Сабақтын тақырыбы: «Табиғат тағдыры адам тағдыры»



жүктеу 79.1 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі79.1 Kb.
түріСабақ
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"
Батыс Қазақстан обылысы

Жаңақала ауданы

Жаңақала ауылы

3ЖОББҚМ



Cарсенбай Б.Қ.

Экология пәнінің мұғалімі

Сабақтын тақырыбы: «Табиғат тағдыры – адам тағдыры»
Сабақтын мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру.
Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, глобус, суреттер, бейнетаспа.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында болып отыр.
1 – жүргізуші: Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы
2 – жүргізуші: Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
1 – оқушы : Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.
2 – оқушы: Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
Көрініс көрсету.
1 – жүргізуші: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал, Балқаш, Семей, Чернобыль қасіреті т.б. Соның бәрі адам қолымен салынған таңбалар. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрдымға айналды. Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді.
2 – жүргізуші: Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.
1 – жүргізуші: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
2 – жүргізуші: Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
3 – оқушы: Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
4 – оқушы: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
5 – оқушы: Табиғат тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай.
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
6 – оқушы: Табиғат та әке болып еңіреп,
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
1 – жүргізуші: Табиғат - әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын - дегендей кезекті биге береміз.
7 – оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
8 – оқушы: Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
Табиғаттың құшағы кең шуақты
Көргенім жоқ оған теңдес қуатты
Күйіп-пісіп табиғат та кейде бір
Адамдарша күңіренетін сияқты.
9 – оқушы: Табиғатты тарих талай сынаған
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған
Табиғат та әке болып еңіреп
Табиғат та ана болып жылап
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
1 – жүргізуші: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
2 – жүргізуші: Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!

Мұғалім: «Таза болса, табиғатАман болар адамзат!» деген

Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз.

Сабақтын тақырыбыз: «Бізді қоршаған жасыл әлем- Табиғат»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.Туған жерге деген сүйіспеншілік арттыра отырып, экологиялық нашар аймақтарын таныстыру. Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, қорғауға, аялауға, оған қамқор болуға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтын көрнекілігі: Слайдар

Сабақтын барысы:

Бүгін бізде қонақта эколог,биолог,географ мамандар келіп отыр солардың пікірін тыңдайық.


Кіріспе мұғалім сөзі. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ертеден ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес. Сендерге белгілі ішетін тағам, киетін киіміміз, оқитын кітабымыз, қағаз, дәрі-дәрмек, тыныс алар ауа, ішер су бәрін-бәрін жомарт табиғат бізге сыйға берген. Бірақ сол табиғат байлығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасытыру біздің еншімізге тиеді. Олай болса, сол табиғат байлығын ұтымды пайдалану біздің міндетіміз екенін білуіміз керек. Бүгінгі таңда мемлекетімізде Елбасымыздың 2030 жылға арналған жолдауында, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепсиясында т.б. табиғатты қорғауға, сақтауға міндеттейді. Бізде сол табиғаттың бір бөлшегі бола тұра, табиғатты қорғауға міндеттіміз.
Бүгінгі сабағымызда өз өлкеміздегі қорықтар табиғатымен танысамыз.
Эколог; Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі табиғатты қорғау және табиғат байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан республикамызда қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекеттеріне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілгіне тікелей атсалысатын ғылымның бір саласы.
Қарсы жақтың: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулыққа бай өлке.
Географ: Табиғат, Жер-ана, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғым. Табиғат жер-ананы сүйе білу, аялау әр адам борышы.
:Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.
Эколог;Табиғат байлығының бір тобы Жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел облысымыз Шығыс Қазақстан. Шығыс Қазақстан бай, кенді Алтай болып аталады. Облысымызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көп, енді соларға тоқталмақпыз.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған. Ауданы 102979 га. Оңтүстік Алтайда Оңтүстік Сібір тоғайының Орталық Азия және Қазақстан даласының шекарасында орналасқан. Қызыл кітапқа енген мынадай өсімдіктер бар: алтын және марал тамырлары, бұтақ тәрізді тиынтас, қалыңжапырақты шағыргүл. Ал жануарлардан: қарлы барс, қызыл қасқыр, сусар, ұлар, қара дегелек, балықшы тұйғын, аққұйрық субүркіт.
Географ: Ия Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 1992 жылы 3 шілдеде ұйымдастырылған. Ауданы 86122 га. Қорық Риддер және Зырян әкімшілік ауданының жерлерінде, Ивановск, Линейск, Холзун мен Коксинск жоталарының учаскесінде орналасқан. Ақ пен Қара Үбі, Тұрғысын өзендері мен Борсық тармағы осы аумақта бастауларын алады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктері: Сібір жауқазыны, мақсары түрлі рапонтикум, ұсақторкөзді жуа, ірі гүлді шолпанкебес, кәдімгі шолпанкебес, дулыға тәрізді сүйсін, Алтай рауғашы, Алтай гипномпериумы, Алтай таутобылғысы, Алтай қасқыржидегі, қылтанақты дәрен, еуропалық орман алаңдылық, шалшықты қазанақ, ұсақжемісті мүкжидек. Жануарлары: бүркіт, лашын, ителгі, үкі, қара дегелек, таймен, Иконниковтың жарқанаты.
Эколог;Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылы 21 сәуірде ұйымдастырылған. Ауданы 20000 га. Алматы (17710 га) және Шығыс Қазақстан облысының (2290 га) аумағында орналасқан. 2 учаскеден: бастауын Жоңғар Алатауынан алатын Тентек өзенінің атыраулары және Алакөл көлінің – Үлкен, Орташа, Тасты аралдарынан тұрады. Алакөл қазаншұңқыры, Жоңғар Алатауы және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатайдың таулы жүйелері арасында 10000км жуық көлеміндегі тау арасындағы көл ойпатын алып жатыр.

Биолог;Мен мысал айтатын болсам Өте сирек кездесетін өсімдіктері: шымды жуа, ақ тұңғиық, трансильван жармасы, кірпікше ұрықты сүттіген, ұялы таспашөп, құстұмсық қоңырау, ақшыл сары жуантамыр, қайықшалы томағашөп, әр түсті түпті бөріқарақат және басқалар. Қызыл кітапқа енген сирек жоғалып бара жатқан құстардан Алакөл қазаншұңқырында 38 түрі тіркелген, соның ішінде қарамойнақ шағала осында кезедеседі.
Географ: Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 2001 жылы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің №970 Қаулысына сәйкес ұйымдастырылған. Ауданы 643477 га. Бұқтырма, Ақ және Қара Берел өзендерінің бастауында, Листвяга және Катон (Мұзтау тауының шығыс шыңынан бастап) жоталарының баурайларын қосқанда, Бұқтырма өзенінің солжағалау жоталары: Сарымсақты, Тарбағатай (оңтүстік-алтай) және Оңтүстік Алтайда орналасқан. Қызыл кітапқа енген: таймен, қара уыз, аққайран балықтары, құстардан қара дегелек, аққу, таулы қаз, бүркіт, дала қыраны, жыртқыштардан қызыл қасқыр, қарлы барыс кездеседі.
«Катон, Марқакөл қорықтары» бейнефильмі
Эколог;«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 2003 жылы 22 қаңтарда ұйымдастырылған. Ауданы 665502 га. Семей қаласы және Бесқарағай, Бородулиха, Абай, Аягөз, Жарма, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар аудандарының аумақтарында орналасқан. Қызыл кітапқа енген: қара дегелек, сұңқылдақ, аққу, балақша тұйғын, бүркіт, аққұйрық-субүркіті, ителгі, әсемпаз-тырна, лашын, жыланшы бүркіт, қызыл жемсаулы қаршақаз, жалбағай, арқар. Өсімдіктерден: Гмелин кермегі, ақжапырақ, сары қотырот.
Алтай ботаникалық бағы 1935 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 154,2 га. Риддер қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, теңіз деңгейінен 770-860 метр биіктігінде тау арасындағы қазан шұңқырында орналасқан. Қызыл кітапқа енген: үлкен көз кесіртке, жолақты абжылан, ергежейлі боз қосаяқ, Роборовский қосаяғы, сала алақоржын. Өсімдіктерден: тораңғы, шыбық тәрізді шыбық түрлі тиынтас, шымды жуа.
Географ;Құлынды мемлекеттік табиғи қорықшасы 1986 жылы 17 ақпанда құрылған. Ауданы 46000 га. Зайсан ойпатының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстандық Қызыл Құмдардың құм массивтерінің көптеген бөлігін және Құлынды өзенінің алқабын оның төменгі ағысын алып жатыр, Көкпекті ауданының аумағында орналасқан. Қызыл кітапқа енген: қабан, зайсан батбат кесірткесі, елік, аусыл, ұлкен көз кесіртке, кәдімгі бұжуа. Өсімдіктерден қарағайлы сирек орман қалдықтары кездеседі.
Биолог;Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорықшасы 1986 жылы 17 ақпанда құрылған. Ауданы 240000 га. Толықтай Маңырақ жотасын, тау арасындағы Шілікті ойпатын және Маңырақтың солтүстік тау бөктеріне іргелес Зайсан қазаншұңқырының желегін алып жатыр. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерден: дала сәлдегүлі, Ледебуровский бадамы, Алтай рауғашы, боз сары еңлікгүл, қауырсынды боз. Жануарлардан: қара деглек, дала қыраны, бүркіт, ителгі, әсем тырна, дуадақ, жекдуадақ, безгелдек, жыланшы бүркіт, көрқара, лашын, үкі, қарабауыр бұлдырық, ұбақ.
Эколог; «Төменгі Тұрғысын» мемлекеттік табиғи қорықшасы 1986 жылы 17 ақпанда құрылған. Ауданы 2200 га. Қорықша Зырян ауданында Тұрғысын, Бобровка өзендерінің арасында орналасқан. Қызыл кітапқа енген өсімдіктері: сбір қандығы, ірі гүлді шолпан кебесі, алтай рауғашы, қарлы ұзынсирағы, алтай таутобылғысы, тәтті жапырақты таспа, таңдамалы плаун. Жануарлардан жиі кездесетіндер: қасқыр, кәдімгі түлкі, аққоян, дала тышқаны.
Қорытынды: : Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.Еліміздің байлығын сақтап, бағалай білейік.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет