Сала ұйымдарындағы еңбекті қорғау жағдайы және еңбек қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы



жүктеу 52.1 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі52.1 Kb.
: uploads -> %D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> 21.12.15 -> 1%20%D0%B2%D0%BE%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің жарғылықміндеттерді орындау жөніндегі жұмыстары туралыаны қ т а м а
21.12.15 -> Солтүстік-Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы туралы анықтама
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> «казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
21.12.15 -> «казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
21.12.15 -> «казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
1%20%D0%B2%D0%BE%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81 -> Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы
Сала ұйымдарындағы еңбекті қорғау жағдайы және еңбек

қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы

АҚПАРАТ
Біздің еліміздің, білім және ғылым жүйесінің алға бағытталған даму барысы басымды міндеттердің бірі ретінде халықтың өмір сүруінің жаңа сапасын қамтамасыз етуді ұйғарып отыр. Бұл ұғымға анағұрлым маңызды саналатын өмір сүрудің барлық кезеңіндегі адам денсаулығын қорғау болып табылатын көптеген аспектілерді жатқызуға болады. Осы міндетті орындамай тұрып, қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айта алмаймыз. Мұндай жағдайларда қызметкерлердің қаза болуына жол бермейтін, сондай-ақ олардың денсаулығы мен жұмысқа қабілеттіктерін сақтайтын салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қызметінің рөлі елеулі артады.

Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру тек өркениетті еңбек қатынастарын қалыптастыруға, еңбекті қорғау саласында тиімді жұмыс үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың келіскен іс-әрекеттерінің нәтижесінде ғана мүмкін болады.

Қызметкерлердің денсаулықтары олардың жұмыс орындары қауіпсіз әрі таза болмайынша жақсармайтыны анық.

Саладағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жағдайы төмендегідей деректермен сипатталады:

2014 жылы еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар кезінде салада зардап шеккен қызметкерлер саны 72 адам болса, оның ішінде 9 адам топтасқан жазатайым оқиға салдарынан жарақаттанған. 3 қызметкер жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болды.

Зардап шеккендерден жарақаттың жеңіл түрін алғандар – 22 адам, орташа дәрежеде – 21, ауыр түрде – 28 адам.

Еңбек қызметімен байланысты жарақат нәтижесінде жұмыс уақытын 137 618 адам – еңбекке жарамсыздық күнімен жоғалтып отыр.

Саладағы жазатайым оқиғалардың материалдық зардаптары 1 960 325 300 теңгені құрады, еңбекке жарамсыздық қағаздары бойынша - 1 022 662 600 теңге төленді, басқа жұмысқа ауысу кезінде бұрынғы жалақыға дейін қосымша ақы сомасы - 4 912 100 теңге болса, бір жолғы жәрдемақылар 932 750 600 теңге сомасына төленді.

Көрсетілген цифрлар ұйым жұмысында жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру бойынша маңызды кемшіліктердің барын растайды.

Өндірістік жарақаттың негізгі себептері - бұзылған жабдықты пайдалану, жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, басшылар мен мамандардың өздеріне еңбекті қорғау бойынша жүктелген міндеттемелерін орындамауы, қызметкерлердің еңбекті қорғау мәселелері бойынша жеткіліксіз біліктіліктері, еңбек тәртібін бұзу болып табылады.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға және еңбекті қорғау саласындағы кемшіліктерді азайтуға бағытталған анағұрлым тиімді шаралар қоғамдық бақылау болып табылады. Салада өткен жылғыдай, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың күшімен еңбекті қорғау заңнамасын қадағалауға бақылау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда салада 8966 қоғамдық инспектор жұмыс жасап, жыл сайын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында 2000-нан астам бұзушылықтар анықтайды, жекелеген аймақтарда еңбекті қорғау жағдайының кешенді жаппай тексерулері қолданылады. Дегенмен, олардың жұмыстарының тиімділігі төмен деңгейде қалып отыр. ҚР-ның қабылданғалы отырған жаңа Еңбек кодексі қоғамдық инспекторлар институтын қысқартып, өндірістік кеңестер құрамындағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторлар жүзеге асыратын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылаудың жаңа нысанын құруды қарастырады. Өндірістік кеңестер жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тепе-теңдігі негізінде құрылатын болады, олардың құзырлығына техникалық инспектор туралы ережені әзірлеу, оған нақты құқықтар мен міндеттемелер беру жатады. Техникалық иснпектордың қатар бағынуы өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі оның жұмысының тиімділігін әдеуір арттырады деп күтілуде.

Өзара іс-әрекеттің маңызды жағы әлеуметтік әріптестік тараптарының жұмыс берушілерді, қызметкерлер мен мамандарды заңнамадағы жаңалықтар, оны қадағалау жағдайлары, әдеттегі бұзушылықтар мен қиянат етушіліктер туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге бірлесе қатысуы, сондай-ақ жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне және еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне оқыту болып табылады.

2014 жылдың ішінде тоқсан сайын кәсіподақ органдары жоғарғы органдарға ұсыну үшін және ұйымдарға мәлімет ретінде: ҚР ЕК талаптарына сәйкес басшылар мен мамандарды оқудан өткізу, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың жұмыс нәтижелері, «Еңбекті қорғау Күні» аясында өткізілген іс-шаралар туралы және т.б.ақпараттарды дайындады.

Сала ұйымдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі үздік жұмыс қойылымының республикалық байқауына белсенді қатысады.

Қауіпсіз еңбек мәселелері кәсіподақ ұйымдары басқармасының алқалы органдарының қарауына жиі шығарылып тұрады.

Еңбекті қорғау жағдайы көбінесе қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау шараларына бағытталған қаржылық шығынның көлемімен анықталады. Осы бағыттағы жұмыстың талдауы қазіргі таңда білім және ғылым саласында еңбек жағдайын жақсартуға қаражаттың жеткіліксіз бөлінетінін көрсетіп отыр. Жекелеген аймақтарда қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілмейді, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қаражат бөлуге қатысты келісімдердің шарттары орындалмайды. Еңбекті қорғау мақсаттарына шамалы сома бөлінетін ұйымдарда еңбек жағдайын жақсарту жөнінде іс-шаралар өткізілмейді, қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету нормалары қадағаланбайды, қызметкерлер міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өз қаражаттарына өтеді, зияндық еңбек жағдайындағы жұмыстары үшін оларға өтемақы төленбейді.

Білім басқармасының органдары мен кәсіподақ органдарында еңбекті қорғау жағдайының нақты талдауы жоқ, өндірістегі жазатайым оқиғаның алдын алу жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілмейді.

Қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін маңызды потенциал әлеуметтік әріптестіктің механизмінде салынған.

Осыған байланысты еңбекті қорғау жөніндегі комитеттердің (комиссиялардың) жұмысында ұйым басшылары тарапынан кездесетін жете түсініспеушілік мен мүддесіздік туындап, оларды құру кезінде немқұрайдылыққа және қызметтерінде әрекетсіздікке әкеліп соғады. Сол себепті қоғамдық қалыптасулар мүшелерінің тұрақтамау жағдайы көп кездеседі. Мұндай тәсілге өндірістік кеңестерді құру кезінде жол бермеу қажет, өйткені оларды құру ҚР жаңа Еңбек кодексіне сәйкес міндетті болып табылады.

Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастығын ұйымдастыру, кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттың алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында бірыңғай салалық тәсілдер әзірленуі тиіс, ол үшін еңбекті қорғауды басқарудың салалық жүйесін құру қажет.

Еңбек жағдайларын жақсарту мен еңбекті қорғау жұмысындағы басымды орында ұйым басшылары мен мамандарын еңбекті қорғауға оқытуды ұйымдастыру мәселесі болуы тиіс. Барлық мүдделі тараптардың бірлескен күші тек жұмыс берушілердің ғана емес, сондай-ақ қатардағы қызметкерлердің де деңгейлерін арттыру мен еңбекті қорғау жөніндегі білімді насихаттауға қатысты жағдайды өзгертуге мүмкіндік туғызар еді.

Саладағы еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын жақсарту мақсатында білім басқармасының барлық органдарының, кәсіподақ органдарының күштерін ҚР жаңа Еңбек кодексінің ережелерін жүзеге асыру, саладағы еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара іс-әрекетті күшейту бағыттарына жұмылдырған жөн.

Кәсіподақ төрайымының



орынбасары В.Ф.Беженаров





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет