Сабақтың түрі: Бинарлы сабақ (Математика+физика)



жүктеу 85.18 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі85.18 Kb.
түріСабақ
: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлері
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту уақыт талабы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
sabaktar -> №36 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Шымкент қаласы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайды білмек парыз ойлы жасқа (10-сынып)
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың асқар белі абай XX ғасырдың заңҒар биігі мұхтар мұғалімнің кіріспе сөзі
Құдайназарова Гүлнара Үсенқызы,

Түркістан медицина колледжінің математика пәнінің оқытушысы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Анықталған интегралдың көмегімен фигуралардың аудандарын табу. Ньютон-Лейбниц формуласы


Сабақтың түрі: Бинарлы сабақ (Математика+физика)

Бинарлы сабақ – пәнаралық байланысты көрсететін, бірнеше мұғалім жүргізетін дәстүрлі емес сабақ түрі. Бинарлық оқыту бұл оқу процесінде танымдық қызметті ұйымдастырады және тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Бинарлы сабақ студенттердің бір пәнді екінші пәндермен білімін толықтырып отырады.

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау –

Біз бүгінгі сабағымызды сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, ортақ пікір, тиянақты тұжырым жасауға үйрету, өзгелердің пікірін тыңдау, ізденіп, шешім қабылдау мақсатында сабақты интерактивті түрде өтемін. Ол үшін топты 3 топшаға бөлемін. Топшаларға білім деңгейі, белсенділігі әртүрлі студенттерді біріктіремін. Олар бірінің білімін екіншісі толықтырып, бір-бірін тартып жеңіске жетуге әрекеттенеді. Сабақта математика мен физиканың байланысын ашып қөрсету үшін сабақ бинарлы түрде өтеді. (топтарды топшаларға бөлу үшін қағазы 3 түсті конфеттер таратылады)

1 топ - Функция тобы (сырты жасыл конфет таңдағандар)

2 топ – Алғашқы функция тобы (сырты қызыл конфет таңдағандар)

3 топ – Интеграл тобы (сырты көк конфет таңдағандар).

Сабақ барысында үй тапсырмасын тексеру кезеңіндегі тапсырмалар былай аталады: Білімге құштар жастар болғандықтан «Бәрін білгім келеді» сұрақ-жауап деп, «Өзіңді сына» кезеңі үйге берілген есептер. Келесі кезең, 2 – жаңа тақырыпты түсіндіру, 3-кезең – пысықтау кезеңінде сайыс сабағын ары қарай жалғастырамыз: «Көкпар», «Кім жүйрік, кім тапқыр», «Кім жылдам» турларынан тұрады. Сабақтың соңында сабақ жайлы пікірлеріңізді смайликтерді таңдау түрінде білдіресіздер.

Сабақтың педагогикалық мақсаты:


  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Кәсіби бағдар беру, ғылыми жобалау, дамыта оқыту, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;

  • Интерактивті технология әдісі қолданудың маңыздылығын көрсету;

  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

  • Студенттерге тақырыптың басқа пәндермен байланысын көрсету, пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;

  • Ұжымдық жұмыс этикасын дамыту;

  • Мамандығына деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:



  • Білімді қалыптастыру, студенттерді интегралдан хабардар етіп қана қоймай, интегралдың қасиеттерін білу, формулаларын, алған білімдерін есеп шығару барысында дұрыс қолдануға үйрету.

  • Студенттерді математикалық тілде сөйлеуге үйрету, өзбетінше жұмысына сараптама жүргізіп үйрету.

Дамытушылық:



  • Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу, негізсізін ажырата білу, керек формулаларды дұрыс қолдана білуге машықтандыру, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту.

  • Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін, алғырлығын, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:



  • Адамгершілік, патриоттық тәрбие беру

  • еңбекке баулу

  • мамандыққа бағдарлау.

Студент білуі керек:



  • Анықталған интегралдың көмегімен фигуралардың аудандарын табуды

  • жоғарғы және төменгі шектерді ажыратуды, оларды формулада орындарына қоюды

  • Ньютон- Лейбниц формуласын қолданып есеп шығаруды.

Студент істей алуы керек:



Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

- Дамыта оқыту;

- интерактивті технология;

- интеграциялық технология;

- Деңгейлеп оқыту;

- Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиясы;

-Кәсіптік бағдар беру технологиясы.

Берілген әдістерді іске асыру әдістері:

Интерактивті тақтамен жұмыс, жазбаша жұмыс, проблемалық жағдай туғызу, жаттығу, пысықтау, сараптау, саралау, оқулықпен жұмыс, жаттығу, түсіндіру, көрсету, өз бетімен жұмыс орындау, ой шақыру, есеп шығару, жекелей және топпен жұмыс.

Сабақ жоспары мен хронокартасы






Мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

2

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау

3 мин

3

Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау «Бәрін білгім келеді» (ауызша сұрау), «Өзіңді сына» (есеп шығару)

20 мин

4

Студенттердін жауаптарына сипаттама беріп бағалау

5 мин

5

Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру

20 мин

6

Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімін пысықтау: «Көкпар», «Кім жүйрік, кім тапқыр», «Кім жылдам» турларын қолдану

30-35 мин

7

Сабақты қортындылау

5 мин

8

Үйге тапсырма беру

5 мин

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:


    • формулалар;

    • слайдтар.

Үлестірме материалдар:



    • тест;

    • жұмыс дәптері;

    • деңгейлік есептер.

Техникалық оқу құралдары:




сабақ ұнады, жақсы түсіндім дегенді білдіреді.

- сабақ ұнады, түсіндім, әлі де түсінбеген жерлерім бар дегенді білдіреді.

- түсінбеген жерім көп.

Студенттердің білімін бағалау параметрлері:





Аты жөні



Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа тақырып бойынша

пысықтау кезеңі



Жалпы бағасы

Бәрін білгім келеді

Өзіңді сына

Спринт

Не? Қашан? Қайда?

Кім жылдам

1

Функция




















2

Алғашқы функция




















3

Интеграл



















Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау – Үй тапсырмасына берілген тақырыбы: Анықталмаған интегралды табу. Алғашқы функцияларды табу ережелері

1 тур - «Бәрін білгім келеді» Студенттің білімін бақылайтын сұрақтар – сұрақ-жауап, әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады, сұрақтар интерактивті тақтада үяшықтарды таңдау арқылы көрсетіледі. Жалпы топ ұяшықты таңдайды, топ мүшесі жауап береді, жауап толық болмаған жағдайда сол топ мүшелерінде толықтыру мүмкіндіктері бар. Ал егер толықтыру басқа топтан болса, онда ұпай сол жауап берген топқа беріледі. Әр топша кезек- кезек ұяшық таңдайды.

Сұрақтар:



2 тур - «Өзіңді сына» турында үйге берілген есептердің шешімін әр топ өздері қорғап шығу қажет, есептерді әр топ топбасшылары бір-бірінің топтарына ауысып, түгелдігін тексереді (әр дұрыс есеп 5 балмен бағаланады). Әр топтан бір-бір студент шығып есепті тақтаға шығарады, қалғанымыз орнымызда отырып тексереміз.


Есептер: .....
Өткен сабақтардың нәтижесінен Функция сөзі – қызмет, жұмыс екенін түсіндік, үй жұмысын орындау барысында, есептерді шығарғанда миымыз бізге қызмет етті, ал енді біз миымызға қызмет етіп, миымызды сабағымыздың негізгі бөліміне дайындайық (физ. минутка)

5. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру -

Жаңа тақырыпты түсіндіру бинарлы түрде жүреді: би – екі деген сөзден шыққандықтан, математика және физика екі пәнге ортақ қасиеттері болғандықтан, екі пән тұрғысынан түсіндіреді

6. Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау

Ал енді жаңа тақырыбымызды пысықтау үшін сабақ барысына саяхат жасап қөрелік.

Енді есептер шығарайық , келесі турымыз «Не? Кім? Қашан?»



Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындау барысында еліміз үшін елеулі жылдарды көрсететін санды дұрыс тауып, дұрыс шығарсаңыздар елеулі тарихи оқиғаны атасаңыздар, сол оқиғаға байланысты слайд ашылады. Қай топ тез әрі жылдам шығарып, оқиғаны дұрыс тапса – 15 бал алады, екінші келген топ – 10 бал, ал 3-ші немесе қателессе – 5 бал.

Функция тобы















(2010 жыл – Азиада)

Алғашқы функция тобы















(Лондон олимпиадасы – 2012)

Интеграл тобы















( 2008 – Бейжин, Пикин олимпиадасы)

Физикалық тұрғыдан шығарылатын есептер:



«Кім жылдам» ˝Aktiv vote˝ бағдарламасы арқылы тестілеу;
Сабақты қортындылау - Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру

арқылы қорытындылау.

Анықталған интегралдың неше шегі бар, олар қалай жазылады, анықталған интегралмен анықталмаған интегралдың айырмашылығы неде, медицинаның қай салаларында қолданатынымызды, анықталған интегралдың көмегімен қисық сызықты трапецияның ауданын табуды, физикалық мағынасын ұғып алдық. Енді осы алған білімімізді үй жұмысын орындау барысында, келешекте жұмыс істегенде тиімді, әрі дұрыс пайдалануларыңызға тілектеспін.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, жарыс болғандықтан бағалау парақшасынан жүлдегер топшаны анықтайық.



Үйге тапсырма беру - Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.





©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет