Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



жүктеу 8.21 Mb.
бет1/60
Дата25.04.2016
өлшемі8.21 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
: upload -> maps
upload -> Дәрістердің тірек конспектісі
upload -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> 1. Общие сведения Тип – дошкольное
maps -> Информация об обеспеченности обучающихся
+ Қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы 2-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Сөз дегеніміз не? Сөздің қандай мағыналарын білесің?

ә) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу (тірек сызба көмегімен сөз таптарын еске түсіру)

б) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

2- жаттығу. Сөздерді оқу, ондағы ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсету, сөйлем құрау. Мысалы: Жазда аралар гүлдерден бал жинайды. Айдостың ала сиыры жайылып жүр. 3-жаттығу. Аспанда: ай, жұлдыз, күн, бұлттар, құстар, тікұшақ. Жерде: топырақ, тастар, жәндіктер. Суда: балықтар, балдырлар, кеме, қайық .

в) Сергіту жаттығуы.

4-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде балаларға сурет бойынша сөйлем құрап жаздырту.

5-жаттығу Оқушылардың үстел жайында білімдерін ауызша сұрау, суретпен жұмыс жүргізу.

ІҮ.Бекіту: а) 6-жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) Ойын «Кім тапқыр?» Ойының шарты: оқушыларды 4 топқа бөліп, зат, сын, сан есім, етістік бойынша сөздер айтқызу, сұрақ қою.

Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?

ҮІ. Үйге тапсырма: 7- жаттығу 5-бет.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау
2. Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты: сөз және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығуды тексеру. Ол заттың түсі сары, дәмі тәтті, түрі сопақша, дәруменге бай. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Мына сөздерге қарама-қарсы мәнді сөздерді тауып айтыңдар. Ұзын-қысқа, алыс-жақын, арзан-қымбат т.б. Мына сөздер

ә) оқулықпен жұмыс, 8-жаттығуды мәнерлеп оқу, талдау. Сөл, шырын, сығынды, нәр.

б) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту.

9-жаттығу. Жаңылтпашты мәнерлеп, шапшаң оқыту, жаттату. 4-5 балаға жатқа айтқызып, тыныс белгілеріне назар аударту. Жатқа жазып, оқулықпен тексерту. Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі «алма-алма» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

10-жаттығу. Мақалды оқытып, мағынасын түсіндіру. Арзан, іші сөздеріне қарама-қарсы мағыналы сөзді (қымбат, сырты) тауып айту.

Тура: нанды тура, тура жол. Жас:машинаны жаса, мүшел жас.Түс: аттан түс, түс көру, қызыл түс.

в) Сергіту жаттығуы
Ү. Бекіту: а) 13 -жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) 14-жаттығуды «Ұйқасын тап» ойыны түрінде өту. Ойының шарты: мұғалім өлеңнің басын оқиды, оқушылар топ бойынша ұйқасын табу керек. Жеңген топты мадақтау.
ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 12- жаттығу, 7-бет.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Сөз және оның құрамы

Мақсаты: Оқушыларды сөздің түбірі, жұрнағы, жалғауы туралы білімдерін тиянақтауға, ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету; ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дедукция, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығуды тексеру. Мағынасы қарама-қарсы қандай сөздерді білесіңдер?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздің құрамына не жатады? 3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Сөздер қандай мағыналары бар? Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі қандай сөздерді білесіңдер? Мағыналары қарама-қарсы сөздер ше? Мағыналары жуық сөздерді білесің бе?

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға В в В в вагон жаздырту.

15-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқыту

16-жаттығу өзіндік жұмыс. Мақалдағы қалып қойған қосымшаларды толықтырып жазу. Мақалдың мағынасын ашу. Еңбекке қатысты тағы қандай мақал білесің?



17-жаттығу. Ел – елші, дәрі - дәріхана, оқу – оқушы, көл – көлшік, кітап – кітапхана, жұмыс – жұмысшы. Сөздердің мағыналары неліктен өзгерді?

18-жаттығу. 1) Мәтінді мәнерлеп оқу, түсіндіру. Қарамен жазылған сөздерді көшіру, түбір және қосымшаларын ажырату. 2) Өздерің уәде дегенді қалай түсінесіңдер? Уәдені не үшін береді? 19-жаттығу. Құрылыс-шы-лар, кітап-тар, көл-шік-тер, дос-тық-ты. 20-жаттығу. Көлге түсірілетін сөздер: күй, бүркіт, орын, іні; көлшікке: қобызшы, тазалық, еңбекқор, ойыншық, жұмыскер. б) Сергіту жаттығуы

Ү. Бекіту: Сәйкестендіру тесті: сөздерді жұрнақ, жалғауларға сәйкестендір.

Балалық Жұрнақ

Күйші

Далада Жалғау



Оқуды

ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздің құрамы деп нені айтамыз? Сөздің түбіріндегі соңғы әріп өзгеретін мысал келтір? ҮІІ. Үйге тапсырма: 21- жаттығу. 9-бет, «Көл» тақырыбына шағын әңгіме құрау. ҮІІІ. Оқушыларды бағала

4. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы



Мақсаты: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 21-жаттығуды тексеру. Көл мен көлшіктің айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Жазған әңгімелерін оқу, талдау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш сөзін жаздырту.

2жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқыту, жаттатқызу, 4-5 балаға жатқа айтқызып, жаздырту. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар? Олардың ерекшелігі неде? 23-жаттығу мәтінді оқу, талдау. Бидайды қай мезгілде жинайды? Бидайдан біз не жасаймыз? Нан туралы қандай мақал білесің? 24-жаттығудағы сөздердегі бір дыбысты өзгертуден мағынаның түбегейлі өзгеруін аңғарту. Тағы қандай дыбыстарды өзгертіп жаңа сөз ойлап табуға болады?

26-жаттығу «Кім жылдам?» ойыны ретінде өткізу. Ойынның шарты: берілген сөздерге жетіспей тұрған әріпті таңдап торға енгізу. Сөздер: үкі, жүгері, бұрғы, дәптер, өрік, сиыр, ағаш бүркіт. 27-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңге ат қою. в) Сергіту жаттығуы

Ү. Бекіту: а) 28-жаттығуды оқу, талдау ә) әріптерді неге тыңдауға, айтуға болмайды? б) Сөздік диктант Қырғауыл, жолаушы, бидай, комбайын, теңіз

.

ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?


ҮІІ. Үйге тапсырма: 25-жаттығу 10-бет берілген әріптерден сөз ойлап, 4-5 сөйлем құрау.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы

Мақсаты: Жаттығуларды орындау барысында сөздердегі дауысты у және дауыссыз болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 25-жаттығуды тексеру.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 1. Дауысты дыбыс деп қандай дыбыстарды айтамыз? Дауыссыз дыбыстарды ата. 2. У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс болатынын еске түсіру. 3. «Қандай У?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: мұғалім сөздерді айтады оқушылар сигналды қызыл және көк карточкалар арқылы дауысты, дауыссыз екендігін көрсетеді. Мысалы: аула, сула, ау, Сәуле, жу, бу т.б.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: 29-жаттығуды оқу, мазмұнын ашу, у дыбысы бар кестені толтыру. 3 0 жаттығу екі топтағы сөздерді оқу, у дыбысы сөздерде қандай болып тұрғанын анықтау. Екінші топтағы сөздерге екінші у – дыбысын қосқанда мағыналы сөз шығатынын дәлелдеу. 31-жаттығудағы жұмбақты мәнерлеп оқыту, шешуін табу, жаттатқызу, 4-5 балаға жатқа айтқызып, жаздырту. И мен й-дің қайсысы дауысты, қайсысы дауыссыз екенін айту. 32-жаттығу сөйлемдегі сөздердің қалып қойған и және й дыбыстарымен толықтыру. 333аттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, и,у әріптерінің астын сызу.Өзара тексеру. 34-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу. 35-жаттығу. «Сиқырлы тізбек» ойынын ойнату. Шуақ-қуырдақ-қиын-наурыз-заула-айран в) Сергіту жаттығуы.



Ү.Бекіту: Сөздер неден құралады?У қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады? Мысал келтір.

ҮІ. Қорытындылау. а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Жазда» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау


Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы

Мақсаты: сөздердегі я, ю әріптерінің ерекшеліктерін, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері:мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Жазда» тақырыбында жазылған шығармаларын оқу, талдау. Сөйлемдерде кездесетін у дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 1. Қоян сөзінде неше әріп бар? Неше дыбыс естіледі? Аю сөзінде ше? Я және ю қанда дыбыс болып есептелінеді? 2. Я және ю дыбыстары ездесетін сөздерді айту. ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу .

36-жаттығуды өшіріп жазу, сөздердің мағынасын ашу, ю, я әріптерінің атылуы мен жазылуындағы ереекшеліктерін айту. Оюшы, зиян сөздерінде неше буын бар? Я, ю дыбыстары қандай дыбыстар? «Өз орнын тап» ойынын ойнату. Ойынның шарты: орны ауыстырылып берілен сөздерден сөйлем құрау.



38-жаттығу ю деп айтып көрейік. Алдымен қандай дыбысты естисіңдер? Мына сөздердің қайсысына у дыбысын қосқанда ю шығады? Жи-ю, ки-ю, қо-ю, жа-ю.

39-жаттығудағы сөлемдерді и,я,ю әріптерімен толықтырып жазу.

40-жаттығудағы өлеңдерді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, суреттпен жұмыс жүргізу.

41-жаттығудағы сұрақтардың жааптарындағы сөздерден сөзжұмбақ құрастыру. Неше сұрақ берілген? Бес әріпті сөз шығатын неше және қандай жауап бар? Осыны негізге ала отырып сөзжұмбақ құрастыру.




қ

о

я

н




т

а

қ

и

я

қ

а

р

и

я







п

и

я

з







ұ

я










т

а

қ

и

я

қ

а

р

и

я







қ

о

я

н




п

и

я

з




ұ

я






42-жаттығудағы ребустың жауабы «хайуанат». Осы сөзге қатысты шағын әңгіме құрастыру, оқу, талдау. в) Сергіту жаттығуы



Ү. Бекіту: 1. Ю, я дыбыстары қандай дыбыстар? Олар қандай әріптердің қосындысынан тұрады? 2. Өздік диктант: жи+у= ...., ки+у=...., жыми+у=...., бұрти+у=...., тымпи+у=...., жай+у=...., есей+у=...., үлкей+у=...., түй+у=... .

ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 43-жаттығу, 15-бет түсіндіру.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау


Тақырыбы: дауысты дауыссыз дыбыстар

мақсаты: Оқушылардың 2-сыныпта дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 43-жаттығудағы ойды аяқтап, шағын әңгіме жазу. Оқушылардан сұрап, ең үздік әңгімені бөліп көрсету. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру


Сызбаға сүйене отырып дала, бүйрек, шаңғы сөздерін талдау.



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 44-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Өлеңде ұлан қандай болу керек делінген? Сендер тағы қандай болу керек деп ойлайсыңдар? ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Д д Д д Д д Дариға

44-жаттығудағы Біз жалқаулықты сүймейміз сөйлемді кестеге салып талдау.

45-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Сабағын, алабың, талабың сөздеріндегі түбірдің соңғы дыбыстарының өзгеруін сұрау, түсіндіру. 46-жаттығу. Жақшадағы сөздерге сұрақ қоя отырып, қажеттісін таңдау, көшіріп жазу. Түбірдегі соңғы дыбыстың өзгерісін түсіндіру. 47-жаттығу. 1. Леп, рахмет, лақ, радио, рет, ренжу, лашын, лалагүл. 2. Ілгіш, ылди, ілесу, ірімшік, ірі, ылғи, ырыс, ырылдау. 50-жаттығу 1. Ребустың жауабы: рауғаш. Рауғаш- көбінесе тау беткейлерінде өсетін көпжылдық қышқылтым дәмді өсімдік. 2. Тауға барғанда бұл өсімдікті көргендерін бар ма? Ол адамға пайдалы екенін естен шығармаңдар.

в) Сергіту жаттығуы Оқушыларға жұмбақтар жасыру:

1. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,

Әр үйде бар, тапқышым, қане тапшы. (Радио)

2. Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі,

Адамша естіледі айтқан сөзі.

Дауысы анық болып шыққанымен,

Көрінбес бас, аяғы, екі көзі. (Радио)

3.Тастан-тасқа секіреді

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы. (Лақ)



Ү. Бекіту:1. Қандай жағдайда түбірдің соңындағы дыбыс өзгереді? Мысал келтір. 2. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен терме диктантын ұйымдастыру.

Ана


Ақыл құйған санама,

Күннен артық, расында.

Күн алыста, ал анам

Ылғи менің қасымда. (Т. Бейсенбеков)

Бұл диктанттан оқушылар Р және Л әріптері бар сөздерді көшіріп жазулары тиіс. Мысалы: ақыл, артық, расында, алыста, ал, ылғи.

ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 49-жаттығу, 17-бет түсіндіру.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау


Тақырыбы: Сөз таптары

Мақсаты: Сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету; таным қабілетін дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ішін-ара іздену, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 49-жаттығудағы сөйлемдерді оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаға сүйене отырып, 51-жаттығудағы сөздерді талдау. Анықтаманы еске түсіру. Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай? Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша? Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті?



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 52-жаттығудағы сызба бойынша оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін тиянақтап, мысалдар келтіру.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ж ж Ж ж Жадыра



53-жаттығу «Адасқан сөз» ойынын ойнату. Ойынның шарты: әр топтағы сөздердің ішінде біреуі артық. Сол артық сөздерді көп тапқан оқушылар жеңеді.1. Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді. 2. Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір. 3. Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу. 4. Ұшырады, жазды, келмекші, ойланды, аң. Ол сөздер неліктен артық болды?

54-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау. Сұрақтар бойынша сөйлем құрау. 55-жаттығудағы сөздерді сөз таптарына топтап жазу. Бұл жаттығуды оқушылардың түсінгендерін анықтау мақсатымен өздеріне орындатып, ауызша талдау.

в) Сергіту жаттығуы.

Ү. Бекіту: 1. 57-жаттығудағы сөздерді ретпен жинастыру. 2. Сөз таптарына не жатады? Зат есім дегеніміз не? Сын есім, етістік дегеніміз не? Әр сөз табы қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтір.

ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІ.Үйге тапсырма:56-жаттығу, 19-бет түсіндіру.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Зат есім.

Мақсаты: Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасау;

оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту;

ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: ребус, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 56-жаттығуда сөздерден сөйлем құрастыру. Оқушылардан ауызша сұрау, талдау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Ребус шешу

























´´´´´ ´´´´´ ´´´

2. сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.



ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 58-жаттығудағы мақалдардың мағынасымен жұмыс, зат есімдердің астын сыздырту.

Тау мен тасты су бұзар, (не?)

Адамзатты сөз бұзар.



Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді. (не?)

ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: З з З з Зәуре


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет