Салмырза жайна ізбасарқызы сыр өңірі қазақтарының азаттық қозғалысы



жүктеу 491.81 Kb.
бет1/3
Дата25.04.2016
өлшемі491.81 Kb.
түріДиссертация
  1   2   3
: images -> stories -> downloads -> avtoreferaty
avtoreferaty -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
avtoreferaty -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
avtoreferaty -> Әож 94(574. 1): 332 021(043) Қолжазба құқығында
avtoreferaty -> Бердіғожин лесқали базарғалиұлы қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласындағы жұмысшы, инженер- техникалық кадрларының қалыптасуы және өсуі
avtoreferaty -> Аликулова нұрлыгүл сапақҚызы ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы
avtoreferaty -> Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі
avtoreferaty -> Демеуова нұРГҮЛ ҚажымұҚАНҚызы XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау
avtoreferaty -> Дюсенгалиева мерзат ғҰбайдоллақызы бөкей Ордасындағы сауда-саттық және кәсіпкерлік
avtoreferaty -> Әож 94 (574. 1): 664. 95 (574. 1) Қолжазба құқығында
avtoreferaty -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


ӘОЖ 94 (574) «18/19»(043) Қолжазба құқығында

САЛМЫРЗА ЖАЙНА ІЗБАСАРҚЫЗЫ

Сыр өңірі қазақтарының азаттық қозғалысы

(ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы)

07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Орал, 2010

Жұмыс Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы,

профессор С.М. Мадуан


Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор С. Жолдасов

тарих ғылымдарының кандидаты

Ү.Х. Идресова

Жетекші ұйым: Қайнар университеті

Диссертация 2010 жылы 29 қараша күні сағат 12.00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы БД 14.61.26 Біріккен Диссертациялық Кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162.

Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы 28 қазанда таратылды.


Диссертациялық Кеңестің

Ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы Ә.С. Тасмағамбетов



КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ халқының өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз атанған мемлекеттің тарихында жеткен жетістіктердің бірі – ол «ақтаңдақтардың» орнын толтыру болып табылады.

Әсіресе ұлт-азаттық қозғалыстарға арналған мәселелерді зерттеу және оны ғылыми айналымға енгізуде еліміздің тарихшылары тарапынан жаңаша тұжырымдамаға сәйкес көптеген ғылыми еңбектерді дүниеге әкелуде. Ол еңбектерден бұрындары қозғалмаған немесе біржақты қарастырылған тарихи оқиғаларға және тарихи тұлғалардың атқарған қызметіне объективті түрде баға беруге деген талпынушылық айқын аңғарылады. Мұндай бағыттағы ғылыми еңбектердің нәтижелері тарихи сананы қалыптастыруға және өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге қызмет етері сөзсіз. Соған орай еліміздің тарихына көптеген деректік материалдарды ғылыми айналымға тарта отырып, одан әрі тереңдете зерттеу жұмыстарын жүргізгеніміз абзал. Соның ішінде Қазақстанның саяси-әлеуметтік ахуалын терең түсінуде патшалық Ресейдің үстемдігі тұсындағы жекелеген аймақтардағы ерекшеліктерді нақтылы материалдар негізінде зерттеудің маңызы зор. Осы себепті, біз ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аралығындағы Сыр өңіріндегі қазақ халқының азаттық қозғалысын зерттеуді жұмысымыздың нысаны етіп алдық. Тарих ғылымында бұл мәселенің арнайы зерттелуі ресейлік отарлауды ғылыми негізде тура және терең түсінуге жол ашпақ. Өйткені елімізді өз билігіне енгізген Ресей империясы қазақ қоғамының дәстүрлi құрылымын күйретудi мақсат етіп, қазақ даласын бөліске салып, мемлекетімізді жоюға тырысты. Нәтижесiнде Ресей империясының Сыр бойына басып кіргеніне наразы болған, аяғы толассыз ұлт-азаттық қозғалысқа ұласқан жергілікті халықтың азаттық күресі басталады.

Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деген еді: «Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың әз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады» [1].

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықта болған Сыр өңіріндегі азаттық қозғалыс қазақ даласына басып кірген орыс әскеріне барынша тосқауыл қою, патша үкіметінің қазақ даласына салған бекіністер тізбектерін жою, Ресейдің орталық губернияларынан қоныс аударған шаруаларды тоқтату, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде окоп қазу және тыл жұмыстарына адам бермеу сияқты қарсылық түрлерінен тұрды. Сондай-ақ сол тарихи кезеңде жер мәселесінің күрделене түсуінің, халық ағарту ісі саласындағы бүркемеленген орыстандыру ісі мен жергілікті халықты шоқындыру бағытындағы іс-шаралардың астарын, өңірдегі діни ахуалдың және шаруашылық пен өндіріс салаларындағы жай-күйді терең түсінуге мүмкіндік аламыз. Осының өзі зерттеп отырған тақырыбымыздың ғылыми өзекті мәселеге арналғанын және ғылыми сұранысқа ие екенін аңғарта түседі. Сол себептен де зерттеліп отырған Сыр өңіріндегі қазақ халқының азаттық қозғалысын тың деректер негізінде ашып көрсету өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Сондықтан Сыр бойындағы азаттық қозғалыстың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі алар орны, жалпы осы қозғалыстың пайда болу негіздері, мақсат-міндеттері және оған атсалушы күштердің алдына қойған талаптарын іске асыру жолындағы күресі арнайы зерттеуді қажет етеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мемлекетіміздің ұзақ жылдар бойы саяси тәуелсіздігінен айырылып, патшалық Ресейдің, кейінірек кеңестік биліктің құрсауында қалып, шынайы тарихын зерттеуге және білуге деген мүмкіндігіне шек қойылуы халқымыздың азаттық күресінің тарихына обьективті бағасын алмауына себеп болды. Осыған қарамастан, тақырыпқа қатысты мәселелер жанама түрде болса да жаңа заман дәуірінде және кеңестік заманда, кейін Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына тәуелсіз республикалар пайда болғаннан кейінгі кезеңде жарияланған еңбектерде көрініс тапты. Алдымен төңкеріске дейінгі орыс зерттеушілері еңбектерінің маңыздылығын атап өтпекпіз. Сыр өңірін жаулап алардан бұрын-ақ бұл өңірді табиғи-тарихи жағынан зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері патшалық Ресейдің отаршылдық мүддесіне қарай жазылғандықтарына қарамастан, жергілікті халықтың саяси-әлеуметтік дамуы, экономикасы, мәдениеті және өзара байланысы жөнінде құнды мәліметтер беруімен ерекшеленеді. ХІХ ғасырда Қоқан, Хиуа хандықтары туралы жазылған еңбектердің барлығында дерлік Сыр бойы қазақтарына байланысты мәліметтерді көптеп кездестіруге болады. Мысалы, аталған хандықтарда болып, сол уақыттағы оқиғаларды көзімен көрген М. Поспелов пен Т.С. Бурнашев және Ф. Назаровтың [2] жазбаларының көп бөлігі Сыр бойы қазақтарына және оның қоғамдық құрылысына арналған. Оның себебі Ресей империясының Сыр бойын өзіне қосып алуында жатса керек. Сонымен қатар Шығыс халықтарының маман ғалымы В.В. Вельяминов-Зерновта өзінің көргендері мен саудагерлер және басқа ақпараттарға сүйене отырып, Қоқан хандығына арнап жазған еңбегінде 1840-1853 жылдар аралығындағы Сыр бойындағы хал-ахуалға тоқталып өтеді [3]. Сыр бойы қазақтары туралы мәліметтер Г.И. Данилевский, А.И. Макшеев, Н.И. Веселовский, А.И. Гродеков, М.Г. Юдин, Л. Мейер [4], т.б. еңбектерінде кездеседі. Олардың зерттеулерінде Сыр бойын мекендеген халықтардың саны, әдет-ғұрыптары мен заң жүйелері беріліп, қазақтардың Хиуа хандығымен саяси байланысы және хандыққа тәуелді болған қазақтардың әлеуметтік жағдайы көрсетілген.

Қазақтардың көрші Орталық Азия халықтарымен арадағы шаруашылық және сауда байланыстары, сондай-ақ Сыр бойына қоныстана бастаған орыс шаруаларымен болған қарым-қатынастарын М.И. Венюков, Л.К. Чермак, Л. Костенко, Н.А. Дингельштедт, А. Шахназаров, И.И. Гейер, П.Н. Небольсин [5] және басқа да авторлардың еңбектерінен жан-жақты көреміз. Олар өз еңбектерінде Қоқан, Хиуа хандықтарына кірген халықтардың орналасқан мекендері, шаруашылығы, халық саны, тұрмыс-салты жөнінде көптеген мағлұматтар береді. Соның ішінде Сыр бойы қазақтары туралы да деректер беріліп, жергілікті патша әкімшілігінің басқару құрылымдары мен тетіктеріне, сондай-ақ қазақ билеушілерінің жаңа «тәртіпке» байланысты ұстанған бағыттары және халықтың отаршылдарға қарсы күресін сипаттайды.

Орыс саяхатшылары мен ғалымдары және әр түрлі деңгейдегі шенеуніктер Орынборда қызмет жасағаннан кейін қазақ даласына арнап өз күнделіктері мен естеліктерін және зерттеу еңбектерін жазып қалдырды. Солардың ішінде И.Ф. Бларамберг, В.А. Перовский, В.В. Григорьевтер [6] де болды. 1852 жылы Ақмешітке ұйымдастырылған әскери экспедицияға қатысқан И.Ф. Бларамберг Сыр бойында салынған бекіністерге байланысты деректер беріп кетеді. Ал В.А. Перовскийдің жазып қалдырған хаттарында 1839-1840 жылғы Хиуа жорығы мен 1853 жылы жасалған әскери экспедицияның қалай ұйымдастырылғанына және орыс әскерінің жағдайы мен Сыр бойы қазақтарына арналған деректер кездеседі. В.В. Григорьев еңбектерінде де Кіші жүз қазақтары жөнінде мәліметтер келтіріледі. Ол патша өкіметінің әкімшілік орындарында қызмет жасай жүріп Ресей империясының отаршылдық саясатын барынша жүзеге асырды.

Сыр бойындағы орыс әскерлерінің жаулаушылық іс-қимылдары туралы дерек көздерін Н.П. Глиноецкий, А.И. Шеманский, С.П. Зыков, В. Потто және Ф.М. Лобысевичтың [7] еңбектерінен аламыз. Бұл авторлар жергілікті халықтың ұлт-азаттық күресін орнымен атамай, олардың наразылығын «тәртіпсіздікке», «бүлікшілікке» теңеген және жергілікті патша әкімшілік орындарына қатаң шаралар қолдану жөнінде өз «кеңестерін» бергеніне қарамастан, олардың еңбектерінде қолданылған деректер әлі күнге дейін маңыздылығы жағынан өз құндарын жоймаған.

А.И. Бутаков пен Л.И. Костенконың [8] еңбектерінде Арал теңізі мен Сырдария өзенінің алғаш зерттелеуіне байланысты мәліметтер келтірілген. Мысалы А.И. Бутаков өз күнделігінде жергілікті халықтың экспедиция мүшелеріне қатысты көзқарастарын жазған.

ХІХ ғасырдың 60-90-жылдар аралығында Түркістан өлкесіне көптеген патша офицерлері мен орыс шенеуніктері келіп, зерттеу жүргізді. Сыр бойының Ресей империясының отарына айналуы мен салдары жөніндегі деректерді И.И. Крафт, В.Н. Каплун, К.П. Кауфман, В.П. Вощинин, А.Д. Добросмыслов, Н.И. Веселов, В. Задорская мен Г. Александров, Т. Седельников, П.П. Румянцев, М.А. Терентьев, К.К. Паленнің [9] еңбектерінен табуға болады. И.И. Крафттың еңбегі негізінен патша өкіметінің Түркістан өлкесін отарлауға байланысты шығарылған заңдардың жинағынан тұрып, оған талдаулар жүргізген болатын. Дегенмен аталған кезеңде отаршылдық жүйенің әкелген ауыр зардаптары, қазақтардың көрген қиыншылығын түсіне білген орыс зерттеушілері де кездесті. Мысалы, Т. Седельников жер үшін күрестің негізгі себебін қазақтар «халық өседі, жер өспейді» деп аса сенімділікпен жазса, П.П. Румянцев болса «Енді Азия халқының тарихы жоқ, оның орнына ауылды мекендеушілер-бұратаналар өмірінің тарихы бар» деп отарлық езгіге түскен қазақ халқының ауыр тұрмысын жазып қалдырды.

ХХ ғасыр басында патша өкіметінің қазақ даласындағы отаршыл саясатына және оған қарсы шыққан қазақтардың наразылығына алғаш рет қазақ зиялылары өз бағасын берді. Жалпы алғанда олардың еңбектерінде көрсетілген мәселелер тек Сыр бойын ғана емес, бүкіл қазақ даласын қарастырып, патшалық Ресей жүргізген отаршылдық саясатын ашық талқылап, қазақ халқын ұлттық езгіге салғанына көп көңіл бөледі. Бұл ретте Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, М. Шоқай [10] есімдері алғашқы қатарда. Алаш қайраткерлерінің еңбектеріңде қазақ даласының, соның ішінде Сыр бойының саяси-әлеуметтік жағдайы, қазақ халқының отаршылдық саясатқа деген көзқарасы мен орыс қоныс аударушыларымен қарым-қатынасы, ұлт-азаттық қозғалыстың бағыт-бағдарлары мен мақсат-мүдделерін шынайы көрсетуімен ерекшеленеді.

Қазақ даласында болған ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты жарық көрген еңбектер төңкерістен кейінгі тарихнамада кеңінен орын алды. Олардың қатарында алғашқы болып Т. Рысқұлов, И. Чеканинский, А.Ф. Рязанов, М.П. Вяткин, Г. Сафаров, П.Г. Галузо, А. Сұлтан-Заде, С. Асфендияровтардың [11] зерттеулері еді. Онда патша өкіметінің түпкі ойы қазақтарды ұлт ретінде жою және орыстандыру саясаты екендігі жазылды. Бұлардың ішінде Т. Рысқұлов пен И. Чеканинскийдің еңбектерінде өлкедегі қазақтардың азаттық күресіне себеп болған саяси факторларды баяндаса, қалған авторлардың зерттеулері отарлаудың көлеңкелі тұстары, орыс езгісінің пәрменділігі, әскери-әкімшілік орындардың құрылымы мен қызметіне шолу жасап, әрекеттерін ащы шындықпен көрсетеді.



1930 жылдардың ортасына қарай тарих ғылымы барынша саясаттандырылып, біржақты зерттеле түсті. Яғни, маркстік-лениндік методологияға сүйенген кеңестік тарихшылар патша өкіметінің отаршылдық саясатын көпе-көрнеу бұрмалап, Ресейдің «басқыншылық саясаты» деген терминдерді алып тастап, оның орнына «өз еркімен қосылу» сияқты терминдерді қолданысқа енгізеді. Кеңес тарихшыларының мұндай тұжырымы коммунистік жүйе жойылғанға дейін үстемдік құрып келді. Осындай тұжырым бойынша жазылған еңбектердің қатарына А. Якунин мен В. Шахматовтың зерттеу жұмысын жатқызуға болады. Бұл жұмыста ғалымдар ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Ресей империясының отарлау саясатына қарсы Сыр бойы қазақтарының күресін талдап, олардың жетекшісі Ж. Нұрмұхамедұлының тарихи тұлғасын ашады [12]. Жанқожа батырдың ұлт-азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін Т. Шойынбаев та өз зерттеуінде атап көрсетеді [13]. Ол өз еңбегінде Жанқожа батырдың 1856-1857 жылдары патша өкіметінің отаршыл саясатына белсенді түрде қарсы шығуын, орыс әскерлерімен жүргізген соғысына ғылыми түрде баға береді. В. Шахматов Сыр бойындағы азаттық қозғалысты қарастырғанда Жанқожа батырды ғана қозғап қоймай, Есет Көтiбарұлының саяси келбеті мен оның Кiшi жүздегi патша өкiметiнiң жаулаушылық әрекеттерiне қарсы қазақтардың күресін ұйымдастырудағы шеберлігі жөнінде талдайды [14]. Дегенмен кеңестік тарихшылар А.А. Попов, Е.В. Бунаков, Н.А.Халфин, Е. Бекмаханов, Б.С. Сүлейменов пен В.П. Басин, У.Х. Шалекенов, С.Зиманов, С.Е. Толыбеков, Г.С. Сапаргалиев, К.А. Жиреншин Ресейдің «басқыншылық саясаты» деген терминдерді алып тастап, оның орнына «өз еркімен қосылу» сияқты терминдерді қолданысқа енгізумен қатар патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ғылыми тұрғыдан өз бағаларын беріп отырды.

Қазақстан азаттық алғаннан кейін отандық тарихнамада ұлт-азаттық мәселесіне көп көңіл бөлініп, жаңаша көзқарастар қалыптаса бастады. Ендігі кезекте отандық тарихнамада тың мұрағаттық деректер сарапталып, ұлт-азаттық қозғалысқа жоғары деңгейде бағалар беріледі. Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысына жан-жақты талдау жүргізген тарихшылардың алғашқы легінде М.Қ. Қозыбаев болды [15]. Ол 1916 жылы қазақтардың съезде қабылдаған шешімдері, көтерілістің ғылыми негізі ретінде тоқталады. С.Мадуановтың еңбегінде Кіші жүз қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарымен қарым қатынасына талдау жасалып, Арал өңірі қазақтарының шаруашылығы мен қазақтардың патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы күресі баяндалған [16]. Ал Р. Бекназаров болса Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясына қосылу барысын зерттеді [17]. Алаштанушы ғалым К. Нұрпейісовтің [18] еңбегінде жадидтік және жалпымұсылмандық қозғалыстар, Орталық Азия халықтарының тәуелсіздік үшін күресі, Алаш қозғалысы жаңаша тұрғыдан зерттеліп, онда 1917 жылғы қазақ съездері, олардың шешімдері, Алаш үкіметі және оны құрудағы қазақ зиялыларының рөлі көрсетіледі. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен оған қарсы шыққан қазақтардың қозғалысын зерттеуде С.М. Мәшімбаевтың монографиясы құнды еңбектердің қатарына жатады [19]. Еңбекте Оңтүстік Қазақстандағы патша өкіметінің отаршылдық саясатын және оның әскери-әкімшілік құрылымдарына жан-жақты талдау жасайды. Сонымен қатар өлкедегі революциялық қозғалыс пен ұлт-азаттық қозғалысының ерекше белгілерін тереңірек танып білуге К.Л. Есмағамбетовтің [20] зерттеулері мүмкіндік беріп, азаттық күрестің дамуындағы маңызды негізгі кезеңдері және қозғалыстың жеңілу себептері мен оның қазақ халқының тарихында алған рөлі мен орнын көрсетеді. Отарлау мәселесінің бағыттары мен қадамдары, оған қарсы азаттық қозғалыстағы қатысты мәселелер ұстанымдары Д.А. Аманжолова, В.З. Галиев, М.Ж. Әбдіров, Ә.Қ. Мұқтар, С. Рүстемов, А.Ш. Махаева, С.С. Сайфулмаликова және С.Б. Құрманалин [21] еңбектерінде қарастырылған. М. Әбдіровтың еңбегінде өлкедегі отаршылдық үстемдік жүйесінде казактардың алатын орнын, казактардың қазақ даласын жаулап алуға және қазақ халқының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстарын басып-жаншуда атқарған рөлін анықтауды міндет етіп қойса, С. Рүстемов түрік-мұсылман қозғалысын тереңнен ашады. Яғни, зерттеуші мұсылмандық қозғалыс Ресей империясының қол астында ұлттық езгіні бастан кешірген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының да азаттық жолындағы күрес тарихында өзіндік із қалдырғанын жазады. С.С. Сайфулмаликованың зерттеуінде орыс әскерлерінің Кіші жүз аймағына ену процесі, оның қалай жүргеніне талдау жасап, Сырдария бағытындағы Кіші жүз аймағын жаулаудағы патша өкіметінің стратегиясы мен тактикасын көрсетеді. Алайда бұл еңбекте орыс әскерлерінің Сыр бойына басып кіру кезіндегі іс-қимылдарына қарсы қазақтардың азаттық күресі, ондағы тарихи тұлғалар туралы, сондай-ақ, қазақтардың Сыр бойындағы қамалдарды қорғау кезінде көрсеткен ерліктері мен әрекеттеріне тоқталмаған. С.Б. Құрманалиннің диссертациясында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы Есет Көтібарұлы бастаған қазақтардың көтерілісі ғылыми тұрғыдан талдауға алады.

Сонымен қатар патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен оған қарсы қазақтардың ұлт-азаттық күрестері туралы мәселелерді А.О. Раджапов, Г.Б. Бәкібаева, А.Ж. Байқожаев, Қ.М. Алдабергенов, Д.Қ. Әбенов, С.Қ. Шілдебай, З.С. Тоқбергенова, Э.Ж. Әзіретбергенова, А.Б.Абдуали, Ж.Қ. Ахметова, М.Ш. Егембердиев өз зерттеулерінде қарастырады. Осы зерттеушілердің ішінде С. Шілдебайдың [22] еңбегі түрікшілдік қозғалыстың даму алғышарттары мен күрескер түрік зиялыларының қалыптасуына әсер еткен тарихи жағдайларға арналып, Түркістан өлкесіндегі жәдидтік мектептер мен жәдидтердің мәдени-ағартушылық қызметі туралы, жаңа әдісті мектептердің саны мен сапасына қатысты құжаттардың молдығымен ерекшеленеді.

Қорыта келгенде, тарихнамалық талдаудан ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңіріндегі қазақтардың азаттық қозғалысы тарихының кешенді түрде зерттелмегенін байқауға болады. Сондықтан біздің жұмысымыздың басты мақсаты да аталған мәселенің Отан тарихындағы орнын анықтап, олар туралы жарық көрген мәліметтердің өзін тәуелсіз ел талабымен жаңаша саралап, бұрын беймәлім болып келген, ғылыми айналымға түспеген мұрағат құжаттары арқылы зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына дейінгі Сыр өңіріндегі азаттық күресті, ондағы тарихи тұлғалар тарихы мен тағдырын, қоғамдық-саяси қызметі мен іс-әрекетін, бүгінгі егемендігімізге қосқан үлесін тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысынан ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты болды. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:

- ХІХ ғасырдың екінші жартысында қаруы күшті, әскері мол патша өкіметінің Сыр өңірін жаулап алудағы отарлық саясатының мақсаты мен мүддесінің түп негізін ашу;

- Есет, Әзберген, Жанқожа батырлар бастаған қазақтардың Сыр бойындағы орыс отаршылдарына қарсы күресін айқындау;

- Сыр бойы қазақтарының Ақмешіт, Жаңақорған, Түркістан, Шымкент, Ташкент және т.б. бекіністерді қорғау кезіндегі қоқандықтардың құрамында патшалық Ресейдің әскеріне қарсы соғысын және оның себебін түсіндіру;

- Өңірдегі отарлық билік жүйесінің күшеюі және оған қарсы жергілікті халықтың наразылығын ғылыми түрде саралау;

- ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі халқының жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа тартылуын анықтау;

- 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы кезіндегі Сыр өңірі халқының көтерілісін талдау;

- Ақпан төңкерісі кезіндегі Сыр өңіріндегі қазақ және тағы басқа да түрік-мұсылман зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіне баға беру.



Тақырыптың хронологиялық шеңбері мен территориялық қамту аймағы. Диссертацияның қаралып отырған тақырыбына сәйкес оның қамтылу аймағы мен уақыты анықталды. Негізінен патша өкіметінің әскери құрылымдарының Сыр бойына басып кірген кезден бастап Қазан төңкерісіне дейінгі, яғни, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан – ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы даму барысын көрсеттік. Себебі осы аралықта қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі бір сәтте үзілместен ұрпақтар арасында жалғасын тауып отырған. Тақырыпқа негіз болған зерттеудің аймақтық қамту аймағы – патша өкіметі жаулап алған Сыр өңірі. Яғни, бұл өңір патша өкіметінің жүргізген әкімшілік-территориялық реформалары бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына Сырдария облысы ретінде қараған. Облысқа негізінен қазақтар мекендеген Ташкент, Әулие-Ата, Шымкент және Перовск уездері кірген. Ал қазіргі кезде Қазақстан жерімен қарастыратын болсақ, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары құрайды.

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. Негізгі зерттеуге алынған мекемелер – Сыр өңіріндегі әскери-әкімшілік басқару мекемесі, Орынбор және Түркістан генерал-губернаторлығы, Уақытша үкімет комитеттері, жұмысшы-солдат депутаттары және тағы басқалары.


  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет