Сары, дәмді, ұзынмын, Жер астына тығылған



жүктеу 26.37 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі26.37 Kb.
: Word
Word -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
Word -> Календарь знаменательных и памятных дат на 2015 год
Word -> Элоиза (1101 1164 ) ученица, возлюбленная и тайная жена Пьера Абеляра
Word -> Экспедиция в сакральный египет 24. 03. 07. 04. 2012 «Путешествие за пределы времени и пространства»
Word -> Современные гидросооружения и слабая экономика – понятия несовместимые 26. 09. 2009 13: 22
Word -> Аврелий Августин
Жұмбақтар
Сары, дәмді, ұзынмын,

Жер астына тығылған.

Тартсаң шыға келемін,

Өсіп тұрған бұрымнан.

Күзде қазып аласыз,

Тамаққа да саласыз.

Егер мені көп жесең,

Биік, ұзын боласыз. (Сәбіз)


Ылғалды топырақ мекенім,

Сол жерде жақсы өсемін.

Жегенде жақсы тоясың,

Ұраға салып қоясың.

Суырып, өсіріп алғын,

Мен – екінші нанмын. (Картоп)


Аздап қышқыл болсам да,

Салатым менің дәмді.

Домалақпын, ұсақпын,

Қызыл шырайлы, әрлі.

Басқаларға қарағанда,

Ертерек жеуге жараймын.

Сондықтан да балалармен

Дос болуды қалаймын. (Редиска)


Әсем, нәзік, көріктімін,

Көктей жеуге болмайды.

Салатқа мені қосқанда,

Қияр қасымнан қалмайды.

Қып-қызыл болып пісемін,

Жәшікке лақтырып салмайды.

Жарылып қалам өйткені,

Көтермеймін ондайды. (Қызанақ)


Күн қызуын төгеді,

Бақшада доп өсіп келеді.

Күн қыздырған сайын,

Ол үлкейе береді.

Жесең шөлің қанады,

Қандырар бар баланы. (Қарбыз)

ПИЯЗ

Ата мен немере қуанып,



Бір-біріне қарады.

Түзу етіп қатарлап,

Бақшаға пияз салады.

Араға аз уақыт сап,

Көктеп шықты сабағы.
ҚИЯР

Кішкене дәнін қиярдың

Топыраққа салдық.

Күнде кешке бақшаға

Суаруға бардық.

Қазір ұзын сабағы,

Жан-жағына тарады.

Қол ұстасқан баладай

Бақшаны алып барады.
СӘБІЗ

Сәсіз сенің болады

Сүйікті бір тамағың.

Күзде қазып алғанша,

Көресің тек сабағын.
ОРАМЖАПЫРАҚ

Дәмді болсын десең,

Орамжапырақты егер,

Жаздай суар оны

Жатпасын шөлдеп бекер.

Орамжапырақ та сенің

Еңбегіңді өтер.
АСҚАБАҚ

Домаланып дәу өзі,

Құшағыңа сыймайды.

Күзге дейін бақшада,

Суық түсе жинайды.
АСКӨК

Жап-жасыл өпке ұқсаған

Аскөктің сабағын жейсің.

Ол қосылған салат, тамақтың

Дәмдісін-ай дейсің.
ҚЫЗАНАҚ

Қып-қызыл болып піседі,

Қатты ұстауға болмайды.

Картоптай атысып ойнасақ,

Көтермейді ондайды.
Қыссаң суы шығады,

Көріп пе едің мұндайды.

Дәмді болу үшін қызанақты

Жейтін кезде тұздайды.


ШЕМІШКЕ

Өзі күнді сүйеді,

Оған басын иеді.

Қолшатырға ұқсайды,

Сары қалпақ киеді.
ЖҰМБАҚТАР
Мені бәрі жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Таңертең, түсте, кешке де

Бірінші ас боп саналар.

Көріп пе едің мұндайды,

Менсіз өмір болмайды. (нан)


Қазанға салып бізді,

Пісіруге болады.

Сарымсақ қосып дәмділеп,

Қуырып та алады.

Дастарханда орным бар,

Екінші нан деп салады. (картоп)


Менсіз астың дәмі жоқ,

Күлдіре алмаймын, жылайсың.

Ащы болсам да мені

Базардан жиі сұрайсың. (пияз)


Түшкірсең, пысқырсаң,

Мен шипа боламын.

Дәмімді көбі ұнатпайды,

Досы емеспін баланың. (сарымсақ)


Пішінім де сүйкімді,

Аузыңнан дәмім кетпейді.

Таласып ішер шырынымды,

Әрине, кейде жетпейді. (ананас)


Дәрумен көп бойымда,

Қышқылмын шайға салсаң.



Сезіп қойды ма мені інің,

Мен кіммін, қайсың табасың? (лимон)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет