жер жаңғақтың құрамында кездеседі. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 15–25 мг.

 

 

86-сурет. Пирамидада көрсетілген тағамдар:

1. Тағам түрлеріндегі витаминдерді атаңдар.

2. Минералды суда қандай заттар бар? Оның маңызы неде?

 

Тағам өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары

Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып консервілеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0–4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады.

Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.



 

YІ.Бекіту

  1. Аукцион ойыны.

  2. «Білімді мыңды жығар» интербелсенді тақтамен ойын.

  3. Плакатпен жұмыс.

  4. Сұрақ - жауап.



Аукционер: Аукцион мынадай тәртіпте жүргізіледі.
1. Бір затты сатып алу үшін биология пәні мен байланысын табу қажет.
2. Заттың құны білім деңгейімен межеленеді.
3. Сатып алушылар тәртіппен кезектесіп сөйлейді.
Алғашқы саудаға А витамині түседі, бағасы 600 теңге.
А витамині (ретинол) майда жақсы еритін витаминдер тобына жатады. Ретинолдың жетіспеуінен тері құрғап, көздің нашар көруі байқалады.
Сатып алушы: Мен бұл витаминді 1000 теңгеге бағалаймын. Себебі А витамині жетіспесе балалардың өсуі баяулайды. Тістері мен шаштарының қалыптасуы нашарлайды.

Аукционер. А витамині 1000 теңгеге сатылады.: бір, екі, үш.

В1 витамині бұл витамин организмдегі май, белок, көмірсу және минералды заттардың алмасуын реттейді. Тиамин қара нанда, картопта, сәбізде, орамжапырақта, малдың өкпе – бауырында кездеседі. Тәуліктік мөлшері 1, 5 - 2, 0мг. Суда еритін витамин В1 витамині жетіспесе бас аурады, тәбеті төмендейді.
Аукционер. В1 витамині сатылады: 1000 теңге бір, 1000 теңге екі.
Сатып алушы: мен бұл витаминді 1200 теңгеге бағалаймын. Себебі бұл витамин жетіспесе зілді ауру бери – бери пайда болады.
Аукционер. В1 витамині 1200 теңгеге сатылады. Келесі сатылатын С витамині алғашқы бағасы 800 тг.
С витамині (аскорбин қышқылы) суда еритін витамин. Ол асқорыту ферменттерінің жұмысын жақсартады көмірсу алмасуын реттейді бауырда гликаген түзілуіне әсер етеді. Адам тәулігіне 70 - 100мг С витаминін қабылдау қажет.
Аукционер С витамині сатылады. 800 теңге.
Сатып алушы мен 1500 теңге беремін себебі С витамині әр түрлі жемістерде өте көп мөлшерде кездеседі. Қарақат, итмұрын, лимон, орамжапырақ т. б. С витамині жетіспесе адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Белгілері: қызыл иектің қанауы, сүйек буынының зақымдануы, қан аздық, тістің түсуі.
Аукционер С витамині сатылады 1500т бір, 1500 екі.
РР витамині (никатин қышқылы) суда еритін витамин клетканың тыныс алуына қатысады көмірсу алмасуын реттейді, асқызын жұмысын жақсартады. Бұл витамин жетіспесе адам подагра ауруына ұшырайды. Белгілері: бас ауырады, тері зақымдалады, бастың қылтылдауы, аяқ бұлшық еттерінің тартылуы білінеді.
Аукционер РР витамині сатылды.
Д майда еритін витамин екі түрде кездеседі. Эргокальцийферол (Д2 витамині) және холекальцийферол (Д3 витамині) бұл витаминдер сары майда, сүтте, теңіз балықтарының бауырында кездеседі. Д витамині жетіспесе адам мешел ауруына ұшырайды. Ересек адамдарда бұл витаминнің жетіспеуі сүйектің жұмсаруына әкеліп соғады. Медицинада остеопароз деп атайды.
Сатып алушы мен Д витаминін 1500 теңгеге бағалаймын. Себебі, ол организмде А витаминінің сіңуін жылдамдатады, қорғасын ауыл металдардың шығуын жылдамдатады, туберкулез таяқшаларын жояды.
Аукционер: Д витамині 1500 теңгеге сатылады.
Келесі сатылатын Е витамині алғашқы бағасы 500 теңге.
Е витамині (токоферол) майда еритін витамин организмдегі май, белок, көмірсу алмасуларына әсер етеді. Организмге өте қажетті гормондардың пайда болуына септігін тигізеді. Бұл витамин сары май, бауырда, жұмыртқада, алма, алмұртта кездеседі.
Аукционер Е витамині 500 теңгеге сатылады.
Сатып алушы: Е витамині организмдегі маңызы зор. Ол эритрациттер қабықшасын бұзатын жүйені қорғайды. Бұл витамин жетіспесе қаңқа бұлшықеттерінің бұзылуына жыныс бездерінің әлсіреуіне соқтырады. Бұл витаминді мың теңгеге сатып аламын.
Білімді мыңды жығар.

1. І топқа қойылатын сұрақтар.





  • Витаминдердің маңызы қандай? ( бала және жасөспірімнің қалыпты өсуі мен дамуын, ауруларға төзімділікті қамтамасыз етеді.)

  • Витаминдерді қанша топқа бөлеміз және қандай? (Майда еритін суда еритін.)

  • С витамині қандай өсімдіктерде кездеседі? (қарақат, бұрыш, қырыққабат, итмұрын, пияз)

  • В тобының витаминдері қандай реакцияларды реттейді. (зат алмасу, әсіресе нәруыздар, аминқышқылдары)

  • Суда еритін витаминдерге қандай витаминдер жатады.(С, В12, В2, В1)




      • ІІ топқа қойылатын сұрақтар.




  • 1.Гиповитоминоз қандай жағдайда пайда болады?(қандай да бір витамин жетіспегенде)

  • 2. Авитаминоз дегеніміз не? (тағамда қандай да бір витаминнің болмауы зат алмасуының бұзылуы)

  • 3. Қандай витамин жетіспегенде мешел ауруы дамиды?( Д витамині)

  • 4. Майда еритін витаминдерді атаңыз.(А, К, Е; Д)

  • 5. Тағамдағы витаминдерді қалай сақтауға болады? Мұздату, консервілеу).


Тапқыр болсаң тауып көр.

1.Қарақат, бұрыш, қырыққабат, итмұрын, цитрус жемістерінде көп кездесетін витамині (С витамині).

2. Көздің қалыпты көруі үшін қажет витамин. А витамині.

3. С витамині жетіспеушілігін білдіретін белгілер.

(Қызыл иегіңіз жиі-жиі ісіп, қанталаса;

Жай ғана соққыдан денеңіз тез көгеріп, қызарса.)

4. Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз ететін витамин.

(Д витамині).



5. 1935 жылы дат биохимигі Хенрик Дам қандай витаминді анықтады? К витамині.
Витамин ойыны. (витамин сөзін шығару керек)

  1. Организмдегі май, белок, көмірсу және минералды заттардың алмасуын реттейтін витаминдер – В1

  2. Витамингдер латынша қандай мағына білдіреді. Вита – тіршілік, өмір.

  3. 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин қандай затты тапты. (витаминдер)

  4. Витаминдер қайда кездеседі ( өсімдіктерде, жануарларда).

  5. Витаминнің адам ағзасына жетіспеуінен болатын ауру. (авитаминоз)

  6. Гипервитаминоз дегеніміз не? ( витаминдерді шектен тыс қабылдау)

  7. Қай витамин жетіспегенде пелагра ауруына шалдығады РР витамині.


Y. Бағалау. Оқушылардыңвитаминдер тақырыбындағы көрсеткен білімдеріне байланысты бағалау.
YI Үйге тапсырма: Витаминдер және олардың маңызы.

 
Каталог: uploaded files
uploaded files -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
uploaded files -> Сабақ №55 Сыныбы 11 «А» Күні 23. 01. 15ж Сабақтың тақырыбы «Жарық кванттары» тарауы бойынша есептер шығару
uploaded files -> 0000Бекітемін: Пән мұғалімі: Уақыты: Сынып 6
uploaded files -> Перечень объектов недвижимости, принадлежащих на праве собственности
uploaded files -> История Вторжения кочевых племен Дашт-и Кипчака в Среднюю Азию (XVI в.)
uploaded files -> Исаевна внутриличностная конфликтность школьников и ее коррекция в педагогическом процессе. 19. 00. 07 педагогическая психология
uploaded files -> Медико-психологическая реабилитация инвалидов по зрению 19. 00. 10 коррекционная психология 19. 00. 04 медицинская психология
uploaded files -> Таджикско армянские литературные связи в новое время 10. 01. 03 Литература народов стран зарубежья
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет