Санаға сәуле сепкен мұғалімім. /Сүйікті ұстазым Сембаева Алтынкүл апайыма алғысым



жүктеу 12.05 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі12.05 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Ислам тарихи вә он дөрд мәсумларын (Ә) ҺӘЈаты тәҺгигат групу бисмиллаһир-рәһманир-рәһим
2016 -> «точка опоры»
2016 -> Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы
2016 -> Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары
2016 -> Перспективный план работы Общественной палаты Ногинского муниципального района Московской области на 2016 год
Әбдіқожа Айбын Қанатұлы Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №21 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 7 «А» сынып оқушысы

Санаға сәуле сепкен мұғалімім. /Сүйікті ұстазым Сембаева Алтынкүл апайыма алғысым/

Санаға сәуле сепкен мұғалімім, Мен сенің көзін ашқан бұлағыңмын. Құйсам да қайда барып қай арнаға, Күмбірлеп құлағымда тұрады үнің, Қадірлі, қасиетті мұғалімім... Осы бір өлең жолдары ойыма жүзінен мейірімі төгілген аяулы ұстазымды алып келеді. Оның күмбірлеген үні, берген білімі, үйреткен тәрбиесі бізді еш адастырмайтынына сенімдімін. Бар бала сабағын асыға күтеміз.Себебі,әр сабағы қызыққа толы мұғалімді бәріміз жақсы көреміз.Тіпті, сыныптағы бұзықтау Халел, Ұлан сияқты балалардың өзі ол кісіні ерекше құрметтейді.Ұстазымыздың сабақ беруі де өзгеше. Бос отырған бала болмайды.Бәрі жұмыла жұмыс жасап жатқаны.Топтық жұмысқа, ынтымаққа да үйретті. Басқа сабақтарда сағатқа қарап, телефон шұқылап отыратын балалардың өзі сабақтың қалай тез аяқталғанын сезбей қалады. Біздің келешекте жақсы азамат болып қалыптасуымыз үшін ерінбей еңбек етіп жүрген ұстазымызға алғысымыз шексіз.Өзі оқытқан шәкірттері де бұл күндері өзімен қатар мектебімізде еңбек етіп жүр. Ақпан айының соңғы күндері сынып жетекшіміз 1 наурызда «Алғыс айту» күні болатындығын ескертті. Дәл сол кезде менің ойыма қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алтынкүл Сатымбайқызы апайымның орала кеткені. Шексіз теңеу, мың сан алғысымды осы бір жолдарға ғана сыйғыздым деп ойлаймын. Ширек ғасырға жуық ұстаздық етіп келе жатқан ұстазыма жұдырықтай жүрегімнен шыққан жылы лебізімді жеткіздім. «Ұстаздардың ұстазы» боп жүре беріңіз!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет