СӘлем берген саулық береді қазақ халқының тәлімгерлігі



Дата28.04.2016
өлшемі31 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




СӘЛЕМ БЕРГЕН САУЛЫҚ БЕРЕДІ
Қазақ халқының тәлімгерлігі
*****

Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе.

*****

Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаумағалейкум!» – деп сәлем береді. Бұл «Сізге нұр жаусын!» деген сөз. Сәлем алушы «Уалейкумассалам!» жеп жауап қайтарады. Бұл «Сізге де нұр жаусын!» деген сөз.


Сәлем

(қысқартылып алынған)
Жаздың жайма-шуақ күні. Балтабек ағай баласы Батаймен кең көшенің кестедей айшықты гүлзарының қасынан өтіп бара жатып, Өтен құрдасымен кездесіп қалды.

– Ассалаумағалейкум! – деп ол Өтеннің қолын алды.

– Сәлем! – деп Батай күлімдеп, иек қақты.

Былай шыға бере Балтабектің реңі бұзылып, қабағы түйіліп, көзін жыпылықтата берді. Баласына адырая қарап, ашуын төкті.

– Балам, мимырт болма!..

– Неге «мимырт» боламын, әке?

– Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере салатын кісі емес ол.

– Сәлем! – дедім. – Сәлемімді қабылдап, күлмең қағып, күле сөйлеп еді ғой...

– Кісінің қадір-қасиетін білмей барасың... Кесірленіп, кердең қағып, кейкие сәлем беру анайылық екенін білесің бе, сірә?

Ол кісі жайраңдап, жақсы амандасып кетті ғой... Мен кесірленгем жоқпын.

– Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем» деп иек қаға салмай, адамша амандасу қажет. Амандасу – адамның амандығына қуанып, ақ ниетін білдіру. Үлкен кісіге «Ассалаумағалейкум!» немесе «Амансыз ба», «Сау-сәлеметсіз бе», «Аман-есенсіз бе» деген сөздердің бірі айтылуы керек. Сәлем бергенде де инабаттылық пен әдептілік, сыпайылық пен сыйласым керек.

Батай содан бері үлкен-кішіге үлгі көрсетіп, кісімен жайраңдай жадырап, жақсы амандасатын болды.

Ә.Табылдиев

Атадан қалған асыл сөз
*** ***

Сәлем берген саулық береді, Бақыт дегеніміз – денсаулықтың жемісі.

Сәлем алған қызығын көреді. Смайлс

Ж.Баласағұн

Шынығу



Өс, ұлан! Шынықсын денеміз

Сау болсын десең. Жүріңдер, балалар,

Он екі мүшең, Сырғанақ тебеміз.

Ерте тұр! Құрыспай,

Құлақ түр, Құрыштай

Тыңда сыр. Шынықсын денеміз!


Жапырақтар жырлар, Таяққа бау тағып,

Гүлдер сыбырлар. Шаңғыңды майлап ал.

Күн нұрын күт! Биялай,

Таза ауа жұт – Малақай –

Бойыңа құт. Бәрін де сайлап ал!
Жүгір, Желменен жарысып,

Желмен жарысып. Сырғанақ тебеміз.

Жүгір, Құрыспай,

Желмен жарысып. Құрыштай

Нұрға сылан, Шынықсын денеміз!

Болып қыран, Б.Соқпақбаев

Өс, ұлан! Ө.Тұрманжанов



Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, Көреді бәрін өзгенің,

Байлауынан бір босамас қызық ат. (Тіл) Көре алмайды өздерін. (Көз)

****** ******

Оң жағымда бес сарбаз, Күндіз шайқасада,

Сол жағымда бес сарбаз. (Он саусақ) Түнде айқасады. (Кірпік)

****** ******

Жарық қылып қос тоғайдың етегін, Өзі қысқа,

Қос шырақ тұр. Өзі нұсқа,

Айтшы ол не екенін? (Көз) Сөз қаймағын есінде ұста. (Мақал)

****** ******

Таппайтын тағат, Екі атым бар тынбайтын,

Тығулы сағат. (Жүрек) Өзімді ғана тыңдайтын. (Екі аяқ)

****** ******

Екі қарауыл, Бірін-бірі қоштаған,

Екі тыңшы, Бір үйден көрдім,

Бір жыршы. (Екі көз, екі құлақ, тіл) Қырық екі дос-жаран. (42 әріп)

****** ******



Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет