Сабақтың типі: Білімді меңгерту сабағы. Сабақтың түрі: Талдау сабағы



жүктеу 78.83 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі78.83 Kb.
Тақырыбы: Ауыз қуысында астың қорытылуы.

Мақсаты: 1) білімділік: Ас қорыту процесіндегі шайнаудың маңызын, тіс, оның құрылысы және оның қандай топтарға бөлінетіндігін, жұту процесі, сілекей құрамы, сілекей бөлінудің реттелуін ұғындыру.

2) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін арттыру. Өз бетімен жұмыс жасауда зертханалық жұмыстың маңызды екенін үйрету.

3) тәрбиелік: Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге, ойларын ашық айтуға, икемділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Талдау сабағы.

Өткізу әдісі: Талдау-жинақтау, топтастыру, зерттеу, пікір қозғау, баяндау, топтық жұмыс.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, крахмалданған құрғақ дәке, иод, Петри тостағаншасы, басына мақта оралған сіріңке.

Өту барысы:

І. Қызығушылықты ояту. (3 мин). 1) Ой қозғау.

1. Жұмбақтар шешу.

а) Дәу үңгірдің қақпасы жабылып, ашылып тұрады,

Жоқ болса да топсасы.

(Ауыз).
ә) Есігін ашсақ, сайраған бұл-бұл

Есігін жапсаң, жайраған құр күл.

(Тіл).
б) Үңгір толы асыл тас

(Тіс)
в) Қос жиек ортасы ақ сүйек

(Ерін).
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай біз шешкен жұмбақтардың жауабы біз өтіп жатқан тақырыптарға сәйкес келеді екен. Олай болса, балалар, үй тапсырмасы қандай еді? («Ас қорыту мүшелерінің құрылысы»).

2) Енді осы үй тапсырмасы бойынша сіздерге тест тапсырмасы беріледі.

(10 сұрақ). (2 мин).

«Ас қорыту мүшелері» тақырыбын қорытындылауға

арналған тест жұмысы.


  1. Ас қорыту мүшесінің бұл бөлімінде нәжіс қалыптасады:

А) аш ішекте

Ә) тоқ ішекте

Б) асқазанда

В) өңеште

2. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:

А) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.

Ә) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.

Б) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш

В) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, өңеш, жұтқыншақ

3. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:

А) өңеш

Ә) жұтқыншақ



Б) асқазан

В) аш ішек

4. Ас қорыту мүшелерін белгілеңіз:

А) ауыз қуысы, өкпе, асқазан

Ә) жұтқыншақ, өңеш, жүрек

Б) тоқ ішек, өңеш, асқазан

В) кеңірдек, қарын, ауыз қуысы.

5. Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшық етті мүше:

А) қарын

Ә) аш ішек

Б) өңеш

В) жұтқыншақ



6. Ас қорытужолының кеңейген мүшесі:

А) өңеш


Ә) тоқ ішек

Б) жұтқыншақ

В) асқазан

7. ... сілекей бездерінің өзегі ашылады:

А) өңеште

Ә) жұтқыншақта

Б) ауыз қуысында

В) асқазанда

8. Онда су қайтадан денеге сіңіріледі және кейбір витаминдер синтезделеді:

А) тоқ ішек

Ә) ұлтабар

Б) аш ішек

В) жұтқыншақ

9. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері - ... деп аталады:

А) ұлтабар

Ә) соқыр ішек

Б) қарын

В) тік ішек

10. Ас қорыту мүшесінің бұл бөлімінде бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқы безінің де өзегі ашылады:

А) өңеште

Ә) аш ішекте

Б) ұлтабарда

В) жұтқыншақта


3) Ас қорыту мүшелерінің құрылысын кім тақтадан көрсетіп береді? (2 мин).



ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ. Ауыз қуысында астың қорытылуы.

1) Ой шақыру кезеңі. Тіс туралы негізгі ойларыңызды дәптерлеріңе түсіріңдер. (1 мин).


1) Біз өткен сабақта «Ас қорыту мүшелерінің құрылысымен» танысқанбыз. Ас қорыту ауыз қуысынан басталады екен. Ол өте күрделі үрдіс. Ауызға түскен тағам механикалық өңдеуден өтеді, яғни ұнтақталады, майдаланады, сілекеймен дымқылданып, ас түйіртпегі қалыптасады. Мұны шайнау деп атайды. Адамда шайнау аппараты жануарларға қарағанда нашар дамыған, себебі адам негізінен, аспаздық өңделген тағамды қабылдайды. Ең бірінші ауызға түскен тағам тіс арқылы майдаланады. Егер біз тісімізді дұрыс күте білмесек, әр түрлі тіс ауруларына шалдығамыз. Енді осы тіс, оның құрылысы, қандай топтарға бөлінетіндігі туралы ойымызды дәптерлерімізге түсірейік. (1 мин).

2) Мағынаны ажырату. Тіс туралы өз ойларымызды жазып болсақ, онда әрі қарай тістің құрылысы, сілекей бездері, жұту, тіл туралы білімімізді кеңейтейік. Кітаптарыңыздан § 46. Ауыз қуысында астың қорытылуы тақырыбын 4 бөлікке бөліп, 4 топ аламыз.

Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру.

І- “Ауыз” тобы. Шайнау.Тіс.

ІІ-”Тіс” тобы. Сілекей бездері.Тіл.

ІІІ- “Тіл”тобы. Сілекей бездерінің іс-әрекетін зерттеу әдістемесі. Сілекей құрамы.

ІҮ- “Жақ” тобы. Жұту. Сілекей бөлінудің реттелуі.

(Тапсырмаға дайындалуға 6 минут уақыт беріледі,ал қорғауға әр топқа 2 минуттан уақытберіледі.)

(Әр топ тақтадағы суреттерін, сызбаларын қарай отырып, түсіндіреді).
І- “Ауыз” тобы. Шайнау.Тіс.







ХВЧЩ\Л09

ІІІ- “Тіл”тобы. Сілекей бездерінің іс-әрекетін зерттеу әдістемесі. Сілекей құрамы.




ІҮ- “Жақ” тобы. Жұту. Сілекей бөлінудің реттелуі.

ЛШГ6ЕЗГ


Олай болса балалар, ауызға түскен тағам ең бірінші шайналады екен. Шайнау дегеніміз – рефлексті әрекет, ол тістердің, тілдің, сілекейдің, тілдің көмегімен жүреді екен. Сілекей құрамының 98-99% судан, ал қалғаны-2/3-сі органикалық заттардан-нәруыздар мен ферменттерден тұрады екен. Сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екенін білдік.

Енді біз тіс туралы, ауыз қуысында астың қорытылуы жайлы мағлұмат алдық, сол алған мағлұматтарымызды «Тіс» деген ассосацияны толтыруға пайдаланайық. (2 мин).




















11 – зертханалық жұмыс.

Сілекей ферменттерінің крахмалға әсерін зерттеу.
Керекті құрал-жабдықтар (әрбір үстелде): крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы немесе ыдыс, басына мақта оралған сіріңке.

Жұмыс мақсаты: сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.

Жұмыс барысы:


  1. Сіріңкедегі мақтаны сілекейге батырып алып, крахмалданған дәке ортасына әріп жазыңдар.

  2. Дәкені алақандарыңа алып, 2-3 минут қысып, содан кейін йод ерітіндісіне салыңдар.

  3. Дәкенің қалай боялғанын бақылаңдар.

Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.
Тапсырма.
Дәптерлеріңе жұмыс нәтижесін мынадай жоспар бойынша жазыңдар:

  1. Тәжірибе мақсаты.

  2. Тәжірибе барысы.

  3. Тәжірибе нәтижесі.

  4. Тәжірибе қорытындысы


А) тістің топтарға бөлінуі:

ТІС






Нешеу? ... ... ... ...



Ә) Венн диаграммасы бойынша салыстырыңыз:
Күрек тіс Азу тіс





Б) Сызықтық диктант.
1. Сәби дүниеге келгенде төрт тісі болады. -

2. Алғашқы күрек тістер сәбидің 6-9 айында шыға бастайды. +

3. Екі жастағы балада 20 тіс болады. +

4. Баланың сүт тістері 4-5 жасында түсе бастайды. –

5. Сүт тістердің орнына тұрақты тістер балаға 12-14 жасында шығып бітеді. +

6. Соңғы азу тістер балаларға 18-20 жасында шығады. +

Жауаптары: 1 2 3 4 5 6

__/\/\__/\/\
Үйге тапсырма:

І-тапсырма.§46. Ауыз қуысында астың қорытылуы.

ІІ-тапсырма.

“Ауыз” тобына: Тест әзірлеу.(10 сұрақ).

“Тіс” тобына: Сөзжұмбақ құрастыру.

“Тіл” тобына: Тіс аурулары және олардың алдын-алу шаралары.

“Жақ” тобына: “Тістер жанұясына саяхат” тақырыбына эссе жазу.

ІІІ-тапсырма: Тақырып соңындағы кестені толтыру. 169 бет.


3) Қорытындылау. Бағалау. (2 мин).



Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі.

Ашық сабақ.

Тақырыбы:




Пән мұғалімі: Халелова А.М.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет