Салық аудиті басқармасы бастығының лауазымдық нұсқаулығы



жүктеу 78.85 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі78.85 Kb.
: uploads -> files
files -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
Астана қ. бойынша Салық департаменті

Салық аудиті басқармасы бастығының

лауазымдық нұсқаулығы
Астана қ. бойынша Салық департаменті Салық аудиті басқармасының бастығы:

  • Салық аудиті басқармасына, заңды тұлғалар аудиті бөліміне, жеке тұлғалар аудиті бөліміне жетекшілік етеді;

  • Салық аудиті басқармасына жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына, еңбек тәртібіне дербес жауап береді;

  • Салық аудиті басқармасы туралы ережені әзірлейді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бөледі, басқарма қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара алмасушылық тәртіптерін анықтайды;

  • салық департаменті бұйрықтарының орындалуын үйлестіреді және бақылайды;

  • Астана қ. борйынша Салық департаменті Салық аудиті басқармасы бөлімдерінің және аудандық салық басқармалары бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді;

  • “Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысы туралы” 2-Н нысаны бойынша есептемесі негізінде Астана қ. борйынша Салық департаменті Салық аудиті басқармасы мен аудандық салық басқармалары қызметінің көрсеткішін талдайды және бағалайды;

  • Астана қ. борйынша Салық департаменті Салық аудиті басқармасының, аумақтық салық органдарының тиісті бөлімдерімен, және де құқық қорғау органдарымен және басқа уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жұмысын үйлестіреді;

  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық есептелу мәселесі бойынша құжаттық тексерудің жүргізілуіне бақылау жасайды;

  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының толық және өз уақытында аударылуы, дұрыс есептелуі мәселесі бойынша құжаттық тексерулерге бақылау жасау;

  • Салық бөлімдері бастықтарынан және мамандарынан құжаттық тексеру кесімдерін қабылдайды және кесімдердің дұрыс толтырылуын тексереді;

  • ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетіне есептер мен ақпараттардың уақытында тапсырылуын қамтамасыз етеді;

  • Астана қ. борйынша Салық департаменті Салық аудиті басқармасының және аудандық салық басқармаларының бекітілген кешендік тексерулер жоспарының орындалуын бақылайды.

Астана қ. бойынша Салық департаменті Салық аудиті

басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімі қызметкерлерінің



лауазымдық нұсқаулықтары
Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы:

  • Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөліміне жетекшілік етеді;

  • Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөліміне жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына, басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөліміндегі еңбек тәртібіне дербес жауап береді;

  • Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімі туралы ережені әзірлейді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бөледі, Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімі қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара алмасушылық тәртіптерін анықтайды;

  • салық департаменті бұйрықтарының орындалуын үйлестіреді және бақылайды;

  • аудандық салық басқармаларының салық аудиті бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді;

  • “Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысы туралы” 2-Н нысаны бойынша есептемесі негізінде аудандық салық басқармалары қызметінің көрсеткішін талдайды және бағалайды;

  • аумақтық салық органдарының тиісті бөлімдерімен, және де құқық қорғау органдарымен және басқа бақылау органдарымен бірлесіп тексеру жұмыстарын үйлестіреді;

  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық есептелу мәселесі бойынша құжаттық тексерудің жүргізілуіне бақылау жасайды;

  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының толық және өз уақытында аударылуы, дұрыс есептелуі мәселесі бойынша құжаттық тексерулерге бақылау жасау;

  • Салық инспекторларынан құжаттық тексеру кесімдерін қабылдайды және кесімдердің дұрыс толтырылуын тексереді;

  • ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетіне есептер мен ақпараттардың уақытында тапсырылуын қамтамасыз етеді;

  • аудандық салық басқармаларының бекітілген кешендік тексерулер жоспарының орындалуын бақылайды.

Бас маман:

- ҚР ҚМ СК-не ақпараттар мен есептерді дайындауға қатысады;

- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және дұрыс есептелуі мен уақытылы аударылу мәселесі бойынша шаруашылық субъектілеріне құжаттық салық тексеруін жүргізеді;



- әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының толық және дұрыс есептелуі мен уақытылы аударылу мәселесі бойынша құжаттық салық тексеруін жүргізеді;

- ҚР Салық кодексімен белгіленген міндеттерді банктік операциялардың жекеленген түрін жүзеге асырушы мекемелер мен банктердің орындауына тексеруді жүзеге асырады;

- трансферттік бағаны қолдануда мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша тексеруді жүзеге асырады;

- ҚР ӘҚтК нормаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жазады;

- аудандық салық басқармаларының тексерулеріне қатысады;

- қарсы тексеруді, және де жоғары тұрған ұйымның тапсырмалары бойынша тексеруді жүзеге асырады;

- тексеруді құқық қорғау органдарымен және басқа да бақылаушы органдармен бірлесіп жүзеге асырады;

- заңнамаға сәйкес сұраным хаттарға жауап береді.


Лауазымдық нұсқаулықпен танысты:
Астана қ. бойынша Салық департаменті Салық аудиті

басқармасының жеке тұлғалар аудиті бөлімі қызметкерлерінің



лауазымдық нұсқаулықтары
Бөлім бастығы бөлімге жетекшілік етеді;

Бөлім бастығы бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына, еңбек тәртібіне дербес жауап береді, бөлім туралы ережені әзірлейді, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бөледі, басқарма қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара алмасушылық тәртіптерін анықтайды;

- салық департаменті бұйрықтарының орындалуын үйлестіреді және бақылайды;

- аудандық салық басқармаларының жеке салық аудиті бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді;

- аудандық салық басқармаларының жеке салық аудиті бөлімдерінің салықтық тексеру жүргізуіне көмек көрсетеді;

- “Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысы туралы” 2-Н нысаны бойынша есептемесі негізінде аудандық салық басқармалары қызметінің көрсеткішін талдайды және бағалайды;

- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық есептелу мәселесі бойынша құжаттық тексерудің жүргізілуіне бақылау жасайды;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының толық және өз уақытында аударылуы, дұрыс есептелуі мәселесі бойынша құжаттық тексерулерге бақылау жасайды;

- Салық инспекторларынан құжаттық тексеру кесімдерін қабылдайды және кесімдердің дұрыс толтырылуын тексереді;

- ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетіне есептер мен ақпараттардың уақытында тапсырылуын қамтамасыз етеді;

- аудандық салық басқармаларының бекітілген кешендік тексерулер жоспарының орындалуын бақылайды.

Бас маман:

- ҚР ҚМ СК-не ақпараттар мен есептерді дайындауға қатысады;

- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және дұрыс есептелуі мен уақытылы аударылу мәселесі бойынша субъектілерге құжаттық салық тексеруін жүргізеді;



- әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының толық және дұрыс есептелуі мен уақытылы аударылу мәселесі бойынша құжаттық салық тексеруін жүргізеді;

- трансферттік бағаны қолдануда мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша тексеруді жүзеге асырады;

- қарсы тексеруді, және де жоғары тұрған ұйымның тапсырмалары бойынша тексеруді жүзеге асырады;

- тексеруді құқық қорғау органдарымен және басқа да бақылаушы органдармен бірлесіп жүзеге асырады;

- заңнамаға сәйкес сұраным хаттарға жауап береді;

- аумақтық салық органдарының тиісті бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.


Лауазымдық нұсқаулықпен танысты:

Астана қ. бойынша Салық департаменті Салық аудиті

басқармасының Аудит сапасын бақылау бөлімі қызметкерлерінің

лауазымдық нұсқаулықтары
Бөлім бастығы - бөлімге жетекшілік етеді;

Бөлім бастығы бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына, еңбек тәртібіне дербес жауап береді, бөлім туралы ережені әзірлейді, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бөледі, басқарма қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара алмасушылық тәртіптерін анықтайды;

- салық департаменті бұйрықтарының орындалуын үйлестіреді және бақылайды;

- Салық аудиті басқармасы бастығының тапсырмаларын белгіленген тәртіпте және мерзімде орындауын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

- бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бөледі және өзара алмасушылығын анықтайды;

- салық басқармаларының аумақтық бөлімшелері мен бөлім қызметкерлерінің Астана қ. бойынша Салық департаменті бастығының бұйрықтары мен өкімдерін, ҚР ҚМ СК бақылаудағы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауына бақылау жасайды;

- “Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысы туралы” 2-Н нысаны бойынша есептемесі негізінде аудандық салық басқармалары қызметінің көрсеткішін талдайды және бағалайды;

- аумақтық салық басқармаларының жұмыс қорытындысына талдау жасайды;

- қажетті әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді;

- бөлім қызметкерлері арасындағы жүктеменің тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді;



- САЭБ АЖ жүйесіне талдау жүргізеді;

- аяқталған салықтық тексеру актілері бойынша камералдық бақылауды жүргізеді;

- САЭБ АЖ жұмыс істеу барысында аумақтық салық басқармаларына бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар әзірлейді;

- аумақтық салық басқармаларында “САЭБ АЖ қолдану басшылығы” Регламентінің бұзылуының төмендеуін және болмауын қамтамасыз етеді;


- аумақтық салық басқармаларының жеткізілген көрсеткіштерге жету бойынша бақылауды қамтамасыз етеді және ұсыныстар енгізеді;

- ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетіне есептер мен ақпараттардың уақытында тапсырылуын қамтамасыз етеді;

- Астана қ. бойынша Салық департаменті бастығының, ҚР ҚМ СК хаттамалық тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды. САЭБ АЖ бағдарламасын жүйелі түрде зерделеп енгізеді.

Астана қ. бойынша Салық департаментінің ішкі тәртіп ережелері мен қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша жұмысты жүргізеді.

Бас маман:

- ҚР ҚМ СК-не ақпараттар мен есептерді дайындауға қатысады;

- аяқталған салықтық тексеру актілері бойынша камералдық бақылауды жүргізеді;

- САЭБ АЖ жүйесіне талдау жүргізеді;

- аумақтық салық басқармаларында “САЭБ АЖ қолдану басшылығы” Регламентінің бұзылуының төмендеуін және болмауын қамтамасыз етеді;

- аумақтық салық басқармаларының жеткізілген көрсеткіштерге жету бойынша ұсыныстар енгізеді және бақылау жасайды;

- ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетіне есептер мен ақпараттарды уақытында тапсырады;

- Астана қ. бойынша Салық департаменті бастығының, ҚР ҚМ СК хаттамалық тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындайды.

- заңнамаға сәйкес сұраным хаттарға жауап береді;

- САЭБ АЖ бағдарламасын жүйелі түрде зерделеп енгізеді. Астана қ. бойынша Салық департаментінің ішкі тәртіп ережелері мен қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;



- өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша жұмысты жүргізеді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет