Семей қаласының шаруашылық ЖҮргізу объектілер бастықтарының назарына!



Дата24.04.2016
өлшемі84.75 Kb.

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ

ОБЪЕКТІЛЕР БАСТЫҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік төтенше жағдайдан қорғау мақсатында, 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, ұйымдардың басшылары бейбіт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды және оларды іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс іс- шараларын жоспарлау мақсатында,бейбіт және соғыс уақытқа арналған шаруашылық жүргізу нысандарының жобалық құрылымын ұсынамыз (1,2 -қосымшалар).

«Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары» (3 қосымша) жөніндегі , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1526 қаулысына және қоса беріліп отырған жобалық құрылымдарға сәйкес, шаруашылық жүргізу нысандарына бейбіт және соғыс уақытқа арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын дайындау қажет.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есепті, мемлекеттік органдар, Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасына 2012 жылдың 10 желтоқсанға дейін өткізуі тиіс.

«Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды- топтарға, ұйымдарды сантаттарға жатқызу ережесі мен өлшемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 942 қаулысына сәйкес, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардың басшылары, 2012 жылдың 25 қарашаға дейін өткізуі тиіс.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындалуы жөніндегі есепті Қозбағаров,38 мекен-жайда орналасқан Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасына өткізу қажет. (телефоны 56-02-23, 56-04-00, 56-99-16, электрондық адресі uchssemey@vkogps.kz).

Аталған құжатты дайындау барысында әдістемелік көмек алу үшін Семей қаласының ТЖ басқармасына, 309 кабинетке, 56-02-23 телефон арқылы хабарласуға болады.


__________________________________________________________________

1 қосымша



Бейбіт және соғыс уақытында шаруашылық

жүргізу объектілері Азаматтық қорғаныс жоспарының

жобалық құрылымы
Азаматтық қорғаныстың бейбіт уақытқа

арналған жоспары


___________________________________________

(ұйымның атауы)

1-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды туындауы кезіндегі ықтимал ахуал.

2-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қауіпін туындауы кезінде өткізілетін Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары.



  1. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен халықты хабарлау.

  2. Инженерлік қорғау.

  3. Радиацияға қарсы және химияға қарсы қорғау.

  4. Медициналық қорғау.

  5. Эвакуациялық іс-шаралар.

  6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

  7. Азаматтық қорғаныс күштерін топтау.

  8. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын басқаруды ұйымдастыру.

  9. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу тәртібі.

  10. Өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Қосымшалар:

  1. Төтенше жағдайлардың туындауы кезінде ықтимал жағдай (карта).

  2. Төтенше жағдайлардың қауіпі және туындауы кезіндегі негізгі шаралардың күнтізбелік жоспары.

  3. Төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы кезінде іс-шаралар орындау үшін тартылатын Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын есептері.

  4. Төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы кезінде басқару және байланысты ұйымдастыру.

_____________________________________



Азаматтық қорғаныстың соғыс уақытқа

арналған жоспары
___________________________________________

(ұйымның атауы)

1-бөлім. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану кезінде болатын ықтимал жағдай.

2-бөлім. Қазіргі заманғы зақымдану құралдарының қаупі және қолдану қолдану кезінде өткізілетін іс-шаралары.



  1. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен халықты хабардар ету

  2. Инженерлік қорғау.

  3. Радиацияға және химияға қарсы қорғау.

  4. Медициналық қорғау.

  5. Эвакуациялық іс-шаралар.

  6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

  7. Азаматтық қорғаныс күштерін топтастыру.

  8. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын басқаруды ұйымдастыру.

  9. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу тәртібі.

  10. Өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Қосымшалар:

  1. Қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезіндегі ықтимал жағдай (карта).

  2. Қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезіндегі негізгі іс-шаралардың күндізбелік жоспары.

  3. Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының есептері.

  4. Бөліп орналастыру және эвакуациялау жоспары (карта, түсіндірме жазба).

  5. Басқару және байланысты ұйымдастыру.

_____________________________________

2 қосымша

Бейбіт және соғыс уақытына арналған Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтеріне Азаматтық қорғаныс жоспарының

үлгі құрылымы

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері Азаматтық қорғанысының бейбіт уақытқа арналған жоспары

1-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды туындауы кезіндегі ықтимал ахуал.

2-бөлім. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қауіпі мен туындауы кезінде өткізілетін Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары.



  1. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын басқару.

  2. Төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы жөнінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын хабардар ету тәртібі.

  3. Төтенше жағдайлар қаупі кезінде өткізілетін Азаматтық қорғаныс іс-шаралары.

  4. Төтенше жағдайлар қаупі кезінде өткізілетін Азаматтық қорғаныс іс-шаралары.

  5. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру.

  6. Эвакуациялық іс-шаралар.

  7. Басқаруды және байланысты ұйыдастыру.

  8. Өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Қосымшалар:

  1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қаупі және туындауы кездегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары.

  2. Төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы кезіндегі іс-шараларды орындау үшін тартылатын Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының есебі.

  3. Жер сілкінісінің салдарын жою үшін тартылатын Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының есебі.

  4. Бейбіт уақытта байланысты және хабардар етуді ұйымдастыру сызбасы (карта).

  5. Аумақтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырау картасы.

_____________________________________

Құпия

(толтыру бойынша)



№ дана

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері

Азаматтық қорғанысының соғыс уақытына арналған

жоспары


1-бөлім. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану кезінде болатын ықтимал жағдай.

  1. Қарсылас дағдылы зақымдау құралдарын қолданған кездегі шабуыл жасаудың және диверсиялық-барлау топтары іс-қимылдарының ықтимал объектілері.

2-бөлім. Соғыс уақытында өткізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары.

2. Қауіп – қатер және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану туралы хабардар ету тәртібі.

3. Азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру тәртібі.

4. Инженерлік қорғау.

5. Радиацияға, химияға және бактериологияға қарсы қорғау.

6. Медициналық қорғау.

7. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

8. Эвакуациялау іс-шараларын өткізгенге дейін құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу тәртібі.

9. Эвакуациялау іс-шараларын аяқталған кейін құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу тәртібі.

10. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын басқаруды ұйымдастыру.

Қосымшалар:


  1. Азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстырған кездегі және соғыс уақытында негізгі іс-шараларды жүргізудің күндізбелік жоспары.

  2. Соғыс уақытына байланысты және хабардар етуді ұйымдастыру сызбасы (карта)

  3. Жұмыс қызметкерлерін бөліп орналастыру эвакуациялау жоспары (карта).

_____________________________________

3 қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1526

Қаулысы
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы

есеп беру қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 12 « 14 »

№ 1526 қаулысымен

бекітілген


Азаматтық қорғаныс іс-шараларының

орындалуы туралы есеп беру қағидалары

1. Осы Қағидалар Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).

2. Мемлекеттік органдар жыл сайын тиісті жылдың 10 желтоқсанына төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органға Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп береді (бұдан әрі – есеп).

3. «Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды – топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 942 қаулысына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 25 қарашасына төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарына есеп береді.

4. Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылдың 25 қаңтарына Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының аумағында өткен жылы Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп береді.

5. Есептер мынадай деректерден тұратын ерікті нысанда беріледі:

1) Азаматтық қорғаныс жоспарының болуы;

2) Азаматтық қорғаныстың басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерін жаңғырту мен жетілдіру және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;

3) Азаматтық қорғаныс күштерін жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстау;

4) зақымдау құралдары қолданылған жағдайларда қорғаныс құралдары тәсілдеріне және іс-қимыл жасауға басқару органдарын даярлау және халықты жаппай оқыту;

5) Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау;

6) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де ресурстарды, резервтерді құру, жинақтау және уақтылы жаңарту;

7) төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы кезінде эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау және жүргізу;

8) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу;

9) экономика салалары мен объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау;

10) проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары.



6. Есепке мемлекеттік органдармен, ұйымдарың бірінші басшылары қол қояды. Мемлекеттік органдар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында, ал ұйымдар – қағаз тасығышта есептерді ұсынады.
Каталог: files -> loader
loader -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
loader -> «550 лет Казахскому ханству». Интеллектуальная игра для старшеклассников
loader -> Әдісі: ойын- сайыс түрінде Қатысушылар: 5 а,в сыныптар Ойын барысы
loader -> Қазақ тілі Мұғалім: Мухамедкаримова К. Т. 9а, 9б сыныптары
loader -> Мағжан мен Абай сабақтастығы
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Дүние жүзі тарихы
loader -> 2. 3 с iшiнде контурды тесiп өтетiн магнит ағыны 3 Вб ден 9 Вб-ге дейiн артқан. Контурдағы индукция ЭҚК неге тең ?


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет