Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық Осы Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды



жүктеу 39.83 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі39.83 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады


Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183

қаулысымен бекітілген



Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды,

дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес әзірленді және сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайларды, дауыс беру пунктін жарақтандыруды нақтылайды.

2. Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясы (бұдан әрі – сайлау комиссиясы) орналасатын ғимаратта сайлау учаскесінің, дауыс беру пунктінің орналасқан жері, нөмірі, комиссия жұмысының кестесі көрсетілген көрсеткіштер ілінеді.

Егер бір ғимаратта бірнеше сайлау учаскесі орналасқан болса, барлық сайлау учаскелерінің нөмірлері көрсетілген маңдайшалар ілінеді.

3. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) арнайы бөлінген көрнекі орында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады, оның сол жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігіледі (орналастырылады).

4. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте):


  1. сайлау комиссиясының мүшелеріне, дауыс беру нәтижелерін санауға, байқаушыларға арналған жазу столдары;

  2. орындықтар;

  3. телефон аппараты;

  4. столүсті шамы, сағат;

  5. сейф немесе металл шкаф;

  6. калькулятор;

  7. көшіру аппараты;

8) столмен немесе тұғырлықпен, қаламдармен жабдықталған, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар;

9) сайлау комиссиясының құрамы, жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың және прокуратура органдарының мекен-жайлары мен телефондарының нөмірлері көрсетілген;

толтырылған бюллетеньдердің үлгілері және партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялар туралы, сайлау округі бойынша дауысқа түсуші кандидаттар туралы мәліметтердің стандартты жиынтығынан тұратын бірыңғай форматтағы ақпараттық материалдар қамтылған;

сайлау комиссиясы белгілеген үй-жайдағы тәртіп ережелері жазылған;

сайлау комиссиясының дауыстарды санау қорытындылары туралы хаттамасының көшірмесі ілінетін стендтер орналастырылады.

5. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар белгiленiп, дауыс беруге арналған тұрақты жәшiк дауыс беретiн адамдар оған жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей етіп қойылуы, сондай-ақ сайлау комиссиясының мүшелері, қатысып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi, байқаушылар мен сенiм бiлдiрілген адамдар дауыс беруге арналған бюллетеньдердің жәшікке қалай түсетінін көре алатындай болуы тиiс.

Дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар сайлау комиссиясы мүшелерiнiң iс-әрекетiн санау кезінде қатысушы барлық адамдардың толығымен көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады.

6. Столдарда «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы», «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары», «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясының хатшысы» деген жазулары, сондай-ақ әліпби әріптері немесе көше атаулары мен үйлердің нөмірлері бар көрсеткіштер, куверткалар орналастырылады.

7. Үй-жайларда төмендегі нысандарға сәйкес келетін, дауыс беруге арналған бір тұрақты және екі тасымалданатын сайлау жәшіктері орналастырылады:

1) тұрақты (үй-жайда (пунктте) дауыс беруге арналған) жәшік - қалыңдығы кемінде 0,5 см, биіктігі 90 см, ені 50х50 см мөлдір материалдан (оргшыныдан), қаңқасы - алюминий профильден (күміс түсті), ұштастырушы бұрышы пластиктен (сұр түсті) жасалады, бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 см бейнесі орналастырылады, жоғарғы қақпағы жылжымалы, онда (ортасында) ұзындығы 15 см, ені 0,5 см дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салатын ойығы болады, жәшік пен қақпақта мөрлеуге немесе пломба салуға арналған металл құлақшалары болады;

2) тасымалданатын (үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған) жәшік - қалыңдығы кемінде 0,5 см, биіктігі 40 см, ені 30х30 см мөлдір материалдан (оргшыныдан), қаңқасы - алюминий профильден (күміс түсті), ұштастырушы бұрышы пластиктен (сұр түсті) жасалады, бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 см бейнесі орналастырылады, жоғарғы қақпағы жылжымалы, онда (ортасында) ұзындығы 15 см, ені 0,5 см дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салатын ойығы болады, жәшік пен қақпақта мөрлеу немесе пломба салуға арналған металл құлақшалары, тасымалдауға арналған тұтқасы болады;

8. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) сондай-ақ:

1) сайлау комиссиясының мөрі;

2) дауыс беруге арналған жәшіктерді, сайлау құжаттамасын мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құралдар;

3) кеңселік керек-жарақтар (пакеттер, конверттер, қаптар, кеңселік желім, қайшы, буып-түюге арналған қағаз, жазуға арналған қағаз, сызғыштар, қара не көк сиялы қаламдар, шпагат, қағаз тескіш құрал, степлер, антистеплер, степлердің тоғындары және өзге де керек-жарақтар);

4) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналы, байқаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу журналы болады.



9. Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде) сайлау құжаттамасының, жабдықтардың және өзге де материалдардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
____________________________________________________________






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет