Салыстырма кесте

бет1/12
Дата17.04.2016
өлшемі2.21 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ЖОБА

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөніндегі

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

Рет№

Құрылымдықэлемент

Ағымдағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім)

1

151-баптың

2 және

3- тармақтары

151-бап. Мәмiленiң нысаны

1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.

5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

151-бап. Мәмiленiң нысаны

1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай, электрондық немесе нотариалдық).

2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай, электрондық не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.

5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

Азаматтық заңнама мәмілелерді нысаны бойынша ауызша және жазбаша деп бөле отырып, мәмілелерді азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті ретінде айқындайды (ҚР АК-нің 147-бабы).

Электрондық мәмілені мәміленің нақты нысанына жатқызу мәселесі заңнамалық деңгейде шешілген (ҚР АК-нің 152-бабы).

Бүгінгі уақытта электрондық нысанда жасалатын мәмілелердің саны жазбаша мәмілелермен салыстырғанда көп емес. Электрондық шарттың объективті түрде айқындалған өзіндік ерекшелігі мен жасалу тәртібі, электрондық шартты дәлелдеме ретінде пайдалану ерекшелігі мәміленің электрондық нұсқасын жазбаша мәміледен айырмашылығы бар ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіндігіне қарамастан, қазіргі кезеңде электрондық шартты шарттың дербес нысаны ретінде бөліп қарастыру қажеттігі болмай отырған сияқты.

2

152-баптың

2- тармағының екінші бөлігі, 3-1-тармағы

152-бап. Мәмiленiң жазбаша түрi

2. Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс.

Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi.

3. Екiжақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.

Заңдармен және тараптардың келiсiмiмен қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды бланкiге жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиiс.

3-1. Жоқ.

3-1. Мәмiле жасау кезiнде, егер бұл заңнамаға немесе қатысушылардың бiрiнiң талабына қайшы келмесе, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға және (немесе) электрондық құжаттармен алмасуға жол берiледi.

Бұл түзетулер бапта электрондық мәміленің мәнін (көрінісін) дербес айқындау жолымен ерекше жазбаша нысан ретінде мәміленің электрондық нысаны туралы ережелерді дамытуға бағытталған.

3

346-баптың

1-тармағы

346-бап. Талап етудi беру нысаны

1. Жазбаша (жай немесе нотариалды) түрде жасалған мәмiлеге негiзделген талап етудi беру тиiстi жазбаша түрде жасалуға тиiс.

346-бап. Талап етудi беру нысаны

1. Жазбаша (жай, электронды немесе нотариалды) түрде жасалған мәмiлеге негiзделген талап етудi беру тиiстi жазбаша түрде жасалуға тиiс.

ҚР Азаматтық кодексінін 151, 152-баптарына енгізіліп жатқан түзетулермен сәйкес келтіру мақсатында ұсынылады.

4

393-1-бап

Жоқ.

393-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде жасалатын шарт талаптары

1. Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде жасалатын шартқа мынадай талаптар да енгізілуі мүмкін:

1) шартқа және басқа да құжаттарға немесе тараптардың шарт бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты электрондық хабарламаларға қол қою тәсілі;

2) тараптардың шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы кезінде олардың арасындағы электрондық хабарламалармен алмасу тәртібі;

3) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану немесе электрондық хабарламаға немесе электрондық құжатқа қол қойған уәкілетті адамды сәйкестендіру тәртібі, сондай-ақ оларды жеткізу мен анықтығын тексеру тәртібі;

4) тараптар белгілеген ақпараттық жүйеде (ақпараттық дерекқорда) немесе интернет-ресурстарда қамтылатын электрондық хабарламаларға сілтеме жасау жолымен шартқа енгізілетін талаптарға сілтемелер мен нұсқаулар;

5) тараптардың хат алысуларын және шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты өзге де құжатталған ақпаратты сақтау тәртібі;

6) тараптардың өздерінің дербес деректеріне, хат алысуға және шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты өзге де құжатталған ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәртібі.

2. Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде жасалатын шартта оның кейбір талаптары тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің ақпараттық жүйесінде (ақпараттық дерекқорда) орналастырылатын шарттың құрамдас бөлігі ретінде белгіленген ұсыну нысандарындағы жекелеген электрондық хабарламалармен немесе электрондық құжаттармен ресімделуі көзделуі мүмкін.

3. Егер электрондық сауда кезінде жасалатын шартта шарт жасалғаннан кейін нотариустің немесе басқа сенім білдірілген тараптың ақпараттық жүйесіне (ақпараттық дерекқорға) заңды күші бар дана ретінде сақтауға беру көзделген жағдайда, шартқа мынадай талаптар енгізіледі:

1) шарт тараптарының бірінің шартты сақтау шартын жасасу міндеттемесі мен оны жасау тәртібі;

2) сақтау орны мен талаптарын және тараптардың сақтауға берілген құжатқа қол жеткізуі.

Түзету электрондық нысанда жасалатын мәмілелердің ерекшеліктеріне байланысты қажет болады.

5

397 бап

397-бап. Шарт жасасу тәртібі

1. Офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi онда көрсетiлген мерзiм iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.

2. Жазбаша офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмеген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi заңдарда белгiленген мерзiм бiткенге дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны жеткiлiктi дәрежеде қажеттi уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.

Оферта акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмей ауызша жасалған жағдайда, егер екiншi тарап оның акцептi туралы дереу мәлiмдесе, шарт жасалған болып есептеледi.

3. Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа акцептi кеш алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзiмiнде жiберiлген хабар кешiктiрiлiп алынған жағдайда, акцепт кешiктiрiлген болып есептелмейдi.

Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа оның кешiктiрiлiп алынған акцептi қабылданғаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледi.

3-1 Жоқ.

4. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келiскендiк туралы жауап акцепт болып табылмайды.

Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бiрге жаңа оферта деп танылады.

3-1. Электрондық саудадағы шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе офертада өзгеше көрсетілмесе, сатушы сатып алушының акцептін қамтитын электрондық хабарламаны алған немесе олар шартты жасауға және (немесе) орындауға бағытталған іс-әрекеттерді орындаған кезде жасалды деп танылады.

4. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келiскендiк туралы жауап акцепт болып табылмайды.

Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бiрге жаңа оферта деп танылады.

Түзету электрондық нысанда жасалатын шартты жасасу кезін айқындау үшін қажет.

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім)

6

972- баптың

1-1-тармағы

972-бап. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi

1. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарийлiк туындылар;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;

6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар;

7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;

11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) өзге де туындылар.

1-1. Жоқ.

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiндi және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.

1-1. Авторлық құқық объектілері электрондық ақпараттық ресурстар нысанында көрсетілген жағдайларда да оларды қорғау ұсынылады.

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiндi және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.

Электрондық ақпараттық ресурс нысанында көрсетілген авторлық құқық объектілерін қорғауға бағытталған түзету.

1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі

7

236-баптың бірінші бөлігі

236-бап. Шешiмдi орындау

1. Шешiм, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшiне енгеннен кейiн, заңмен белгiленген тәртiп бойынша орындалады.

236-бап. Шешiмдi орындау

1. Шешiм, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшiне енгеннен кейiн, заңмен белгiленген тәртiп бойынша орындалады.

Ұлттық және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің құрауыштары болып табылатын ЭЕМ үшін бағдарламаларға арналған мемлекеттің (мемлекеттік органдардың) мүліктік құқықтары тоқтатылатын сот шешімі ол заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң орындалады.

Ұсынылып отырған түзету ЭЕМ-ға арналған бағдарламаларды мемлекеттік органдардың пайдалануының құқыққа сыйымды екендігін даулау туралы кейбір істер бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты болып отыр.

ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар авторларының (құқық иелерінің пайдасына шешім шығарған кезде мемлекеттік органдар үшін сот шешімін кәдімгі мерзімдерде орындау, пайдаланылатын бағдарламаның алмастыратын бағдарламаны табу мүмкін болмайды, бұл осы бағдарламаларға негізделген ақпараттық жүйелерді пайдалануға мүмкін еместігіне әкеп соғады. Осыған байланысты ЭВМ-ға арналған бағдарламаларға құқықтарды даулау туралы тарапы мемлекет болып табылатын істер бойынша сот шешімін орындаудың ерекше мерзімін белгілеу ұсынылып отыр.

2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

8

Мазмұны

Жоқ.

379-1-бап. Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу кезінде көрнеу жалған мәліметтер ұсыну

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде көрнеу жалған мәліметтер ұсынылғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің енгізілуіне байланысты.

9

Мазмұны

27-тарау. Көліктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкімшілік құқық бұзушылық

27-тарау. Көліктегі және жол шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.

10

Мазмұны

492-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу

494-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды шет елдерден әкелу

494-1-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу

495-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу

496-бап. Сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын, бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану

497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу

497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу

497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын бұзу

499-бап. Байланыс құрылыстарын заңсыз салу

500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру

501-бап. Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерiн жасау немесе өткiзу

Алып тасталсын.

Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.

11

Мазмұны

Жоқ.

27-1-тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

502-1-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын бұзу

502-2-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу

502-3-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу

502-4-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу

502-5-бап. Электр байланыс желiлерiне шеткі құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу

502-6-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану қағидаларын бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды шет елдерден әкелу

502-7-бап. Телекоммуникация-лар желілерін күзету аймақтарын белгілеу тәртібін және оларда жұмыс істеу режімін бұзу

502-8-бап. Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бұзу

502-9-бап. Сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын, бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану

502-10-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру

502-11-бап. Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерiн жасау немесе өткiзу

502-12-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісті және адал орындамауы

Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.

12

129-баптың 4-бөлігі

129-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

1. Интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң oн бестен жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Адамдардың шектелмеген тобының қол жеткізуіне мүмкіндік беру мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін интернет желісінде орналастыру арқылы заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

ескерту жасауға әкеп соғады.

4. Электрондық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын айырбастауға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоқ.

129-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

1. Интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң oн бестен жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Адамдардың шектелмеген тобының қол жеткізуіне мүмкіндік беру мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін интернет желісінде орналастыру арқылы заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

ескерту жасауға әкеп соғады.

4. Интернет-ресурстарға авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалануды тоқтату туралы құқық иесінің талаптарын орындамау, -

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту: Интернет-ресурстарға авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалануды тоқтату туралы құқық иесінің талаптары міндетті түрде бұл объектілер орналасқан веб-параққа интернет-сілтемені қамтуға тиіс.

129-баптың 4-бөлігінің диспозициясын нақтылау және дұрыс түсіндіру үшін оны жаңа редакцияда жазу және бапты құқық бұзудың мынадай елеулі белгілерін қамтитын ескертумен толықтыру ұсынылады:

1) жауапкершілікке тартуға тек құқық иесі құқылы (қолданыстағы редакцияда бастамашы айқындалмаған, бұл осы норманы кез келген субъектіге, оның ішінде мемлекетке интернет-ресурсты оның жұмыс істеу фактісі үшін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін беру ретінде түсінуге мүмкіндік береді);

2) құқық бұзушылықты жасау тәсіліне (интернет-ресурсты ұйымдастыру, құру) және оны ұйымдастыру, құру мақсатына (шығармалардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің электрондық пішімде алмасуға, сақтауға, ауыстыруға одан әрі қол жеткізу) нұсқама алып тасталды, олар дербес дәлелдеуді талап етеді.

3) интернет-ресурсты әкімшілік жауапкершілікке тартқанға дейін құқық иесі оған авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалануды тоқтату туралы талаппен жүгінуге тиіс;

4) құқық иесінің талабында заңсыз пайдалануды растау үшін лицензиялық емес контент орналастырылған веб-параққа сілтеме қамтылуға тиіс.

Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет