«Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты



жүктеу 89.58 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі89.58 Kb.
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 шілдегі

1008 қаулысымен

бекітілген

«Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу»

мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – уәкілетті орган), 013000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 16-бабы


3-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі – министрлік) интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлiк (бұдан әрі – куәлік) беру не қағаз түрінде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетiледi.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш (уәкілетті органға өтініш берілген сәттен бастап) – күнтізбелік 15 күн;

2) уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

3) кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен тіркеу алымы төленеді.



9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 8.30-ден 17.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-ден 13.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету дене мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған уәкілетті органның ғимаратында жүзеге асырылады.

Ғимаратта қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жарақтандырылған күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орын болады.



  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн мемлекеттік қызмет алушы немесе кеменің жасалып жатқанын растайтын құжаттармен қоса, тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаты бар, ол (олар) уәкiлеттiк берген тұлға мыналарды ұсынады:

1) салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш, онда мыналар көрсетіледі:

салынып жатқан жері;

кеме жасайтын ұйымның атауы;

салу нөмірі;

кеме түрі;

киль ұзындығы және кеме жөніндегі басқа да негізгі техникалық деректер (кеме ені, борттың биіктігі);

қозғалтқыштардың саны және қуаты (қолданылған жағдайда);

корпустың басты материалы;

2) кемені салу жөніндегі шарт;

3) кеме салатын ұйымның кильді сала бастау жөніндегі жазбаша растау немесе тең құрылыс жұмыстарын жүргізуді растайтын сарапшының қорытындылары;

4) бюджетке тіркеу алым сомасы төленгенін растайтын құжат.

Кемелердi мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:

1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады;

2) егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемелерiнде заңдастыруға жатады.

Қарауға, сондай-ақ белгiленген тәртiппен куәландырылған, оларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың көшiрмесi де қабылданады. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы қоса берiледi;

3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;

4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертiлмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттiк тiркеуге қабылдауға жатпайды;

5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipi түпнұсқа, ал екiншiсi – көшiрмесi болуы тиiс, не нотариалды куәландырылған көшiрмелерi берiледi. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушiге қайтарылады.

12. Мемлекеттiк қызметке өтініш еркін нысанда толтырылады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне ұсынылады.

14. Белгі рұқсатты алу күні көрсете отырып, өтініштің көшірмесіне қойылады.

15. Мемлекеттік қызмет алушыға куәлікті беру пошта жөнелтілімімен жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден:

1) егер мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес адам жүгiнген;

2) Қағидаларда көзделген талаптарды сақтамаған;

3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет алушыға қатысты жұмыстың мынадай:

1) адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн сақтау;

2) сыпайылық білдіру;

3) толық ақпарат ұсыну;

4) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

5) құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.


4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті орган жұмысының нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.



  1. Шағымдану тәртiбi


20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін министрліктің құрылымдық бөлімшесінің жауапты адамы түсіндіреді, сондай-ақ 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, мекенжайы бойынша 309-кабинетте, 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша, pr_davt@mtc.gov.kz. электрондық мекенжай бойынша шағым дайындауға көмектеседі.

21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым министрліктің лауазымды адамына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жасалады, 307-кабинет, телефон нөмірі 8 (7172) 24-25-09.

Министрліктің лауазымды адамының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда теңіз әкімшілігінің лауазымды адамына осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша әкімшілік ғимараттың № 205-кабинетіне шағым жасалады, телефон нөмірі 8 (7292) 44-51-07.

Уәкілетті органның лауазымды адамының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 12.30-ден 13.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 8.30-ден 7.30-ге дейін.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Мемлекеттік қызмет алушының қабылданған шағымы министрліктің және уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.

Белгі шағымды қарау барысы, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерін көрсете отырып, өтініштің (шағымның) көшірмесіне қойылады.



26. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ сall-орталығына 8 (7172) 24-24-19 телефон нөмірі бойынша куәлік беру рәсімін түсіндіру жөнінде өтініш беру арқылы алуға болады.
_____________________

«Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні


Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің кейінгі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Қўжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратты электрондық форматта алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі)

-







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Белгіленген мерзімде қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)









_____________________







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет