Семей мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 2.08 Mb.
бет11/13
Дата01.04.2016
өлшемі2.08 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
: ebook -> umkd
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
umkd -> ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Абайтану» пәнінің 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы

Әдістемелік нұсқау: З.Ахметовтың зерттеулерінен және мезгіл басылымдарынан қарау.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі 1995ж

2.Абай энциклопедиясы.- Алматы. Атамұра, 1995 ж

9 тәжірибелік сабақ . Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы


Сабақтың мақсаты: махаббат лирикасын оқыта отырып жастарды адал сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

.

Сабақтың жоспары:



  1. Абайдың махаббат лириксы

  2. Қазақ жастарына адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.

Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат өзгешелігі жағынан да сан алуан. «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»- ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды өлең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлеңдеуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны өлеңнің соңғы шумағынан әсіресе айқын байқаймыз:



Бұл қылған зарым

Барса жардың маңына,

Ол - қылған дәрім

Ғашығымның жанына,

Ойландырып ойды,

Түзетпейме бойды?

Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да айрықша күрделі өлеңінен- «Сен мені не етесің?». Ол ғашық жарға арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық монолог түрінде құрылған. өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне жалынып-жалбыранған, күдіктенген, күдер үзген сезім күйі - әр сөздің айтылуынан да өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп тұрғандай.

Абай «Ғашықтық, құштарлық пен – ол екі жол» деген өлеңінде:

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын сен аман бол,- десе «Сен мені не етесің » деген өлеңінде:

Серт бұзғанның,біл, орны – шоқ,-дейді. Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны лайық. Біріншісінде ақын адал сезім білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің сүйгеніне мені тастап мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп айтқаны байқалады.

«Сен мені не етесің» өлеңіндегі әр шумағы ұзынды-қысқалы 14 тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа өлеңдерінде қолданбайды.

Жастардың көпшіліктің айтуына лайықтап, жазған өлеңдерін ақын кең тараған 7-8 буынды, немесе 6 буынды өлшеммен шығарған. Олар - әнге салып айтылатын «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы» өлеңдері.

«Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі» бір-біріне жалғас жазылғаны, бұларды қатарынан қоса алып қарастыру лайық екені осы өлеңдерінің мазхмұнынан анық аңғарылады. «Жігіт сөзі» ғашық қызға арнап айтылған сәлем хат түріндегі өлең болса, «Қыз сөзі» соған жауап өлең екені анық.

Махаббат лирикасының ең таңдаулыларының бірі – «Көзімнің қарасы» үнемі әнге салып айтылып жүретін, халық арасында кең тараған өлең. Осы баршаға мәлім көпшілік аузынан түсірмей айтып жүретін өлеңнің жанрлық түрі жағынан ерекшелігі қандай десек, оны бір сөзбен қырынан ғана келіп айта салу жеткіліксіз болар еді. Неге десеңіз бұл өлеңнің өзіндік өзгешелігі мол. Ғашығына ынтызарлығын, махаббат сезімін тебіреніп айтуы, қыздың сұлулығын, жарасымды мінезін көркемдеп бейнелеуі жағынан оның сәлем хат түріндегі өлеңге жақын келетін тұстары аз емес.



Қара көз, имек қас,

Қараса жан тоймас.

Аузың бал қызыл гүл,

Ақ тісің кір шалмас.

Қыр мұрын, қыпша бел

Солқылдар, соқса жел.

Ақ етің үлбіреп өзгеше біткен гүл.

Мұхтар Әуезов «Көзімнің қарасы» қазақтың шешен тілімен шеберлеп айтқан сезімдерді көрсетеді,-деп жазды,-сонымен қатар Шығы поэзиясында Навон, Физули лирикасында көо орына алған үлгілердің әсері де жоқ емес. Мұнда жастар махаббатының нақтылы шындығынан гөрі сұлудың көркін мадақтау көп.

«Қызарып, сұрланып» өлеңінде екі ғашықтың оңаша кездескен шағын автор сирек ұшырасатын суреткерлікпен бейнелеп, жастардың жан сезімін , ішкі тебіренісін, психологиялық күйін олардың қимыл-қозғалысын, тұрысып, жүректерінің лүпілін, көз-қарасының, қас-қабағының құбылуын нақтылап көрсету арқылы шебер бейнелейді.

«Қызарып, сұрланып» - жазба поэзиясындағы таза сыршылдық лириканың озық үлгісі. өлеңде жастардың алғашқы махаббатына лайық шынайы ынтықтық, пәк сезімділік, әдептілік,сыпайылық, ұялшақтық-бәрі олардың қимыл-қозғалысы, бет пішінінің өзгеріп –құбылуы арқылы нақтылы сипат алып, ғашықтардың жолығып тұрған сәтін көзге айқын елестетін тұтас бір көрініс-сурет жасалған.



«Есіңде бар ма жас күнің» дейтін өлеңінде де махаббат тақырыбын өтіп кеткен жас шағын еске ала отырып толғайды:

Махаббат, қызық, мал мен бақ.

Көрінуші еді досқа ортақ.

Үміт жақын, көңіл ақ,

Болар ма сондай қызық шақ?

Құдай-ау, қайда сол жылдар?!

Махаббат, қызық мол жылдар?!

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар.

Өткенді бір сәт қызықтап,оны жылы сезіммен ойға алған ақын сол жылдардың қайта оралмайтынын «құрғырлар» деп жеңіл әзілмен айтады. өткенге өкініш білдіріп отырса да, мұңды сезімге бой алдырмай, көңілін тындыруға, жұбаныш етуге, төзімді болуға бейім екенін анық байқаймыз.



«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында», «Асқа, тойға баратұғын» өлеңдерінде махаббат тақырыбы өзгеше қырынан баяндалған. Алғашқы өлеңінде халық арасында жиі кездесетін әйелді малға сату әдетін сынау үшін қыздың трагедиялық өлімі тек тілге тиек етілген, және бұл уақиға бұрынғы хандық дәуірде болған делінген. Жас қызды малға сату, шалға беру өтіп кеткен заманның ісі, қазіргі кездегі ұғым-түсінікке үйлеспейді деген ойын айқындап түсу үшін осы сюжетті өлеңнің беташары ретінде алған. Сонымен бірге осы сюжет арқылы, малы бар бай адам ғана емес, тіпті хан болса да, уәрі мен жастың арасында махаббат болмайды деген түйінді пікірін дәлелді етіп жеткізеді.

Жас қыз бен оны мал беріп сатып алуға тырысатын кәр шалдың бейнесін бір-біріне қарама-қарсы қойып, шендестіру тәсілімен суреттеген өте әсерлі:



Біреуі-көк балдырған, бірі-қурай,

Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз.

Қызды айтқанда Абай «ет жүрек», «жас жүрек» сияқты сипаттамаларды алса, шалды метонимия тәсілімен «қартайған қу сүйек» деп бейнелейді.



Әдістемелік нұсқау: З.Ахметовтың зерттеулерінен және мезгіл басылымдарынан қарау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.Мұқанов «Таңдамалы шығармалар» 16-том жарқын жұлдыздар Алматы, 1980 жыл

З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі 1995 ж.

10 тәжірибелік сабақ. Абайдың эстет ақын


Сабақтың мақсаты: Абайдың ақындық өнері мен дүниетанамындағы өзгерістер мен толысудың, іштей түлеп, рухани қорлаудағы эстетикалық тағлымның алатын орны жайлы кеңінен ашу.

Сабақтың жоспары:

    1. Абайдың эстетикалық тағлымы

    2. Абайдың эстетикалық көзқарастары

Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализм әдісінің негізін қалаған дарын. Оның шығармалары жеке адамның қара басындағы кемшілікті әжуалаудан гөрі қоғамдық құрылыстың кем – кетігін сынау – мінеу дәрежесіне көтерілген. Дидактикалық, моралистік әуендерден гөрі Абай шығармаларында сатиралық шенеу басым. Сатираны өз өнерінің ең қуатты арнасына айналдырған Абай қоғамдық мәселеге сын көзімен қарап, өз үкімін шығарып отырды.

Абайдың эстетикалық ойлары мен сыншылық пікірі алдымен өнер иесі – ақын, композиторлар кім, олардың қоғамдағы орны қандай деген түбегейлі мәселеден өрбіді.

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрмай зарлап, -

деген уақытта Абай ең әуелі өнердің саудаға түспеуін, оны кәсіпке айналдырмау керектігін айрықша ескертеді.

Абайдың өнерпаз жастарға айтқан ақылы – есіл өнерді қор қылмай, игі мақсатқа, халық қажетіне жұмсау ниетінен туған. Мұны ол өзінің үлгісімен де көрсетпек болды.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ – барды, ертеңгіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. –

деп ашық айтып, өзінің негізгі эстетикалық идеалы :

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін жойып, көңілін ашпақ, -

екенін халыққа да, оның тілеуін тілеген өнерпаз – дарындарға да жар салды. Демек, өнерді өнегелі іспен, әлеуметтік мәнмен, үлкен мақсат – арманмен сабақтастыру, оған қатаң эстетикалық талаптар қою – Абайдың сыншылық ойының өрелі биігі.

Абай мақал – мәтелдердің мәніне айрықша назар аударып, өзінің сыни ой – пікірін білдіруден тартынған жоқ. Ол « Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа жарамайтұғыны да бар» деп білген.

«Қалауын тапса, қар жанады», сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ деген – ең барып тұрған құдай ұрған сөз. « Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өткізгенше, малды не жерден, не терден сұрау керек қой» - дейді Абай. Сондай – ақ «Атың шықпаса жер өрте», «Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол», «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген мақалдардың моральдық негізін әшкерелеп, өзінің сыншылық көзқарастарының әбден қалыптасқандығын, эстетикалық ойының өрелі биікке көтерілгендігін танытады.

Қазақтың ұлы ағартушы – демократтарының сыншылық ой – пікірінен шола баяндаған уақытта үшеуіне тән ерекшелік анық бой көрсетеді. Қазақтың сыншылық ойының оянып, туа бастау шағында Шоқан, Ыбырай, Абай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша ой өрбітті. Сөйтіп, жаңа заман тудырған қазақтың үш данышпаны ғылыми, педагогикалық, эстетикалық тұрғыдан сыншылық өнердің қарлығашын ұшырып, мәнді өнеге көрсетті.
Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау.

Әдебиеттер тізімі

. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.


2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.

11 тәжірибелік сабақ. Абайдың табиғат, адам, өмір, өлім, құдай, дін жөніндегі өлеңдерін талдау.


Сабақтың мақсаты: Абайдың философиялық көзқарастарын, дүниетанымдық ойларын өлеңдерінен оқи отырып, өмірлік қағида етіп қалыптастыруға жөн сілтеу.Абайдың айтқан пікірлерін өз саналарына түйіп, шығармашылығының бір қыры философиямен ұштасып жатқандығын меңгерту.

Сабақтың жоспары:

  1. Ақынның терең тебіреніске толы философиялық ой өрнектері.

  2. Абайдың философиялық толғаулары.

Абай шығармашылығының бір өзекті қыры-оның философиялық көзқарасы. Абайдың философиялық көзқарасы дегенде ең алдымен басын ашып алатын жайт сол, ол философиялық жүйе құрастырмаған, тіптен арнайы философиялық трактан жазбаған ойшыл. Абайды ақын деп сөзсіз мойындап отырғанымызбен, оның дүниетанымында сананың басым екенін айыру мүмкін емес. Абай өмірге бірде тек ақын көзімен, бірде тек ойшылдықпен қарамаған, оның дүниеге көзқарасы өзін қоршаған ортаны тұтас қабылдаудан туған.

Ақынның «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңіне тоқталсақ. Бұл өлеңде Абай Алланы тану проблемасын қозғаған. Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылдарды біле бермейміз. Абай Алланың насихатшысы емес,оны танушы, зерттеуші ойшыл.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас.

Рас сөз еш уақытта жалған болмас,-деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Ақын «рас» деген түсінікпен нені айтқалы отыр. Бұл бір мәселе. Сонымен бірге Алланың өзі ғана рас емес, сөзі де рас дегенде нені меңзеп отыр. Бұл біріншіден туындайтын мәселе.

«Рас» деген қандай болмасын заттың, құбылыстың мәнін, әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем, заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат, келе-келе мәнсіздене рас емеске айналуы ықтимал. Демек, растың бір-ақ мәні бар, ол оның растығы. Бұл «рас» ұғымының қыры.

«Растың»екінші қырына келсек, онда растың растығын тану мәселесіне тірелеміз. Бұл философиялық мәселе. Растың растығын тани алмасқа, ол жөнінде не айтуға болады. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік, болмыс ретінде қарастырған.

Абайдың өлеңінің екі жолында «рас»-ты үш рет қолдануы тегін емес. Ол өлеңді қабылдаушының ойына өріс бергендік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас», ал керісінше ойлап көрелік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас емес», сонда рас не болғаны. Ақылың бар, сана- сезімің бар ойлан, түйсін. Алладан өзге қандай расың бар. Абай расқа үшінші жағынан келген. Ол оның тарихи мәңгілігі.



«Растың » төртінші қыры. Рас, мәңгілік өлшемі дейік, бірақ болмыста өткінші жайлар да бар, емес пе? Олардың барлығы да рас. Рас әменде рас. Сондықтан Алланың ешқашан жалған болуы мүмкін емес дейді. Абай өз шығармаларын да Алланы үш мағынада қолданылған:

  • Онтологиялық мазмұнда, яғни Алла- шындық, ақиқат.

  • Космогониялық мәнде, демек алла әлемді жаратушы, құдірет.

  • Гносеологиялық тұрғыда.Ислам дінінде Алланы тану оның елшісі пайғамбар арқылы болмақ дейді.

Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырады. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық, сондықтан ол Алла мен Адам арасындағы жалғастырушы күш – махаббат деген тоқтамға келген. Абай дүниетанымында Алланы тану мәселесінде махаббат ерекше орын алған. Осы тұста заңды сұрақ туады. Абай мұндай мәселерге қалай келген? Бұл сұраққа тікелей жауап беруден бұрын діни философиядағы «махаббат» мәселесіне тоқталып өтейік.

Әлемдегі ешбір діни философия махаббат мәселесіне соқпай өтпеген. Христиан дінінде «құдай дегеніміз-махаббат» деген қағида бар. «Махаббат туралы ілімдердің негізгі түптамырлары тоғысатынына еш таңқалуға болмайды. Себебі, махаббат адамдық өлшемнің белгісі. Абайдың «махаббатсыз дүние бос» дейтіні де содан. Махаббат туралы ой міндетті түрде өмір мәніне , болмысына бастап апарады».

Абай махаббаттың адамның кеселді қылықтарынан тазартатын күш екеніне кәміл сенген. Бірақ, қазақ даласында «махаббат философиясы», «махаббат поэзиясы» болып сіңген болатын. Алла мен Адам арасындағы махаббат болғанымен, мәселенің түп қазығы сол қалпында, яғни адам бойындағы асыл қасиеттерді саудаға салмау. Адамдардың бір-біріне қалтықсыз берілуі, ғашық болуы бұл құдай жолы. Махаббат Алланың қасиеті, сипаты ретінде шексіз өлшеусіз шындық. Демек, ол туралы таным да шексіз. Махаббат мәңгі таусылмайтын тақырып. Өмірдің мәні махаббатта. Келе-келе адамның Аллаға махаббаты рух махаббаты және тән махаббаты болып бөлінген. Ол туралы Абай «Ғашықтық, құмарлықпен- ол екі жол»деп нақты айтқан. Енді махаббаттың туындау үшін адамдар өмір сүруі қажет емес пе? Ендеше осы өмір деген не? Оның мәнісі дегенде Абай ақын не деген соған тоқталсақ.

Абайдың «ӨМІР, ДҮНИЕ ДЕГЕНІҢ АҒЫП ЖАТҚАН СУ ЕКЕН» деген өлеңіне кеңінен тоқталсақ. Өмір болмысына тереңдеген адам, одан ешқашан қызыққа кенелеген емес.Өмір туралы ой Будданың ел кезіп кетуіне әкелсе, Диогеннің «бөшкеде» өмір сүруіне жеткізген. Сондықтан Абай «өмір, дүние дегенің ағып жатқан су екен. Жақсы-жаман көргенің, ойлай берсең у екен»- дейді. Осы ойдың генезисіне зер салсақ, мұндай түсінікті сопылар дүниетанымынан кездестіреміз.

Өмірдің «жалған өмір» атануына да бір дәлел осындай ұғымдар болса керек. Дүниені релятивтік принциппен түсіндіру «мәңгілік өмір» идеясына әкелген. Бұл идея көп діндерге ортақ. Жалған, яғни қысқа, шолақ өмір және мәңгілік өмір туралы ойлар көктен түспеген адам болмысынан туған. Адам ғұмыры қысқа әрі қайталанбайды, ағып кеткен су сияқты, бірақ судың мәңгі жойылмайтыны сияқты адам рухы да мәңгілік. Өмір мәнін бір данышпан ашып кетсе, өзге данышпандарға не қалмақ. Осы тұрғыдан алғанда данышпандықтың өзі-өлшеулі ақыл, шектеулі сезімнің синтезі. Данышпан айтты деген сөз ақиқат емес, соған барар жолдың бағыты.

Бізге данышпандардан керегі сол. Ал, адамға бұл дүниеден не керек. Оған өмір керек. Басқа еш нәрсенің қажеті шамалы. Өмір деген адам болмысы, оның тіршілікгінің кеңістігі, өрісі. Зерделі жан өз болмысын бағдарлай алуға талпынады, ол «өмірдің алды ыстық, арты суық, Алды ойын, арты мұңға жуық». Өмір сүру қажеттілігін мойындауы керек.

Өмір сүруге ынта еткен адам қандай нәрсенің керектігін өзі-ақ анықтай алады. Тек адамға өмір сүруге еркіндік берілуі керек. Еркін адам өмір сүру қажеттілігін өзі сезінбек.

Адам еркіндігін күзетуші- періште, оның еркін алып, адастырушы- шайтан. Әр адамның бойында періште бар, шайтан бар. Адам болғаннан кейін, оның табиғатында періште де, шайтан да бар. Мәселе, қайсысының билік құруында.

Шайтан сөзіне еріп, аяғын шалыс баспаған адам дүниеден таппайсыз, егер де ондай жан боласа, оның өмірдегі шайтандықты білмегені. Бұл оның рухани кемтарлығы. Керісінше, періштесі боласа да, оның дымын шығармастай етіп, аузын буып, бойын мүлдем шайтан билеген жан өмірде кездеседі. Сонда байқайсыз ба, адам баласы періштеліктен гөрі шайтандыққа бейімдеу. Неге дейсіз ғой. Бұл сұраққа да барлық заман данышпандары жауап берумен келеді. Бірақ, айқындылық жоқ. Адам құпиясы, өмір сыры мәңгілік жұмбақ, сондықтан да Абай сияқты данышпандар осы мәселелерге келгенде қапа болып:

Қапамын мен, қапамын.

Қуаныш жоқ көңілде,

Қайғырамын жатамын,

Нені іздеймін өмірде,- деуі орынды. Тек қана бір ескертпе, осылайша ой толғау үшін адам тіршілік қаракетінен биік болуы керек. Ондай жанды біз данышпан дейміз.

Әдістемелік нұсқау: Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай» еңбегін қарастыру және «Абай» журналын қарау.

Әдебиеттер тізімі:


  1. «Хакім Абай» - Ғ. Есімов, Алматы

  2. Абайдың өлеңдер жинағы, Алматы «Жазушы» 1968 жыл

  3. \\Абай журналы №10,11,19

12 тәжірибелік сабақ. Абайдың поэмалары. Абай және Шәкәрім



Сабақтың мақсаты: Абайдың поэмаларының толық мазмұнын түсіндіріп, идеясын ұғындыру.

Сабақтың жоспары:

1.Абай поэмалары

2.Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмаларының орны.

3. Абай және Шәкәрім


Абайдан қалған үш поэма бар.Олар : «Масғұт» , «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы аяқталмаған.

Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді.Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық , тәрбиелік ой – мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етеді. Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінеді.Мұны Масғұттың көзқарасынан айқын танимыз. Ұры тонап жатқан шалды айырып алған ол шалдан базарлық алуға барғанда өзіне қызыл жемісті таңдайды.


Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сары жесең, дәулетің судай тасар.

Егерде қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар, -


дейді шал.Масғұт ақылды да, байлықты да таңдамайды, оларды сынайды. Көп наданның арасындағы жалғыз ақылды адамның күйіне де, байлық пен малқұмарлық аздырған байдың жайына да талғампаздықпен қарайды.
Қызылды жесем, мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер.

Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,

Деп едім бір пайдасы маған тиер.


Еркектің еркек адам болса қасы,

Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы.

Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,

Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?


Тегінде адам басы сау бола ма?

Үйінде тексерілмес дау бола ма?

Ері ашу айтса, әйелі басу айтып

Отырса, бұрынғыдай жау бола ма? –


дейді Масғұт өз таңдауын түсіндіргенде. Ол әйелмен достықты қадыр тұтады. Ер мен әйел теңдігін жақтайды.

Поэма ақынның осы идеясына әкелетін уақиғаны баяндауға құрылады.Онда суреткерлік емес, ой, ақыл басым. Уақиға мен тартыс өмірлік тартыстан емес, ақынның ақылынан , айтайын деген ой – үлгісінен туады. Оның жаңа үлгідегі поэиа түрінде емес, шығыс дастандары түрінде жазылуы да осыны байқатады.

«Әзім әңгімесі» - «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған.

Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой – пікірін тереңірек танытатыны да – «ЕСКЕНДІР».

«ЕСКЕНДІР » поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами , Науаи , Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.

Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай , өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұиар саясатын сынауға ауысады.Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотелтді кіргізеді.

Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады.Жауыздыққа жетелейтін қызғаншақтық пен тойымсыздық екенін көрсете келіп, ақын әділдік, даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның көз сүйген символ ретінде алады да , ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.
Бұл – адам көз сүйегі, - деді ханға.

Тоя ма адам көзі мың – мың санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда.


Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірден – ақ болады екен.


Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділдікке жеңгізеді.

Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді. Уақиға бір түйінге - әділдік пен жауыздықтың бетпе – бет кездесуіне топталады да, кейіпкердің мінез – құлқы , іс - әрекеті арқылы біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы уақиға арқауы болып, оның өне бойында көрініп отырады. Ең соңында ғана Абай оны Аристотельге кездестіреді.Ақынның дидактикалық , өсиет –үлгілік қорытындысы осы арада шығарылады.

Поэмада жарқын суреттер мен қажетті баяндаулар , диалог пен лирикалық шегініс орынды пайдаланылады. Бұл – Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігін танытады.
Қазақтың қоғамдық ой алыптары Абай мен Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында ұқсастық пен айырмашылықтар бар. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстағы қызметтестер.

Қазақ фольклоры, шығыс классикасы, батыс мәдениеті екеуіне ортақ дүниетанымды игеруге көмектескен өз тәлімгерлері болған. Ағартушылық жолына, ғылым жолына мені әкелгендер деп Абай ағасы Халилланы, әжесі Зерені, орыс достарын атап кеткен. Ал, Шәкәрім шәкірттік ризашылғын атасы Құнанбайға, ағасы Абайға, қоғам қайраткері Исмаил Гаспринди алдында білдірген, әсіресе, Абайдың педегеогикалық ықпалын бағалайтын.

Абай өзінің мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанатанып ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде танылды. Белгілі абайтанушы М.Әуезов көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы- тарихи жаңалық.

Ақылбай, Әріп, Бейсембай, Кәкітай, Көкбай, Шәкәрім- Абай мектебінің мақтанышы, жаңашыл, ойшыл, ағартушы, тәлімгер болған тұлғалар. Қанымен, жасымен, рухымен ұстазына ең жақын болған – Шәкәрім.

Тақырып, мазмұн жақтарынан ұстаз бен шәкірттің өлеңдері, қара сөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты Шәкәрімнің сегіз қырылылығында өз көрінісн табады. Ұстазында кездесетін, өзіне дейін қазақ мәдениетінде ұштаспайтын құбылыстарды дамытқан Шәкәрім, ұстазымен салыстырғанда ілгері кеткені дау тудырмаса керек.

Қазақ, халқының этногенезі туралы Абай екі ауыз сөз қалдырып, сол сөзінде этногенезді зерттеу бағдарын анықтаған. Абайдың тапсырмасымен 19 жасынан мәліметтерді жинаған Шәкәрім мазмұн және форма жағынан ерекше «Түрік, қырғыз- қазақ һәм хандар шежіресін» құрастырған. Өзге дәстүрлі шежірелерден айырмашылығы- тек қана жүздер мен рулардың пайда болуы туралы аңыздардың жазба түріндегі жинағы еместі. Бұл автордың қазақ елінің тарихи санасын, ұлттық сезімін жоғары көтеретін тәлімдік ойлар қорытындысы еді.

Абайдың «Қарасөздері» қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы» - қазақ философиясының шыңы. Форма жағынан Абай туындысы әдеби эссе болса, «Үш анық» - ғылыми аңсар, трактат.

Оқырмандар жақсы түсініп, берік меңгеріп, есте сақатуына ыңғайлы болуы үшін трактат стилі қолайлы, өз ойларын автор бірнеше рет қайталап жазады, негізгі дәлелдерін келтіреді, қортындысын анықтайды. Араб, орыс терминдерін міндетті түрде қазақ тіліне аударды, дербес терминдер ұсынып, қазақ тіліндегі философиялық категориялар, таулар негізін қалайды.

Екі ойшылды қызықтырған жан мәселесі. Табиғат өлсе де жан өлмес деген Абайдың пікірн Шәкәрім түрлендіреді. Оның пайымдауынша, дүниедегі барша нәрсенің жаны бар, жан өлмейді, өзгереді, өзгерген сайын өседі, жоғарлайды: сезімді жан, аңғарлық жан, ойлайтын жан, ақылды жан.

Жан мәселесін зерттегенде Шәкәрімнің буддизм қағидаларымен таныс болғаны шығармаларынан белгілі, сезіледі. Кәкітайдың айтуынша, Абай буддизм негіздерін зерттеп үлгермедім деп өкінген екен. Абай мен Шәкәрім екеуіне ортақ ой- діндердің бәрі шатақ, екеуі да соқыр дінге, жұртты жеген молдаларға қарсы шыққан. Бірақ екеуі де негізгі діни қағидаларды жоғары рухани- құлықтық қағидалар деп түсінген.

Шәкәрімнің жетістігі- «Мұсылмандық шарты», жастарға арналған этикалық оқулық, оқу кітабы санына жатады. Біздің ойымызша, бұл кітапты мектептерде ислам сабағында мұғалімдер қолданған болуы әбден мүмкін. Құран аяттары бірінші рет араб тілінен қазақ тіліне аударылған, әрі діни талаптарға автор өз түсінігін келтірген, оқырмандарға түсінікті болуы үшін мысалдар келтірген. Осы еңбектің мәнін айқындау үшін Европадағы Ұлы Реформацияның түрткісі болған Мартин Лютердің Библияны латын тілінен алғаш рет неміс тіліне аударғанын еске алсақ қателеспейміз.

Абай қазақ поэзиясына бірінші болып пейзажды енгіп, табиғатты өлеңдерінде жеке кейіпкер етіп көрсетіп, адам және табиғат мәселесін көтерген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың куәгері болған Шәкәрім экологиялық тәрбие негіздерін салып, адам құлқы және табиғат, табиғатты сақтауға ғалымдардың жауапкершілігі туралы ойларын жариялаған.

Ел мұңын шертіп, ел тағдырына қайғырған Абайдың әуендерін Шәкәрім қайта жаңғыртты. Соңғы жылдары жазған шығармаларының түп- тамыры- қоғамдық ірі оқиғалар, үш орыс төңкерілісі, азамат соғысы, коллективтендіру саясатының нәтижелері.

Қоғам қайраткерлері ретінде Абай мен Шәкәрім қызметтерінде үндестік мол, екеуі де болыс болған, билік жүргізген, әділ шешімдер қабылдаған. Қырық жас шамасында екеуі де ғылым жолына түскен, әдебиетпен а арналғанШәкәрім қажылық сапраға барып қайтқан. Ағартушылық міндетін Шәкәрім орыс географиялық қоғам бөлімшесінде мүше болып та жалғастырған.

Шәкәрім Абайдың алғашқы ғұмырнамашысы. Ол 21 жасында Абайға арналған «Жастарға» өлеңін жазған. «Жастарға» Абай туралы жазылған бірінші жазба сөз десек жаңылыспаймыз, өлеңде 34 жасар Абайдың өмірбаяны, негізгі шығрамшылық және қоғамдық қызметі жөнінде мәлімет алуға болды. Шәкәрімнің Абай туралы жазғандары: «Шежіре» кіріспесінде, «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», «Жолама қулар, маңайға», «Абай өмірбаяны» әлі табылмаған. Өз шығармаларында Абайды жете таныған биіктен көрінеді. Абай ойларын өзіндік бағытта жалғастырады.

Абайдың қай ойларын дамытса да Шәкәрім оны міндетті түрде педагогика саласына, оқу- ағарту жүйесіне алып келеді. Мысалы, екеуіне ортақ тақырып ар, ұждан болса, енді логикалық нәтижесі ретінде шәкәрім мектептерде ер сабағын жеке пән ретінде оқытуды ұсынады.

Абай мен Шәкәрім профессионал- педагог болмаған, бірақ айтқан сөздері, атқарған қызметтері осы мәселеге тығыз байланысты.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет