Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы



бет1/3
Дата02.05.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату

ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысы

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:



1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1769 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 1769 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2710 тіркелген, 2005 жылғы 16 қыркүйекте № 170-171 «Юридическая газета» газетінде жарияланған).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Мұқашева A.M.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары F.H. Өзбековке жүктелсін.

 

Төраға

А. Дунаев






 

Келісілдi

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкi

Төраға


15.05.2006

____________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөрі)


Келісілдi

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат

министрлігінің

Ақпарат және мұрағаттар комитеті

Төраға


23.05.2006

____________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөрі)


 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау

агенттігі Басқармасының

№ 77 қаулысымен бекітілген

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын



мәжбүрлеп тарату туралы

Ереже

 

Осы Ереже сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша (бұдан әрі - мәжбүрлеп тарату) тарату тәртібін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының (бұдан әрі - тарату комиссиясы) жұмысына қойылатын талаптарды, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызмет ерекшеліктерін айқындайды.



 

 

1-тарау.



Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.



2. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) барынша төмен баға - бұдан төмен бағамен лоттың сатыла алмайтындығы туралы баға;

2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен бола алмайтын баға;

3) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары құрамынан құрылып отырған орган;

4) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған, кредиторлардың талаптарын көрсететін құжат;

5) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есепті бланктер және бағалы заттар;

6) лот - сату үшін бөлінбейтін бірліктерге бөлініп, аукционға шығарылған мүлік;

7) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторы - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына азаматтық-құқықтық және өзге міндеттемелер бойынша талаптар туындап отырған тұлға;

9) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың соңғы бағасы;

10) сату объектісі - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сауда-саттыққа жеке (дербес) бірлік ретінде немесе бірнеше бірліктермен бір лотқа шоғырландырып, өзге мүлік ретінде шығарған мүлкі;

11) сатушы - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы;

12) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;

13) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін мейлінше жоғары баға ұсынған қатысушы;

14) сауда-саттықты жүргізуді ұйымдастырушы (аукционшы) - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе сауда-саттықты өткізу жөнінде тарату комиссиясымен қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделі емес жеке немесе заңды тұлға;

15) сауда-саттыққа қатысушы - сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтініш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

16) сауда-саттықтың ағылшын әдісі - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшін қатысушылардың бірі барынша жоғары баға берген сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдісі;

17) сауда-саттықтың голланд әдісі - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен лот үшін қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша сатып алуға келісім берген сәтке дейін төмендей беретін сауда-саттық әдісі;

18) тарату комиссиясы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату рәсімдерін жүргізу барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттікті тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы уәкілетті орган шешім қабылдаған жағдайда тағайындалатын (босатылатын) орган;

19) тарату комиссиясының шығыстары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);

20) тарату, конкурстық масса - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуге арналған активтері;

21) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен, тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

22) тарату шығыстарының бекітілген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органмен немесе кредиторлар комитетімен келісе отырып бекіткен, тиісті уақыт кезеңіне арналған смета;

23) тарату шығыстары сметасы - белгілі бір уақыт кезеңіндегі тарату комиссиясы болжалдап отырған шығындарды көрсететін құжат;

24) тарату өндірісі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтаушы және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуші заңды тұлға ретіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату рәсімі;

25) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - сот шешімі заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату барысында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

26) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі - құндық бағасы бар және таратылып отырған, конкурстық массаға енгізілген мүліктік қажеттілік пен құқықтар жиынтығы;

27) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан лицензияны қайтарып алу туралы шешім күшіне енген күннен бастап және уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкінің сақталуын қамтамасыз ететін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын орган;

28) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот деп танылған жағдайда тарату осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау.



Сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымын мәжбүрлеп таратуды жүргізу тәртібi

 

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күні мәжбүрлеп тарату процесінің басы болып саналады.



5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күнінен бастап және тарату өндірісі аяқталғанға дейін:

1) акционерлердің жалпы жиналысының, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа органдары мен лауазымдық тұлғаларының, оның ішінде мүлікті басқару және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;

2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асатын іс-әрекеттер егер оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылатын комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылдарды жасау үшін ол берген сенімхат бар тұлға жасаған жағдайда заңды күші болады;

3) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру төлемдері жөніндегі міндеттемелерден басқа таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі біткен болып есептеледі;

4) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны (мүддені) есептеу тоқтатылады;

5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндіріп алу жөніндегі өтінішке заңнамамен белгіленген барлық шектеулер алынып тасталады;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптары бар сотта қаралатын даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, тоқтатылады;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап, тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының атына берілуі мүмкін және осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады;

8) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүліктік талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен орындауға береді.

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын - кепілдік берілген сақтандыру төлемдері жүйесінің қатысушысын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қор (бұдан әрі - Қор) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіп бойынша мәжбүрлеп таратылатын ұйымның міндетті сақтандыру шарты бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік берілген өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін өзіне міндеттеме алады.

Сақтандыру ұйымын - кепілдік берілген сақтандыру төлемдері жүйесінің қатысушысын мәжбүрлеп тарату туралы күшіне енген сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының атына сақтандыру ұйымына - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушыларының тізбесін жібереді.

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебінен ғана жасалады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.

 

 



3-тарау.

Тарату комиссиясы

 

8. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.



Тарату комиссиясы уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) он күндік мерзімде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдап алады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі істі қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ісін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.

9. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан іс-қимыл жасайды және оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес әрекет етеді.

10. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамына уәкілетті органға ұсынылған өтініш негізінде Қордың өкілі кіре алады.

11. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және оның қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін орынбасар орындайды.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда, оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының сол жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.

13. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясының төрағасы тағайындайтын бөлімше басшысы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басшылық жасайды.

Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімше басшысы және тұтас алғанда бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

14. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне және филиалын не өкілдігін таратуды жүзеге асыруға жауап береді.

15. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясына тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (келісім-шартта) айқындалады.

16. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметiне жедел басқаруды жүзеге асырады, бөлiмшелерi мен олардың басшыларының қызметiне бақылау жасайды.

Тарату комиссиясының төрағасы осы Ереженің 107-тармағына сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату ісі бойынша дербес шешім  қабылдайды.

17. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлімшелерінің басшылары мен мүшелері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтіру, өкілеттікті теріс пайдалану, сондай-ақ басқа да жол берілген жөнсіздіктері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгендей жауап береді.

Таратылатын заңды тұлғаның (оның басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын теріс мақсатта пайдалану немесе басқа да тәртіп бұзу фактілері анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға мәлімдеуі тиіс.

18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар жүргізеді:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде талап қою тәртібін, мерзімін және кредиторлардың өз талап-шағымдарын өтініштерін) қоюына құқылы мекен-жайды міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кешіктірмей жариялайды. Таратылып отырған сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болған жағдайда жарияланып отырған ақпаратта сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы сақтандыру ұйымдары туралы (осындай ұйымдар тізбесін көрсете отырып) мәліметтер, мәжбүрлеп таратылып отырған сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы кредитормен басқа сақтандыру ұйымының мәжбүрлеп таратылып отырған сақтандыру ұйымымен бұрын жасаған шартының өтпеген қолданылу мерзіміне Қордың кепілдік берген міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпарат болуы тиіс;

2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалған мәмілені тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ бағалы қағаздар тіркеушілерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін басыбайлы беру жөніндегі мәмілені тіркеуге тыйым салуды, сондай-ақ кепіл ұстаушы болып табылатын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкінен ауыртпалықты алып тастауға тыйым салуды белгілейді;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату бойынша міндеттердің тарату комиссиясына жүктелгенін растайтын құжатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшыларына қол қойдыра отырып таныстырады;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшыларынан, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан) қабылдау-өткізу туралы акт жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерін, электронды ақпарат тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен басқа да барлық құжаттарын тез арада талап етеді;

5) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының (полистерінің) бланктерін және сақтандыру агенттеріндегі қолма-қол ақшаның қалдығын қабылдап алады;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасына тез арада түгендеу жүргізеді, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттарына есептейді;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және қажеттілігіне қарай шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының клиенттері үшін көрнекі жерге орналастырады;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыстан шығарады;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді;

11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін анықтайды;

12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату мақсаттарына сәйкес активтерін басқарады;

13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жасаған сақтандыру шарттары бойынша оның міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қабылдайды;

14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сотта талап қояды және мүддесін білдіреді;

15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуін және электронды ақпарат тасымалдаушыларын, сондай-ақ басқа да ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етеді;

16) толық материалдық жауап беретін адамдар тобын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және басқа да есебін жасаудың электронды жүйесіне кіре алатын адамдарды белгілейді;

17) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері белгіленген заңнамалық тәртіппен қабылданған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адам тағайындалады;

18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату процесі басталған күнге электронды түрдегі есепке алу - бухгалтерлік ақпаратты шығарады. Мұндай ақпарат электронды түрде жоқ болған жағдайда қағазға шығарылған ақпарат негізге алынады;

19) Қордың атына сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы - таратылып отырған сақтандыру ұйымымен жасалған міндетті сақтандыру шарты заңды күшіне енуіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәліметтерді дереу жібереді;

20) кредиторлар тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгілейді және талдау есебінің деректерімен салыстырады;

21) ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 241 Қаулысымен алып тасталды

22) ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 241 Қаулысымен алып тасталды

23) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлардың талап ету тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

24) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін келісім-шарт бойынша қажетті қызметкерлерді жалдайды;

25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі бойына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарының сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

26) жарты жылда бір рет мерзімдік баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы тарату өндірісінің барысы туралы ақпарат жариялайды;

27) уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтерді ұсынады;

28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату туралы есебін, тарату балансын жасайды және оларды келісу yшін уәкілетті органға жібереді;

29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтауға өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға мәлімдейді;

30) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да өкілеттіктер мен міндеттерге ие болады.

19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясы және оның бөлімшелері тұрған жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажеттілігіне қарай шетел валютасында ашылады.

20. Уәкілетті орган белгілеген мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы орындалған жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да ұсынады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктеріндегі өз қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер орындалған жұмыс туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

 

 



4-тарау.

Тарату шығыстарының сметасын

қалыптастыру және бекіту

 

21. Тарату өндірісіне, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге байланысты, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін пайда болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс және тұрақты, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатынан жасалады.



Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасына және оның мүшелеріне төленетін төлемдер мөлшерін қосқандағы тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісе отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

Тарату өндірісінің шығыстары олардың пайда болу шегіне қарай тарату массасынан төленеді.

Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ екі айдан артық мерзімге тарату шығыстары қаражатын резервте сақтауға жол берілмейді.

22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына және оның мүшелеріне және өзге қамтылған қызметкерлердің әр қайсысына төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген барынша төмен жалақының он есе мөлшерінен аспауы тиіс.

23. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарын тәртіпке келтіру мақсатында тарату комиссиясы өз қызмет кезеңінде тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы жасалады.

24. Тарату комиссиясы, уәкілетті орган және кредиторлар комитеті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, орындылық, шыншылдық принциптерін басшылыққа алып жұмыс істейді.

Тарату шығыстарының нақтылық принципі тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешектер көлемін негізге алуды болжалдайды.

Тарату шығыстарының негізділік принципін тарату өндірісінің белгілі бір кезеңінде болжалданып отырған шығындардың объективті қажеттігі деп түсіну қажет.

Орындылық принципі тарату комиссиясы жасап отырған шығындар алға қойылған мақсатқа сәйкес келетіндігін білдіреді, яғни тарату өндірісін аяқтауға және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен есеп айырысуға бағытталған.

Тарату шығыстарының шыншылдық принципі жасалған шығындарды тарату комиссиясының құжаттамалық растауы арқылы көрінеді.

25. Тарату комиссиясы тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай да бір кәсіби қызметпен айналысатын айналыспайтындығын негізге алады және тарату комиссиясының негізгі міндеті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерінің аяқталуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлармен және акционерлерімен есеп айырысу жөнінде шаралар көру болып табылады.

26. Тарату шығыстары сметасында қажет ету шегіне байланысты мынадай шығын баптары көзделеді:

1) қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;

2) бюджетке аударым жасау;

3) әкімшілік шығыстар;

4) тарату өндірісін жүзеге асыру үшін қажет тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар;

5) іссапарлық шығыстар;

6) басқа да шығыстар.

27. Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясы төрағасы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бар филиалдарын ескере отырып, тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу.

Шығыстарда мынадай сомалар көрсетіледі:

1) лауазымды жалақы;

2) мемлекеттік бюджетке аударылатын табыс салығы;

3) міндетті зейнетақы жарналары.

28. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қосымша төлем жасау - қосымша төлем жасауды жүзеге асыру туралы барлық белгілі тұлғаларға шешім қабылдануына қатысты кредиторлардың талаптарын нақты қанағаттандыру сомасының үш процентінен аспайтын мөлшерде олардың жұмыс қорытындысы бойынша бекітілуі мүмкін.

Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қосымша төлем жасау кредиторлармен есеп айырысу толық аяқталған соң бір жолғы тәртіппен тағайындалады.

29. Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған жеке еңбек шарттарына және жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтарға негізделеді.

Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының бабы штат кестесіне сәйкес қалыптасады.

30. Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларының талаптарына сәйкес жасалады.

31. Әкімшілік шығыстар мыналар үшін көзделуі мүмкін:

1) қызметтік және шаруашылық қажеттіліктер үшін көлік жалдау қызметі;

2) байланыс қызметі (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызмет бойынша шығыстар);

3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлікті) күзету және сигнализация қызметі;

4) көлікті күзету қызметі;

5) көлік үшін тұрақ ұсыну қызметі;

6) көлікті тіркеу қызметі;

7) көлікті техникалық жағынан қарау қызметі;

8) көлікті сақтандыру қызметі;

9) коммуналдық қызмет;

10) ағымдық жөндеу, мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау);

11) үй-жайды жалдау;

12) тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет;

13) мүлікті бағалау жөніндегі қызмет;

14) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет;

15) жылу жүйесін іске қосуға дайындық жасау қызметі;

16) сантехникалық жұмыстар;

17) мүлікті сақтау жөніндегі қызмет;

18) мемлекеттік баж салығын төлеу;

19) нотариатта куәландыру жөніндегі қызмет;

20) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет;

21) терезе, есіктерге торкөз дайындау және қою жөніндегі жұмыстар;

22) аукциондар өткізу жөніндегі қызмет;

23) сараптама жасау жөніндегі қызмет;

24) аудит өткізу жөніндегі қызмет;

25) құжаттарды аудару жөніндегі қызмет;

26) телефон нөмірлерін қою, ауыстыру және қолға алып жүру жөніндегі қызмет;

27) акционерлердің тізілімін актуалды жай-күйде ұстау үшін қажет тіркеуші қызметі;

28) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызмет және оларды мұрағатқа өткізу;

29) таратуды тіркеу үшін алым төлеу қызметі;

30) инкассация бойынша қызмет

Жұмыс пен қызметке төлем жасау тұрақты және бір жолғы сипатта болуы мүмкін.

32. Ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған және мыналар үшін қажетті жол берілген барынша төмен қор құру үшін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар:

1) жұмыс жағдайындағы офистік жабдықтарды ұстау;

2) көлік құралдарын ұстау;

3) үй-жайды ұстау;

4) қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу;

5) кеңсе тауарларын сатып алу;

6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу

33. Тарату комиссиясы сатып алу үшін әртүрлі қызмет пен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгізу кезінде есеп айырысу осы өңірде белгіленген тарифтік сеткалар мен орта рыноктық бағалар негізінде жасалады.

34. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегі бойынша жүзеге асырылады.

Іссапарларға жіберілген қызметкерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тәулікақы төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы бес есе айлық есептік көрсеткіштен, облыс орталықтарындағы төрт есе айлық есептік көрсеткіштен және аудан орталықтарындағы үш есе айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі, іссапарға жіберілген жерге жету және кері тұрақты жұмыс орнына қайту шығыстары өтеледі.

34-1. Басқа да шығыстар жүз айлық есептiк көрсеткiштен мөлшері аспауы тиіс осы Ереженің 26-тармағының 1)-5) тармақшаларында көзделмеген шығындар ретінде сипатталады

35. Жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкілетті органға шарттар, шот-фактуралар, чектер және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

36. Тарату комиссиясы оны уәкілетті орган тағайындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тарату шығыстары сметасын қалыптастырады және оны келісу үшін уәкілетті органға береді.

Филиалдық желісі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін тарату шығыстарының шоғырландырылған сметасына енгізу үшін тарату комиссиясының бөлімшелері бөлігінде тарату шығыстары сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.

37. Жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онына дейінгі мерзімнен кешіктірмей тарату комиссиясы келісу үшін тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органға береді.

38. Тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасына өзгерістер мен толықтыруларды тек уәкілетті органмен келісе отырып енгізеді.

39. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген соң тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың бесінен кешіктірмей кредиторлар комитетіне бекітуге береді.

Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігі бойынша жасалады.

40. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың он бесінен кешіктірмейтін мерзімде қарайды және бекітеді.

41. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы кредиторлар комитеті бекіткен күннің ертеңіне уәкілетті органға ұсынады.

42. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жай-күйін негізге алып және тарату комиссиясының орындаған жұмысын ескеріп, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына алдын-ала міндетті түрде кредиторлар комитеті бекітетін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

43. Тарату шығыстарының сметасын келіскен немесе бекіткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.

44. Басқа бір бап бойынша үнем жасай отырып, екінші бір шығын бабы бойынша артық шығындар жасалуына жол берілмейді.

45. Тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін немесе кредиторлар комитеті бекіткенге дейін шығыстар жасауына жол берілмейді.

 

 

5-тарау.



Тарату комиссиясының кассалық тәртіп

сақтау талаптары

 

46. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді, тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кіріске алынуына бақылауды жүзеге асырады.



47. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларды анықтайды.

Бір кассирі бар тарату комиссияларында оны ауыстыру қажет болған жағдайда кассирдің міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.

48. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

49. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау күзет, өрт және дабыл сигнализациясы құралдармен бекітілген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.

50. ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 241 Қаулысымен алып тасталды

51. Тарату комиссиясының кассасының (бұдан әрі - касса) жұмысы аяқталған соң ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай бір комплектісі кассирде, екіншісі - бас бухгалтерде, не тарату комиссиясының төрағасында болатын кілттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрімен жабылады.

52. Кассада жасалатын қолма-қол ақшамен операциялардың есебі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалады.

53. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті бекітілген ай сайынғы шығыстар сомасын негізге алып, мына шектер бойынша анықталады:

 

ай сайынғы шығыстар      касса қалдығының күн       бөлімшелердегi



                         сайынғы лимиті             касса қалдығының

                                                    күн сайынғы

                                                    лимиттi

5 миллион теңгеге дейін      - 20 мың теңге         - 20 мың теңге

5-тен 10 миллион теңгеге     - 40 мың теңге         - 20 мың теңге

дейін


10-нан 20 миллион теңгеге    - 100 мың теңге        - 20 мың теңге

дейін


20 миллион теңгеден жоғары   - 150 мың теңге        - 20 мың теңге

 

54. Осы Ереженің 53-тармағында белгіленген күн сайынғы лимит сомасы жоғарылап кеткен кезде тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысу жүргізу мақсатында екінші деңгейдегі банктерден алынған қалма-қол ақшаны сақтауы қызмет көрсетуші банктен ақшаны алған күнді қоспағанда үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.



55. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері және кассирі қол қойған кассалық кіріс құжаттары бойынша (қалма-қол ақшаны алып жүруге хабарлама және кассалық кіріс ордері) жасалады және кассалық кіріс журналында күн ішінде жалпы сомасы көрсетіледі.

Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді.

56. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) кассаға сол күні кіріске алынады және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады.

57. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлері бойынша жасалады.

Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлер бойынша ресімделеді.

58. Қолма-қол ақшаны кассалық шығыс ордері бойынша беру кезінде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, кім және қашан бергенін жазып алады.

59. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерінде көрсетілген адамға ғана береді.

60. Егер ақшаны беру белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенімхат бойынша жасалса, онда ордер мәтініндегі ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнінен кейін кассир ақшаны алуға сенім білдірілген адамның фамилиясы, аты-жөнін көрсетеді. Егер ақша ведомость бойынша берілген болса, онда ақшаны алу үшін қол қоятын орынның алдына кассир "сенімхат бойынша" деп жазба жасайды.

Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомостьке қосылып тігіледі.

61. Кассалық операциялар нәтижесінде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресімделмеген ақшаның және құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы тиісінше кіріске алынады немесе акт жасала отырып, кассирден төлеттіріп алынады.

62. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері және кассирі қол қояды, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысы қол қояды.

63. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің және тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық шығыс ордері жасалмай төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосі бойынша жасалады.

64. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосінің бірінші бетінде (аты көрсетілген) қолма-қол ақшаның берілгендігі туралы рұқсат беру жазбасы тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолмен, қолма-қол ақшаны беру мерзімін және сомасын жазбаша көрсету арқылы жасалады.

65. Жалақы төлеудің белгіленген мерзімі өткен соң кассир:

1) төлем ведомосіне төлем жасалмаған адамның фамилиясының қарсы тұсына штамп қояды немесе қолымен "депонирленген" деп белгі қояды;

2) депонирленген соманың тізілімін жасайды;

3) ведомостің аяғында жалақының нақты төленген сомасы мен депонирлеуге жататын жалақының алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосінің жалпы жиынтық сомасымен салыстырады және өзінің қолымен бекітеді;

4) ведомостегі нақты төленген соманы және кассалық шығыс ордерінің нөмірін көрсетеді.

66. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне қолма-қол ақша тарату өндірісіне байланысты мақсаттар үшін есепті түрде беріледі.

Ақшаны есепті түрде берудің негіздемесі тарату комиссиясының бас бухгалтері және төрағасы қол қойған осы шығыстардың (тарату комиссиясының баянжазбасы, есептері, хаттамалары және басқалар) қажеттігін негіздейтін құжаттарды тиісті жағдайда ресімдеу болып табылады.

67. Алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде есепті түрде берілген сомалар, іссапар мерзімі аяқталған күнгі іссапарлық шығыстар бойынша есепті тұлғалар алынған сомалардың қойылған мақсат бойынша жұмсалғанын растайтын құжаттарды береді (барлық растаушы құжаттар қоса берілген аванстық есептер, тауарлардың төлемі және көрсетілген қызмет туралы чектер).

68. Кассалық кіріс құжаттары, кассалық шығыс ордерлері және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп толтырылады. Бұл құжаттарда ешқандай өшіру, түзетіс немесе түзету, тіпті келісілгендеріне де жол берілмейді.

Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері және оған қоса беріліп отырған құжаттар атап көрсетіледі.

69. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге күні, айы және жылы көрсетіліп, кассирдің немесе оның орнындағы адамның «Алынды» немесе «Төленді» деген қолымен немесе штамппен міндетті түрде жабылады.

70. Жұмыс күнінің соңында кассир кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес күн ішіндегі кассалық айналымдар мен құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирінің қолдарымен расталады.

71. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның жылжуы мен мақсатты пайдаланылу есебі үшін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша кассирмен қабылданған және берілген ақшаның (құндылықтардың) есеп кітабын (бұдан әрі - касса кітабы) жүргізеді, ол нөмірленуі, тігілуі және мөрмен жабылуы тиіс. Касса кітабындағы парақтар саны төрағаның, бас бухгалтердің және кассирдің қолымен расталады.

72. Касса кітабында өшіруге, келісілмеген түзетулерге жол берілмейді. Қате түзетілген жағдайда "Түзетілді" деген жазба жасалады да, ол түзетілген күні көрсетіліп, тарату комиссиясының кассирінің және бас бухгалтердің қолдарымен расталады.

Касса кітабын дұрыс және уақтылы жүргізуді бақылау тарату комиссиясының төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.

73. Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир касса кітабындағы күн ішіндегі операциялардың (кіріс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейді, қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ басқа құндылықтардың келесі күнге қалған қалдығын шығарады, сондай-ақ басқа құндылықтардың қалдығын ол түзетілген күні көрсетіліп, төрағаның, бас бухгалтердің және кассирдің қолдарымен расталады.

74. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректері арасында алшақтықтар болған жағдайда бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерін анықтау шараларын көру үшін дереу тарату комиссиясының төрағасына хабарлайды. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.

75. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тігеді. Қалыптастыру кезінде кассалық құжаттар баланстық шоттар (нөмірінің өсу тәртібімен) бойынша және кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке іріктеледі. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірі бойынша іріктеледі - басында кіріс, содан соң шығыс деп.

76. Касса құжаттары келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей әр күн үшін жеке папкаларға қалыптастырылады. Жинақталып тігілген құжаттардың жинақталған деректері саналады және күн ішіндегі касса айналымы туралы жиынтық анықтама деректерімен салыстырылады.

Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кіріс және шығыс ордерлерінің күн ішіндегі кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардан бұрын, папканың басына орналастырылады.

77. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде қолма-қол ақшаны толық қайта санау арқылы (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады. Кассаны ревизиялау өндірісі үшін төрағаның бұйрығымен акт жасаушы комиссия тағайындалады.

78. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргізу және құндылықтар мен ақшаны талан-таражға салу және кем шығу мүмкіндігін жасыра алмайтын бір ізділік бойынша жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда актіде кем шығу немесе артық шығу сомасы, олардың пайда болу жағдайлары көрсетіледі.

 

 



6-тарау.

Активтерді басқару және талаптарды қарау

 

79. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті мүлкі, құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да талаптары кіреді және тарату, конкурстық массасын қалыптастыруға негіз болады.



80. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы осы Ережеге және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес таратылатын сақтандыру ұйымының уәкілетті қызметкерлерін қатыстыра отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне (активтеріне), жеке шоттарына, сақтандыру шарттарына (полистеріне), басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына кейінге қалдырмай түгендеу жүргізуге, сондай-ақ баланстық шоттардың және меморандум шоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексеруге міндетті. Түгендеу нәтижелері бойынша акт жасалады.

81. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық шарттары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да міндеттемелері бойынша шарттар қолда бар барлық құжаттармен қоса тізімделуге және есепке алу-тіркеу құжаттарымен бірге кейін салыстырып тексеруге жатады. Құжаттар арасында айырмашылық анықталса не құжат болмаса, себебі көрсетіле отырып, акт жасалады.

82. Түгендеу жолымен анықталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық активтері тарату массасына енгізілуі тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың басында оның балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансында көрсетілуі тиіс.

83. Тарату комиссиясы бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалайды.

Бағалаушыны таңдау тендер (конкурс) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның нәтижесі бойынша ең тиімді шарттарды (көрсетілген қызметтер үшін төлем мөлшерін, бағалауды өткізу мерзімдерін, бағалаушыда филиалдық желі болуын және басқа шарттарды) ұсынған бағалаушы таңдалады

84. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дебиторларының таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдындағы берешектерін өтеуі - мүлікті беруі, оның ішінде сот шешімін орындау үшін берген күнгі мүлікті бағалау актісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

85. Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін орын алған, Қазақстан Республикасының заңнамалық тәртібімен аралық тарату балансы бекітілгенге дейін орындалуы және құжаттамалық ресімделуі аяқталмаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысатын мәмілелер жасалмаған болып есептеледі.

86. Тарату комиссиясы тарату массасын толтыру үшін дебиторлық берешек өндіріп алу жөнінде, оның ішінде сақтандыру резервтерінің орналастырылған қаражатын қайтару жөнінде жұмыс жүргізуге міндетті.

87. Мүліктік құқығы және заңды мүддесі соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдауы нәтижесінде бұзылуы ықтимал заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен дауларды тікелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша шағым береді.

Кредитор жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге жазбаша өтініш береді.

88. Кредиторлардың талаптарында талаптың мөлшері (негізгі борыштың мөлшері туралы жеке, сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және басқа айыппұл санкциялары, шығындар, талаптың негіздемесін және мөлшерін растайтын құжаттар туралы мәліметтер және талаптың мөлшері (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышты мойындауы және басқалары) болуы тиіс.

89. Шағым (өтініш) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен кредитор арасында жасалынған шартта басқа мерзім келісілмеген жағдайда, оны алған күннен бастап екі апта мерзімде қаралуы тиіс.

90. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы шағымды (өтінішті) қарау кезінде қойылатын талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексеруі керек.

Егер шағымға (өтінішке) қаралуға тиісті қажетті құжаттар қоса берілмесе, онда олар өтініш берушіден почтамен жіберілген жолдағы уақытты санамағанда кемінде 5 жұмыс күні болатын беру мерзімімен сұратып алынады. Талап етілген құжаттар көрсетілген мерзімде алынбаған жағдайда шағым (өтініш) қолда бар құжаттар бойынша қаралады.

91. Шағымды (өтінішті) алған тарату комиссиясы өтініш берушінің негізделген талабын тануға және жазбаша түрде шағымды (өтінішті) қарау нәтижелері бойынша хабарлауға міндетті.

Шағымға (өтінішке) берілетін жауапта мыналар көрсетіледі:

1) шағым (өтініш) берушінің және жауап беретін тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілетін шағымның (өтініштің) күні және номері;

2) шағымды (өтінішті) толық немесе ішінара таныған жағдайда, танылған сома көрсетіледі, егер ол ақшалай бағалауға жатқызылмаса, не шағымның (өтініштің) мерзімі және қанағаттандыру әдісі көрсетіледі. Егер кредитордың шағымы (өтініші) Қор кепілдік берген міндетті сақтандыру түрі бойынша сақтандыру төлемін алу құқығының болуына себепші болса, сақтандыру төлемін жүзеге асыратын таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемесін Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кепілдік берілген төлемдерді жүзеге асыру арқылы орындауы мүмкін;

3) шағым (өтініш) толық немесе ішінара ауытқыған жағдайда - шағымның (өтініштің) ауытқуына негізделген тиісті нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарға сүйенген ауытқу себептері;

4) жауапқа қоса берілген құжаттардың және басқа дәлелдемелердің тізбесі.

92. Шағым (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге шағыммен (өтінішпен) қоса берілген құжаттар қайтарылуы тиіс, сондай-ақ шағымды (өтінішті) қабылдамауға негіз болатын құжаттар өтініш берушіде жоқ болса, олар жіберіледі.

93. Кредиторға жауап арнайы немесе бағалы хатпен, хаттың жіберілуін белгілейтін басқа байланыс құралдарымен жіберіледі.

94. Шағымды (өтінішті) беруге арналған мерзім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру баспада жарияланған күннен бастап есептеледі және екі айдан кем болмауы тиіс.

95. Шағым (өтініш) беру, сондай-ақ барлық ұсынылған шағымды (өтінішті) қарау мерзімі аяқталғаннан кейін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бір айлық мерзімде активтерді және міндеттемелерді түгендеу нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкінің құрамы, кредиторлар берген шағымдар мен өтініштердің тізбесі, оларды қарау нәтижелері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларынан талап етілмеген берешектері, кредиторлардың талаптарының тізілімі туралы мәліметтер болуы тиіс.

Филиалдары және өкілдіктері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аралық тарату балансы филиалдар мен өкілдіктердің аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.

96. Шағым (өтініш) берген кредитор бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борышкері болса, онда тарату комиссиясы шағымды (өтінішті) қарау кезінде ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекігенге дейін кредитор мен борышкердің бір тұлға болып дәл келуі барысында өзара талап ету сынағын өткізу туралы мәселені қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгізеді.

Аралық тарату балансы бекігеннен кейін өзара талап ету сынағы осы кредитордың талабын қанағаттандыру жөніндегі тиісті кезегі келген кезде ғана жасалады.

97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлардың талаптарының тізілімін тарату комиссиясы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасайды.

98. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі жасалғаннан кейін тарату комиссиясы оларды уәкілетті органға бекітуге ұсынады.

99. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүддесін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлардың талаптарының тізілімін жасайды және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес болуы тиіс.

Кредиторлар талаптарының тізілімінде әр кредитор туралы, ақша жөніндегі міндеттемелер және/немесе міндетті төлемдер туралы, әрбір талаптың кезектілігін қанағаттандыру туралы мәліметтер көрсетіледі.

Кредиторлардың талаптарының тізіліміне даусыз болып табылатын, белгіленген мерзімде көрсетілген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптары кіреді.

Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына берілген, заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша орындау құжаттары кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін тарату комиссиясының төрағасына беріледі.

Орындау құжаттары танылған талаптар деп табылады және орындалмаған сома мөлшерінде кредиторлардың тізіліміндегі тиісті кезекте есептеледі.

100. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысулар «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, аралық тарату балансы және оның қосымшалары уәкілетті органда бекітілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

 

7-тарау.



Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

 

101. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде олардың қатысуымен шешім қабылдау үшін кредиторлар комитеті құрылады.



102. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және дереу бекітуге уәкілетті органға жіберіледі.

103. Кредиторлар комитетінің құрамы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген мейлінше көп талап ету сомасы бар кредиторлар арқылы әр кредиторлар санатынан бір өкіл арқылы қалыптасады.

Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторлардың тарату өндірісіне қатысу үшін кредиторлар комитетінің құрамына енгізу туралы деректер жібереді.

Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.

Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері енгізілмейді.

104. Кредиторлар комитеті үш адамнан кем емес тақ санды мүшелер құрамынан тұрады.

Кредитор кредиторлар комитеті жұмысынан бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мейлінше көп талап ету сомасы бар келесі кредиторына ұсыныс жібереді.

Кредиторлар комитеті мүшесінің талабы толық қанағаттандырылған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кейін уәкілетті органға бекітуге кредиторлар комитетінің тізімін ұсына отырып, кредиторлар комитеті құрамын өзгерту жөнінде жұмыс жасайды.

105. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін комитеттің бірінші мәжілісі өтетін орын мен күн туралы хабардар етеді.

Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі. Кредиторлар комитеті бірінші мәжілісінде дауыс беру рәсіміндегі тең дауыс алу кезінде шешуші дауыс алу құқығы берілетін комитет төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.

106. Кредиторлар комитетінің одан кейінгі мәжілістері комитет белгілейтін тәртіп пен мерзімде шақырылады.

107. Кредиторлар комитетiнің өкілеттігіне мыналар кіреді:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында жасалатын барлық құжаттармен танысу;

2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерiн бұзу туралы шағымын қарауға қатысу;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, мүдделерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жөнінде, оның iшiнде тарату комиссиясы мүшелерi өздерiнiң мiндеттемелерiн тиiстi дәрежеде орындамағаны туралы уәкiлеттi органға және сотқа хабарлау;

4) тарату комиссиясының әрекетiне сотқа және уәкiлеттi органға шағым жасау;

5) мүлiк сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының мәжiлiсiн қоса алғанда, кез келген тарату рәсiмi болған кезде қатысуға құқығы бар комитет кредиторлары мүшелерiнiң iшiнен кредиторлардың өкiлдерiн сайлау;

6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты алу;

7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өндiрiп алуға мүмкiн емес дебиторлық берешегінің көлемiн бекiту;

8) тарату комиссиясы берген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату, конкурстық массасын жүзеге асыру жоспарын бекiту;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне төленетiн негiзгi және қосымша төлемдердiң мөлшерiн қоса, тарату шығыстарының сметасын бекiту;

10) тарату комиссиясының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан мүлiктi есептен шығару жөніндегі актiсін бекiту.

107-1. Кредиторлар комитетi болмаған жағдайда, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмағанда, осы Ереженің 107-тармағының 7)-10) тармақшаларында көзделген өкілеттікті тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.

108. Кредиторлар комитетінің мәжілісі хаттамамен ресімделеді.

Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.

109. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық қалған кредиторлары кеңес беру дауысы құқығымен кредиторлар комитетінің мәжілісіне қатысуға құқылы.

 

 

8-тарау.



Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

 

110. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптарын, оның ішінде банкрот болуына байланысты қанағаттандыру «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабында белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша, аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап жүргізіледі.



111. Әрбір кезектің талабы осының алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылған соң барып қанағаттандырылады.

Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі бір кезекті қанағаттандыруға жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы және мүлкі (өзгесі) осы кезектің кредиторлары арасында қанағаттандырылуы тиіс талаптар сомасына теңбе-тең бөлінеді.

112. Кезектілік бойынша кезек келген жағдайда кредитордың талабы Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін тәсілмен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың тепе-теңдігін сақтай отырып, табиғи нысанда мүлікті беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.

113. Сақтандыру жағдайы пайда болуына байланысты сақтандыру төлемдері бойынша кредиторлардан бірнеше талаптар келіп түскен жағдайда оларды қанағаттандыру талаптардың түсуінің сол күнгі кезектілігі бойынша жүргізіледі.

114. Талап-шағым берудің тарату комиссиясы белгілеген мерзімі өткеннен кейінгі, бірақ тарату балансы бекітілгенге дейінгі кредиторлардың өтініш бойынша талаптары Қордың талаптарынан (өтініштерінен) басқа, белгіленген мерзімде өтініш жасалған кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан қалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі есебінен қанағаттандырылады.

Талап-шағым жасау үшін тарату комиссиясы белгілеген мерзім өткеннен кейін Қордың жасаған талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және осы талаптар үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады.

115. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан не оларды қараудан бас тартқан жағдайда кредитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясының атына сотқа талап-шағым береді.

Кредиторлардың белгіленген мерзімде өтініш жасаған, бірақ тарату комиссиясы танымаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешімі бар талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Аталған талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін есеп айырысу жасалған кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезегі уақытша тоқтатылады.

116. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі жеткіліксіз болған жағдайдағы, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейінгі кредиторлардың талаптарын (өтініштерін) қанағаттандырмау өтелген болып есептеледі.

Кредиторлардың тарату комиссиясы танымаған, егер кредитор сотқа шағым-талап бермеген болса және сот шешімі бойынша кредитордың талабын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайдағы талаптары өтелген болып есептеледі.

117. Тарату комиссиясы таныған және кредиторлардың талап ету тізіліміне енгізілген кредитордың міндеттемелерін, талаптарын (өтініштерін) орындау мүмкін болмаған жағдайда тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен нотариустық депозитке аударады.

118. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлармен есеп айырысуы аяқталғаннан кейінгі мүлкін тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен акционерлер арасында бөледі.

 

 

9-тарау.



Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының мүлкін сату тәртібi

 


Каталог: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет