«Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру



жүктеу 59.23 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі59.23 Kb.
: rus -> wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> Электив курс бойынша «аив-инфекциясының эпидемиологиясы, емдеуі және алдын алу» мпф қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 5 Курс студенттеріне 2011-2012 оқу жылына емтихан тест сұрақтары
2011 -> Хром қосындыларының Әсері кезіндегі шажырқай лимфа түйіндерінің ЖҰмсақ бауының микроанатомиялық ҚҰрылымы
2011 -> Хайрулдаева Айсулу Маткасымовна
2011 -> 1. Жұтқыншақ арты кеңістіктің жалғасы не? көкіректің алдыңғы жағы
2011 -> Морфогенез ткани гипофиза после аллотрансплантации
2011 -> 1 Несеп шығару өзегі (урахуса) бітіспегендегі рентгенологиялық диагностикалау әдісі. А) цистография + фистулография
2011 -> 1. Эпидемиология жалпы медициналық ғылым ретiнде оқытады тұрғындардың жаппай сырқаттылығының таралу себептерiн
2011 -> Рыскиева Айымжан Әбуқызы
2011 -> Көз алмасының қандай құрылымдары көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?
«2011-2015 жж. «Саламатты Казахстан» бағдарламасын орындау бойынша нутрициология кафедрасы іс-әрекеттерінің нәтижелері» - Бужикеева А.Б., Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының доценті.

«Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кафедра қызметкерлерінің халықтың әртүрлі топтары арасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру бағытында атқарылған шаралары:

І. Оқылған дәрістер:



  1. Арыстан әскери мамандандырылған лицейінде «Әскери бағыттағы жасөспірімдер тиімді тамақтану ерекшеліктері» 5 сәуір 2011ж.

  2. Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің заң және экономикалық факультеттерінің 250-ге жуық 1 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында «Қазіргі заман адамдары және студенттердің тамақтану ерекшеліктері». 1 қыркүйек 2011ж.

  3. Алматы қалалық №173,84,176, 65 жалпы білім беретін мектептерінде «Мектеп жасындағы балалардың үйлесімді тамақтануы”, «Фаст-фуд тағамдарының зияны», «Саламатты қазақстандық ұрпақ тамақтануының ерекшеліктері» тақырыптарында 8 дәрістер оқылып, фильм көрсетілді».

  4. Туберкулезге қарсы «Шымбұлақ» шипажайында қызметкерлер мен емделушілерге «Туберкулез ауруында тамақтану ерекшеліктері», «Сүт және ешкі сүтінің емдік қасиеті».

ІІ. «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасының аясында басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалалар саны – 15.

Ғылыми мақалалар ККСОН тіркелген «Здоровье и болезнь», «Вестник КазНМУ» «Саламатты тамақтану», Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығының конференциялар материалдарның жинағында жарық көрді.

ІІІ. Ғылыми зерттеу жұмыстары:


  1. «Қазақстанда егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ жасауын қамтамасыз етуге арналған қартаюға қарсы (бағдарламалар) моделін өңдеу ғылыми –техникалық бағдарлама ауқымында 2011-2014 жылдары үш жылға есептелген «ҚР Остеопороздың алдын алудың кешенді бағдарламасын жасау» ғылыми жобасы бойынша 12 мамыр 2011ж №45п бұйрығына сәйкес нутрициология кафедрасының қызметкерлерімен Қазақстанның солтүстік және орталық өңірінен Қарағанды, Павлодар, Петропавловск, Көкшетау, Қостанай және Алматы облыстарынан барлығы 1154 жасы 40-тан асқан ер мен әйел адамдардың нақты тамақтану жағдайын, қазақ ұлттарының гендік төлқұжатын әзірлеуге ұрттан жағынды, қанның құрамындағы триглицеридтер, холестерин, гемоглобин, қант деңгейі эксресс-талдау әдістерімен зерттеліп, организмнің минералдық элементтер мөлшерін анықтауға шаш алынып, ультрадыбыстық «Sonost 3000» денситометр аспабымен сүйектің минералдық тығыздығын анықтау үшін аяқтың тобық сүйегі зерттелді.

ІV. Атқарылған іс-шаралар



  1. «Салауатты тамақтану салауатты өмір негізі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 12-13 қазан 2011ж. өткізілді. Бұл конференцияға Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы, ҚР ДСМ СЭМБ мониторингі мен санитариялық-сараптаудың ғылыми-тәжірибелік орталығының ат салысуымен өткізілді.

  2. Салауатты тамақтануды халық арасында тиімді насихаттаудың оңтайлы әдістерін кафедра қызметкерлері аймақтық салауатты тамақтану орталығының мамандарына шебер кластар көрсетіп отырады.

  3. Ғылыми жұмыстар бойынша «ҚР Остеопороздың алдын алудың кешенді бағдарламасын жасау» ғылыми техникалық бағдарламасы бойынша «Интерфакс Қазақстан» кешенінде 14 маусым, 25 қазанда екі рет баспасөз мәжілісі өткізілді.

Баспасөз мәжілістерінде жалпы Қазқстан республикасы халқының 40-49 жастағы 47%, 50-59 жаста 37% ересек адамдарда қалыпты, ал остеопения жағдайының 50-59 жаста 39%, 60-69 жаста 43%, остеопороз 70 жастағы қарттарда 53% анықталғаны мәлімденді.



  1. Салауатты тамақтануды насихаттауда студенттер арасында 4 олимпиадалық сайыстар өткізілді. Сайыс барысында медициналық жоғары оқу орнында білім беру әдістері мен жаңа инновациялық технологиялар, заман ағымына сай келешек қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін арттыруға ықпалын тигізетін компетенцияларды игеруін қамтамасыз етеді.



5. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамыту бойынша «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Профилактикалық медицина академиясы жанынан құрылған «Салауатты тамақтану Орталығының» 22.07.2011 ж. №4,5 бұйрығына сәйкес нутрициология кафедрасының қызметкерлері көп деңгейлі қарым-қатынастар әрекеттерін жасау іс шаралары бойынша жауапты болып табылады. Осыған орай, 15 тамыз 2011ж. №5-ші бұйрығына сәйкес халықтың әртүрлі топтары арасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар атқарылуда:

-мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар;

- мектеп мұғалімдері мен бала-бақша тәрбиешілері;

- жоғары оқу орындарының студенттері;

- МСАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлері;

- кәсіпорын жұмысшыларының - салауатты тамақтанудағы ақпараттану деңгейін бағалауға және алиментарлық аурулардың алдын алуға бағытталған сұрақтар ескерілген аталған мақсатты топтардың әрқайсысынан 100-ге жуық сауалнамалар жүргізіліп, ақпараттық буклеттер таратылып, осы топтарға арнайы әзірленген дәрістер оқылып, ақпараттану деңгейіне мониторинг жүргізілді.



  1. 8-10 қыркүйек аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен «Балабөбек -2011» атты IV Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып, аналар мен емізулі аналарға, мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға, болашақ аналарға дұрыс тамақтану жөнінде балалар арасындағы тағамдық аллергия, ерте жастағы балаларды тамақтандыру, кейбір артық салмақты аналардың денсаулыққа зиянсыз арықтауға байланысты жүзге жуық аналарға ақысыз тегін, пайдалы кеңестер берілді.

“ALExpo” көрмелік компаниясы «Балабөбек -2011» атты IV Халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысқаны үшін ДИПЛОМмен марапаттады



  1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кафедра қызметкерлерінің атқарған шаралары:

  1. Шарманов Т.Ш. академик - Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» телеарнасынан 15 сұхбат берілген.

  2. Алдашев А.А.,профессор- Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» телеарнасынан және «Алматы» арнасынан 20 сұхбат берілген.

  3. Бужикеева А.Б. доцент- Қазақ радиосынан 2 рет, «Алматы» телеарнасынан 2 рет сұхбат берілген.

  4. Ли М.В. доцент- «Хабар» телеарнасынан 1 рет сұхбат берілген.

  5. Хасенова Г.Х. доцент - Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» , «Асыл арна», «Балапан», телеарнасынан 35 рет сұхбат берілген.

  6. Қожахметова А.Н. аға оқытушы - Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» , «Асыл арна», «Балапан», телеарнасынан 35 рет, Қазақ радиосы арқылы 3 рет сұхбат берілген.

  7. Чуенбекова А.Б. доцент- Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» , «Асыл арна», «Балапан», телеарнасынан 25 рет, Қазақ радиосы арқылы 5 рет сұхбат берілген.

  8. Тарақова Г.А. оқытушы - Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» телеарналарынан 8 сұхбат берілген.

Барлық қызметкерлер аталмыш телеарналардағы медициналық денсаулық бағдарламаларындағы «Денсаулық» айдары, «Бәрінен де маңызды» «Деннің саулығы ел байлығы» айдары, «Халық таңдауы» бағдарламаларынан барлығы 151 рет халықтың салауатты тамақтануына арналған сұхбат берді.

Кафедра қызметкерлерінен Чуенбекова А.Б., Хасенова Г.Х., Қожахметова А.Н. «Қазақстан» телеарнасының арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.



  1. ҚазҰМУ аумағында орналасқан Елбасының «Саламатты тамақтанудың ұзақ мерзімді мемлекеттік саясаты жасалсын!!» деген ұраны негізінде жасалған «Өмір аллеясы» тағамтану мен адам денсаулығын қорғау жолындағы адамгершілік игі құндылықтардың өнегелі тұлғасы ретінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, тәуелсіз платиналық «Тарлан»сыйлығының лауреаты Т.Ш.Шармановтың құрметіне салынған ескерткіш тақтасына кафедраға келген осы оқу жылындағы 40 топ студенттері экскурсияға келіп, осы ескерткіш тарихымен танысты.

  2. Алматы қаласы бойынша 16 қазан - Бүкіләлемдік салауатты тамақтану күніне 17қазан -27 қараша аралығында айлық өткізуге орай Алматы қалалық білім беру Департаментінің бастығы Р.С.Шимашеваға мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне дұрыс тамақтануды насихаттау мен дағдыларға бейімдеуге бағытталған дәрістер, ашық сабақ, сынып сағаттарын өткізуге, төменгі сынып оқушыларына диктант, шығарма жаздыру, қабырға газеттерін шығару мақсатында хат жобасы жолданды. 27 қарашаға дейін аудандық жалпы білім беретін мектептерде кафедра оқытушылары ұйымдастыруымен «Салауатты тамақтану» тақырыптарына 15 минуттық дәрістер оқылады.

  3. Әр айдың үшінші жұма күні «Ашық есік күні» деп саналады. Тамақтанумен байланысты туындайтын аурулардың алдын алуға, салауатты тамақтану жөніндегі сұрақтар бойынша кафедра қызметкерлері тегін кеңес беріп отырады.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет