Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидалары



жүктеу 95.49 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі95.49 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы

бұйрығымен бекітілген



Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне
сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және селекциялық жетістіктердің жануарлардың шығарылған тұқымдарының, бір тұқым ішіндегі (аймақтық) және зауыттық типтерінің, зауыттық желілерінің, тұқымдас жануарлардың, құстар кростарының патентке қабілеттілігіне, сондай-ақ олардың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық шарттарына сәйкестігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау тәртібін айқындайды.

2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) байқаудан өткізу - болжанып отырған жаңа селекциялық жетістіктің патент қабілеттілігіне сәйкестігін тексеру;

2) патентке қабілеттілігі - жануарлардың шығарылған тұқымдарының, бір тұқым ішіндегі (аймақтық) және зауыттық типтерінің, зауыттық желілерінің, тұқым топтарының, құстар кростарының жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемдеріне сәйкестігі;

3) сараптама - болжанып отырған селекциялық жетістіктің негізгі селекциялық белгілер мен ең аз құрылымдық бірліктерге сәйкестігін бағалау;

4) сараптама ұйымы - мемлекеттік монополияға (селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;

5) сипаттау (монография) - селекциялық жұмыстың мақсаттары мен шаруашылық-пайдалы, биологиялық, зоотехникалық, сыртқы тұрпаттық-бітімдік қасиеттерін, жануарларды күтіп-ұстау және азықтандыру шарттарын сипаттайтын нәтижелерді, өнімнің өнеркәсіптік өндіріс жағдайларына бейімділігін, шығару (жасау) әдістерін, байқаудан өткізуге ұсынылатын селекциялық жетістіктің генеалогиялық құрылымы мен экономикалық тиімділігін (немесе нағыз құндылық) ашатын мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктердің белгілері;

6) селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және селекциялық жетістіктерді қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

3. Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарауды Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган құратын Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) жүзеге асырады.




  1. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігіне
    сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау тәртібі

4. Патент беруге арналған өтінім сараптама ұйымына беріледі.

5. Өтінім берілген күннен бастап екі ай өткен соң сараптама ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргізеді. Алдын ала сараптама жүргізу барысында өтінім басымдығының күні белгіленеді, қажетті құжаттардың болуы және оларға белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі. Патент беруге арналған өтінімді алдын ала сараптау екі ай мерзімде жүргізіледі.

6. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған кезде уәкілетті орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды. Өтінімнің және селекциялық жетістік сауалнамасының көшірмелері Мемлекеттік комиссияға жіберіледі.

7. Мемлекеттік комиссия ұсынылған құжаттардың көшірмелерін тіркеуді жүзеге асырады.

8. Патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі түскен күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік комиссия:

1) селекциялық жетістік атауының дұрыстығын тексеруді;

Селекциялық жетiстiктiң атауы селекциялық жетiстiктi бiр ізге түсiруге мүмкіндік беруге, қысқа болуға, сол немесе соған жақын зоологиялық түрдiң бар селекциялық жетiстiктерiнiң атауларынан өзгеше болуға тиiс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауға, қасиеттерiне, шығу тегiне, селекциялық жетiстiктiң маңызына, селекционердiң жеке басына қатысты жаңылыстырмауға тиiс, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келмеуге тиiс.



Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссиялар сараптама ұйымынан өтiнiм материалдары келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде жүзеге асырады.

Тексеру нәтижелерін Мемлекеттік комиссия қорытынды түрінде ресімдейді және оны үш данада сараптама ұйымына осы Қағидаларға 1-қосымшаға (Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауына тексерудің оң нәтижесі туралы қорытынды) немесе 2-қосымшаға (Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауына сараптаманың теріс нәтижесі туралы қорытынды) нысан бойынша жолдайды.

2) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес селекциялық жетістіктің жаңалығы бағалануды жүргізеді.

9. Селекциялық жетістіктің жаңалығына бағалау өтініш беруші ұсынған құжаттарды талдау арқылы жүргізіледі.

10. Мемлекеттік комиссияның өтінімді қарауы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 3-3/539 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 қарашада № 9901 болып тіркелген) бекітілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесіне сәйкес, ұсынылатын асыл тұқымды материалдың селекциялық жетістігінің патентке қабілеттілігіне, ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сараптама жүргізуді және байқаудан өткізуді қамтиды.

11. Сараптама жүргізу мен байқаудан өткізу нәтижелерін алғаннан кейін Мемлекеттік комиссия бір ай мерзімде өтініш берушіні оның нәтижелері туралы хабардар етеді.

12. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының, сондай-ақ тиісті шарттар жасасқан басқа да мемлекеттердің басқа ұйымдары жүргізген сынақтардың нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдалануға құқылы.

13. Жүргізілетін селекциялық жетістіктің сараптамасы мен байқаудан өткізу нәтижелерін Мемлекеттік комиссия қорытынды түрінде ресімдейді және оны үш данада сараптама ұйымына жолдайды.

Қажет болған жағдайда қорытынды селекциялық жетістіктің дұрыстығын сипаттайтын тиісті материалдармен (суреттер, схемалар, фотосуреттер) толықтырылады.

14. Селекциялық жетістік патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келген кезде Мемлекеттік комиссия селекциялық жетістіктің ресми сипаттамасын жасайды, оның негізінде уәкілетті орган патент беру туралы шешім қабылдайды.

15. Егер сараптама жүргізу кезінде селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталса, уәкілетті орган Мемлекеттік комиссияның қорытындысы негізінде патент беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш берушіге бір ай мерзімде жазбаша хабарлама жіберіледі.

Өтініш беруші уәкілетті органға патент беруден бас тарту туралы шешімге оны алған күннен бастап екі ай мерзімде қарсылық білдіре алады. Қарсылық білдіруді апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екі ай мерзімде қарауға тиіс.

Апелляциялық кеңестің шешіміне өтініш беруші сотқа шағым жасауы мүмкін.

16. Өтініш беруші сараптамада қарсы қойылған барлық материалдармен таныса алады. Өтініш беруші сұрау салатын материалдардың көшірмелерін уәкілетті орган оған сұрау салу алынған күннен бастап бір ай мерзімде жолдайды.



Мекенжай _______________

________________________

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы


Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларына 1-қосымша

Бекітемін


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның төрағасы

_________________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы

20_____ ж. «____» ______________





Нысан
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң

атауына сараптаманың оң нәтижесі туралы

қорытынды


Тексеру жүргізудің негізі




Берілген

күні





Селекциялық

жетістіктің

болжамды атауы







Селекциялық

жетістіктің

атауы








Өтініш

беруші (лер)





Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдарына сараптама жүргізу нәтижесінде олардың «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарына сәйкес келетіндігі белгіленді




Басқарма басшысы










(қолы)

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

сарапшы










(қолы)

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)



Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларына 2-қосымша


Мекенжай _______________

________________________

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

Бекітемін


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның төрағасы________________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы

20_____ ж. «____» ______________



Нысан

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң

атауына сараптаманың теріс нәтижесі туралы

қорытынды


Тексеру жүргізудің негізі




Берілген

күні





Селекциялық

жетістіктің

болжамды атауы







Селекциялық

жетістіктің

атауы








Өтініш

беруші (лер)





Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдарына сараптама жүргізу нәтижесінде олардың «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарына сәйкес келмейтіндігі белгіленді




Басқарма басшысы










(қолы)

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

сарапшы










(қолы)

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет