Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың типі. Саяхат сабақ



Дата02.05.2016
өлшемі62.43 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:  Абай шаңырағы.

Мақсаты: Оқушылардың Абай туралы білімдерін жетілдіре отырып,

«Абай шаңырағы» мәтінімен таныстыру, мағынасын ашу.



А)Білімдік:  Оқушылардың білім деңгейін жетілдіру.

Ә) Дамытушылық: Мәнерлеп оқуын, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, өткен сабақтан алған білім-біліктерін дамыту.

Б)Тәрбиелік:  Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғай білуге , ұқыпты жан-жақты болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ .

Сабақтың типі.  Саяхат сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, түсіндіру, ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Қолданылатын технолоия: Дамыта оқыту.

Сабақ барысы

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Үй тапсырмасы.

Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.

Міндетіміз білім алу,

Еңбектеніп ерінбей.

Мақсатымыз еңбек ету,

Беске қолды жеткізу.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Үйтапсырмасын тексеру.



Білім еліне саяхат.

Балалар бүгін біз білім еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпас бұрын сіздерді білім еліндегі аялдамалармен таныстырып алайын.



1.Білгірлер аялдамасы.

2.Тапқырлар аялдамасы.

3.Мергендер аялдамасы.

4.Ойшылдар аялдамасы.

5.Мектеп аялдамасы.

Балалар енді «Білгірлер» аялдамасының тапсырмасын орындайық.



Білгірлер аялдамасы:

Үйге берілген «Шал мен бала» әңгімесін мазмұндау, сұрақ-жауап тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Мәтіннің авторы туралы не білеміз ?

Б.Соқпақбаев туралы әңгімеле.
Б.Соқпақбаев кім? Ол туралы не білеміз ?

 

Тапқырлар аялдамасы:

Шығармадағы оқиғаларды рет-ретімен орналастыр:

Атаның әңгімесі; трамвайдан түскенде; атаның немересі; бейтаныс баланың көмегі; ата мен немересінің әңгімесі.



Мергендер аялдамасы:

Шал мен бала

5. Суретпен жұмыс. Суретте не көріп тұрсың? Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Әңгімеле?

6.Мәтінде қандай ақыл, нақыл сөздер айтылған? (жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық –ер кісінің ісі).


ІІ Опирациалық-орындаушылық кезең.

Жаңа сабақ

Ойшылдар аялдамасы

Сөзжұмбақпен жұмыс.



автофигура 2





а

қ

п

а

н




б

о

р

с

ы

қ

қ

А

р













а

й




«Абай» сөзжұмбағын шештіре отырып, бүгінгі «Абай шаңырағы» тақырыбымен таныстыр.

Абай Құнанбаев туралы не білеміз?

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904).

Семей өңірінде туған .

Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, әжесі Зере.

Қазақтың ұлы ақыныағартушы,  жазба қазақ әдебиетініңқазақәдеби тілінің  негізін қалаушы, философ, композитор,  аудармашы, саяси қайраткер.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген.

«Қарасөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси - әлеуметтік салмақтылығымен құнды.



Абай туралы слайдпен жұмыс.

Оқулық пен жұмыс.

Балалар, «Абай шаңырағы» мәтін үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімді мұқият тыңдап, түсініп оқимыз. Әр бөлімнің кейіпкерлеріне мән беріңдер. Бөлімдерге қалай ат қояр едіңдер?

1.Киіз үй.

         Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін қайта жөндеткені және шебер әйелдерге шымшилерді тоқыттырып, бауларын, таңғыштарын бітіруді тапсырғаны айтылған. Жаңадан жасалатын бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек – бауларымен көркемделген.



2.Күнжанның қонақтары.

  Бұл бөлімде Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Закен секілді кейіпкерлер бар. Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы болған сәттері осы бөлімде анық айтылған.



3. Абай шаңырағы.

         Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрімнің үй ішіндегі сәттері бейнеленген. Әуездің киіз үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек төсек, кітап шкабы мен үш ішекті домбырасын көріп көңілі босап кеткен сәті бейнеленген. Әуез Абайдың «Нағашы, төрлетіңіз!» деген қоңыр даусын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы» бұл мәтінде Абайды қайта тірілткендей.

Оқулықпен жұмыс, мәтінді түсініп оқу, дәптермен жұмыс. 

Сөздік жұмысы.

Шымши - өрнектеп тоқылған ши

Ызу - тігістің түрі

Алаша - қой жүнінен тоқылған төсеніш

Сүйек төсек - сүйекпен өрнектеп жасаған төсек. 

Суретке зер сал. Суретпен жұмыс 

-Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы.

–Осы сөздерді пайдаланып Абай үйін сипаттап бер?



Мектеп аялдамасы:

Сұрақ-жауап.

9. Абайдың үйін осындай әдемі етіп ұстаған кім?

Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды ?

Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?

Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

Мәтіндегі әр бөлікке ат қой?



ІІІ. Рефлекциялық бағалау кезең.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.

1.Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды» деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді.

А) Малшыны Ә)жас баланы Б)Кәрі шалды В)жас жігіт

2. «Әуес көріп жүгірген …

Беті қолы домбығып үсік шалды».

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт.

А)малшылар Ә)жас балалар Б)Қойшылар В)Адамадр

3. «Шидем мен тон қабаттап киген ... кім?»

А)Шал Ә)малшы Б)Бала В)жігіт



Абай өлеңдерін оқу.

Бағалау. Сабаққа белсенд і қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Абай шаңырағы» . 199 – беттегі сурет бойынша

«Абай шаңырағы» тақырыбына әңгіме құрап келу. (Киіз үйдің сол және оң жағында не орналасқан? Киіз үйдің төрінде және ортаңғы бөлігінде не орналасқан?)  Заттарды сипаттап жазып келу.
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет