«Салымдар және олар бойынша сыйақы ставкалары туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7461201, индексі 1-сб, мерзімі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық Бұл Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы»



Дата25.04.2016
өлшемі116.33 Kb.


Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының

2010 жылғы 21желтоқсандағы
№351 бұйрығына 2-қосымша


«Салымдар және олар бойынша сыйақы ставкалары туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

(коды 7461201, индексі 1-СБ, мерзімі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Бұл Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және ведомстволық статистикалық байқаудың «Салымдар және олар бойынша сыйақы ставкалары туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 7461201, индексі 1-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру тәртібін нақтылайды.

2. Статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:

1) заңды тұлғалар – мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар (пайда алу мақсатында тауарлар өндірумен және қаржылық емес қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттік басқару органдары бақылайтын кәсіпорындар мен ұйымдар); мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар (пайда алу мақсатында тауарлар өндірумен және қаржылық емес қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттік басқару органдары бақыламайтын кәсіпорындар мен ұйымдар); үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (тауар өндірумен және қызмет көрсетумен айналысатын, пайда немесе өзге де қаржылай үлес әкелмейтін кәсіпорындар немесе әлеуметтік ұйымдар. Бұлар қоғамдық бірлестіктер, партиялар, кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық қозғалыстар, діни бірлестіктер, қайырымдылық қорлары және басқа да қоғамдық ұйымдар);

2) жеке тұлғалар – халық, заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және дара еңбек қызметінің өзге де нысандары;

3) сыйақы ставкалары есепті кезеңде нақты тартылған салымдар бойынша орташа алынған пайыздық ставка ретінде есептеледі;

4) кезеңде тартылған салым – банктің клиенттерінен белгілі мерзімде тартылған салымы;

5) бағамдық айырма – мәміле жасасқан сәттен ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты өзгерісінен болатын шетел валютасындағы активтер сомасындағы айырма;

6) салым көлеміндегі басқа өзгерістер – пассивтердегі болатын өзгерістерге байланысты қаржы ағымдары. Активтер (салымдар) көлеміндегі басқа өзгерістер шотында институциалдық бірліктер арасындағы операциялар не құнның өзгерісі себеп болмайтын бастапқы және қорытынды баланстағы активтер мен пассивтердегі өзгерістер көрсетіледі. Бұл санатқа талаптарды біржақты есептен шығару, активтер жіктемесінің өзгерісі, алынған гудвилл, апат шығындары, өтелмейтін (компенсацияланбайтын) тәркілеу (конфискация), зейнет жәрдемақы құрылымының өзгеруіне байланысты актуарлы анықталатын міндеттемедегі өзгеріс, секторлар жіктемесі және құрылымдағы өзгерістер және жоғарыдағыларға жатпайтын басқа өзгерістер жатады;

7) қысқа мерзімді салымдар – бір жылға дейінгі мерзімге тартылған салымдар;

8) ұзақ мерзімді салымдар – бір жылдан жоғары мерзімге тартылған салымдар;

9) ұлттық валюта – қазақстандық теңге;

10) еркін айырбасталатын валюта – басқа шетел валютасына және халықаралық төлем құралдарына еркін айырбасталатын валюта. Еркін айырбасталымды валюта толық ішкі және сыртқы қайтымдылықты, яғни елдің резиденттері мен резидент еместері (жеке және заңды тұлғалар) үшін бірдей айырбас режиміне ие;

11) валютаның басқа түрлері – «ұлттық валюта» және «еркін айырбасталатын валюта» түсінігіне жатпайтын басқа шетел валюталары.

3. Осы статистикалық есептілік нысанын салымдар шоттарына резиденттердің (заңды және жеке тұлғалардың) ақшасын тарту бойынша операцияларды жүзеге асыратын барлық банктер ай сайын жасайды. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және жоғары сома мың теңге дейін дөңгелектенеді.

Есеп тұтастай алғанда банк бойынша және филиалдар бойынша ұсынылады.

Егер есепті беру мерзімі демалыс күнге келсе одан кейінгі жұмыс күні есепті ұсыну күні болып саналады.

Есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚР ҰБ) криптографиялық қорғау құралдарын пайдаланумен VIDO электрондық байланыс арқылы электрондық түрде ұсынылады.

ҚР ҰБ ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, есептіліктің субъектілері ҚР ҰБ бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрі бойынша хабардар етуге және есепті ҚР ҰБ өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге электрондық түрде ұсынуға міндетті.

Баланстық шоттарда есепке алынған, есепке кіргізілген сомалар өтеу мерзімдері бойынша бөлінуі тиіс (клиенттермен жасалатын банк салымы шарттары негізінде).

Салымдар өтеу мерзімдері бойынша былай жіктелуі тиіс:

1 айға дейін;

1 айдан 3 айға дейін;

3 айдан 1 жылға дейін;

1 жылдан 5 жылға дейін;

5 жылдан бастап және жоғары.

4. Нысанның символдары мен шифрларын толтыру мынадай түрде жүзеге асырылады.

01 шифры – заңды және жеке тұлғалардың салымдары шоттарындағы есептік кезең басындағы ақша қалдығының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. 01 шифры барлық символдар бойынша алдыңғы айдың есебінің осы символдары бойынша 10 шифрына тең болады.

02 шифры – заңды тұлғалардың салымдары шоттарындағы есептік кезең басындағы ақша қалдығының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. 02 шифры барлық символдар бойынша алдыңғы айдың есебінің осы символдары бойынша 11 шифрына тең болады.

03 шифры – жеке тұлғалардың салымдары шоттарындағы есептік кезең басындағы ақша қалдығының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. 03 шифры барлық символдар бойынша алдыңғы айдың есебінің осы символдары бойынша 12 шифрына тең болады.

1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 01 шифры осы символдардың 02, 03 шифрлардың сомасына сәйкес келеді.

04 шифры – заңды және жеке тұлғалардың салымдары шоттарына есептік кезеңде тартылған ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. Егер осы немесе басқа банк шоттары бойынша салымдар шоттарына ақша тартылмаған болса, онда есепте нөлдер көрсетіледі.

05 шифры – заңды тұлғалардың салымдары шоттарына есептік кезеңдегі тартылған ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. Егер осы немесе басқа шоттар бойынша салымдар шоттарына ақша тартылмаған болса, онда есепте нөлдер көрсетіледі.

06 шифры – жеке тұлғалардың салымдары шоттарына есептік кезеңдегі тартылған ақша сомасы көрсетіледі. Егер осы немесе басқа шоттар бойынша салым шоттарына ақша тартылмаған болса, онда есепте нөлдер көрсетіледі

1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 04 шифры 05, 06 шифрларының осы символдары бойынша сомасына сәйкес келеді.

07 шифры – заңды және жеке тұлғалардың салымдары шоттарынан есептік кезеңдегі алып алынған ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

08 шифры – заңды тұлғалардың салымдары шоттарынан есептік кезеңдегі алып алынған ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі

09 шифры – жеке тұлғалардың салымдары шоттарынан есептік кезеңдегі алып алынған ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 07 шифры 08, 09 шифрларының осы символдары бойынша сомасына сәйкес келеді

10 шифры – заңды және жеке тұлғалардың салымдары шоттарындағы есептік кезең аяғындағы ақша қалдығы сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

11 шифры – заңды тұлғалардың салымдары шоттарындағы есептік кезең аяғындағы ақша қалдығы сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

12 шифры – жеке тұлғалардың салымдары шоттарындағы есептік кезең аяғындағы ақша қалдығы сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі

1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 10 шифры осы символдары бойынша 11, 12 шифрларының сомасына сәйкес келеді.

13 шифры бойынша бағам өзгерген кезде есептік валютадағы шетел валютасы бірлігін дәл осы санымен бухгалтерлік есеп жүйесінде, қаржылық және өзге есептілікте көрсету нәтижесінде пайда болған бағамдық айырма көрсетіледі. 1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 13 шифры 01, 04, 14 шифрларын қоспағанда, 10, 07 шифрлары сомасына тең:

13 = 10 - 01 - 04 + 07 - 14

14 шифры бойынша есептік кезеңде пайда болған, пайда болу себептері салымдар тарту немесе алып алу бойынша операциялар да, бағамның өзгеруі де емес болып табылмайтын сомалар көрсетіледі. Бұл сомалар, мысалы, клиенттің экономиканың қай секторына жататыны, салым валютасы, салым мерзімдері өзгергенде, қате жазбалар және сол сияқтылар болған кезде пайда болатын сомалар.

15 шифры – есептік кезең басында заңды және жеке тұлғалар бөлігінде валюта түрлері және өтеу мерзімдері бойынша салымдар шоттарындағы ақша қалдығы сомасы көрсетіледі.

1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 15 шифры сол символдар бойынша 16, 17, 18 шифрлары сомасына тең. 18 шифры 1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша осы символдардың 19-дан 23-ті қоса алғанға дейінгі шифрлар сомасына тең.

16 шифры – заңды және жеке тұлғалар бойынша талап ету салымдары шоттарындағы есептік кезең басындағы ақша қалдығы сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

17 шифры – заңды және жеке тұлғалар бойынша салымдар шоттарындағы есептік кезең басындағы ақша қалдығы сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

18 шифры – сомасы заңды және жеке тұлғалар бойынша мерзімді салымдар шоттарындағы есепті кезеңнің басындағы ақша қалдығы көрсетіледі.

1 және 7 символдары бойынша 15 шифры осы символдар бойынша 01 шифрына тең;

15 шифры:

3 және 9 символдары бойынша осы символдар бойынша 01 шифрына тең;

5 және 11 символдары бойынша осы символдар бойынша 01 шифрына тең;

1 символы бойынша 1 және 7 символдары бойынша 02 шифрына тең;

3 символы бойынша 3 және 9 символдары бойынша 02 шифрына тең;

5 символы бойынша 5 және 11 символдары бойынша 02 шифрына тең;

7 символы бойынша 1 және 7 символдары бойынша 03 шифрына тең;

9 символы бойынша 3 және 9 символдары бойынша 03 шифрына тең;

11 символы бойынша 5 және 11 символдары бойынша 03 шифрына тең.

24 шифры – заңды және жеке тұлғалар бойынша есептік кезеңде салымдар шоттарына тартылған ақша сомасы валюта түрлері бойынша және өтеу мерзімі бойынша көрсетіледі. Егер сол немесе басқа шоттар бойынша ақша тартылмаса, онда есепте нөлдер көрсетіледі.

1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 24 шифры осы символдар бойынша 25, 26, 27 шифрлары сомасына тең. 1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 27 шифры осы символдар бойынша 28-2 дейінгі шифрлар сомасына тең.

25 шифры – есептік кезеңде талап ету бойынша салымдар шоттарына тартылған ақша сомасы заңды және жеке тұлғалар бойынша валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

26 шифры – есептік кезеңде шартты салымдар шоттарына тартылған ақша сомасы заңды және жеке тұлғалар бойынша валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

27 шифры – есептік кезеңде мерзімді салымдар шоттарына тартылған ақша сомасы заңды және жеке тұлғалар бойынша валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

24 шифры:

1 және 7 символдары бойынша осы символдар бойынша 04 шифрына тең;

3 және 9 символдары бойынша осы символдар бойынша 04 шифрына тең;

5 және 11 символдары бойынша 24 шифры осы символдар бойынша 04 шифрына тең;

1 символы бойынша 1 және 7 символдары бойынша 05 шифрына тең;

3 символы бойынша 3 және 9 символдары бойынша 05 шифрына тең;

5 символы бойынша 5 және 11 символдары бойынша 05 шифрына тең;

7 символы бойынша 1 және 7 символдары бойынша 06 шифрына тең;

9 символы бойынша 3 және 9 символдары бойынша 06 шифрына тең;

11 символы бойынша 5 және 11 символдары бойынша 06 шифрына тең.

33 шифры – есептік кезеңде салымдар шоттарынан алып алынған ақша сомасы заңды және жеке тұлғалар бойынша валюта түрлері бойынша және өтеу мерзімі бойынша көрсетіледі. 1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 33 шифры осы символдар бойынша 34, 35, 36 шифрларына тең. 1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 36 шифры осы символдар бойынша 37-41 шифрлары сомасына тең

34 шифры – есептік кезеңде талап ету бойынша салымдар шоттарынан алып алынған ақша сомасы заңды және жеке тұлғалар бойынша валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

35 шифры – есептік кезеңде шартты салымдар шоттарынан алып алынған ақша сомасы заңды және жеке тұлғалар бойынша валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

36 шифры – есептік кезеңде мерзімді салымдар шоттарынан алып алынған ақша сомасы заңды және жеке тұлғалар бойынша валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

33 шифры:

1 және 7 символдары бойынша осы символдар бойынша 07 шифрына тең;

3 және 9 символдары бойынша осы символдар бойынша 07 шифрына тең;

5 және 11 символдары бойынша осы символдар бойынша 07 шифрына тең;

1 символы бойынша 1 және 7 символдары бойынша 08 шифрына тең;

3 символы бойынша 3 және 9 символдары бойынша 08 шифрына тең;

5 символы бойынша 5 және 11 символдары бойынша 08 шифрына тең;

7 символы бойынша 1 және 7 символдары бойынша 09 шифрына тең;

9 символы бойынша 3 және 9 символдары бойынша 09 шифрына тең;

11 символы бойынша 5 және 11 символдары бойынша 09 шифрына тең.

42 шифры – заңды және жеке тұлғалар бойынша валюта түрлері және өтеу мерзімдері бойынша салымдар шоттарындағы есептік кезеңнің аяғындағы ақша қалдығының сомалары көрсетіледі. 1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 42 шифры сол символдар бойынша 43, 44, 45 шифрларының сомасына тең болады. 1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 45 шифры осы символдар бойынша 46-50 шифрлары сомасына тең.

43 шифры – заңды және жеке тұлғалар бөлігінде валюта түрлері бойынша талап ету бойынша салымдар шоттарындағы есептік кезеңнің аяғындағы ақша қалдығының сомалары көрсетіледі.

44 шифры – заңды және жеке тұлғалар бөлігінде валюта түрлері бойынша шартты салымдар шоттарындағы есепті кезеңнің аяғындағы ақша қалдығы сомасы көрсетіледі.

45 шифры – заңды және жеке тұлғалар бөлігінде валюта түрлері бойынша мерзімді салымдар шоттарындағы есептік кезеңнің аяғындағы ақша қалдығы сомасы көрсетіледі.

42 шифры:

1 және 7 символдары бойынша осы символдар бойынша 10 шифрына тең;

3 және 9 символдары бойынша осы символдар бойынша 10 шифрына тең;

5 және 11 символдары бойынша осы символдар бойынша 10 шифрына тең;

1 символы бойынша 1 және 7 символдары бойынша 11 шифрына тең;

3 символы бойынша 3 және 9 символдары бойынша 11 шифрына тең;

5 символы бойынша 5 және 11 символдары бойынша 11 шифрына тең;

7 символы бойынша 1 және 7 символдары бойынша 12 шифрына тең;

9 символы бойынша 3 және 9 символдары бойынша 12 шифрына тең;

11 символы бойынша 5 және 11 символдары бойынша 12 шифрына тең.

5. Сыйақы ставкаларын есептеу.

01 шифры бойынша сыйақы ставкалары 02 және 03 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

02 шифры бойынша сыйақы ставкалары заңды тұлғалардың есептік кезеңнің басындағы салымдары бойынша нақты қалыптасқан сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.

03 шифры бойынша сыйақы ставкалары жеке тұлғалардың есептік кезеңнің басындағы салымдары бойынша нақты қалыптасқан сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.

04 шифры бойынша сыйақы ставкалары 05 және 06 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

05 шифры бойынша сыйақы ставкалары заңды тұлғалардың салым шоттарына есептік кезеңдегі нақты тартылған ақша сомасы бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

06 шифры бойынша сыйақы ставкалары жеке тұлғалардың салым шоттарына есептік кезеңдегі нақты тартылған ақша сомасы бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

07 шифры бойынша сыйақы ставкалары 08 және 09 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

08 шифры бойынша сыйақы ставкалары заңды тұлғалардың салым шоттарынан есептік кезеңдегі нақты алып алынған ақша сомасы бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

09 шифры бойынша сыйақы ставкалары жеке тұлғалардың салым шоттарынан есептік кезеңдегі нақты алып алынған ақша сомасы бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

10 шифры бойынша сыйақы ставкалары 11-2 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

11 шифры бойынша сыйақы ставкалары заңды тұлғалардың салымдары бойынша есептік кезеңнің аяғындағы нақты қалыптасқан сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.

12 шифры бойынша сыйақы ставкалары жеке тұлғалардың есептік кезеңнің аяғындағы салымдары бойынша нақты қалыптасқан сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.

15 шифры бойынша сыйақы ставкалары 16-18 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

24 шифры бойынша сыйақы ставкалары 25-27 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

33 шифры бойынша сыйақы ставкалары 34-36 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

42 шифры бойынша сыйақы ставкалары 43-45 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

18 шифры бойынша сыйақы ставкалары 19-23 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

27 шифры бойынша сыйақы ставкалары 28-32 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі

36 шифры бойынша сыйақы ставкалары 37-41 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

45 шифры бойынша сыйақы ставкалары 46-50 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

10 шифры бойынша орташа алынған сыйақы ставкасын есептеудің шартты мысалы.

Салымдар және олар бойынша сыйақы ставкалары шоттарындағы ақша қалдығы мынадай болды:

заңды тұлғалардың салымдарындағы ақша қалдығы – 500 мың теңге 11%-бен;

жеке тұлғалардың салымдарындағы ақша қалдығы – 700 мың теңге 12%-бен;

Орташа алынған сыйақы ставкасы мынаған тең:

24 және 27 шифрлары бойынша орташа алынған сыйақы ставкаларын есептеудің шартты мысалы.

Заңды және жеке тұлғалардың салымдары шоттарына тартылған ақшаның және олар бойынша сыйақы ставкаларының есептік айдағы сомасы мынадай болды:

талап ету бойынша – 20 мың теңге 2%-бен;

шартты – 15 мың теңге 9%-бен;

1 айға дейін – 30 мың теңге 10%- бен;

1 айдан 3 айға дейін – 40 мың теңге 12 %- бен;

3 айдан 1 жылға дейін – 60 мың теңге 14 %- бен;

1 жылдан 5 жылға дейін – 70 мың теңге 15 %- бен;

5 жылдан бастап және одан көп – 50 мың теңге 14 %- бен.

Орташа алынған сыйақы ставкасы 27 шифры бойынша мынаған тең:



Орташа алынған сыйақы ставкасы 24 шифры бойынша мынаған тең:

Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет