Семей мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 2.08 Mb.
бет4/13
Дата01.04.2016
өлшемі2.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: ebook -> umkd
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
umkd -> ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Абайтану» пәнінің 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы

Оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі мен мазмұны

  1. Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы (кредиттер): 3 (135 сағат)



Тақырыптар

Дәріс

Тәжірибе

СОБӨЖ

СӨЖ

1

Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

2

1

1

4

2

Ақынның өмірі мен шығармашылығы

2

1

2

4

3

Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары.Абай – ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушы

2

1

1

4

4

Абай-қазақ поэзиясының реформаторы .Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай ойшыл, философ ақын

2

1

1

4

5

Абай өз заманының жыршысы

2

1

2

4

6

Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы

2

1

1

4

7

Ақын мұрасындағы табиғат

2

1

1

4

8

Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы

2

1

2

4

9

Абайдың эстетикалық тағлымы

2

1

1

4

10

Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері.Абай –дана; Абай-кемеңгер. Батыс және Шығыс әсері

2

1

2

4

11

Абайдың поэмалары

2

1

2

4

12

Абайдың көркем аудармалары

2

1

1

4

13

Абайдың қарасөздері

2

1

2

4

14

Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы

2

1

2

4

15

Абайтану ғылымының зерттелуі. Абай және М.Әуезов

2

1

0,5

4




Барлығы:

30

15

22,5

67,5

1-дәріс



Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын тану, бағалау, бүгінге дейінгі зерттеліп келе жатқан мәселелерді жан-жақты қарастырып, қазақ әдебиеті тарихы ғылымының іргелі саласының бірі-абайтанудың қалыптасуын кеңінен тану.

Тірек сөздер: абайтану, өлең, ғылыми мақала,жинақ т.б.

Сабақтың жоспары:

  1. Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы

  2. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі.Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ , оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар.Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой – пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады.Бірақ Абайды алғашқы зерттеушілердің аты – жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді.Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды.

Абайдың екі өлеңі ( «Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбайұлы ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі » ) («Жаз ») «1888 жылғы май айында Ақшатау деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының чрезвычайный съезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің түрі » («Болыс болдым , мінеки» ) деген аттармен 1889 жылы «Дала уалаяты газетінің » 7 , 12 сандарында басылыпты.Одан кейін 1897 жылы Қазанда Бектұрған Сиқымбай ұлы бастырып, Жанұзақ ақын құрастырған «Князь бен Зағифа » атты хиссада Абайдың «Сынағандағы аттың сыны» ( «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» ) , «Бүркітші » («Қан сонарда бүркітші шығады аңға» ) атты өлеңдері жарық көрген.Алдыңғы екі өлең Көкбай ақын атынан жарияланып, соңғы екі өлеңді кітапты құрастырушы авторын айтпай, айтыс тексіне кіргізіп пайдаланған.Оларда осы күнгі белгілі нұсқалардан ауытқу да байқалады.

Ал, Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам -Әлихан Бөкейханов.1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуінде ол «Қырғыз ( Қазақ ) поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаааевты ( Кітапта «Кномбия» болып қате басылған) ( Семей) атауға болады, ол поэтикалық түрі мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы ( әсіресе, табиғатты суреттеуі) ». «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің жақсы аудармаларын жасаған да сол ( олар қырғыздарға (қазақтарға ) тым түсінікті түрде аударылған) – деп жазған.Ол кейін Тұрағұл мен Кәкітайға Абай өлеңдерін жинап бастыру жөнінде хат жазып, солар арқылы ұлы ақынның шығармаларымен толық танысқан.Соның нәтижесінде 1905 жылы «Абай ( Ибраһим) Құнанбаев » атты азанама – мақала жазған.Мақалада автор Абайдың шыққан тегі, өмірі, шығармашылық жолы жайлы тұңғыш мәліметтер береді.Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына , көркемдік табыстарына тоқталады.Сөйтіп ол : «өлеңдерінен көріп тұрғандай , Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді.Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қырғыз (қазақ ) ақыны осы кезге шейін болған емес.Жылдың төрт мезгіліне арнаған (Көктем, жаз, күз және қыс ) тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды »(1) - деген қорытынды жасайды.

Осы шағын пікірлердің өзінен Абайдың ұлылығын, қазақтың жаңа дәуірдегі әдебиетінде алатын орнын, ақынның дүниежүзілік поэзиясының биік деңгейіндегі шығармашылық қызметін дұрыс танығанын көруге болады.Бұл пікірлер Абай туралы соңғы айтылар ойларға мұрындық болды.Оның үстіне , жоғарыдағы мақалаға қарағанда , Әлихан Абай шығармаларын жинатып, өзі басқаруымен Семейде ( орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі арқылы ) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелі ішінде Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі.Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан қауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тындыра алмай, Петербургке де баруы осымен байланысты болса керек.

Абайдың тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы ( 1909 , Петербург ) Абайтануда , ақын атын туған халқына кең жаюда ерекше маңызды қызмет атқарған ұлы уақиғалардың қатарына жатады.Оны бастырушылар – ақынның ұлы Тұрағұл мен інісі Ысқақтың баласы Кәкітай.Абай тәрбиесінде болып, қасында көп жүрген Кәкітай – оның мұрасының да жарық көруіне көп күш салған.Ол жинаққа «Абай Құнанбайұлының өмірі» атты мақала жазған. Абай кітабының тұңғыш басылымының тарихи маңызына қоса , ақын өмірі мен шығармашылығы жайында оқырмандарға тың мәліметтер ұсынған Кәкітай мақаласы да Абайтану тарихында көрнекті орын алады.Онда Кәкітай Абай өлеңдерінің тууына себеп болған тарихи шындық пен ақын бастан кешкен қайғының түп – төркінін жақсы ашып көрсетеді.Оның акындық ізденістерінің шеңберін айқындайды.Абайдың ақындық биікке көтерілуінің негізгі себептерінң орыс және дүниежүзілік әдебиет пен ғылым деңгейінен іздеу Кәкітай мақаласының өміршең, кейінгі зерттеушілерге ой салған ерекше маңызды тезисі болды. «Орыс ғылымын кітапта оқығандық Абайдың көңіліндегі ақындығын қозғағанын » ол орынды айтты.М.Әуезов кезінде бұл мақаланы жоғары бағалап, ақынның өмірбаянын жазуға көмектескенін мойындаған.

Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – А.Байтұрсынов еді.Ол «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев, онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ » - деп түйін айтты.Әуелі ( 1903 ) Абай өлеңдерімен қолжазба дәптер күйінде танысып, кейін (1909) ақын кітабын оқығаннан кейінгі әсерін айта келіп, Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең » жырларының шығуы жағдайларына, әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі.Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жадағай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді.Абай сөзінің жалпы жұрттың ұғымына ауырлығын айта отырып, «Ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік... Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады» , -дейді.Қазақ әдебиетінде Абайдың өзі тұңғыш көтерген айтушы мен тыңдаушының проблемасын Ахмет осылай ақын өлеңін оқу, түсіну тұрғысында талдайды.


Бекіту сұрақтары:

    1. Абайтану саласы қай жылдан бастап зерттеле бастады?

    2. Абайтану пәнінің мақсаты?

    3. Абай мұрасын танытудағы еңбектер?

Әдебиеттер тізімі:

1.М.Мырзахмет «Абайтану тарихы» Алматы – 1994ж.

2. Қ.Мұхаметқанов «Абай мұрагерлері» Алматы-1995 ж.


Дәріс №2 Ақынның өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Абайдың шығармашылығы мен өмірі жайлы толық мәлімет бере отырып, студенттерді ұлы ғұламаның отбасы, өскен ортасымен кеңінен таныстыру.

Тірек сөздер:ақын, философ, медресе, уез,жүз,ру.

Сабақтың жоспары:

1.Абайдың өмірі

2.Абайдың шығармашылығы

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.
Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:

...Кедейдің өзі жүрер малды бағып,


Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,


Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.


Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткеніндей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.

Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.


Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.
«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.

Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады.

Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.

Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді.


Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.
Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.

Бекіту сұрақтары:

1 Абайдың ақын болып қалыптасуына ықпал еткен кімдер?

2.Абайдың балалық шағы қай жерде өтті?

3.Абайдың шығармаларының тақырыбы?
Әдебиеттер:

1. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.
2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.
4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б.
5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан.
6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б.
7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б.
3 дәріс Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары.Абай – ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушы

Сабақтың мақсаты: Ұлттық жазба әдебиетінің негізін салудағы Абайдың қосқан үлесі туралы кеңінен ой қозғап, насихаттау.

Тірек сөздер: мәдениет, әдебиет, отаршылдық,жұрт, ақындық дәстүр т.б.

Сабақтың жоспары:

1.Абай шығармаларының қайнар бұлақтары

2.Абай-ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушы














Отаршылдықтың қанды шеңгеліне түсіп, елдігі шайқалудың үстінде тұрған қазақ қауымына тіршіліктің отын сепкен, «суға кетіп бара жатқан» халықтың қолына іліккен тал болған, тынысы тарылғанда көкірек сарайын ашқан жұпар ауа іспетті, қазақ жұрағатын жойылудан аман сақтап қалып, аяққа тұруына, ес жиып, бас көтеруіне толық әсер еткен баға жетпес дүние ол - хакім Абайдың шығармалары.

Философиялық, тарихи, саяси ең­бектер емес, Абайдың қуатты поэ­зиясы мен ғақлиялары. Сон­дықтан да Абай шығармаларының жи­нақталып, жүйеленіп, баспаға ұсы­нылып, жарияланып шығуы - қа­зақ мәдениеті мен әдебиетінің өр­кендеуіне ғана емес, қазақ елі­нің елдігіне, мемлекеттігіне қадам бас­тырған, қалыптастырған елеулі құбылыс болды.


Әрине, ақынның алғашқы жи­нағының жариялануының басы-қа­сында Әлихан Бөкейханов сын­ды Алаш көсемінің, Абайдың өз балалары мен жақын туыстарының жүргендігі ақиқат. Оның ішінде Кәкітай Ысқақұлының ардақты есімі алдымен ауызға түсетіндігі белгілі. Өткен жылы жинақтың 100 жылдық мерейтойына орай республика көлемінде түрлі іс-шаралардың өткізілгені көпшілік қауымға аян. Біздің мақсатымыз осы жинақтың жариялануы та­рихына байланысты әлі де ашық ай­тылмай келе жатқан факторлар тұрғысында болмақ.
Көрнекті абайтанушы ғалым А.Нұрқатов өзінің «Абайдың ақын­дық дәстүрі» еңбегінде тұң­ғыш жинақтың жариялануына байланысты Кәкітайдың ұлы Әр­хам Ысқақовтың «Қазақ әдебиеті» га­зетінде 1959 жыл­дың 27 нау­ры­з­ын­да жария­лан­ған «Әкем туралы есте­ліктен» ат­ты мақаласына сүйе­не отырып, мынадай мәліметтерді келтіреді: «1906 жылы жаз шығып, киіз үй тіккенде Кәкітай қос тұр­ғы­зып, Мүрсейіт молланы шақы­рып ал­ды да, «сен мына біз жина­ған Абай өлеңдерін реттеп жаз» деп оңа­ша қосқа отырғызды. Мүр­сейіт асық­пайтын, арабша сұлу жа­затын адам еді. Бір ай ша­масында кө­шірім­ді әзірлеп алып, Кәкітай Се­мейге жүріп кетті. Жол шығынына екі семіз ат, екі семіз түйесін әкет­кен-ді. Малын Се­мей­де ақшалап алып, Омбы қаласына кет­тім деп хат жазды...»
Осында ақын өлеңдерінің жүйе­леп көшіру ісін 1906 жылы жаз айында басталғандығы жөнін­де ақпарат берілген. Алайда сана­лы ғұмырын абайтану мәсе­ле­лері­не, Абай мұрасының толықтай иге­рілуіне арнаған ғалым Қ.Мұ­хамедхановтың Кәкітай Ысқақұлы туралы жазылған мақаласында Әрхам естелігіне сүйене отырып, 1905 жылдың жаз айында Мүр­сейіт­ке қолжазбаны көшірту ісі­нің басталғандығын айтып өтеді. Ғы­лыми хронологиялық дәлдік үшін Абайдың тұңғыш жинағын жариялауға дайындық ісі 1905 жылдың жаз айында басталған деген тұжырым орныққаны дұрыс көрінеді. Себебі ақын жинағын шығарушылардың бірі Әлихан Бөкейхановтың Кәкітай туралы мақаласына сүйенетін болсақ, Кәкітаймен 1900 жылдан бері таныстығы, Абай қайтыс болған­нан кейін 1904 жылы марқұмның балаларына өлеңін кітап етіп бас­тыру жөнінде ұсыныс жасағаны, 1905 жылы шілденің аяғында Кәкі­тай­дың Абайдың қолжазбасын алып, Омбыға келгендігі баян­дала­ды. (Мұхамедханов Қ. «Абай кіта­бын алғашқы шығарған Илияс Бо­ра­ганский». Алматы, 2009).
Әрхам Ысқақовтың «Қазақ әдебиеті» газетінде 1959 жылы жа­рияланған естелігі сол кездегі сая­си идеологияға байланысты редак­цияланғаны айқын көрінеді. «Жы­лымықтың» лебі болғанымен, то­талитарлық жүйе механизмі қар­қынды жұмыс істеп тұрған заман, Алаш көсемдерінің ақталмаған ке­зеңі болғандықтан, Ә.Бөкейханов тұлғасына байланысты жайттар түгелімен өзгеріске ұшырап беріл­ген.
Сонымен, Абайдың қолжаз­баларын әдіптеп хатқа түсіріп, үкі­лі үмітпен Омбыға аттанған Кәкітайдың, сондай-ақ Абай жи­­на­ғының жолы болмайды. Жи­нақты баспаға әзірлеп, соңғы ре­дак­цияларын жасап жүрген Ә.Бө­­кейханов патшалық жандарм­дары тарапынан 1906 жылдың қаң­тар айының басында тұт­қын­да­лады. Әлиханның тұтқындалуына байланысты жинақты бастыру ісі біраз кешеуілдейді. Кәкітай үшін жаңа жоспар жасап, қайткен күн­де де кітапты бастыруды жүзеге асыру мақсаты алға шығады. Әрхам Кәкітайұлы: «Одан кейін әкем «Омбыда бастыра алмадым, Қазан қаласына жүріп кеттім» деп тағы да хат жазды. Бір жұмадан соң «Қазан қаласындағы баспаха­на­лардың басуға уақыты болмады. Сон­дықтан Петербург баспаха­на­ларымен шарт жасастым. Тез 200 сом ақша салыңдар» деген телег­рам­ма келді».
Осы арада талай құпияның сыры жатыр. Абай өлеңдерін Қа­зан қаласындағы баспаханалардан басуға неге мүмкіндік болмады? Әрхам Кәкітайұлы бұл кедергі­лер­дің сырын білсе де, зұлым жүйенің теп­кісінен ашып айтпаған сыңай­лы. Қазақ кітабының қилы да қасі­рет­ті тарихын зерттеген ғалымдар Ш.Елеукенов,Ж.Шал­ғынбаева­лардың «Қазақ кітабының та­рихы» атты еңбегінде отаршылдық жүйенің, патшалық Ресейдің өз боданындағы түркі-мұсылман ха­лықтарының кітап бастыру ісіне байланысты ұстанған саясатының бетпердесі сыпырылып, қанды жүзі айқын көрсетілген. ХІХ ға­сыр­дың соңғы ширегінде мұсыл­ман, діни әдебиеттің көптеп шы­ғуы­нан, «Қазанда, басқа қалаларда қазақ кітаптарының көптеп ба­сылуы, оған қоса шеттен мұсы­л­мандық әдебиеттің ат-нөпір үсте­мелеп түсуі - осының бәрі қазақ қоғамына исламның, ол арқылы панисламизм, пантюркизм идея­ларының ықпалының күшейе түсуі­нен» қорқып, аталмыш бағыт­тағы кітаптарды қазақ даласында кең таратпаудың жолдарын қарас­ты­рып, түрлі әккі де зымиян амал­дар­ға барады. Олардың басшы­лық­қа алған нақты ұстанымдары мынадай: 1875-1880 жылдары Бас­пасөз басқармасын В.Григорьев басқарған кезде «кітап ел арасына көп тараса, күш алып кетеді. Ен­деше, оны осы күшінен айыру кө­лемін қысқартып, ауыздықтай беру керек» дескен. Соны әккі чи­новник Смирнов былайша жүйе­лейді: «Қазақ басылымдары оқу­шысына қымбатқа түсетін бол­­сын. Оның бағасын удай қылу­дың бір айласы - цензор штем­пе­лін бұлдау, ол үшін көп қаражат айырып алу» дейді.
Кітап шығару - коммерциялық іс. Кітап сауда айналымына түс­кендіктен, үкімет тиісті салығын са­лады. Смирновтың айтып тұр­ғаны - көлденең салық. Салықтан бе­лі қайысса, мұсылмандар кітап шы­ғара алмайды, қаражаты жет­пейді деп тұр.
Бұл патшалық шенеуніктердің ұстанған ұстанымдарының бірін­ші тармағы ғана. Боданындағы түркі-мұсылман халықтарын ру­хани тұншықтыру, санасын оят­пау, орыстандыру саясатын жүр­гізу сынды сұрқия мақсаттар жат­ты олардың көкейінде.
Абай жинағының Қазан бас­паларында жарық көрмеуінің бірін­ші себебі осы болса, екінші се­бебі де саяси цензура саясаты бол­са керек. Қазанда шығатын қа­зақ кітаптарына арнайы жіті ба­қылау қойылғаны, кітап шық­пас­тан бұрын арнайы өкілетті адам­­­­дар тілмәштар арқылы кітап маз­мұнымен мұқият танысып шы­ғатындығы, патшалық Ресейдің отар­шылдық саясатына қайшы келетін идеялар болса, ол кітап­тардың түбірімен жойылатындығы жоспарлы түрде іске асырылған және бұл істерге байланысты тарихи деректер «Қазақ кітабының тарихы» атты еңбекте көптеп кез­деседі. Қазанға барып тауы шағылған Кәкітай 1900 жылғы «Тәржіман» газетінде жарияланған мақала арқылы таныс, Петербург­тағы И.Бораганский баспахана­сы­на жол тартады. Абайтанушы Қ.Мұхамедханов Абайдың «Тәр­жіман» газетін оқып тұрғандығы, сон­дықтан ақынның айналасы И.Бораганский баспаханасы туралы білгендіктерін айтады. К.Ыс­қақұлының да сол кездегі аста­на Петербургтегі ондаған басқа бас­паханаларға емес, арнайы И.Бо­ра­ганскийдің баспаханасына жол тартуы кездейсоқ іс емес.
Әрхам Кәкітайұлының «Сон­дықтан Петербург баспаха­на­ларымен шарт жасастым. Тез 200 сом ақша салыңдар» деген теле-г­рам­­ма келді» деген сөздерінің аста­рында үлкен тарих жатыр. Ж­оғарыдағы үзіндіде келтірілген бұра­тана халықтардың кітап бас­тыру істерінің құнын шарықтатып, баға­сын асқақтатып, түрлі салық­тар­дың, төлемдердің ойдан шыға­рылуы арқасында шындығында да, қазақ сынды халықтардың кітап басу ісі едәуір қиындыққа ұшы­рады. Кәкітайдың елден 200 сом ақша сұратуы - соның айғағы. ХХ ғасырдың басында ірі қара малдың сол кездегі нарықтағы бағасы 3 сом болғандығын ескере­тін болсақ, 66 ірі қара малдың құ­ны екендігі, ал тіпті 5 сомнан есеп­тейтін болсақ, 40 қара малдың құ­ны екендігі анықталады. Осы жер­ден-ақ патшалық Ресейдің зұ­лым саясатын анық көруге бола­ды.
Абайдың балалары мен Құнан­бай қажы ұрпақтары осындай қаржыны жинап, хакім Абайдың сөз­дерін жарыққа шығарады. Адал сүт емген, алып әкеден арлы болып туған халық перзенттері ғасыр ерлігіне тән іс атқарып, қа­зақтың елдігін, азаттығын, рухын сақ­тап қалған теңдесі жоқ қазы­на­ны халықтың игілігіне жаратады. Кітап бастыру ісі тек қыруар қар­жыны құюмен ғана біткен жоқ, бас­па шарттарына сай оның қа­тесін түзету, жүйелеу сынды істер де едәуір қиындық тудырған.
«Кәкітай бір айда қайта оралд­ы. Кітаптың корректорлық міндетін өз мойнына алыпты. Бас­пахана әр баспа табақты Се­мейде Абай түсіп жүретін Әнияр үйіне жіберіп тұратын болыпты. Әнияр Кәкітайға жеткізіп тұрды. Кәкітай оның қатесін түзеп, қайта Петер­бургқа жіберіп отырды. Осындай сер­гелдеңмен жүріп, Абай өлең­дерінің бірінші жинағы 1909 жы­лы, яғни үш жылда зорға жарық­қа шықты. Әріп терушілердің қазақ­тың сөзін ұқпауынан қатесі көп болды, толық түзеуге мүмкіндік бол­мады».
Әрхам аға айтып отырғандай, Абай өлеңдерін тұңғыш рет жа­рық­қа шығару осындай сергелдең­ге ұласып, кітап төрт жыл дегенде қазақпен қауышады. Бір кітап тарихы - бір халықтың сол кезең­де­гі тарихына пара-пар, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, тарихи жағдаят­тар­дың көрінісі болып тұр.
Бір кітап тарихы - ХХ ғасыр­дың басындағы қазақ қасіретінің айғағына айналған. Сол бір кітап - ұлттық санамызды оятып, ел болуы­мызға септік болды. Осы кітап арқасында қазақ қоғамы, қазақ ұлты жоқ болып кетуден аман қалды. Патшалық өкімет қан­ша кедергі мен қиындық жа­саса да, қолдаушысы бар асыл мұра жарық көріп, халық игіліне ай­налды. Өскелең жас ұрпақ хал­қымыздың қилы тарихын біліп, асыл ерлеріміздің есімдерін ардақтап жүруі тиіс. Осындай елі үшін атқарған теңдессіз еңбегі үшін Кәкітай Ысқақұлы Құнан­баевтың атына еліміздің бас қала­ларынан көше атауларын беріп, халық жадында мәңгілікке қал­дыруға шаралар жасалуы керек.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет