Саниязова Еркемай Қазыбекқызы Қорқыт ата атындағы Қму-ң



Дата18.04.2016
өлшемі134.76 Kb.
Саниязова Еркемай Қазыбекқызы

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң «Құқықтану»

кафедрасының оқытушысы, заңтану магистрі
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Ключевые слова: экологическое право, экологическая безопасность, охрана окружающий среды.

В статье сделан анализ выводам и идеями казахстанских ученых об окружающей среде и защите окржающей среды. А также предлагается система по правовым проблемам и соблюдающею безопасности Республика Казахстан.


Keynotes: ecologal law, ecological safety, envivonmental protection.

The article analyses the findings and ideas of Kazakh scientists about the environment and the protection of the environment. As well as a system of legal issues and security Republic of Kazakhstan.


Қоршаған орта мен адам арасындағы қатынасты зерттейтін экология ғылымы - бүгінде көп салалы, әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін жалпы ғылымның іргелі салаларының бірі болып отыр. Ал экологиялық ахуалды құқықтық тұрғыдан зерттеу, оның негіздерін қалыптастыру және жетілдіру бүгінгі заман талабы, әрі көп аспектілі күрделі мәселе.

Ал қоршаған ортаны ластанудан құқықтық қорғау - бұл ғылыми еңбектерде зерттелмеген немесе жалпы негізде қарастырылып өткен.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9-ші қаңтарда қабылданған Экологиялық кодексінің 1-ші бабында қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы деп көрсетеді [1].

Жалпы көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде қоршаған ортаға әр түрлі анықтамалар бергенімен, олардың түпкілікті мазмұны, ұғымы бір болып келеді. Сондықтан да заңда берілген анықтама толыққанды деп есептейміз.

Бірақ, бұл жерде айта кететін мәселе жоғарыдағы көрсетілген атауды, яғни "қоршаған ортаны" әр жерде әр түрлі келтіреді. Мәселен, бір еңбектерде ол "қоршаған табиғи орта", - деп келтірсе, бір еңбектерде "қоршаған орта", - деп, тіпті ертеректе “табиғат” - деп те келтірген.

Бұл мәселеге байланысты бірқатар ғалымдар өз еңбектерінде ортақ тұжырымдар жасаған [2] және соған байланысты бұл атаулардың мазмұны бір болып айтылады немесе қабылданады.

В.В. Петровтың пікірінше "қоршаған табиғи орта" түсінігі табиғат және адамды қоршаған ортадан тұрады. Табиғат адам санасынан тыс табиғи экологиялық жүйеден тұратын және материалдық дүниенің эволюциялық дамуының нәтижесінде пайда болған табиғи орта, объективтік шындық. Табиғи орта - адамның өндірістік қызметінің әсерінен өзгермеген табиғи жаратылыс [3].

Ал “адамды қоршаған орта” деп табиғи ортаның бір бөлігі болып табылатын адамның антропогендік әсерінің негізінде қайта құрылған, органикалық бірлікте тұратын табиғи, модификациялық, трансформациялық экологиялық жүйе танылады [4].

"Қоршаған табиғи орта", "қоршаған орта", "сыртқы орта" терминдері қоршаған ортаны қорғау туралы келісім құжаттарында синоним сөздер ретінде қолданылады [5].

Әр түрлі мемлекеттердің тиісті саладағы заңдарының атауларының өзі әр түрлі болып келеді. Олар: "қоршаған орта", “қоршаған табиғи орта” және "орта".

Сонымен қатар "қоршаған орта" ұғымы, "қоршаған табиғи орта" ұғымынан әлдеқайда кең. Бұған қосымша бүгіндегі барлық табиғатты қорғауға байланысты ұлттық және халықаралық заң актілерінде, тиісті жасанды, әлеуметтік немесе өндірістік ортада пайда болатын қатынастарды реттейтін нормалар бар. Барлық жасанды орта табиғи ортада болатындықтан, олар қоршаған ортаның кең түсінігіне енеді.

Қоршаған ортаның түсінігінде және қоршаған ортаны қорғау объектілерінің түсінігінде әлеуметтік, өндірістік ортаны ендірмегенімен, заңдағы келесі баптарында сол өндірістік, әлеуметтік ортадағы қатынастарға құқықтық тұрғыдан шектеулер, талаптар, нұсқаулар және міндеттер қалыптастырады. Бұл дегеніміздің өзі сол орталардағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады, және қоршаған орта ұғымының қоршаған табиғи орта ұғымынан кең екендігін қайталап көрсетеді.

Сондықтан да "қоршаған орта" атауы, яғни негізгі заңның "қоршаған ортаны қорғау туралы" деп аталуы дұрыс деп есептеймін.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көрсетілгендей, қоршаған орта - табиғи объектілердің оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы.

Бұған қосымша қоршаған ортаны қорғау туралы заңның реттеу объектілері заңның қолдану аясында қайшылықтар тумау үшін аталған заңда айқын көрсетілген.

Сонымен нақты бір тоқтамға келген нақты теориялық тұжырымның және айтарлықтай айырмашылықтың болмауына байланысты "қоршаған орта", "қоршаған табиғи орта", “айналадағы табиғи орта” және "табиғат" деген сөздердің негізгі мәндік ұғымын бір қабылдағанымыз дұрыс.

Осындай анықтамалардың мәндерінің дұрыс қолданылуы, оның мазмұндық шеңберінің айқындалуы - соған байланысты қатынастарды реттейтін заңдардың тиімділігін арттырады. Сондықтан да соңғы кездерде Қазақстанда, басқа да мемлекеттерде заң шығару жұмысы барысында көптеген атаулардың анықтамалары сол заңда нақты айқындалып кетеді. Бұл соңғы кездегі заң шығару жұмысндағы жетістіктердің бірі.

Сонымен "қоршаған ортаның" мәнін ашып алып, енді “қоршаған ортаны қорғау” деген ұғымды қарастырайық.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл ұғым да әр түрлі атау яғни "табиғатты қорғау", "қоршаған ортаны қорғау", "айналадағы ортаны қорғау" деп келтіре отырып, көптеген ғалымдар ол туралы өздерінің пікірлерін қалдырған.

Табиғатты қорғау - өмір сүріп отырған адамдардың, олардың ұрпақтарының материалдық және рухани қажеттілігін өтеуге байланысты, Жер ресурстарын және оның айналасындағы космостық кеңістікті тиімді пайдалануға, сақтауға және қалпына келтіруге, өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған, құқықтық, экономикалық, өндірістік-техникалық, әкімшілік-шаруашылық, қоғамдық және мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады.

Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі - айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау .

Қоршаған табиғи ортаны қорғау - мемлекеттің экологиялық қызметінің бір түрі және ол бірнеше жаратылыстану, экономикалық, санитарлық-гигениялық, ұйымдық басқару, мәдени тәрбиелеу әдістері арқылы жүзеге асырылады деп көрсетеді [6].

Қоршаған ортаны қорғаудың көптеген анықтамалары бар. Кең мағанада заңгер емес ғалымдар қоршаған ортаны қорғауды адамилық бағыттағы, биосфера заңдылығының басымдығы, технологиялық даму, үнемшілдік, экологиялық мәдениет, жүйелілік сияқты әлеуметтік экологиялық принциптерге негізделген қоғамдық әрекеттер жүйесі деп түсіндіріледі [7].

Ал қоршаған ортаны қорғаудың заңдық анықтамасы мынандай. Қоршаған ортаны қорғау, бұл “табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі” [8].

Ұлттық қауіпсіздіктің қазақстандық моделінде де мемлекет мүддесі басым тұр. Өзіндік ұлттық қауіпсіздік концепциясын талдап жасау мемлекеттің одан әрі дамуының және құйқылжыған геосаяси ахуалдар жағдайында дұрыс бағдар ұстау қажеттілігінен келіп туды. Әлем тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық қауіпсіздік концепциясын қабылдау пікірталас сипатына ие емес, оны айтасыз, ол тіптен қоғамның барлық тараптарының бұл өреде келісімге келуін де талап етпейді, мұның өзі аталған мәселені билік басындағы төбе топ жемісіне жатқызады. Осы жерде Ресей стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы И.А.Николайчуктің бір пікірімен келіспеске болмайды. Оның айтуынша, билік басына келген кез келген саяси топ ұлттық қауіпсіздік концепциясын өз саяси ерік-жігері, өз мүддесі және өзінің идеологиялық позицияларына сәйкес талдап жасайды.

Бізде қабылданған “Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі туралы” заңына талдау жасау Қазақстанның өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделері, ықтимал қатер және олардан қорғану жолдары нақпа-нақ айқындалғандығына қарамастан, заңды жасаушылар кейбір баптар бойынша дамудың ұтымды перспективаларын тірек еткеннен гөрі қазіргі саяси коньюнктураға иек сүйеп кеткендігі байқалады.

Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік концепциясы, ең алдымен, елдің ұлттық қауіпсіздігі мән-мазмұнын айқындауға алып баратын жолдың басы – республиканың ұлттық мүддесіне деген ресми көзқарастар жүйесі ретінде қаралады, сондай-ақ ол мемлекеттің ішкі және сыртқы әлеуетін айқындап отырады. Осыдан келіп, Қазақстанның ұлттық мүддесі деп, қанағаттандырылуы мен қорғалуы елдің өмір сүруі ғана емес, ілгері даму үшін де қажет шарт болып табылатын қазақстандық әлеуметтік мәдени қауым мүшелерінің баршасына ортақ қажеттіліктер мен мүдделер жиынтығын түсінген жөн. Бұл қажеттіліктер республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыс ерекшеліктерінен, оның экономикалық даму деңгейінен, халықаралық және аймақтық еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасқан орнынан, жағырафиялық орналасуының, ұлттық және мәдени дәстүрлерінің ерекшелігінен, яғни геосаяси факторлар алуандығын құрайтын нәрсенің баршасынан туындайды.

Қазақстандық өзіндік ұлттық мүддесінің, ұлттық құндылықтары мен өмір салтының бекемделу процесіне, сондай-ақ анық және ықтимал сыртқы-ішкі қатерлерді анықтау ісіне ішкі саяси факторлар едәуір дәрежеде әсер етті. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі параметрлерін қараған жерде ішкі саяси факторларға екпін түсіру әсте де кездейсоқ емес, өйткені Қазақстанның өз ұлттық мүддесін қорғап қалу мүмкіндігі, түптеп келгенде, тәуелді болып келген елдің әлеуетін дәл солар белгілейді

“Экологиялық қауіпсіздік” пен “қоршаған ортаны қорғау ұғымдары бір мазмұндас болып келгенімен, екі ұғымның бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Қоршаған ортаны қорғау өзіне тиісті институттары (экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама т.б.) арқылы динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік – табиғатты тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нәтижесін құрайды ” [10].

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – экологиялық қауіпті жағдайларды және олардың салдарларын жою, алдын алу әрекеттерінің жүйесі болып табылады.

Осы анықтама негізінде экологиялық қауіпсіздік ұғымының, қоршаған ортаны қорғаудың түсінігінен әлдеқайда кең екендігін анықтаймыз. Мұнда экологиялық қауіпсіздіктің объектісі болып, ең алдымен адам және оның мүдделері назарға алынады. Яғни қоғам табиғаттың ара қатынасындағы жүйеде адам экологиялық қауіпсіздіктің басты феномені болып табылады. Демек бұл саладағы қоғамдық қатынастарда адам бір уақытта экологиялық қауіпсіздіктің субъектісі әрі объектісі болып қатысады. Ал қоршаған ортаны қорғаудың объектісіне жер, жер қойнауы, су, атмосфералық ауа, орман және басқа да өсімдіктер дүниесі, жануарлар әлемі, табиғи экологиялық жүйе, климат және озонды қабат жатады. Қоршаған ортаны қорғау саласында адам қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастардың тек субъектісі ғана болады.

Нарықтық экономика тұсында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нормалардың тиімділігін арттыруға мынандай екі маңызды мәселе бар. Біріншіден, заң актілерінде меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық субьектілеріне қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірдей талап қойылуы керек. Әскери немесе басқа да қорғаныс салаларына ерекше жағдай жасау болмауы тиіс.

2009 жылғы 28 тамыздағы Президент Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат Тұжырымдамасында құқықтық реттеудегі ақаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдету қажеттігі көрсетілген.

Адамның қоғамдық өмірі саласының кең ауқымына қарамастан , оның көпқырлылығы, оның негізгі қызметі табиғат аясында, мекендеуінің табиғи ортасында өтеді. Адам табиғатпен тыныстайды, оның өмір сүруінің көздері де осында. Өзінің терең мәні жағынан табиғат пен қоғам өзектес.

Экологиялық ілімді мемлекет, оның органдары тікелей қызметінде пайдаланады. Бұл қатынастар үшін сипатты болатын билік сипаты маңызды болып табылады, ол қоғамдық өмірдің нақты саласында мемлекет жүргізетін саясат арқылы көрінісін табады.

Құқықтық көзқарас тұрғысынан “экологиялық саясат” анықтамасын қоғам мен мемлекеттің нақты экологиялық мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған қазіргі, қисыны жағынан өзара байланысты жүйені, белгілі бір ресми құжат ретінде ресімделген құқықтық мәртебесі бар құжатты ұғынған жөн. Іс жүзінде республиканың Үкіметі экологиялық басымдықты жариялайды, адам өмірінің экологиялық жағдайларын жақсартуды өзінің мақсаты етіп алға қояды [11]. (Қазақстан Республикасы Конституциясы 31-бабы), сонымен бірге экономикалық дағдарыстан шығудың бағдарламасын жасай отырып табиғи ресурстарды пайдалануды күшейту саясатын жүргізеді.

1996 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының тұңғыш Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжат Қазақстан Президентінің № 2967 өкімімен мақұлданған болатын. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мемлекет таныған принциптер мен басымдықтарының жүйесі болып табылды, олардың негізінде сыртқы және ішкі экологиялық саясат, құқықтық және экономикалық тетіктер, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта мен тұрақты және адам дамуын қамтамасыз ету мен сақтау үшін, табиғи зілзалалар мен өнеркәсіптік апаттардың алдын алудың қажетті қызмет бағыттары қалыптастырылды. Сонымен бір мезгілде, экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі бағыттарының бірі, құрамдас бөлігі, стратегиялық іргелі компонент ретінде анықталады. Заңнамалық тұрғыдан бұл «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңмен (1998 ж.) дәлелденген, онда «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген 21-бап бар [12].

Меншік нысанына қарамастан, тиісінше мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті мыналар болып табылады:


  1. қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау;

  2. Қазақстанға экологиялық жағынан қауіпті және жетілмеген технологияларды, заттар мен материалдарды бақылаусыз әкелуге жол бермеу;

  3. Ел аумағының радиоактивтік, химиялық ластануына, бактериологиялық зақымдануына жол бермеу;

  4. Экологиялық жағынан қауіпті және жетілмеген технологияларды қолдану көлемін қысқарту;

  5. Шаруашылық және өзге де қызметтің келеңсіз экологиялық салдарларын жою .

Тұжырымдамада Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің экологиялық саясаттың кейбір элементтері белгіленген. Онда атап айтқанда, былай делінген: экологиялық қауіпсіздікті мемлекеттік саясаты экологиялық принциптердің жүйесіне негізделген. Бірыңғай экологиялық саясатты жүргізу үшін табиғат қорғау органдарының құзыретін, олардың қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру керек, әрбір облыс үшін қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық кешенді схемаларын жасау ұсынылды, оларда қоршаған ортаға ықпал етуді төмендету, табиғатты тұрақты пайдалану жөніндегі және қорғалатын аумақтардың жүйесін құру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары белгіленген. Аумақтық облыстық схемалар негізінде мемлекет көлемінде жаһандық экологиялық бағдарламалар жасау керек:

- ұзақ мерзімді бағдарлама - республиканың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ХХ1 ғасырға арналған Қазақстанның Күн тәртібі;

- кезек күттірмейтін бағдарлама – Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі іс-қимылдарының Ұлттық жоспары.

Экологиялық саясаттың элементтері арасынан тұжырымдама нормативтік - құқықтық базаны жетілдіру; экологиялық басқаруға қатысу жөнінде қоғамдық ұйымдарды тарту, табиғат қорғау шараларын жүргізуге қаржы – экономикалық саясатын өзгерту, халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап көрсетеді.

Осы талапты ескере отырып, 2003 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 1241 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы» мақұлданды.

Мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасының маңызы аса зор. Бұл құжат әдіснамалық база болып табылады, онда Қазақстанның экологиялық саясатының негізгі басымдықтары мен бағыттары баянды етілген.

Халықаралық құқық тәжірибесі мынаны көрсетіп отыр: бірқатар мемлекеттердің заңнамасында экологиялық саясатты жүргізудің тәртібі мен шарттарын реттейтін заңдар қабылданған. Бұл актілерде экологиялық басымдықтарды жариялаудан басқа, осы қызмет жүктелетін ұйымдық мемлекеттік құрылым тікелей көрсетілген, ол оның экономикалық тетігін, сондай-ақ ықпал етудің заңдық тәсілдерін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында да кезінде Экология жөніндегі Мемлекеттік Кеңес болған еді, бірақ 1995 жылы ол таратылды. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде 16-бабында Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті туралы бізге таныс тұжырымды қайта жаңғыртты: “мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді, оларды Президентке бекітуге береді”.

Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мемлекеттік, ұзақ мерзімді бағдарлама ретінде әлі де болса қалыптаса қойған жоқ, қалыптаспаған, өзінің құқықтық мәртебесі жоқ, жаңадан орнығу сатысында болып отыр. Бағдарламаны қамтамасыз етуге бағытталған факторларды анықтау керек. Ол факторларға:


  • ұйымдық қамтамасыз ету;

  • құқықтық қамтамасыз ету;

  • экономикалық қамтамасыз ету;

  • халықаралық қамтамасыз ету факторлары жатады.

Тек осы шарттарды біріктіріп қана экологиялық саясаттың тиімділігі туралы айтуға болады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін басқаратын саны көп, құрамы күрделі мемлекеттік орындар жұмыс істейді. Олар қоршаған ортаның ластануына, улануына, табиғат байлықтарының ысырап болуына қарсы, табиғатты пайдалануды және қорғауды тәртіпке салу үшін көп еңбек етуде.

Туған табиғатты аялап, халқымыздың болашағын ойлау абыройлы борышымыз және жауапты міндетіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі 9 қаңтар 2007.-5б.

  2. Дубинин А.С. Экологическая напряженность и генофонд человека.//Под общ. Ред. М.Я. Лемешьева – Москва, «Прогресс», 1990. – с.37.

  3. Петров В.В. Экологическое право России. – Москва. «Прогресс», 1995.

- с.98

  1. Культелеев С. Т. Экологическое право РК –Алматы. 2003. –с.98

  2. Әбдез Стамқұлұлы. Қазақстан Республикасының экология құқығы. – Алматы. 1995. – 126б.

  3. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. - Алматы.1995. – с.108.

  4. Бакишева Г. С. Экологическое право РК-. Караганда. 2002.-с.23.

  5. Охрана природы: Справочник //Митрюшкин К.П., Берлянд М.Е., Беличенко Ю.П. и др. 2-е изд. перераб. – Москва. «Агропромиздат» 1997. –с.22.

  6. Еренов А.Е., Сахипов М.С., Мухитдинов Н.Б., и др. Правовая охрана природы в Казахской ССР. - Алма-Ата. «Наука». 1977. -с.198

  7. Д.Л.Байділдинов, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.

– Алматы. 1995. -26б.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 (2007 жылғы 21мамыр өзгерістер мен толықтыруларымен )-24б.

  2. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы 30 сәуір 1996 -2б

Түйіндеме



Мақалада Қоршаған орта және қоршаған ортаны қорғау туралы ғылымдардың ой-пікірлері мен құқықтық тұжырымдамаларына анализ жасалған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесіне қатысты құқықтық негіздер мен экологиялық қауіпсіздікті сақтауға байланысты шаралар жүйесі ұсынылған.

Тақырыбы:
Қоршаған ортаны құқықтық қорғау және экологиялық қауіпсіздік
Правовая охрана окружающей среды и экологическая безопасность
Legal protection of environment and ecological safety






Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет