«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»



жүктеу 128.27 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі128.27 Kb.

«Самұрық-Қазына» ұлттық

әл-ауқат қоры»

акционерлік қоғамы

Директорлар кеңесінің

2012 жылғы 26 мамырдағы

№ 80 шешімімен бекітілген

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет туралы

ереже



Мазмұны

  1. Жалпы ережелер 3

  2. Комитеттің функциялары 4

  3. Комитеттің құрамы, оның мүшелерін сайлау

және олардың өкілеттілік мерзімі 5

  1. Комитеттің жұмысын ұйымдастыру 5

  2. Талдау жүргізуді жоспарлаудың жалпы ережелері 6

  3. Талдау нәтижелерін ресімдеу 8

  4. Қорытынды ережелер 10



  1. Жалпы ережелер


1. Осы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет туралы ереже «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Самұрық-Қазына» АҚ Жарғысына сәйкес әзірленді.

2. Ереже «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің мақсаттарын, оның құқықтары мен функцияларын, құрамын қалыптастыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ оның отырыстарын шақыру және өткізу, шешімдерін ресімдеу рәсімдерін, жұмысын ұйымдастыру тәртібін және оның функцияларын іске асыру тетігін регламенттейді.



3. Осы Ережеде пайдаланылатын айқындамалар мен қысқартулар:

Қор туралы заң

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Жалғыз акционер

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қор


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Комитет

Қор Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет

Ереже

Қор Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет туралы осы ереже

Талдау

Қор тобына кіретін ұйымдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық бюджеттің қаражатын, сондай-ақ мемлекеттің кепілдіктері мен активтерін пайдалануымен байланысты мәселелерді қоспағанда, олардың қызметінің экономиканың немесе экономиканың жекелеген саласының дамуына ықпалын Комитет жүзеге асыратын кешенді және объективті талдау (бұдан әрі – талдау)


компаниялар

Ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар


Қордың тобы

Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес компанияларына тиесілі, оларға қатысты Қор туралы заңмен арнайы құқықтық ереже белгіленетін заңды тұлғалар


Есеп комитеті

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

Қор басшылығы

Қор Басқармасының төрағасы және мүшелері

Тексеру тобы

Директорлар кеңесінің жанындағы Мамандандырылған комитет белгілеген мәселелер бойынша талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы. Тексеру тобының құрамына Есеп комитетінің өкілі кіреді


Есеп комитетінің өкілі

Кеңес жанындағы Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы

4. Комитет Қордың Директорлар кеңесіне есеп береді және заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік және құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып, осы Ережеге сәйкес өзіне Қордың Директорлар кеңесі берген өкілеттіліктердің шеңберінде әрекет етеді.

5. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қордың Жарғысын, Қордың Директорлар кеңесі туралы ережені, осы Ережені және Қордың басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

  1. Комитеттің функциялары


6. Комитетке талдау жүргізу жөніндегі міндеттерді орындау үшін мынадай функциялар беріледі:

1) мәселелерді кейіннен белгіленген тәртіппен Қордың Директорлар кеңесіне бере отырып, Қордың тобына кіретін ұйымдарға талдау жасау туралы Есеп комитеті өкілінің ұсынысын қарайды;

2) тексеру тобының басшысы ұсынған актілердің негізінде зерттеу жүргізеді және тексеру тобы не аудиторлық ұйым жүргізген талдаудың негізінде Қор тобына кіретін ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді баға береді;

3) ұйымдарды талдау нәтижелерін Қордың Директорлар кеңесіне және Есеп комитетіне береді.

7. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Комитет:

1) Қордың тобына кіретін ұйымдардың қызметіне талдауды жүзеге асырады;

2) Есеп комитетінің өкілі ұсынған мәселелерді ескере отырып, талдау барысында тексеру тобының (сыртқы аудитордың) қарауына жататын мәселелерді қалыптастырады;

3) Қордың тобына кіретін ұйымдарға талдаудың сапалы жүргізілуі жөнінде шаралар қабылдайды;

4) талдау жүргізу немесе талдауды тікелей аудиторлық ұйым ғана жүргізщу үшін аудиторлық ұйымды тарта отырып (қажет болған кезде) тексеру тобының құрамын қалыптастырады. Қордың тобына кіретін ұйымдарға талдау жүргізуге жұмсалған аудиторлық ұйымның қызметтері бойынша шығыстар Қордың бюджетінде көзделген қаражаттың шегінде жүзеге асырылады;

5) сапалы талдау жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымға, аудиторлық команданың құрамына қойылатын біліктілік талаптарын келіседі;

6) жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша Қордың Директорлар кеңесіне және Басқармасына Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар береді;

7) жүргізілген талдаудың қорытындыларын ұсынымдармен бірге Қордың Директорлар кеңесіне және және Есеп комитетіне ұсынады.



  1. Комитеттің құрамы, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттілік мерзімі


8. Комитеттің құрамын, өкілеттілік мерзімін айқындау, оның Төрағасы мен мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату Қордың Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

9. Комитеттің төрағасы Қордың Директорлар кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады. Қор Басқармасының төрағасы Комитеттің төрағасы бола алмайды.

10. Комитет Қордың Директорлар кеңесінің мүшелерінен және Комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімді иеленетін сарапшылардан тұрады. Есеп комитетінің өкілі Қор Директорлар кеңесінің жанындағы комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.

11. Комитет Комитеттің жұмысын ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Хатшыны тағайындайды.



  1. Комитеттің жұмысын ұйымдастыру


12. Комитеттің қызметі жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 30 қарашасынан кешіктірілмей қалыптастырылатын жылдық жоспарға сәйкес жоспарлы негізде жүзеге асырылады. Жылдық жоспар Қор тобына кіретін, талдауға жататын ұйымдардың тізбесін, талдау жүргізу кезеңін, бағытын қамтиды.

13. Жылдық жоспар Комитет мүшелерінің Комитеттің отырысында қаралған негізделген ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады. Есеп комитеті өкілінің ұсыныстары жылдық жоспарға енгізілуге жатады.

14. Қалыптастырылған жылдық жоспар бекіту үшін Директорлар кеңесіне жіберіледі. Бекітілген жоспарға тоқсан сайын, жылына төрт реттен көп емес өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

15. Комитеттің отырыстары ішкі де және сырттай нысанда да кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

16. Отырыстың күн тәртібін Комитеттің хатшысы дайындайды және отырыс жоспарланған күнге дейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің барлық мүшелеріне және мүдделі тұлғаларға жібереді.

17. Шешімдер отырысқа қатысқан Комитет мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комитет төрағасының даусы шешуші болып табылады.

18. Қарастырылып отырған мәселенің ұсынылған шешімімен келіспеген жағдайда Комитеттің кез келген мүшесінің дауыс беру басталғанға дейін өзінің ерекше пікірін білдіруге құқығы бар.

19. Комитеттің әрбір отырысының нәтижелері бойынша ол өткізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттама жасалады және оған Комитеттің төрағасы немесе оның функцияларын жүзеге асыратын, хаттама мазмұнының дұрыстығына жауап беретін тұлға қол қояды.

20. Комитеттің хатшысы Комитет отырыстарының хаттамаларын сақтауды қамтамасыз етеді.

  1. Талдау жүргізуді жоспарлаудың жалпы ережелері


21. Комитет: аудиторлық ұйымды ықтимал тарта отырып тексеру тобын құру немесе аудиторлық ұйыммен ғана тікелей талдау жүргізу жолымен ұйымдарға талдау жүргізудің әдістерін белгілейді.

22. Директорлар кеңесі Басқарма төрағасына құрамына Есеп комитетінің өкілі кіретін талдау жүргізу жөніндегі тексеру тобын құруға тапсырма беруге құқылы.

23. Директорлар кеңесі тексеру тобын құру туралы тапсырма берген жағдайда, Қор Басқармасының төрағасы Есеп комитеті өкілін міндетті түрде енгізе отырып, тексеру тобының сандық және дербес құрамын бұйрықпен белгілейді, сондай-ақ бұйрықта тексерілетін ұйымның атауы, тексерілетін кезең және мерзім, талдауға жататын бағыттардың тақырыбы, тексеру тобының сандық және дербес құрамы көрсетіледі.

24. Аудиторлық ұйымды тарту Қордың бюджетінде көзделген қаражаттың шегінде жүзеге асырылады.

25. Кешенді талдау жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға тартылған аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен міндеттері Қор жасасатын шарттың талаптарымен анықталады.

26. Жылдық жоспардың негізінде Қордың тобына кіретін ұйымға талдау жүргізу туралы шешім Қордың Басқармасы төрағасының бұйрығымен ресімделеді, онда тексерілетін ұйымның атауы, тексерілетін кезең және мерзім, талдауға жататын бағыттардың тақырыбы, тексеру тобының сандық және дербес құрамы көрсетіледі.

27. Қажет болған кезде талдау жүргізу үшін Қордың және өзге де ұйымдардың мамандары (Қордың тобына кіретін тиісті ұйымның басшысымен келісім бойынша), сондай-ақ аудиторлық компаниялар тартылуы мүмкін.

28. Тексеру тобы Қордың тобына кіретін ұйымның қызметіне талдау жүргізу мақсатында талдауды мына бағыттар бойынша жүргізеді, бірақ олармен шектелмейді:



1) ұйым қызметінің мыналарды қамтитын қаржылық талдамасы:

  • қаржы нәтижелерін және активтердің рентабельділігін талдау;

  • ұйымның қаржылық жағдайын талдау;

  • айналым активтерін пайдалану тиімділігін талдау;

  • өтімділікті, төлем қабылеттілігін және қаржылық тұрақтылықты талдау;

  • күрделі және қаржы салымдарының тиімділігін талдау;

2) мыналарды қамтитын басқару рәсімдерін талдау:

  • өндірісті ұйымдастырудың және басқарудың деңгейін бағалау және талдау;

  • жоспарлау деңгейін, даму стратегиясының болуын, даму жоспары мен бюджеттерді талдау;

  • қызметтің негізгі көрсеткіштерін (бұдан әрі – ҚНК), даму жоспарында, даму стратегиясында жоспарланған көрсеткіштерді жоспарлауды және оларға қол жеткізуді бағалау;

  • дамуға жұмсалатын шығыстардың жоспарлануын және игерілуін бағалау;

  • ұйымның капиталын басқару сапасын бағалау: қорлар қалыптастыру, пайданы пайдалану, қарыз қаражатын тарту;

  • негізгі қорларды пайдалану саясатын, жаңғырту бағдарламаларын талдау;

  • айналымдық қаражатты: ақша қаражатын, өндірістік қорларды, дебиторлық берешекті басқару саясатын талдау;

  • уәкілетті орган бекіткен дивидендтік саясаттың орындалуын талдау.

  1. мынадай:

  • қызметті рәсімдік ұйымдастыруды талдау;

  • функционалдық құрылымның толықтығын: негізгі қызмет, қаржы, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, құқық саласындағы мамандардың болуын және олардың біліктілігін бағалау;

  • АТ деңгейін – ұйым қызметінің қамтамасыз етілуі бағалау жолымен өндірістік-шаруашылық қызметтің сапасын талдау.

29. Қордың тобына кіретін ұйымдарды талдауды жүзеге асыру шеңберінде ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізу кезінде тексеру тобының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • меншікті және тартылған қаражаттың тиімділігін және мақсатты пайдаланылуын тексеру;

  • Қор ұйымдары жарғылық капиталды және/немесе қарызды және/немесе қаржылық көмекті ұлғайтуға бөлген қаражаттың тиімділігін және мақсатты пайдаланылуын тексеру;

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қор қабылдаған құжаттардың сақталуын тексеру;

  • теріс құбылыстарды, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін теріс пайдалануды, олардың қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін және олардың туындауы (жасалуы) шарттарын анықтау;

  • ұйымның даму жоспарларының, бюджеттерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, бекітілген ҚНК және белгіленген көрсеткіштерден ауытқуларды анықтау және оларды талдау;

  • мүліктің сақталуын және оны ұйымның шаруашылық қызметінде пайдалану тиімділігін тексеру;

  • атқарушылық тәртіпті тексеру және ұйымның басқарушылық персоналы қызметінің тиімділігін бағалау;

  • бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен шарттардың жойылуын бақылау.



  1. Талдау нәтижелерін ресімдеу

30. Қордың тобына кіретін ұйымдардың қызметін талдау нәтижелері актімен ресімделеді.

31. Акт кіріспе, сипаттама және қорытынды бөлімдерден тұрады:

1) актінің кіріспе бөлімі мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:



  • талдаудың тақырыбы;

  • акт жасалған күн және орын; 

  • тексеру жүргізуге арналған бұйрықтың нөмірі және күні; 

  • тексеру тобы басшысының және оған барлық қатысушылардың аты-жөні және лауазымы; 

  • тексерілетін кезең; 

  • тексеру жүргізу мерзімі; 

  • тексерілген ұйым туралы мәліметтер: 

  • толық атауы, 

  • құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер; 

  • қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыруға арналған қолда бар лицензиялар; 

  • тексеру тобы басшысының пікірі бойынша тексерілген ұйымды толық сипаттау үшін қажетті өзге де деректер; 

2) актінің сипаттама бөлігі талдауға ұшыраған әрбір бағыт бойынша жүргізілген жұмыстың сипаттамасын және анықталған бұзушылықтар болған кезде олардың жасалуына ықпал еткен сипаттар мен себептерді қамтуға тиіс;

3) ұйымның қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе Қор компанияларға қатысты қабылдаған құжаттарды (қағидаларды, нормативтерді, ұйым Директорлар кеңесінің, Қор Басқармасының шешімдерін және т.б.), сондай-ақ ұйымның ішкі құжаттарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, актіде бұзылған құжаттардың нақты нормалары, қаржылық бұзушылықтардың сомасы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға жол берген және/немесе ықпал еткен лауазымды тұлға көрсетіледі;

4) қорытынды бөлік алға қойылған міндеттерге қол жеткізбеу себептері және оларды жоюдың болжанатын жолдары көрсетіле отырып, талдауға ұшыраған ұйым қызметінің Қазақстан Республикасы экономикасының немесе экономиканың жекелеген саласының дамуына ықпалын қорытуды (бағалауды) қамтуға тиіс.

32. Акт екі данада жасалады: бір данасы тексерілген ұйым үшін; бір данасы Қор үшін.

33. Актінің әрбір данасына тексеру тобының басшысы және мүшелері және ұйымның басшысы қол қояды.

34. Тексеру тобының басшысы ұйымның басшысымен келісім бойынша соңғының актімен танысуы үшін мерзім, бірақ оған акт тапсырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгілейді.

35. Ұйымның басшысында акт бойынша қарсылықтар болған жағдайда, ол актіге сол туралы белгі жасайды және қол қойылған актімен бірге тексеру тобының басшысына жазбаша қарсылықты ұсынады. Тексеру актісі бойынша жазбаша қарсылықтар тексеру материалдарына тіркеледі.

36. Ұйымның басшысы актіге қол қоюдан немесе оны алудан бас тартқан жағдайда, тексеру тобының басшысы актінің соңына көрсетілген адамның актіге қол қоюдан немесе оны алудан бас тартқаны туралы жазба жазады. Бұл ретте тапсырылғаны туралы хабарламасымен тапсырысты почта жөнелтімімен не тексерілген ұйымның оны жіберуі фактісі мен күнін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де тәсілмен актіні сол күні тексерген ұйымға жібереді. Актінің тексерген ұйымға жіберілгені фактісін растайтын құжат тексеру материалдарына тігіледі.

37. Тексеру тобының басшысы актіні Комитетке және Қор Басқармасының төрағасына ұсынады.

38. Комитет жүргізілген талдаудың негізінде зерттеу жүргізеді және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді баға береді, қажет болған кезде ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар ұсынады. Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша ұйым қызметінің тиімділігін бағалау Комитет белгілеген өлшемдер бойынша жүзеге асырылады.

39. Комитет Қордың Директорлар кеңесіне және Есеп комитетіне тиісті ұсынымдарымен бірге актіні, Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканың немесе экономиканың жекелеген саласының дамуына тигізген ықпалын кешенді және объективті талдау жөніндегі қорытындыны ұсынады.


  1. Қорытынды ережелер


40. Қордың тобына кіретін ұйымның тиімсіз қызметі жағдайлары анықталған кезде, Қордың органдары осындай ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті шараларды қабылдайды.

41. Есеп комитеті құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды ескере отырып, Комитет жұмысының барысында алынған ақпаратты өз қызметіне пайдалануға құқылы.



42. Осы Ережені, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды Қордың Директорлар кеңесі бекітеді.



: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет