Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі : Жаңа сабақ Сабақтың әдісі



Дата27.04.2020
өлшемі16.45 Kb.
түріСабақ
Сыныбы: 11«А», 11«Б», 11«В», 11«Г»,

11«Д», 11«Е», 11«Ж»,
Күні:_________________________
Тақырыбы: Болашақ бұйымның жобасын қорғау.

Мақсаты: Оқушылар бұйымды жобалап қорғауды уйренеді.

Білімділік: Оқушыларға болашақ бұйымның жобасын қорғауды түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан – жақтылыққа, ізденпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша деректер, материалдар, оқулықтар, ноутбуктар.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Шығармашылық жобалау дегеніміз не?

  2. Жобалаудың қанша түрі бар?

  3. Негізгі теориялқ мәлімет дегеніміз не ?

  4. Ақпараттық технология дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ. Шығармашылық бұйымның жобасын қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, милиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш,жасаған бұйымың.
Шығармашылық бұйым дегеніміз – оқушылардың идеяларынан туындаған, әр оқушының өз қолымен жасаған бұйымы немесе жобасы. Шығармашылық бұйымның жобасын қорғағанда оқушы орындаған жобасымен немесе бұйымымен кластастарын таныстырып, дайындаған бұйымын көрсетеді. Неліктен осы жобаны таңдағанын сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсаты мен міндеті туралы айтадыі. Таңдап алған бұйымды қалай жасағаны, оны жасағанда қандай құралдар қолданғаны, оның пайдасы, кеткен шығыны туралы толық мәлімет береді. жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы толық мәлімет айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.
Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Сұрақ – жауап.

V. Қорытындылау, бағалау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау

V I. Үйге тапсырма беру. Болашақ бұйымның жобасын қорғау.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет