Салыстырмалы кесте



жүктеу 69.27 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі69.27 Kb.
«Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсіздігі талаптарының сақталуын

тексеру ережесiн бекіту туралы» 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысына өзгертулер



мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

салыстырмалы кесте





Құрылымдық

элемент (бабы, тармақ, тармақшасы)

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Түзетулер енгізудің негізі

1.

2 тармақ

2. Тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге , сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырады.


2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы талабына сәйкес



2.

4 тармақ

4. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жүру қауiпсiздiгiнiң айқындалған бұзушылықтарын жою:
     1) магистралдық және станциялық жолдарда - ай сайын, ол туралы темiр жол көлiгi ұйымының тексеру журналына жазба жазылуы тиiс;
     2) кiрме жолдарда - тоқсан сайын, нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар туралы акт ресiмделуге тиiс.

4. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жүру қауiпсiздiгiнiң айқындалған бұзушылықтарын жою «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүргізіледі



2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 88-2-бабы талабына сәйкес

3.

5 тармақ




5.Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардың техникалық жағдайын тексеруден басқа, жолаушылар және жүк тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн ғимараттар мен құрылымдар бiр уақытта қаралуға тиiс.



5. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардың техникалық жағдайын тексеруден басқа, жолаушылар және жүк тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн ғимараттар мен құрылымдар, жылжымалы құрамдар, оның ішінде арнайы жылжымалы құрамдар бiр уақытта қаралуға тиiс.

2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 14-бабы 2-тармағы талабына сәйкес


4.

6 тармақ




6. Магистралдық және станциялық жолдардың учаскелері бойынша жолаушылар поездарының сағатына 60 км/сағ және одан көп жылдамдықпен жүретін бағыттарын тексеру айына кемінде екі рет жүргізілуі тиіс.



Алынып тасталсын

«Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 66-бабы талабына сәйкес, тасымалдаушылардың Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртiбі "Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығымен белгіленген

5.

7 тармақ

7.Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары:
1) жыл сайын бекiтiлетiн ведомствоiшiлiк жоспардың;

2) мемлекеттiк органдардың тапсырмалары негiзiнде, сондай-ақ шаруашылық субъектiлерi лицензиялық және көлiк заңнамаларын бiрнеше мәрте бұзған жағдайда жүргiзiледi.



Алынып тасталсын

Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының 2-тарауымен қарастырылған


6.

12 тармақ


12. Апат немесе авария кезiнде магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру РБУ-1 нысанды актiнi ресiмдеумен екi жетi мерзiмде жүргiзiледi және уәкiлеттi органға жiберiледi.
     Тексеру нәтижелерi уәкiлеттi органмен бiр айдың iшiнде қаралады.

Апат немесе авария кезiнде магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру аумақтық көліктік бақылау органы басшысының қатысуымен РБУ-1 нысанды актiнi ресiмдеумен екi жетi мерзiмде жүргiзiледi және уәкiлеттi органға жiберiледi.
     Тексеру нәтижелерi уәкiлеттi органмен бiр айдың iшiнде қаралады.

Жіберілген қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылығы фактілері бойынша уақытылы немесе толық емес тексеру материалдары, сонымен қатар, дәйексіз ақпараттар ұсынылған жағдайларда уәкілетті орган:

1) тергеу нәтижелерінің күшін жояды;

2) апат немесе авария кезiнде магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеруді қайта тергеу тағайындайды.

2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 14-бабы 2-тармағы талабына сәйкес
Осы шара жүру қауіпсіздігінің бұзушылықтары жағдайы бойынша материалдарды дайындаушыларға қатысты жауапкершілікті қатаңдатады


7.

Магистралдық, станциялық  
және кiрме жолдарда жүру  
қауiпсiздiгi талаптарының 
сақталуын тексеру ережесiне
1-қосымшасының кіріспе бөлімі 

____________жылғы ________(күні, айы) ____________________(станция, аралық)
_____________________(темiр жол көлiгi
ұйымның атауы) басшысы __________________________________ (басшының
Т.А.Ә.) ____________________________
(қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жауапты темiр жол көлiгi ұйым
қызметкерлерiнiң Т.А.Ә.) қатысуымен прокурор ________________бiрлесiп жасады, апат/авария болған жерге келiп және авария себебiне алғашқы тексеру жүргiзiп, мынаны анықтады:

____________жылғы ________(күні, айы) ____________________(станция, аралық)
_____________________(темiр жол көлiгi
ұйымның атауы) басшысы __________________________________ (басшының
Т.А.Ә.) ____________________________
(қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жауапты темiр жол көлiгi ұйым
қызметкерлерiнiң Т.А.Ә.) қатысуымен прокурор ________________, аумақтық көліктік бақылау органы басшысы _______________ бiрлесiп жасады, апат/авария болған жерге келiп және авария себебiне алғашқы тексеру жүргiзiп, мынаны анықтады:

2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 14-бабы 2-тармағының талабына сәйкес


8.

Магистралдық, станциялық  
және кiрме жолдарда жүру  
қауiпсiздiгi талаптарының 
сақталуын тексеру ережесiне
1-қосымшасы 5-тармақ 

5. Апат/авария себептері және Техникалық пайдалану
ережесін жіберілген бұзушылықтар туралы қорытындылар ____________________________________________________________________________________________________________

      Заттай дәлелдемелік маңызы бар алып қойылған заттардың және құжаттардың тізбесі_________________________________________________________________

      Осы актіге қосымшалар тізбесі_________________________________________________________________

Тасымалдау бөлімшесінің


бастығы  __________ (қолы)

Прокурор __________(қолы)

Бас ревизор ________ (қолы)

    Ескертпе: осы нысанды апат немесе авария жағдайында толтыру кезінде қажеттісінің асты сызылсын.




5. Апат/авария себептері және Техникалық пайдалану
ережесін жіберілген бұзушылықтар туралы қорытындылар ____________________________________________________________________________________________________________

      Заттай дәлелдемелік маңызы бар алып қойылған заттардың және құжаттардың тізбесі__________________________________________________________________

      Осы актіге қосымшалар тізбесі__________________________________________________________________

Тасымалдау бөлімшесінің


бастығы  __________ (қолы)

Прокурор __________(қолы)

Бас ревизор ________ (қолы)

Аумақтық көліктік

бақылау органы басшысы _______ (қолы)

    Ескертпе: осы нысанды апат немесе авария жағдайында толтыру кезінде қажеттісінің асты сызылсын.



2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 14-бабы 2-тармағының талабына сәйкес



Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрі Ж. Қасымбек



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет