Сарыкөл ауылдық округі әкімінің есебі бюджет. 2015 жылы «Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппараты»



жүктеу 39.1 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі39.1 Kb.
: admin
admin -> Ғылыми кеңес жұмысының жоспары
admin -> Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша сайлау учаскелері
admin -> Шалгымбаева Самал Тойшанқызы Астана қаласы №58 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
САРЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2015 жылы «Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджеттен 45,139 млн. теңге қаржы бөлініп, жыл қортындысымен 99,8 пайызға игерілді.

Округ бойынша жиналуға тиісті мүлік салығынан 5200 мың теңге, жер салығынан 73,1 мың теңге, көлік салығынан 613,7 мың теңге, барлығы 692,0 мың теңге жиналып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.

Өткен жылғы есепті кездесу барысында тұрғындар тарапынан 8 ұсыныс-пікір айтылып, тиісті мекемелер арқылы шешімін тапты. Жыл көлемінде ауылдық округі әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 6 өтініш түсіп, 5-і қанағаттандырылды.

Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. Өткен жылы 12 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 34 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, 16 адам маусымдық жұмысқа жіберілді.

2015 жылы тұрмысы төмен 25 отбасының 98 баласына 1757,2 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді.



Кәсіпкерлік, мемлекеттік бағдарламалар, ауылшаруашылығы. Ауылдық округте 8 кәсіпкер тіркелген. 3 кәсіпкер ауыл тұрғындарын азық-түлік және тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етеді. 5 кәсіпкер жолаушы тасымалымен айналысады. Округте 16 шаруа қожалығы, 2 балық өндірісімен айналысатын жеке кәсіпкер тіркелген.

2015 жылы «Шоратай», «К Абай» шаруа қожалықтары «Құлан» бағдарламасы бойынша несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда.

«Әнуар», «Амандос» шаруа қожалықтары мен 2 жеке кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасы бойынша кезекте тұр. «Эко-Даму» шағын несие беру бағдарламасы бойынша ауыл тұрғыны құс өсіру мақсатында «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 млн теңге несие алды.

Округ бойынша 3107 мүйізді ірі қара, 6864 уақ мал, 1580 жылкы, 330 түйе бар.



Көркейту – көгалдандыру, абаттандыру, аяқ су. 2015 жылы көркейту – көгалдандыру жұмыстарына 897 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде көркейту – көгалдандыруға 523,0 мың теңге жұмсалып, ауыл орталығы күл-қоқыстан тазартылды, су жолдары аршылды, бильбордтар жаңартылды, көшеттер отырғызылып, жаңадан қоршаулар орнатылды және сырлау, әктеу т.б. жұмыстар жүргізілді.

«Қарой» көлін суландыруға бюджеттен 3,998 млн теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 407 метрге канал қазылып, су тоспасы салынып, пайдалануға берілді. Жылжымалы дизельді насос станциясы алынды. Қазіргі уақытта ауылдың батыс беткейіндегі ауыл тұрғындарына аяқ су беруге және 3 га аймаққа «Жасыл желек» жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл орталығының саябағына Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіс жұлдызы» ескерткіші орнатылды. Ауылдың кіре берісіне «Абай ауылы» қақпасы орнатылды.

Жолаушылар қатынасы, жол, жарықтандыру, ауыз су. 2015 жылы Абай ауылы тұсынан өтетін Сырдария өзеніндегі қалқымалы көперді күтіп ұстау жұмыстарына және күзгі-көктемгі сең жүру кезінде қалқымалы көпірді қоятын айлақты жөндеу жұмыстарына 3,238,0 млн теңге қаржы бөлінді.

А.Құнанбаев, З.Шыраев, Жаңақұрылыс көшелеріне 36 түнгі жарықшамдары орнатылған. Оларды күтіп ұстауға 2015 жылы бюджеттен 400,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.

Ауыл тұрғындарына «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры ауыз сумен толық қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта ауылдың барлық 186 үй сервистік желі арқылы толық таза сумен қамтылған.

Байланыс. Ауыл орталығында орналасқан «Сарика-2» КСЕЛЛ Тауер 166 станциясы халыққа қызмет көрсетіп келеді. 130 үй «OTAU TV» жолсеріктік телеарнасына қосылса, 168 үйге телефон аппараты құрылған. Жұбан елді-мекені мен алыс жекелеген үйлерге, жеке шаруа қожалық үйлеріне байланыс жүйелері толық орнатылды.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет. Абай атындағы №90 орта мектепте 216 оқушы білім алуда. 2014-2015 оқу жылында мектеп бітірген 8 оқушының 7-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 5-і мемлекеттік грант иегері атанды. 3 оқушы ақылы оқу орнына түсті.

№23 «Қарлығаш» балабақшасындағы 2 топта 50 бала тәрбиеленуде.

Дәрігерлік емхана барлығы 14 адам қызмет жасайды. Ғимаратта алғашқы қабылдау бөлмесі, егу бөлмесі, жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу бөлмесі және әйелдерді қабылдау бөлмелері ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Сонымен бірге қан алу зертханасы жұмыс жасайды.

Ауыл клубында жыл бойына жасалынған іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп, мереке күндерінде мәдени көпшілік кештер өткізілді. 2015 жылы Абай ауылының орталығында 150 орындық ауылдық клубы пайдалануға берілді.

Ауылдық кітапханада 23 370 кітап қоры бар.

Ауылдық округ көлемінде ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы және діни бірлестіктері ауыл әкімшілігімен бірлесіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізіп келеді.



Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылыққа қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілді.

Ауыл әкімшілігі жанында 7 адамнан құрылған қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.



Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:

- Ауыл орталығын абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу;

- «Жұмыспен қамту-2020», «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламаларының тиімділігін ауыл тұрғындарына түсіндіру;

- Ш.Уәлиханов көшесіне жүргізілген жөндеу жұмыстарын толық аяқтау, Жаңақұрылыс, І.Саймаханов көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыру;

- Ауылдағы мал арасында жұқпалы аурулар таралуына жол бермеу, сырттан келетін малдарды қатаң бақылауда ұстау, мал қораларына дизенфекция және тазалық жұмыстарын жүргізуді тұрақты бақылау;

- Жұбан елді-мекеніне қарасты Сағыр елді-мекенінің тұрғындарына ауыз су жағдайын шешу мақсатында аудандық жоспарға енгізілген Бұлақ (Скважина) қазу жұмыстарын бақылауда ұстау;



- Ақсай арнасына күз-қыс айларында су беруді, Қызылқұм беткейіндегі көлдерді суландыруды тұрақты реттеу, «Келте» арық каналын жаңадан қазу арқылы Қызылқұм беткейіндегі көлдерге су беруді түпкілікті шешу.

Сарыкөл ауылдық

округінің әкімі Ә.Дидаров



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет