Сейфуллин Ж. Т., Сейтхамзина Г. Ж. Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу



жүктеу 2.5 Mb.
бет6/13
Дата25.04.2016
өлшемі2.5 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
Annotations -> Оқулықнама Аңдатпа
Annotations -> «Жетісу» газеті, 18 мамыр, 2013 ж. Алдаспандай жарқылдағАН, АҚСҰҢҚардай саңҚылдағАН…
Annotations -> Есенгүл КӘПҚызы, «Мінбер kz» ұлттық интернет газетінің Бас редакторы
Annotations -> Нұржанова Шарипа, Мұқанова Гүлнәр журналист, pr-маманы және бұҚаралық AҚпараттық ҚҰралдары
Annotations -> Сейфуллин ж. Т., Сейтхамзина г. Ж., Нюсупова г. Н
Annotations -> Алматы, 2012 Сейфуллин Ж. Т., Сейтхамзина Г. Ж. Қазақстанның жер кадастры
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы Қазақстан республикасы заңындағы бағалы қАҒаздарға жанама байланысты қылмыстар алматы, 2012
Annotations -> Тағы да қосайын деп ем, қоғамдық, әлеуметтік тақырыпты да жиі жазасыз, ол тақырыптардың арасынан жоғарыда шешімін тапқан мәселелер болды ма?
5-кесте - Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық, бақ шарушылығы және бақшалық жүргізу үшін берілген жерлер /мың га/




Облыстар, қалалар

Жеке қосалқы шар-ық

Бау шаруашы-лығы

Бақша-шылық

Ақмола

10,2

6,7

4,1

Ақтөбе

6,2

4,2

3,1

Алматы

36,3

12,1

12,1

Атырау

1,8

1,6

1,2

Шығыс Қазақстан

26,7

15,8

12,9

Жамбыл

28,1

2,4

0,4

Батыс Қазақстан

6,4

5,3

5,0

Қарағанды

11,1

14,1

14,2

Қызылорда

6,4

3,0

15,1

Қостанай

16,6

12,1

5,3

Маңғыстау

0,5

0,9

0,1

Павлодар

11,1

8,9

5,7

Солтүстік Қазақстан

25,8

7,6

5,5

Оңтүстік Қазақстан

40,3

4,9

0,3

Алматы қ.

3,0

0,6

-

Барлығы:

230,5

100,2

85,0

Республикамызда қалалардың, поселкелердің және басқа да елді мекен тұрғындарына 230,5 мың га ауыл шаруашылық жерлері меншігіне берілді, оларға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, 100,2 мың га - бақшаларға, ал саяжай ұстау үшін 85,0 мың га жер берілді.

Жер қорының жер санаттары, яғни пайдаланушылар бойынша топтастырылуы белгілі бір жүйедегі кадастрлық бірлігімен және оның құрам бөліктерімен негізделеді. Әдетте статистикада есепке салу және бақылауға алынатын бірлік болып, есепке алу операциясы барысындағы топтастырудың алғашқы бірлігі қызметін атқаратын элемент түсініледі. Бұндай шаруашылық есепке алу ретінде бәрінен бұрын бөлек кәсіпорындар шығады. Жер кадастры объектісінің ерекшеліктері мен болуынан шығып, Қазақстандағы негізгі бірліктер ретінде кәсіпорындар емес, жер учаскелері танылады.

Жер учаскесі – бұл мақсатты міндет атқаратын, субъектік құқығы бар, сол сияқты жер пайдаланудағы немесе жер меншіктегі болатын, жоспарда /картада/ және жергілікті жерде шекаралары белгіленген жер аумағының учаскесі. Атап айтқанда, ол мемлекетіміздегі жер қорының пайдаланылуына сипаттамалық экономикалық мән береді. Сонымен бірге ол белгілі бір субъекттің пайдалану және иеленушінің құқықтық объектсі ретінде есептеледі. Яғни жер учаскелері жеке және заңды тұлғалардың иеленуінде және жеке заңды тұлғалардың тұрақты немесе уақытша пайдалануында, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер болуы мүмкін. Жер пайдалану түсінігі түгел алғанда көп қырлы. Бұл түсінікті анықтау барысында бәрінен бұрын қоғамдық - өндірістік қатынастарға сүйену керек, олар жер пайдаланудың мәнін табиғат құбылысы ретінде анықтайды. Сондықтан, кең мағынада жер пайдалану /жерді пайдалануы/ - бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Оның экономикалық мәніне, құбылыстық сипат сияқты, жер пайдалану құқығы түсінігінің негізі жатады. Кәсіпорындар формалары негізін өндіріс құралдарының меншік формасы құрайды. Сонымен жер пайдалану, шындығында өндіріс әдісімен және өндірістік қатынастармен байланысты. Дегенмен жер пайдалану түрлері қоғамның өндірістік күшін дамыту деңгейімен анықталады. Нақты жер пайдаланушыларға мемлекет бекіткен, нақты жер учаскесін пайдалану оған құжат беру нәтижесінде құқықтық түрге ие болады. Жер пайдаланушыға пайдалануға берген территория шаруашылық ретінде және құқықтық қатынас бойынша ерекшеленеді. Ол бөлек тұлғаның пайдалану құқығы объектісі ретінде /шаруа қожалығы/ немесе тұлғалар тобы ретінде айқындалады.

Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі – мемлекеттік және жеке меншік түрлерімен шартталған.

Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы – жер учаскесі сияқты болып келеді.

Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз уақытқа /тұрақты/ пайдалануға берілген. Сондықтан бұндай жерді пайдалану түрі негізгі болып есептелінеді. Ал кәзіргі жағдайда, яғни жаңа заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалану /қысқа мерзімді – 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді – 5-49 жылға дейін/ енгізілуі мүмкін. Және жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады. Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғаларға және азаматтарға қызметтік учаскелер ретінде тұрақты пайдалануға беріледі.

Жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі түрінде болады. Меншік иесінің тиісті жерді иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жеке меншікке жататын жер учаскесі қозғалмайтын мүлік деп саналады. Меншік иесі өзінің жер учаскесін заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда жер учаскесін заңдылық бабы бойынша сатуға, шаруашылыққа, серіктестікке жарналық капитал ретінде еңгізуге, кепілдікке беруге, сыйға және мұра етіп қалдыруға, жер учаскесін жалға беру, жалдау немесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде уақытша пайдалануға беруге құқылы.

Жер пайдалану құқықтарына: тұрақты немесе уақытша, өтімді немесе өтімсіз, иесіздендіру немесе иесіздендірмеу жатады. Жерді пайдаланушылар: мемлекеттік және мемлекттік емес, жеке және заңды тұлға, тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі болып бөлінеді. Жер пайдалану құқығы:жер пайдалану құқығын ұсыну; жер пайдалану құқығын тапсыру; жер пайдалану құқығының заңды мұрагерлік тәртібімен өтуі.

Жер пайдаланудың экономикалық мәнін көрсетуші - жер алқаптары. Жер алқаптарының өндіріс құралдары сияқты жерді пайдалануда экономикалық, шаруашылық формалары болады. Алқаптардың озара қатынасы арқылы ауыл шаруашылық өндірісіндегі жерлерді пайдалану сипаттамасы бойынша және белгілі бір шамада шаруашылықтың бағыты мен мамандандырылғандығы туралы пікір айтуға болады.

Жер алқабы деп – нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған территориялар түсініледі. Мемлекеттік жер кадастрында ол негізгі элемент болып есептеледі.

Жердің құралы ретінде көрінуі оның тікелей түрде нақты шаруашылық қолдануында жатыр, бұл түрде ол белгілі бір жер алқабы түрінде болады, яғни сол территория, нақты мақсат үшін пайдаланылады. Жерлерді ауыл шаруашылығында пайдалану арқасында біз адамдар тіршілігі үшін ең керекті өнімдерді аламыз. Ауыл шаруашылық алқаптарында мәдени өсімдіктерді өсіреді және мал шаруашылығына азық дайындайды. Сондықтан, бұндай өнімді алқаптар кадастрде ерекше топқа жатады – ауыл шаруашылық алқаптары ретінде бөлінеді. Егістік жерлерде негізгі ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі, оның ішінде бірінші орында астық. Жер пайдалану құрамында уақытша пайдаланылмай жатқан жыртылған жерлер де болады. Олар тыңайма. Бұл да бөлек алқаптардың бірі болып саналады.

Көпжылдық жемісті ағаштар егілген жер учаскелері /баулар, жүзімдіктер т.б./ ауыл шаруашылық алқаптарының ең бағалы түрі болып саналады. Егістік жер секілді, олар жүйелі түрде күтімді қажет етеді. Егістіктен айырмашылығы бұл учаскелерде көпжылдық ағаштарды және бұталы өсімдіктерді өсіреді, жер есебінде бұл алқапты бірнеше түрге бөледі.

Шабындықтар мен жайлымдардың маңызды шаруашылық мәні бар. Оларды әдетте табиғи азықтық алқаптар деп атайды. Олар белгілі үлесті мал шаруашылығы азығы қорын жасайды. Ауыл шаруашлығында қолданбайтын жерлер – алқаптар да болады. Пайдалану құрамында, пайдаланатын жерлерден басқа және пайдаланбайтын жерлер /шұңқыр, жыра, сай, батпақ т.б./ болуы мүмкін. Оларды табиғи жағдайы бойынша есептейді. Әр бір алқаптар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп әдетте, бір текті алқаптан тұратын және бекітілген сыртқы шекаралары бар территорияны түсінеді. Көрсеткіш ретінде ол белгілі шаруашылық мәні бар және өлшемімен сипатталады. Бөлек контурлардың аудандарын жинау алқаптардың аудандарын анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан дәлірек контурлар бастапқы есепке алу элементі ретінде шығады және жер есебінде есеп бірлігі болады.



Бөлімге сұрақтар:

  1. Жер кадастры объектісі дегеніміз не?

  2. Республиканың жер қоры қандай әкімшілік – аумақтық бірліктерге бөлінеді?

  3. Табиғи ауыл шаруашылық аймақтарды атаңыз.

  4. Жер санаттарын атаңыз.

  5. Елді мекендер жерлеріне анықтама беріңіз.

  6. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлеріне анықтама беріңіз.

  7. Су қоры жерлеріне не кіреді?

  8. Орман қоры жерлеріне не кіреді?

  9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз не?

  10. Босалқы жерлерді не құрайды?

  11. Жер учаскесіне анықтама беріңіз.

  12. Жер пайдалану және жер иеленуге анықтама беріңіз.

  13. Жер алқаптарының түрлерін айтыңыз.

  14. Көп жылдық көшеттер дегеніміз не?

  15. Шабындық пен жайылымның анықамасын беріңіз.



4-тарау. ЖЕР КАДАСТРЫ БАРЫСЫНДА МӘЛІМЕТТЕРДІ АЛУ, ӨНДЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
Жер кадастрын жүзеге асыру процесінде, еліміздің біріңғай жер қорының құқықтық жайын, табиғи және шаруашылық жағдайлары мен жер пайдаланудың әр түрлі ақпараттарын жинайды, үйренеді және талдайды. Бұл ақпараттардың дұрыстығы мен толықтығы, оны алу тәсілдеріне байланысты.

Бұл мақсаттар үшін, халықшаруашылық есебіне белгілі амалдар, сондай-ақ жер кадастрына ғана тән және бірінші кезекте графикалық ерекше тәсілдер қолданылады. Соңғысы, дұрыс ақпараттардың алынуы үшін негіз болады.

Оның мәні мынадай, жер кадастрдың объектісі ретінде, бәрінен бұрын, кеңістік өлшемдері және жағдайларымен сипатталады.

Оның сандық және сапалық көрінісі үшін, кеңістікте есептелінетін /анықталатын/ заттың /мәннің/ тиісті өлшемдерін жүзеге асыру, яғни жергілікті жерде арнайы түсірістер мен тексерулерді жүргізу талап етіледі. Қағазда тиісті масштабта, графикалық тәсілдермен алынған нәтижелер негізінде, сол жергілікті жермен бірдей, жоспарлы–картографиялық құжат /жоспар, карта/ алынады. Бұл жоспарда /картада/ қандай мәндер көрсетілгендігіне байланысты, олар, мысалы, топырақ, геоботаникалық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Кешенді жоспарлы-картографиялық материалдар, онда мәліметтердің бәрі бейнелеп көрсетіледі /кескінделеді/, жер кадастры үшін /жер-кадастрлық карта/ қажетті болуы мүмкін.

Жоспарлардың /картаның/ масштабы кадастрланды-ратын территориялардың /жер пайдалану, облыс, аудан территориясы және с.с./ өлшемдеріне, атқаратын қызмет жүгіне, мазмұнына байланысты түрліше болуы мүмкін.

Жер кадастрының мақсаттары үшін территорияларды картаға түсіру, картографияның және геодезияның тиісті әдістеріне сүйінеді /құрылады/.

Жоспарлы-картографиялық материалдар қашанда, қазіргі заман дәрежесіне лайықты болуы керек.

Бұл мақсаттар үшін, оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анықтайды және жоспарға /картаға/ енгізеді. Жер кадастрының жоспарлы-картографиялық материалдарына нақты талаптар ұсынады. Олар жердік кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдалануын сипаттайтын жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек.

Жергілікті жердің барлық элементтері жоспарларда жеткілікті дәлдікпен және толықтықпен бейнеленеді /кескінделеді/.

Кадастр және жерді ұтымды пайдалану мақсаттары үшін суретке түсірулер мен тексерулер жүргізіледі. Суретке түсірулер мына түрлерге: жердегі /құрлықтағы/, аэрофототүсіріс, аэрокосмостық - болып бөлінеді.

Жердегі түсіріс /теодолиттік, мензулдық және т.б./ аэрофототүсіріс материалдары болмаған жағдайда, онша үлкен емес аудандарда қолданылады. Ол, жердің құрамы мен пайдалануындағы күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі кезде жер кадастрында аэрофототүсірістер кеңінен қолданылады. Ол біршама қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық территориясынан жағдайы мен пайдалануын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық элементтерін егжей-тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы материал алуға мүмкүндік береді. Кадастырда аэрофототүсірістің әр түрлі түрдегі /аэрофотосуреттер, фотопландар және с.с./ жоспарлы материалдары қолданылады.

Аэрофототүсіріс материалдары аудандары бойынша үлкен емес жер пайданушыларды, соның ішінде үй іргелерін есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайданушылар жерін есепке алу барысында жер пайдаланудың фотопландары және фотопланшеттері қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және с.с. байланысты түрліше болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аэрокосмостық әдістер, соның ішінде оптикалық және инфрақызыл диапозонда көпспектрлік түсірістер мен радиолокациялық түсірістер көмегімен жер ресурстарын жан-жақты үйренудің нақты /ашық/ мүмкіндігі туды.

Бірінші әдіс әр түрлі жер учаскелерінің, жер бедері мен т.б. дымқылдану және тұздалуы дәрежелері, топырақ және өсімдік жамылғылары туралы мәліметтер алу үшін қолданылуы мүмкін.

Радиолокациондық түсіріс әдісі жердің /террито-рияның/ топографиялық картасын жасау мәселелерін шешуге мүмкіндік жасайды, тереңде жатқан жер асты суларын және су тұтқыш қабаттарды анықтайды, топырақтың ылғалдану дәрежесін бағалайды, қар жамылғысының қалыңдығы мен ондағы су қорларын анықтайды. Ол табиғи мал азықтық алқаптардың өсімдіктері және егістіктің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аэрокосмостық түсіріс, әсірісе үлкен аудандарда жер кадастырын жүргізу және жер ресурстарын үйрену барысында кеңінен қолданылады.

Жерлерді тексеру-жер кадастрлық мәліметтерді алу үшін үлкен мәнге ие. Олар жер алқаптарының нақты жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді және оларды ұтымды, қарқынды /интенсивті/ пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Жерлерді тексеру екі негізгі түрге бөлінеді: агрошаруашылық және арнайы.

Агрошаруашылық тексерулер барысында жер алқаптарының, олардың сыртқы белгілері бойынша сапалық жағдайлары туралы керекті мәліметтер алынады. Бірақ, бұл белгілері бойынша жер алқаптары сапасының жан-жақты сипаттамасын алуға болмайды. Бұған байланысты арнайы: топырақ, геоботаникалық және мелиоративтік тексерулер жүргізіледі. Топырақты тексеру барысында, топырақты сипаттайтын, олардың негізгі табиғи қасиеттері бойынша мәліметтер мен материалдар алынады.

Геоботаниклық тексерулер табиғи мал азықтық алқаптарда /шабындық, жайылым/ өсіп жетілетін өсімдік топтарының құралы мен сапасы туралы мәлімет береді.

Олар мал азықтық алқаптардың типтерін анықтауға және олардың өнімділіктерінен сипаттама алуға мүмкіндік береді.

Мелиоративтік тексерулер барысында жер алқаптарының мәдени-техникалық жағдайлары, ылғалдану дәрежесі, жер асты суларының орны және т.с.с. анықталады.

Жер кадастырында территорияларды /аумақтарды/ аудандастыру және жерлерді экономикалық бағалау мақсаттарымен ауыл шаруашылық кәсіпорындарында экономикалық-статистикалық тексерулер жүргізіледі.

Жер кадастырында келесі /төмендегіше/ материалдар мен мәліметтер қолданылады:


  1. Жердің кеңістікте орналасуын, жер пайдалануын және алқаптарын сипаттайтын әр түрлі түсірістің жоспарлы-картографиялық материалдары.

  2. Жер пайдалану құқығын негіздейтін және жер пайдаланушылардың жер аудандары мен орналасуы мәліметтерінен тұратын жер бөліп беру құжаттары мен жоспарлы-картографиялық материалдар.

  3. Жерлердің кеңістік жағдайларын, үлестірулерін және

пайдалануын сипаттайтын ауданның, облыстың жерге орналастыру схемалары, жер ресурстарын пайдалану бас схемаларының құжаттары мен жоспарлы-картографиялық материалдары.

  1. Ауыл шаруашылық жерлерін жоспарлау құжаттары мен

жоспарлы-картографиялық материалдар.

  1. Жердің кеңістік жағдайлы орны және шаруашылық- аралық үлестірулер мәліметтерінен тұратын шаруашылық-аралық жерге орналастырудың жобалары мен басқа да құжаттары.

  2. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ішкі шаруашылық жерге оналастыру жобалары мен басқа құжаттары, олардың жер пайдалануын, алқаптарын және ауыспалы егістіктерін орналастыру мен кеңістік жағдайлары туралы мағлұматтар.

  3. Орман шаруашылық кәсіпорындарының кеңістік орналастыру өлшемдері және пайдалануы туралы мәліметтерден тұратын орман шаруашылығын құру/орналастыру/ жоспарлары мен материалдары.

  4. Қала шектерінің шегіндегі жер алқаптарының өлшемдері, жағдайлары және пайдалануы туралы мәліметтерден тұратын, қала жерінің жер шаруашылық орналастыру материалдары мен қалалардың бас жоспарлары.

  5. Кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерінің жерлерінің мелиоративтік орналастыру материалдары.

  6. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тәжірибе станциялары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің есепке алу және есеп беру материалдары.

Барлық материалдар мазмұны, дұрыстығы және толықтығы жағынан талданады, жер кадастрлық материалдарды алу үшін өңделеді және кейін пайдаланылады /қолданылады/.

Ертеде жүргізілген іздестіру және тексеру материалдары мерзімімен жаңаланып тұруы керек, бұл үшін оларды жүргізуге тиісті бөлінуі қажет.

Жер кадастырында бастапқы ақпараттар кандай болса, арнайы ақпараттарды алу, өңдеу және талдаудың статистикалық тәсілдері де сондай әдістермен жүргізіледі. Математикалық-статистикалық әдістер жер кадастрлық көрсеткіштерді, бәрінен бұрын бағалау көрсеткіштерді есептеп шығару барысында қолданылады. Жерді бағалау барысында жер алқаптарының құралы мен пайдалануы, дақылдардың түсімділігі /өнімділігі/, өндірістік шығындары, жалпы өнімділік, табыстылығы және т.б. туралы көптеген мәліметтерді жинау және жүйелеу жүргізіледі.

Статистикалық зерттеулер /бақылаулар/ келесі кезеңдерден /этап/ тұрады: дайындық жұмыстары, материалдарды тікелей алу, алынған мәліметтерге бақылау жасау, материалдарды дайындау және жүйелеу, оларды өңдеу.

Статистикалық зерттеудің /бақылаудың/ негізгі формалары есеп беру және сынақ.

Есеп беру – бұл бақылау жасаудың бір түрі, бұнда статистикалық органдар белгілі мерзімде тиісті кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан белгілі заңды құжаттар түріндегі керекті материалдарды алады.

Сынақ - бақылау түрі, бұнда статистикалық органдар тексеруді белгілі бір күнге арнайы ұйымдастыру жолымен материалдарды жинайды. Жер кадастырында жылдық есеп беру қарастырылған. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жыл сайын 15-қарашадан кешіктірмей тиісті ауданның /қаланың/ атқарушы органдарына бірыңғай бекітілген формасы, олардың пайдалануындағы жерлер құрамының жыл бойында болған өзгерістер туралы 1-қарашадағы жағдайы бойынша есептер береді /тапсырады/. Тиісті мемлекеттік жерге орналастыру органдары Республика, облыстар, аудандар бойынша жерлердің қолда бар және бөлу туралы, 1- қаңтарға есептер жасайды.

Жыл сайын бұл есепке /есеп беруге/ ауыл-шаруашылық алқаптарының бар болуы /соның ішінде суарылатын және құрғатылатын жерлер туралы бөлек мәліметтер/, олардың түрлері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру туралы мәліметтер мен өткен жылы жеке және заңды тұлғаларға бөлінген жерлер туралы мәліметтер кіргізіледі.

Тіркеу түріне байланысты бақылау күнделікті /үздіксіз/ және үздікті /үзілмелі/ деп айырылады. Күнделікті бақылау барысында объект жағдайындағы өзгерістре мүмкіндігінше олардың пайда болуымен жүйелі түрде тіркеледі. Оған жер пайдалану құрамындағы және жер алқаптарындағы өзгерістерді де есепке алу жатады.

Үзілмелі бақылау барысындағы өзгерістер белгілі азды-көпті ұзақ мерзімнен кейін жүргізіледі. Олар өз кезегінде мерзімді /бірдей уақыт аралығынан кейін үнемі жүргізіледі/ және бір уақытта /қажеттілігіне қарай орындалады/ болып бөлінеді.

Үзілмелі бақылауға жерді бағалау жатады, оның мәліметтері бес жылда бір рет анықталады, ал бір уақыттағыға – көп жылдық көшеттердің сынағы, жерді түгендеу, топырақтық, геоботаникалық, мелиоративтік тексерулер, жердің және жер пайдаланудың түсірістері жатады. Олар қажеттігіне қарай жүзеге асырылады.

Объектіні қамтуына қарай бақылау жаппай және жаппай емес болып бөлінеді.

Жаппай қамтуда – объект бірліктері түгел тіркеледі. Бұған: жердің бастапқы есебі, бағаланатын территориялардың барлық шаруашылықтарының ақпараттарын пайдалану арқылы жер бағалау көрсеткіштерін анықтаудың жаппай әдісі жатады.

Жаппай емес қамтуда – объект бірлігінің бір бөлігі ғана белгіленеді.

Соңғысы өз кезегінде келесі үш түрге бөлінеді: ішінара, анкеталық, монографиялық бақылау.

Тексеруге ішінара жаппай емес бақылау барысында, зерттелетін жиынтықтың бірлік бөлігі түседі /тартылады/, бұл барыста алынған нәтижелер жиынтықтың барлығына қолданылуы /жайылуы, таратылуы/ мүмкін.

Сұрыптау жасалынатын барлық шаруашылық - басты жиынтықты, ал бағалау шкалаларын құру ұшін пайдаланылатын шаруашылық-ішінара жиынтықты құрайды. Бұл мақсаттарда ішінара бақылау барысында, біріншіден бөлек бірліктерге сұрыптау қатаң, нақты жүргізілуі қажет, екіншіден, ішінара алынған бірліктер саны мүмкіндігінше көп болуы керек.

Зерттелетін құбылыстың түріне байланысты статистикада сұрыптаудың келесі үш түрі белгілі: кездейсоқ, механикалық және типтік. Кездейсоқ тәсілде тексерілетін бірліктер жеребе бойынша таңдап алынады. Механикалық тәсілде тексеру үшін керекті /қажетті/ бірліктер барлық жиынтықтан белгілі жүйелікпен таңдап алынады, мысалы бір-біріне берілген арақашықта және т.б. Типтік сұрыптаудың мәнісі мынадан тұрады, мұнда зерттелетін жиынтық алдын ала топтарға бөлінеді және олардың ішінде механикалық немесе кездейсоқ тәсілмен тексерілген бірлікке керекті мөлшерде сұрыптау жүргізіледі.

Ішінара бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер құбылыстың барлық жиынтығына таратылады, бұл барыста әдетте таратудың екі тәсілі қолданылады: а) тура қайта есептеу; б) түзету коэффициенттері.

Тура қайта есептеу тәсілі барысында, ішінара тексерудің барысында табылған белгінің орташа шамасын басты жиынтықтық бірліктерінің санына көбейтеміз.

Түзету коэффициенттері тәсілінің мәні мынада, мұнда жаппай және ішінара бақылаулардың тиісті мәліметтерін салыстыру негізінде айырмашылық проценті /пайыз/,түзету коэффициенттері анықталады. Келесі /кейінгі/ алынған коэффициенттер жаппай бақылау мәліметтеріне енгізіледі.

Түзету коэффициенттері тәсілі жаппай бақылау нәтижелеріне бақылау жасау мақсатында ішінара бақылау жүргізілген жағдайда қолданылады.

Статистикалық мәліметтерді алу үшін, бақылаудың анкеталық түрі арнайы мәселелерді толтыруға негізделіп, қолданылады.

Монографиялық бақылау барысында объекттің бөлек типтік бірліктерін зерттеу және баяндау /сүреттеу/, жаппай /көпшілік/ тексерулер барысында күрделі мәселелерді көбірек, тереңірек және егжей-тегжейлі үйренуге мүмкіндік береді.

Статистикалық бақылаудың негізгі тәсілдері:

тікелей бақылау, құжаттық тәсіл және сұрау салу деп бөлінеді. Тікелей бақылау барысында керекті жер-кадастрлық мәліметтер мен құжаттарды толтыру, түсірістерді жеке қарап шығу және жергілікті жерде тексеру негізінде жер кадастрлық жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы мамандар жүргізеді. Бұл тәсіл тым жетілдірілген және ең анық болады.

Бақлаудың құжаттық тәсілі барысындағы керекті мағлұматтардың мәліметтері бірінше кезекте есеп беру және әр түрлі түрдегі құжаттар болады.

Мысалы, ауданның /қаланың/ жер кадастрлық құжаттарын толтыру барысында кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің есептері, ал жерді бағалау барысында ауыл шаруашылық кәсіпорындардың есепке алу және есеп беру құжаттары қолданылады. Белгілер мәнді /существенные/ және мардымсыз /несущественные/ деп бөлінеді.

Мәнді белгілер құбылыстың әлеуметтік-экономикалық мәнін көрсетеді. Мысалы, шаруашылықтың түрін анықтау барысында олар меншіктік түрі, өндірістік өлшемдері және с.с. болады. Құбылысты сипаттайтын белгілер сандық және атрибуттық болып бөлінеді.

Сандық белгілерге сан түрінде көрсетілетін жеке мәндердің белгілері, ал атрибуттық белгілерге сондай жеке мәндердің сандарымен көрсетілмейтін белгілері жатады. Өз кезегінде сандық белгілер олардың шамалары өзгерістерінің түріне байланысты, үздікті /дискреттік/ және үздіксіз болып бөлінеді.

Тек кейбір нақты толық мәндердің ғана қолданылуы мүмкін болған белгілер үздікті немесе дискреттік деп аталады /ауданда жер пайдаланулар саны, ауылда аулалар саны және с.с./. Кез келген мәндерде қолдануы мүмкін белгілі бір шектегі, белгілер үздіксіз деп аталады /мысалы түсімділік, жер пайдалану өлшемі және с.с./.

Жер кадастырында есепке алу және бақылау жүргізу нәтижесінде көптеген ақпараттар алынады, оларды өңдеу /жөндеу/ және жинақтап қорыту керек, сондықтан жұмыстың келесі кезеңі жиналған мәліметтерді жинау және өңдеу болады.

Жинақ /жинау-сводка/ жалпы және топтық көрсеткіштерді есептеуді, типтік топтар мен топшаларды сипаттау үшін көрсеткіштер жүйелерін алуды, материалдарды топтастыруды өз ішіне алады.

Топтастыру деп зерттелетін құбылыстың жиынтықтағы белгілері бойынша маңызды топтар мен топшаларға бөлінуін айтады.

Топтастыру: типологиялық, аналитикалық және структуралық /құрылымдық/ болып бөлінеді.

Типологиялық топтастыру әлеуметтік-экономикалық типтердің сипаттамаларға бөлінуіне бағытталған. Жер кадастырында оған жер қорының жер пайдаланушылар категориялары бойынша топтастырылуы жатады. Қоғамдық құбылыстар арасында аналитикалық топтастыру көмегі арқылы сипатталуы және ашылып көрсетілуі мүмкін болған белгілі өзара байланыс пен өзара байланыстылық бар, мысалы мұндай топтастырулар көмегімен топырақ бонитировкасы барысында дақыл өнімділігі мен топырақ сапасы арасындағы өзара байланыс анықталды.

Өзара байланысты белгілер, факторлық және нәтижелі болып бөлінеді.

Факторлық өзгерістерге себепші болатын белгілер жатады. Бақылаулардың оған әрекет етуімен өзгеретін белгілер нәтижеліге жатады. Мысалы, дақылдық өнімділік – нәтижелі белгі, жердің сапасы-факторлық белгі. Жер бағалау барысында аналитикалық топтастырулар, дақылдардың өнімділіктері арасында өзара байланысты сандық жағынан өлшеу және анықтау мүмкіндігін береді, бір жағынан жер сапасы мен экономикалық факторларын, екінші жағынан оның пайдалануын ескере отырып, жерге салыстырмалы баға беруге мүмкіндік жасайды /береді/.

Топталу белгісі және бірнеше белгілері бойынша жүзеге асырылған топтасуды жай деп атайды. Егерде топтар айталық екі немесе одан да көп өзара байланысқан белгілері негізінде бөлінсе, онда мұндай топтастыру құрастырылған /комбинациондық/ деп аталады. Жай топталуға мысал ретінде, шаруашылықтардың жер көлемдері /аудандары/ өлшемдері бойынша топталуын жатқызуы мүмкін. Егер бұл топтар жер алқаптары аудандарына байланысты топшаларға бөлінсе, онда бұл құрастырылған /комбинациондық/ топталу болады. Егер, мысалы, әрқайсысы бойынша белгілерден үш топ құрылса,онда екі белгілердің құрастырылуы тоғыз топты, үш белгілер – 27 топты және т.б. береді.

Сонымен құрастырылған топталу барысында белгілер саны өсуімен топтар саны тез көбейеді. Жер кадастырында, абсолюттік, салыстырмалы және орта шамалар өлшеу мен сипаттау үшін кең қолданылады. Абсолюттық шамалар зерттелетін шаманың және құбылыстың өлшемдерін сипаттайды. Олар жеке және жиынтық /жалпы/ көрсеткіштерге бөлінеді.

Жеке көрсеткіштер анықталатын /есептелетін/ объектердің жеке белгілерінде бар болған сандық белгілердің өлшемдерін көрсетеді. Мысалы, оған фермер жері ауданының өлшемі, жеке учаскенің өнімділігі және т.б. жатады.

Жиынтық /жалпы/ көрсеткіштер анықталатын қоғамдық құбылыстың қорытынды шамаларын көрсетеді /білдіреді/. Абсолюттік шамаларды анықтау барысында өлшем бірліктерді дұрыс таңдау үлкен мағнаға ие.

Анықталатын /есептелетін/ құбылыстың табиғи қасиеттеріне лайықты өлшем бірліктерді табиғи /натуралды/ бірліктер деп атайды /гектар, литр, килограмм және т.б./, ,мәндер бойынша әртүрлі өнімдердің жиынтығын көрсету және оларды салыстыру үшін, шартты табиғи /натуралды/ бірліктер қолданылады.

Салыстырмалы статистикалық шамаларды бір бірімен өзара байланысқан абсалюттік шамаларды салыстыру натижесінде алады. Мысалы, алынған өнімдердің мөлшері, оны жоспарлап қойған мөлшеріне, мал шаруашылығы өнімдерінің алынуы ауыл шаруашылық алқаптарының ауданына және т.б. қатысты болады. Басқа шамалармен салыстыратын абсолюттік шаманы, әдетте базистік шама деп атайды. Көпшілік жағдайларда салыстырмалы шамаларды процентпен көрсетеді. Базистік шаманы процентпен көрсеткенде 100 қолданылады. Жердің сапасын бағалау барысында балл осыған ұқсас анықталады.

Салыстырмалы көрсеткіштер нені білдіруіне байланысы, олар бес түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, құрылыстың қарқындылығы, динамика және салыстыру. Орта шамалар анықталатын құбылыстың типтік өлшемдерін білдіретін көрсеткіштері орта шамалар деп аталады. Орта шаманың мәні мынада, ол құбылысқа қорытынды цифрлық /сандық/ сипаттама береді. Сондықтан, ол көбірек таралған қорытынды көрсеткіштер болады. Орта шамалар бірнеше түрге бөлінеді: орта арифметикалық, орта гармониялық, орта геометриялық, орта квадраттық, мода және медиана. Жер кадастрында көбірек кеңінен қолданылатыны орта арифметикалық

/өлшелген/.

Есептеу барысында жер кадастрында орта арифметикалық, орта гармониялық және мода қолданылады. Жай орта арифметикалық белгінің жеке мәндері бір рет немесе бірдей сан кездесуіне орай қолданылады.

Өлшенген орта арифметикалық белгілердің жеке мәндері қанша рет және бірі-жеке, екіншісі-сирек кездескен жағдайда қоланылады. Жер пайдалану және оладры бағалау жөніндегі мәліметтерді өңдеу және талдау барысында ең көбірек қолданылатыны орта арифметикалық өлшемдер.

Орташаны есептеу барысында бір қатар жағдайларда белгілі жеке мәндері мен олардың жалпы көлемі белгілі. Белгінің нақты мәндеріне бірліктің саны белгісіз. Бұндай жағдайларда орташа гармониялық шаманы жабады.

Орта гармониялық - бұл орта арифметикалық кері шама. Оны сол уақытта қолданады, қашан салмақты көбейту емес, ал варианттарға бөлуге немесе олардың мәніне керісінше көбейтуге тура келген кезде, жердің пайдалануын және оның бағалануын сипаттау барысында кейде мода қолданылады.

Мода да орташа сияқты варияциялық қатардан көп сан ретінде қайталанатын белгісінің шамасы түсініледі.

Орта шамалар құбылысқа түрлену белгілері бойынша қорытында сипаттама береді. Бұл белгілерді бөлумен қатар орташа шамадан аутқуды үйренуде үлкен маңызға ие. Барлық ауытқулардың тек соңғысын ғана емес, жиынтығын да білу өте маңызды. Орташаны алу сенімділігі олардың түріне байланысты. Ауытқудың таралу /үлестірілу/ түріне басқа арифметикалық көрсеткіш-орташа ауытқу немесе орташа сызықты ауытқу түсінігін /көрініс/ береді. Орташа арифметикалық ауытқу – бұл орташадан жеке варианттарды абсолюттық мәндері ауытқуының арифметикалық орташасы. Бұл көрсеткіш белгінің вариация шегі ретінде сирек қолданылады. Бұл мақсаттар үшін жиірек қолданылатыны дисперсия /ауытқудың орта квадраты/ және орта квадраттық ауытқу.

Дисперсия табу барысында орташадан ауытқуды квадратқа көтереді және енді оң белгілері бар ауытқудың квадратынан орташа шаманы еспетеп шығарады.

Орташа квадраттық ауытқу дисперсиядан түбірді шығару жолымен алынады. Орташа квадраттық ауытқу, орташа және түрленуші белгі өлшемдерімен көрсетіледі. Оның шамасы белгілінің вариация /түрлену/ дәрежесі қандай болса, есептейтін белгінің және оның орташа санының абсолюттік өлшемдеріне сондай байланысты болады. Әр түрлі белгілердің өз түрі және өлшемдері бойынша вариациясын салыстыру үшін, ерекше салыстырмалы көрсеткіш – вариация коэффициенті қолданылады, бұл орташа квадраттың ауытқудың орташа арифметикалыққа қатнасын білдіреді және процентте көрсетіледі. Ол белгілі дәрежеде орташа өнімділігінің белгісі болады және вариациялық қатарда орташаның әр түрлі деңгейлерімен белгілі вариация дәрежесін салыстыру мүмкүндігін береді.

Жалпы қағида болып сол вариация коэффициенті қанша кем болса, сонша керісінше және белгінің ауытқуы аз болады. Динамика қатарлары жер сапасымен үлестірілуінде өзгерістер өз уақытында динамика қатарларын, яғни зерттелетін құбылысты өз уақытында бейнелейтін цифрлық көрсеткіштер қатарларын құру және талдау көмегімен анықталған және бейнеленген болуы мүмкін. Олар абсолюттік салыстырмалы және орташа шамаларда белгіленген болу мүмкін, олар моменттік және интервалды болып бөлінеді.

Уақыттың әртүрлі кезеңдерінде құбылыс жағдайын сипаттайтын қатарлар – моменттік қатарлар деп аталады. Осындай динамика қатарына мысалды, бірнеше жылдар ішіндегі 1-қараша жағдайы бойынша егістік жерлер аудандары туралы мәліметтер болуы мүмкін.

Динамиканың интервалдық қатары деп уақыттың /ай, жыл т.б./ белгілі аралығында құбылыс өлшемін сипаттайтын сандық көрсеткіштер қатар аталады. Мысал ретінде, жылдар бойынша егістік астына жаңадан өзгертілген жерлер аудандары туралы сандық көрсеткіштер қатары келтіріуі мүмкін. Динамика қатарлары мәліметтері бойынша мынадай көрсеткіштерді, абсолюттік өсу, өсу шегі қарқыны және өсу қарқыны есептеліп шығарылады.

Абсолюттік өсім /абсолютный прирост/ - қатар деңгейінің айырмашылығы ретінде анықталады және қатар көрсеткіштерінің өлшем бірлігінде көрсетіледі. Ол әрбір келесі деңгейде қанша бірлік бар, бұрынғы деңгейден аз ба әлде көп па деген сұраққа жауап береді.

Өсім шегі қарқындары базистік ретінде және шынжырлы ретінде есептелінген болуы мүмкін.

Базис қарқындарын есептеу барысында қатардың барлық деңгейлері, базис үшін қабылданған қандай да кезеңдік деңгейіне жатады /қатысты болады/. Қағида бойынша шамаға бастапқы деңгейді алады. Тізбекті қарқынды есептегенде әр бір кезең деңгейі бұрынғы деңгейге қатысты болады. Қарқындар бұнда қандай болса басқа жағдайларда да сондай коэффициенттермен /егер бірлікке негізделіп қабылданса/ және проценттермен /егер 100 ге негізделіп алынса/ көрсетілген болуы мүмкін.

Өзгерістерді сипаттау барысында, өсу шегі қарқынымен қатар өсу қарқындары да есептелінеді. Олар, сол немесе басқа мерзім ішінде құбылыс өлшемдерінің қанша пайызға өскендігін көрсетеді. Егер өсім шегі қарқыны белгілі болса, онда өсім қарқыны да және есеп те айтарлықтай жеңілдетіледі. Бұл үшін пайызда көрсетілген өсу шегі қарқынынан жүзді алып тастауға тура келеді. Өсім қарқындылығын, абсолюттік өсімді бұрынғы абсолюттік деңгейге бөлу жолымен де анықтау мүмкін.

Индекстер. Олар қорытынды көрсеткіштердің маңызды түрі болады және жер пайдалануын талдау мен бағалау көрсеткіштерін анықтау барысында қолданылу мүмкін. Индекс – бұл тікелей жалпы қоғамдық құбылыстардың сандық сипаттамаларын салыстыру нәтижесінде алынатын салыстырмалы көрсеткіш. Индекс зерттелетін салыстыру жолымен алынады.

Деңгей салыстырылатын кезең – есеп беру немесе күнделікті деп аталады. Деңгей мен салыстыру жүргізілетін кезең – базистік деп аталады.

Жеке индекстер есебінің екі тәсілі болуы мүмкін. Тізбекті-үзілісті базамен және базисті-тұрақты базамен. Салыстыру базасы үшін тізбекті тәсіл барысында әрбір индекске бұрынғы есеп беру кезеңі, ал базистік тәсіл барысында - жеке кезең алынады. Зерттеу мәселелеріне байланысты сол немесе бұл индекстердің түрі анықталады. Көп жағдайларда оларды кешенді түрде қолданады. Базистік индексті - ең ұзақ кезең /мерзім/ ішінде құбылысты талдау барысында, тізбекті индексті – ең қысқа уақыт аралығында құбылыстың өзгерісін үйрену барысында қолдану ыңғайлы /қолайлы/.

Жалпы индекстерді құру барысында екі тәсіл қолданылуы мүмкін. Біріншісінде алдын ала есеп беру және базистік кезеңдер үшін барлық жиынтықтың шамаларын есептеп шығарады, ал содан кейін есеп беру шамаларының базистік шамалыққа қатнасын табады. Бұндай жолмен анықталған индекстерді – агрегаттық деп атайды.

Жалпы индексті құрудың екінші тәсілінде, сол құбылыстың жеке элементінің өзгеруін сипаттайтын жеке индекстер негізінде барлық элементтердің орташа шамасын есептеп шығарады. Бұндай жолмен септелінген индекстер-оhташа деп аталады. Ол немесе бұл тәсілдерді қолдану талдаудың есебіне байланысты.

Жер кадастырында есеп беруді құру барысында баланстық құрылыс байланысты талдау әдісі сияқты кеңінен қолданылады. Баланс-теңдік белгісімен өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесімен көрсетеді. Сонымен бұл әдіс көмегімен жер пайдалану мен алқаптың динамикасы анықталады.

Жерлерді бағалауды жүргізу және де жерлерді пайдалану туралы есепке алу мәліметтерін өңдеу барысында, бір қатар жағдайларда, бір біріне факторлар белгілері және нәтиже /салдар/ белгілері сияқты қатнастары бойынша шығатын белгілерді өлшеу қажеттілігі тууы мүмкін.

Егер, салыстыру барысында бір бірінің басқа белгінің әсері нәтижесінде өзгеріс тенденциясы байқалса, онда бір бірімен байланысы бар екендігін ұғуға болады. Функционалдық және корреляциялық байланыстылығымен өзгешеленеді. Функционалдық деп – сол белгінің шамасы бір немесе бірнеше басқа белгілермен бір мәнде анықталатын байланысты айтамыз. Корреляция барысында өзара байланысқан белгілерде мәндер арасында нақты сәйкестік болмайды. Мысалы берілген тыңайтқыш мөлшері мен өнімділік шамасы арасында толық сәйкестік жоқ. Бірдей және сондай деңгейде тыңайтқыш беру өсімділіктің әр түрлі шамаларына сәйкес болуы мүмкін, дегенмен тыңайтқышты көбейту барысында орташа өнімділік те өсу тенденциясына ие болады. Корреляциялық талдау барысында тәуелділіктің тығыздығы мен құрылысы туралы екі мәселе пайда болады.

Тәуелділік формасы сызықтық регрессияны білдіреді. Теңдеу белгінің-аргументтің-өзгеруі барысында орта тәуелді айнымалының қалай өзгеруін көрсетеді. Тәуелділік тығыздығы қағида бойынша корреляциялық қатнастар деп аталатын, арнайы сипаттамамен өлшенеді. Корреляция шамалар арасындағы сандық қатнастырды дәлелдейді, ол бір айнымалы шаманың басқа айнымалы шаманың көбеюі барысында, көбею немесе азаю тенденциясы түрінде көрсетеді. Корреляция салдар мен себептердің көптілік заңын бейнелейді. Ол бірдей емес күштермен әрекет ететін, әртүрлі себептердің үлкен санын әсер етуінің әрбірінде құбылыстың байланысы туралы сөз болып жатқанын білдіреді.

Сондықтан, бұл шамалардың көпшілігінен, олардың ең керектісі /негізісі/ орташаны табу жолымен бөлінеді және есепке алынады. Жердің экономикалық бағасын сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы байланыс корреляциялық талдау әдісімен зерттеледі. Корреляция аналитикалық көрінуі тәсілі байланысты түзу сызықты және қисық сызықты болып өзгешеленеді. Түзу сызықты деп – түзу сызық түрінде регрессия теңдеуін көрсететін корреляцияға айтылады. Қисық сызық деп – регрессия теңдеуі қандай да бір қисық сызық түріне /форма/ ие болған жағдайдағы корреляцияға айтылады.

Қазіргі уақытта корреляциялық тәуелділікті байланыс дисперсиясы мен тығыздығын есептеу компьютерге программа бойынша есептеледі, мәліметтерді еңгізу жолымен орындалады.

Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры категорияларының жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонымен,алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауыл шаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.

Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз – ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайтылған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады.

Егістік жерлерге – ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.

Тыңайтылған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.

Тыңайтылған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып бөлінеді.

Көпжылдық екпе ағаштарына - жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті питомник плантация жатады. Бұлардың аудандары есепке алу барысында төмендегіше бөлінеді: Бақтар аудандары - жеміс және жидек өндіріп алу үшін құрылған ағашты және бұталы көшеттер (екпе ағаштары), тұқымды, сүйекті, жаңғақ жемісті, цитрус тұқымдасты, субтропикалық және басқа тұқымды иеленген жер учаскелері;



Жүзімдіктер ауданы - жүзім өсіру үшін құрылған жүзім көшеттері (екпе ағаштары) иеленген жер учаскелері;

Жидектер аудандары - жеуге жарайтын жидектер беретін, мәдени бұталы, жартылай бұталы және шөптесін өсімдіктердің астында жатқан жер учаскелері;

Жемісті питомниктер аудандары - жеміс-жидек дақылдарының көшет материалдарын өсіру үшін пайдаланылатын жер учаскелері;

Плантация аудандары - арнайы техникалық, дәрілік, азық-түлік, гүл және сәндік дақылдар (шай, құлмақ, тұт, гүлдер, эфир майы алынатын өсімдіктер және басқалар) өсіру үшін пайдаланатын жер учаскелері.

Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.

Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.

Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.

Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым-соқым басқан), желінбейтін (непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді.

Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін және күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады.

Түпкілікті жақсартылған шабындық - бұл мерзіммен жаңартылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.

Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы, оларға учаске ауданының 10 % аз бөлігін жабатын учаскелер жатады.

Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындықтар күшті және күшсіз болып бөлінеді. Күшсіз томарланған шабындақ деп, егер оның ауданын 10%-тен 20%-ке дейін, ал күшті томарланған деп, егер томарлар 20%-тен көп жапқан болса айтылады. Күшсіз бұталанған немесе әлсіз орман аралас шабындықтарға учаске ауданының 10%-тен 30%-ке дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман араласқанда - ауданның 30%-тен 70%-ке дейін аумағын алып жатады.

Жайылымға - мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер жатады, бұған шабындықтар мен тыңайтылған жерлер кірмейді. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым, отарлық жайылым, суландырылған жайылым болып бөлінеді.

Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен бұталар пайда болған жер учаскелері.

Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақты-уақтымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар.

Жайылымды жақсартудың екі түрі бар: жердің үстіңгі қабатын жақсарту және түпкілікті жақсарту. Біріншісіне, құрғату, бұталардан және ағаштардан тазарту,томарларды құлату, табиғи шымнан бөлмей шөптерді егу бойынша жүргізілген шаралар нәтижесінде олардың өнімділігі нәтижелерімен салыстырғанда жоғарылаған жерлер жатады.

Түпкілікті жақсартылған жайылым - түпкілікті жақсарту бойынша жүргізілген шаралар нәтижесінде жаңа мерзімдік жаңартылатын жер оты құрылған жер учаскелері.

Отарлық жайылым - шалғайдағы мал жайылымы, яғни малдар бүкіл маусым бойы жайылымға айдалатын маусымдық пайдалануына, пайдалану мерзіміне байланысты жаздық, көктемгі-күзгі, қысқы және жыл бойғы болып бөлінеді. Қазақстанда жайылымдарды есепке алу барысында суарылатын жайылымдарды да қарастырады. Суарылатын жайылымға мал басын сумен қамтамасыз ете алатын, су көздеріне ие болған жайылымдарды айтамыз. Бұған өзен, көл және каналдар жанында орналасқан жайылымдар жатады. Ауыл шаруашылық алқаптарынан басқа есепке алу барысында басқа жер алқаптары мен пайдаланылмайтын учаскелер де қарастырылады.

Орман аудандарына жататын жерлерге орманмен жабылған, егіс қорғайтын, су реттейтін, жыра-батпақ маңындағы орман жолақтары, жыралар мен сайлар бойындағы көшеттер, өзен бойындағы,суаттар, құмдар, қолайсыз жерлердегі орман парктері, орман питомниктері және кесіліп қалған ағаштар, ағаш кесетін жерлер мен қураған, күйген көшеттер, алаңдар (тоғай арасындағы ашық жер).

Орман белдеулеріне ауыл шаруашылық алқаптарын эрозиядан, құрғақтану, желден қорғау мақсатымен және құрғату немесе суару тармақтарын қорғау үшін құрылған белдеу түріндегі орман көшеттері жатады.

Егіс қорғайтын ағаш алқаптарына суарылатын және құрғататын жүйелерді және ауыспалы егістер танаптарын қорғау үшін қатар-қатар егілген орман алқаптары жатады.

Бақтарды, жүзімдіктерді, питомниктерді, плантация-ларды айналдыра егілген орман алқаптары және бақ қорғайтын ағаш алқаптары оларды желден сақтайды және климаттасуына ықпал етеді деп есептелінеді.

Құм қорғайтын орман көшеттері құмдарды бекіту және эрозиядан қорғау мақсатымен жол-жол,ықтырмалар (кулис-биік сабақты өсімдіктер отырғызу арқылы топырақты тозудан және қорғаудан сақтау әдісі), куртин(екпе гүлдердің бір түрі) алқаптары түрінде пайда етіледі. Барлық орман аудандары жабық және жабық емес орман аудандары деп бөлек есептелінеді.

Бұталы алқап түрлері сияқты, жер ауданының 70%-тен көбісін бұталы өсімдіктер жапқан жерлер. Бұталар құрамы да қорғау және су сақтау міндеттерін атқаратын учаскелер аудандары есептелінеді және бөлінеді. Оған: қорғау аймағында, өзен жағасы мен су магистралдарын жағалай және эрозияға қарсы маңызы бар тік беткейлерде орналасқан бұталар жатады.

Батпақтар - жер асты суларының көтерілуі және атмосфералық жауын-шашын нәтижесінде жер бетінің үстіңгі қабатының ылғалданып, суланып, шіріп кеткен, шымтезек түріндегі жерлерді батпақтар деп атайды. Олар өсімдігіне, су режиміне және шымтезек қатпары түріне байланысты ойпатты, төбелі және өтпелі болып бөлінеді.

Су асты жерлеріне жалпы су астындағы және өзендер мен жылғалар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да жасанды суаттар астындағы, каналдар, коллекторлар мен арықтар астындағы бөлек аудандар жатады.

Мал айдайтын жолдар, құрылыстар мен аулалар, көшелер мен алаңдар, құмдар, жарлар, мұздықтар, иеленген жерлер бөлек есептелінеді. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында бузылған сеңдер, шөгінділер, ұсақ малта тастар, қиыршық тастар, саз балшықтар, ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын басқа иеленген жерлер де есепке алынады.

Суарылатын және құрғатылатын жерлер маңызды шаруашылықтық бағалы алқаптарға жатады. Бәрінен бұрын суарылатын жүйедегі жалпы аудандар есепке алынады. Оларға барлық суармалы жерлер және суару көздерінен су қамтасыз етілмеген, бірақ суару жүйесіне жарамды болған жерлер жатады. Суармалы жерлер жүйелі суармалы және шектеулі суармалы болып бөлінеді. Жайылмалы суландырылатын жерлерді бөлек есептейді және шығарады. Оған: құрылыстары, дуалдар, бөгеттер немесе басқа да көктемгі су ағындарын тоқтату үшін, немесе арнайы құрылғылар жәрдемімен суландыру жүйесінен суландырылатын гидротехникалық құрылыстары бар жерлер жатады.

Құрғатылатын жерлерге - құрғату жүйелері бар, онда ауыл шаруашылық дақылдарын, көшеттерді және басқа өсімдектерді өсіру үшін, әдеттегі су-ауа режимі мен қамтамасыз етілетін жерлер жатады. Құрғатылатын жерлер құрамында жабық дренаждар және су режимдерін екі жақты реттейтін жерлер бөлек есептелінеді. Жабық дренаждалған жерлерге материалдық дренаждар салынған жерлер жатады. Жер алқаптарының аудандары, олардан тұратын контурлар аудандарын қосу жолымен анықталады.



Бөлімге сұрақтар:

  1. Негізгі және талдаулы жиынтық дегеніміз не?

  2. Құбылысты сұраптау тәсілдерін атаңыз.

  3. Топтастыру түрлері.

  4. Мәліметтер жинағы /сводка/ дегеніміз не?

  5. Орта шаманың түрлері.

  6. Динамика қатары, өсу шегі қарқыны, өсу қарқыны.

  7. Индекстер, олардың түрлері.

  8. Көптік корреляция дегеніміз не?

  9. Түсірістер мен тексерулердің қандай түрлерін білесіз?

  10. Топырақ және геоботаникалық тексерудің мазмұны.

  11. Ауыл шаруашылық алқаптары дегеніміз не?

  12. Тыңайтылған жерлердің түрлері.

  13. Көп жылдық екпе ағаштарының түрлері.

  14. Шабындықтар мен жайылымдар түрлері.

  15. Орман алқаптарына не жатады?



5-тарау.ТОПЫРАҚТАРДЫ БОНИТЕТТЕУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Бонитет латын тілінен аударғанда "сапалылық" дегенді білдіреді. Топырақтың бонитеті – оның сапасының көрсеткіші. Әдетте бонитеттеуді бір белгілі мақсаттар және талаптар үшін топырақтарды топтастыру мен бағалау деп түсінеді. Көбінесе бонитеттеу негізіне топырақтардың табиғи нышандары және қасиеттері алынады. Ресейде топырақтарды бонитеттеу әдістемесінің және теориясының дамуына профессор В.В.Докучаев көп үлесін қосты. Бұл ғалымның ойлап тапқан табиғи-тарихы жерді бағалау әдісі 1882-1987 ж.ж. Нижегород губерниясында жүргізілген бағалау жұмыстарында іс жүзінде қолданылған. Ол топырақтарды бағалауда ең алдымен топырақты табиғи дене ретінде бағалады. Мұнда адам қатынасы және уақыт жағдайлары ескерілмеді. Сол үшін топырақ құрамын зерттеп, оның физикалық қасиеттерін топырақ астындағы қабаттармен байланысын біліп алып, топырақтардың салыстырмалы құндылығын анықтауды ұсынған.

Бұл теориялық жайларды оның шәкірті Н.М.Сибирцев және басқа ғалымдар әрі қарай дамытты. Олардың негізгі мәні: 1. Топырақта жетіспейтін заттарды тыңайтқыштар түрінде толықтырып, оның сапасын жоғарылату; 2.Өсімдік-тердің нашар жетілуі топырақтағы зиянды заттардың мөлшеріне тәуелді; 3. Қажетті заттар көп болса, топырақ сапасы жоғары; 4. Топырақтың физикалық қасиеттері оптималдық жайына жақындаған сайын, оның сапасы жоғары болады және т.б.

Техникалық тұрғыдан: 1. Топырақтарды табиғи топтастыру; 2. Олардың геологиялық қасиеттерін анықтау /қалыңдық, қарашірік мөлшері, топырақасты сипаты/; 3. Химиялық құрамын анықтау; 4. Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау әдістері алынған.

Бағалау жұмысын жүргізуде далада топырақ құрылымы, қалыңдығы, бедер, өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрлері /топтары/ анықталып, карталарда және жергілікті жерлерде олардың шекаралары белгіленеді, жиналған мәліметтер лабораторияда өңделеді.

Топырақтың әр тобы бойынша қарашірік, азот, су мөлшері, механикалық құрамы, жұту қабілеті анықталып, топырақтың сығындысы талданады. Мұндайда, В.В.Докучаев айтқандай, топырақтар абсолютті емес, салыстырмалы түрде бағаланады. Орта бағалау сызығының дұрыстығын дәлелдеу үшін ол топырақтардың табиғи қасиеттерінің салыстырмалы көрсеткіштерін Нижегород губерниясында ең кең тараған дақылдардың /қара бидай, сұлы/ өнімділігімен байланыстырылды. Топырақтардың жаратылыс қасиеттері бойынша анықталған көрсеткіштерінің және дақылдардың статистикалық-экономикалық жолмен алынған өнімділік көрсеткіштерінің қатынастары өте тығыз болған.

Сонымен, топырақтарды бағалау негізіне В.В.Докучаев олардың табиғи қасиеттерін және нышандарын алған, ол дақылдардың шығымдылығы топырақтарды топтарға бөлудің дұрыстығын дәлелдеу үшін пайдаланған. Кейін бұл әдістің топырақ танудың негізгі жайларын Совет ғалымдары дамытып, Ресей Федерациясында, Қазақстанда қолданатын топырақтарды бонитеттеу әдістемесі негізін салған. ВАСХНИЛ академигі С.С.Соболев топырақтарды бонитеттеу – оларды өзінің объективтік қасиеттерінде құрылған және орта көп жылдық шығымдылығымен тығыз байланыстағы өнімділік бойынша топтастыру керек деп санаған.Таксономиялық бірлік ретінде ол топырақ түрін ұсынып, екі параллельді шкаланы құруды талап еткен: топырақтардың қасиеттері бойынша және шығымдылығы бойынша.

Қазіргі уақытта қолданатын әдістемелік ұсыныстарға сәйкес топырақтарды бонитеттеу деп салыстыруға келетін егіншілік қарқындылығында және агротехника деңгейінде топырақтарды олардың құнарлылығы бойынша сапасын салыстырмалы түрде бағалау түсініледі. Көрсеткіштер ретінде дақылдардың шығымдылығы және өнімділікпен тығыз байланыстағы топырақтың ең орнықты қасиеттерін пайдалану ұсынылады. Топырақтардың табиғи қасиеттері бойынша құрылған шкала көрсеткіштеріне /балл/ өнімділік бойынша баллдарды ескеріп, түземелер енгізіледі.

Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары /кластары/ түрінде бастапқы негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі жаратылыс нышандарымен сан жүзінде сипатталатын топырақ топтары кейін экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Топырақтарды бонитеттеу мәліметтерінің жерді, оның жаратылыс сипаттамаларын ескере отыра, тиімді пайдалану мәселелерін шешуде көп маңызы бар.

Одақтық әдістемеде /1976 ж./ қойылған негізгі талаптар: 1. Топырақтардың агроөндірістік топтары бірыңғай принцип бойынша құрылулары керек; 2. Топтар салыстыруға келетін болуы керек.

Топырақтардың агроөндірістік топтары суарылатын, құрғатылатын жерлер үшін жеке бөлінеді. Топырақ түрлерін агроөндірістік топтарға біріктіруде қолданатын көрсеткіштер:

1/ бір топырақтық-климаттық провинцияға немесе округке қарауы;

2/ топырақтардың жыныстық жақындығы /топырақ қабатының морфологиялық құрылымы, физикалық қасиеттері, су, ауа, жылу режимдері/;

3/ химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері, қоректену заттардың мөлшерлері;

4/ тұздану, сортаңдану, эрозиялау, тастану деңгейі және т.б.

Жалпы түрде топырақтарды бонитеттеу жұмыстары 2 сатыдан тұрады: а/ бонитеттеу шкаласын құру; б/ бағалау шкаласын бағаланатын жерлерге салу /жеке суарылатын, суарылмайтын егістер, табиғи мал азық алқаптар және көпжылдық екпелер/.

Бағалау объектісі ретінде топырақ түрлері алынады. /Временные методические указания по оценке земель Казахской ССР, Алма-Ата, 1979/.

Бонитеттеу шкаласын құру үшін топырақ, мелиоративтік және басқа зерттеулердің сапалы мағлұматтары пайдаланылады.

Бағаланатын топырақ мәліметтері ретінде:

а/ 0-50 см қабатындағы қарашірік мөлшері, % ;

б/0-50 см қабатындағы жұтылған натрийдің орта салыстырмалы мөлшері, % жұту сыйымдылығынан;

в/ 0-50 см қабатындағы жұтылған магнийдің орта салыстырмалы мөлшері ,% жұту сыйымдылығынан;

г/ 0-50 см қабатындағы тұздардың орта салыстырмалы мөлшері (%) және тұздану түрі;

д/ шағылдық (ұсақ тастақтық);

е/ тастақтық ;

ж/ гидроморфтік дәреже

Әр топырақ түрінің бонитет негізі болып 0-50 см қабатындағы қарашірік мөлшері (%) бойынша есептеледі, ал барлық басқа қасиеттеріне түземе коэффициенттері енгізіледі.

Топырақтың 0-50 см қабатындағы қарашіріктің пайыздық мөлшері графикалық тәсілмен есептеледі.

Ол үшін график құрылады: абсцисса бойымен қарашірік пайызы, ал ордината бойынша үлгі алу тереңдігі салынады.

Мысал: тереңдік , см қарашірік ,%

0-10 3,23

10-20 2,74



    1. 2,15

График құрғаннан кейін:

5 3,2


  1. 2,7

25 2,3

35 1,8


45 1,2
Содан кейін қарашіріктің орта салыстырмалы мөлшері есептелінеді:

Қ(0- 50) = 2,24 %

Қазақстан жағдайында топырақтың құнарлылығын төмендететін негізгі қолайсыз қасиеттері болып сортаңдану және тұздану табылады. Сортаңданудың объективтік көрсеткіші ретінде топырақтың жұту кешеніндегі жұтылған натрий және магний мөлшері (% жұту сыйымдылығынан) алынады. Сосын 0-50 см қабатындағы жұтылған натрий, магнийдің орта салыстырмалы мөлшері есептелінеді.

Тұздану көрсеткіші ретінде 0-50 см қабатындағы тұздардың орта мөлшері алынады. Тұздардың топырақ горизонтындағы орта мөлшерін есептеу қарашірік мөлшерін есептеумен бірдей. Тұздардың өсімдіктерге тиетін зияндық әсері олардың құрамына байланысты. Сондықтан тұзданудың орта салыстырмалы түрі анықталады. Ол үшін 0-50 см қабатта хлор және сульфат аниондардың, сондай-ақ соданың, егер бар болса, орта мөлшері есептелінеді. Осы аниондар қатынастары бойынша тұздану түрі анықталады. Тұздану түрін ескере отыра, 0-50 см қабатындағы тұздардың орта мөлшері бойынша тұздану дәрежесі анықталады.

Егер топырақ тастақталған немесе тастанған болса, онда бұл қасиетіне түземе коэффициент енгізіледі:

;

мұнда: - диаметрі 1 мм артық бөлшектер фракцияларының жиынтығы.

Шалғын, шалғын-батпақ, батпақ топырақтар үшін гидроморфтікке түземе коэффициенттер енгізіледі. Бұл коэффициенттер гидроморфтік топырақтардың 0-10 см қабатындағы қарашірік мөлшерінің аймақтық топырағының сол қабатындағы қарашірік мөлшеріне қатынасы бойынша есептелінеді.

Топырақ түрлерінің жеке қабаттары бойынша есептелінген барлық көрсеткіштер қосылып, топырақ аймағы немесе әкімшілік аудандар шегінде әр топырақ түрі бойынша орта көрсеткіштер шығарылады. Егер әкімшілік аудан шегінде топырақ түрі 20-30 талдаудан кем қамтылмаса, онда топырақ қасиеттерінің орта арифметикалық көрсеткіштері осы аумақтық бірліктер шегінде есептелінеді, ал бақылау саны одан кем болса, есеп топырақ аймақша шегінде жүргізіледі.





1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет