Семей мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 2.08 Mb.
бет9/13
Дата01.04.2016
өлшемі2.08 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
: ebook -> umkd
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
umkd -> ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Абайтану» пәнінің 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы

Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау.

Әдебиеттер тізімі

. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.


2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.
4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б.
5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан.
6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б.
7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б.

2 тәжірибелік сабақ: Абай Құнанбайұлының өмірбаяны



Сабақтың мақсаты: Абайдың шығармашылығы мен өмірі жайлы толық мәлімет бере отырып, студенттерді ұлы ғұламаның отбасы, өскен ортасымен кеңінен таныстыру.

Сабақтың жоспары:

1.Абайдың өмірі

2.Абайдың шығармашылығы

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.
Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:

...Кедейдің өзі жүрер малды бағып,


Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,


Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.


Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.

Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.


Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.
«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.

Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады.

Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.

Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді.


Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.
Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.

Әдістемелік нұсқау: Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты шыққан мақалаларды қарастыру.

Әдебиеттер:

1. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.
2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.
4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б.
5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан.
6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б.
7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б.
3 тәжірибелік сабақ Абай даналығының көздері. Ақын поэзиясына Шығыс пен Батыс әдебиетінің әсері

Сабақтың мақсаты: Абай өлеңдері арқылы Абайдың дана, кемеңгер екенін таныту. Ақын болып қалыптасуындағы Батыс пен Шығыс әсеріне тоқталу.

Сабақтың жоспары:

1.Абай ақындығының қалыптасуы

2. Ақынға Батыс пен Шығыстың әсері
Абай мұрасының рухани нәр алған қазыналы көздері жөнінде алғаш рет ғылыми тұрғыда жүйелі пікір қозғап, өз танымын батыл түрде ұсынып дәлелдеген жазушы М.Әуезов болатын.

Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған үш бұлағы жайлы тұңғыш рет тың пікірді М.Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянына арналған еңбегінің алғашқы нұсқасында айтса , кейіннен 1934 жылы көн даярлықпен келіп жазған «Абай ақындығының айналасы » деген ғылыми – теориялық мақаласында бұл ой – толғамдарын нақтылы әрі кең тереңдете отырып, М.Әуезов ұлы ақынның 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында Абай мұрасының рухани нәр алған қазына көздерін ресми түрде түпкілікті таным ретінде бандаған-ды.Жалпы Абай мұрасының рухани көздері , әсіресе, оның шығыстың рухани қазыналарымен дәстүрлі байланысы туралы мақала – зерттеулердің ерекше көбірек жарық көрген тұсы да осф кезең.Бірақ бұл кезеңде нақтылай ғылыми тұрғыдан зерттеп барып пікір айтудан гөрі жалпылай дақпыртпен жазу, немесе насихаттық сипатта ой айту басымдау түсіп жатты, өйткені оның да себептері бар еді.

1988 жылы жарық көрген «Абайтану.Библиографиялық көрсеткіш » атты кітаптың Абай мұрасының Шығыс пен байланысы туралы біліміне енген материалдарыннан Әуезовтің ақын мұрасының шығыстың рухани - қазына көздерімен қарым-қатынасын ашуға бірнеше мақала- зерттеулер жазуға қызу ат салысқанын көруге болады.Бұл еңбектердің көпшілігі Абайдың шығыс классиктерімен әдеби –шығармашылық байланысына арналса, санаулы зерттеушілер ғана Абайдың философиялық дүние танымы мен исламиятқа қарым-қатынасын қамтыған.

Әрине Абай мұрасын зерттеуші әдебиетші қаламгерлер арасындла абайтану тарихында беталысын, бағыт-бағдарын дұрыс көшелі ой танымдар айта білгендері де , сондай ақ тұрпайы социологиялық , компаративистік танымдағы ой – пікірлерге ұрынғандары да болады, саясат шылауына шатысқандар Абайтану бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға кедергі жасай бастады.Ал мұның өзі Абайдың шығармашылығын қызу ат салыса зерттеуге ұмтылған ғалымдардың бет алысын, бағыт – бағдарын тежей бастағаны , сөйтіп бұл игілікті , тарихи маңызы зор істі бірнеше жылға кешеуілдеткені белгілі.

Сөйтіп бұл кезеңде Абай мұрасының шығыстың рухани қазына көздеріне әдеби – шығармашылық қарым – қатынасын жете танып білуге , терең меңгеруге қарсы елеул ікедеогілерде орын ала бастады.Бір жағынан зерттеушілердің Абайдың ақындық кітапханасында қамтылған дерек – мағлұматтарды анықтап, нақтылай оқып білуге арапб, парсы, шағатай тілдерін жете білмеуінің үстіне қазақ жазуының аз жылдар аралығында үш рет алмасып кетуідн , жас ұрпақтың ертеде араб жазуымен басылып крген деректер көзін оқып, тану мүмкіндігінен айырылуы көптеген қиындықтар туғызды. Екінші жағынан, алып қарағанда кедергінің ең басты себебеі, БКП ( б) ОКН-ң 1949 жылы арнайы саяси –идеологиялық мақсат көздей отырып қабылдаған космополитизм туралы қаулысында жатты.Бұл қаулы сырттай қарағанда отыншылдық , интернационалистік қалып танытатын , ал ішкі мән –мағынасы жағынан алып қарағанда, онда ұсақ ұлттардың тарихи зердесін шайып , өткенінен қол үздіріп , бір ғана халықты мадақтап дәріптеуге құрылған империялық зұлымдық ой бүркемеленіп жатты.Өйткені осы аталмыш қаулы қабылданған күннен бастап – ақ шығыс мәдениетінің рухани қазыналары жайында азын аулақ пікір білдірген, немес азды – көпті мақала зерттеулер жазған қалам қайраткерлері қуғын – сүргінге түсіп , оларға орынсыз саяси айып тағыла бастады.Тағылған кінәнің үлкені қалам қайраткерлерінің ғылыми- шығармашылық іздену жолындағы ой – толғаныстарында орын алған шығысқа бас июшілік , яғни космополиттік идеяларда жатыр деген , тарихи шындықтан алыс , жасанды саяси – идеялық айыптарда жатқан еді.Ал абайтану тарихында ұлы ақын мұрасының рухант нәр алған қазына көздерінің бірі ретиінде шығыс мәдениетімен оның ұлы ой алыптарымен қарым – қатынасын зерттеп бтанып білу процесі енді ғана әужие алып, нәрленіп келе жатқан кезде зерттеулік ойлар бірден саябырлап , мәселеге бойлай еніп терңдеме , үстірттік қалыпқа түсті, ал бұл аталмыш мәселеге ғылыми тұрғыдан назар аударып, тереңдей танып білу бағытында ой-пікір айтуға талпыныс жасаған зерттеушілер қатаң айыпталып , сынға ұшырай бастады. Мысалға алар болсақ тіпті ертеде 1934 жылы жазылған «Абай ақындығының айналасы » деп аталатын мақаласында айтылған аталы пікірі үшін М.Әуезов тағы да айыпталып қатты сынға ұшырады.Қапияда жол тауып тығырықтан сырт айналып шығуға мәжбүр болған М:Әуезов менің айтып жүрген шығысым советтік шығыс республикаларының классиктері болатын-ды деген сылтау табуы да сол қаулыдан сескендіктен айтылған еді. Осы себепті, әсіресе, Абайдың исламиятқа қатысын сөз еткенде өз сырын аша бермей ой – пікірінің төркінін тезиз түрінде ғана беріп, онда да абайтану жөнінде жарияланбай қалған қолжазбаларында қалдырып отырған .

Ал абай дүниетанымының қалыптасу жолындағы рухани қайнарлары жайында пікір айтқан тарихшы , философтар мен кейбір әдебиетшілер орыс , Еуропа мәдениетінің Абай мұрасына әсерімен шығармашылық қарым –қатынасын жөнсіз асыра көпіртіп көрсетіп , Абайдың шығыс мәдениетіне қатысы жөнінде мүлдем сөз қозғамау себебі де космополитизм туралы қаулының саяси ызғарының сырт айналғандық болатын- ды.



Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралау. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау.

Әдебиеттер тізімі

. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.


2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.
4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б.

4 тәжірибелік сабақ Абай –қазақ поэзиясының реформаторы


Сабақтың мақсаты: Абайдық қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарына тоқталу, ақын тыңнан енгізген өлеңіндегі жаңа түрлердің сыр-сипатын жете таныту. Абай философиясының дамуы мен қалыптасуына кеңінен тоқталу.

Сабақтың жоспары:

1.Абай қазақ поэзиясының реформаторы

2.Абай әкелген жаңалықтар

Абай – азамат , қайраткер, санаткер, ойшыл , ақын.Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы.Ол өз дәуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының бәрін топтастырғанда «Абай » деген тұлға туады.Бұл тұлғаны қалайша анықтауға , қалайша мүсіндеуге керек? Дәуір арқылы Абайды ашамызба, яки болмаса дәуір арқылы Абайды ашамызба? Әдебиет зерттеу тәсілі жағынан келгенде , бұның мәні айрықша . Психологияны анықтайтын ғылым бір бейімді адамды талант тобына телісе , бірнеше бейімнің басын қосқан кісіні данышпан деп таниды. Абай Құнанбайұлы осының соңғысына жатады. Дара жазушы және әдебиетші Т.Әлімқұловтың «Жұмбақ жан» кітабынан Абайдың ақындық шеберлігі, жаңашылдығы жайлы тұжырымдаған тың пікірлері аталған тақырыпты толығымен ашады.


Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Абай.
Әр ұлымыз бен қызымыз Абай аңсағандай азамат атанса халқымыз адамзат көшінде әркез ардақты орында болатыны һақ делінген М.Әлімбаевтың «Ұлы ақынның аңсағаны қандай азамат? » атты эссесі пайдаланылды.


Қазақтың ысылған классикасы Абайдан басталса , оған күні бүгінге шейін бірде – бір ақын тіркелмесе. Абай туралы еңбек жазудың жауапкершілігі өзінен - өзі түсінікті.Асқар таудың түбі тұншықтырады. Оның биіктігін аңғару үшін алыстан қарау керек. Көз жазып жазуға және болмайды. Бұл жағынан келгенде , мүше мерекелер қонақтаған жолаушыны толғандырарлық белестерге пара – пар. Абай – азамат , қайраткер, санаткер, ойшыл , ақын.Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы.Ол өз дәуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының бәрін топтастырғанда «Абай » деген тұлға туады.Бұл тұлғаны қалайша анықтауға , қалайша мүсіндеуге керек? Дәуір арқылы Абайды ашамызба, яки болмаса дәуір арқылы Абайды ашамызба? Әдебиет зерттеу тәсілі жағынан келгенде , бұның мәні айрықша . Психологияны анықтайтын ғылым бір бейімді адамды талант тобына телісе , бірнеше бейімнің басын қосқан кісіні данышпан деп таниды. Абай Құнанбайұлы осының соңғысына жатады. Өзінің кім екенін білген Абай тоғыз жолдың торабында өнерді , оның ішінде поэзияны таңдады. Соның өзінде «өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр, сырымды тоқтатайын айта бермей» деп теткіді.Жіті ойласаңыз , осында қанщама мағына жатырн ашып, өлеңмен мұң шағады, өлеңмен наз төгеді, өлеңмен сыр шертеді. Поэзияның табиғатын жетік білген ақын жотарттық жасайтын жерде жомарт та, сараңдық жасайтын жерде сараң. Ол кейде төкпе , кейде бүкпе,. Кейде іңкәр, кейде торыққыш.Кейде әсершіл, кейде байқампаз. Кейде ойшыл , кейде ақылгөй. Осының бәрі оның байырғы болмысының, табиғи дарынының үстіне оның мұратынының , мақсатының, мүддесінің кеңдігінен туған қасиеттер еді. Әбден тоқтасқан шағында туған қара сөздерін былай қоя тұрсақ , Абайдың философиясы , эстетикасы ,тұрмыстық толғаныстары оның поэзиясында , жұртқа тез тарайтын ұшқыр жанрда жатыр. Төркіні тым әрідегі қазақ поэзиясының ұлттық өмірде араласпаған саласы жоқ. Сәбидің тілін сындыратын жаңылтпаштан дананың жұмбағына шейін , жар – жардан жоқтау жырына шейін, қаһармандық дастаннан ғашықтық дастанына шейін , тойбастардан қиссаға шейін, ауызекі айтыс пен қағаз жүзіндегі айтысқа шейін поэзия үстемдік жүргізді. Терме, тақпақ, жарапазан жырымен айтылса, жезтаңдай шешендер сөзі ырғаққа құрылды. Осының бәрі қазақ топырағында поэзияны бірде құнды етсе, бірде құнсыз етті. Осындай салт санада ,осындай дәстүрде , осындай қауымда өскен Абай тұңғыш жырын пірге сыйынудан бастап, еліктеуге ұрынса , кейін бірте – бірте поэзияның өмірдегі орнын , ақындық қуаттың құдіретін ұғына бастады. Санаға сіңген шешендік , қанға дарыған қаратілдік сарапқа түсіп , сараланды, сұрыпталды, екшелді. Сөз сұлулыққа құрылмай, шымырлыққа , шыншылдыққа, мағыналыққа , астарлылыққа құрылды. Бұның баршасы Абайдың өзін кәміл танытатынын аңдатады. Шеберлік шіркіннің бойға шымшымдап , шымырлап тарайтынын айтпағанда , Абай мұрасы асығыстықты , ұшқарылықты, дәлсіздікті көтермейді.

Ерте оянып, ерте ойланған, ерте толғанған Абайдың көркем әдебиетпен әбден есейген , толысқан шағында шұғылдануында қайталанбас табиғилық бар. Пешенеге кеш жазылған ырыстың баянындай бұл табиғилыққа өкінуге орын жоқ. Абайдың әлеуметтік – қогғамдық күреске араласып, өмір сырын жіті танып, санасы ұлғайған шағында әдебиетке батыл баруы өткен күнінің орнын толық өтеген. Бұған оның сайын сахарадан , өскен ортадан , жастық дәуреннен алған әсерін, түйген түйінін қоссақ, осы байлықты игеруде орыс әдебиетінен мейлінше мол қаныққан құнарлы мәдениетін, тұңғиық білімін телісек, піскен дарынның жемісін қанағат тұтпасқа шара жоқ.


Абай мұрасының әр тарауы дербес еңбектерге татиды. Осы мұраның ең тереңі , ең бағалысы , ең баяндысы – сыршыл лирика. Бұған азаматтық сарын, көңіл сазы, табиғат толғауы, махаббат жыры жатады. «Жұртым - ай ұқсаңшы сен сөздің ішін » деп келетін шымыр жолдардан басталатын Абай сарыны , Абай сазы , Абай лебі адам жанын әлдилейтін алуан әуендерге ұласқанда , осының баршасының үстінен қарайтын биік тұрады. Бұл жағынан келгенде Абай немістің Гетесін , орыстың Пушкинін еске түсіреді.

Ұлы ақындардың әлемді көоуі айшықты , дүние тануы терең , түйсігі тұңғиық келмек. Бұған ақылдың оралымдылығы қосылмақ. Абайдың өмір сырына қанықтығын мінез құлыққа сыншылығын былай қойғанда туған табиғатты көре , сезе, сезіне білуінде қанша құдіретті нәзіктік жатыр. Бұл ретте Абайдың :

Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса,

Күнді уақыт қызартып,

Көкжиектен асырса.

Күңгірт көңілім сырласар,

Сұрғылт тартқан бейуақта

Төмен қарап мұңдасар

Ой жіберіп әр жаққа!- деп келетін дәріпті өлең дүниежүзі поэзиясына ұялмай қосылатын бұлбұл лирика.

Буын мөлшерінің біркелкілігіне құрылатын қазақтың силабикалық жырына Абай батыл жаңалық енгізді.
Сен мені не етесің

Мені тастап ,

Өнер бастап,

Жайына


Және алдап ,

Арбап,


Өз бетімен сен кетесің

Неге әуре етесің.


Қазақ өлеңінде бұрын болмаған ұйқастар.

Жалғаны жоқ кішіпейілділікке бой ұрып, қолдан келген қораш дүниені Абайдың өз сөзімен түйеміз :

Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын, онына ойла!



Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау.

Әдебиеттер тізімі

. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.


2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.

5 тәжірибелік сабақ Абай- ойшыл, философ ақын. Әл-Фараби және Абай.



Сабақтың мақсаты: Абайдың философиялық шығармаларын талдау,олардың мәнін ашу және Абай мен Әл-Фараби арасындағы үндестікті ашу

Сабақтың жоспары:

  1. Абай ойшыл, философ ақын

  2. Әл-Фараби және Абай

Абай – қазақтың ұлы ойшыл философы. Оның өлеңдері мен қара сөздерінің дені терең философиялық ойларға құрылған. Абай философиялық ойдың заңғар биігіне оқудан гөрі өмір мен болмыстың өзінен тоқу арқылы жеткен таза табиғат тудырған ғұлама десек керек.

Грецияда идеалистік философияның негізін салған атақты математик Пифагор дүниетанымында санды ерекше көкке көтеріп, оның рөлін айрықшалап абсолютке айналдырған. Кеңістіктегі ең кіші өлшем нүкте болса, 1 санын соған теңеп барлық санның маңызды негізгі элементі етіп қарастырады. Мұндай ойды Абай да айтады:

Единица- жақсысы,

Ерген елі бейне нөл,

Единица –нөлсіз-ақ,

өз басындық болар сол

единица кеткенде,

не болады өңкей нөл?!-деп пайымдайды.

Абай философиясы дүниеге идеалистік көзқарасты қалыптастырған. Платон философиясы материя мен болмысты екінші кезекке қояды. Ал бірінші алғы орынға идеялар әлемін тұрғызады. Алдымен идея туып, сол идея бойынша табиғат жаратылған дейді. Бұдан дүниені жаратқан жаратушы деген қорытынды шығады. Сонда жаратушымыз бір құдай деген сөз. Абайдың дүниетанымында бұдан өзгешелік жоқ, жер-дүниені, табиғатты бір жаратушы жаратқанына, алланың ақиқаттығына шәк келтірмейді. Демек, Абай – идеалист философ.

Платон тән өлгенмен жан өлмей мәңгі жасайды деп білді. Ол тән тірлігінде білімді болған жандар тән өлген соң, дүниеге жаңадан келген болашақ данышпандар мен игі жақсылардың денесіне көшетіндігіне сенді. Ал білімі шамалы жандар қарапайым адамдарға көшеді деді. Абай да осылай деп ашық айтады:

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес.

«Мен» мен «менікінің» айрылғанын

өлді деп ат қойыпты өңкей білмес,- деп, ертең тәні өлгенмен жаны өлмейтініне кәміл сенеді. Мұндағы Абайдың «мен» деп отырғаны жаны да, «менікі» -тәні.

Платон мен оның ұстаған идеалист философтар табиғатты, материяны екінші орынға қоюмен бірге, оларды баянсыз, жетілмеген өзгермелі деп есептейді. Абай солардың еңбектерін түгін қалырмай зерделеп оқып, зерттеп шыққан адамдай «өлсе өлер табиғат» деп, Платон тұжырымының үстінен дәл түсіп айтады. Бұл мәселеде Абай мен платоншылардың ой-пікірлерінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Шынында табиғаттың, жердің апатқа ұшырауы әбден мүмкін екенін қазір ғылым да жоққа шығармайды. Клиникалық өлім кезінде жанның денеден ұшып шығып, бірер минут уақыт ішінде ғарыш кеңістігіне барып оралатынын медицина ғылымы да мойындай бастады.

Біздің дәуірімізден арғы бес ғасыр бұрын кешкен грек философы Гераклит жаратылыс үнемі динамикалық қозғалыста болаиынын, дүние пайда болу мен жоғалудан тұратынын, тұрақты ештеңе жоқ екенін, бәрі өзгеріп ауысып отыратынын дәлелдеп жазған. «Бір өзенді екі рет кешіп өтуге болмайды» дегенді дәлелдеген де осы Гераклит болатын. «Өйткені сіз өткен кездегі су ағып кетеді де, орнын басқа су басады» - дейді. Сөйтіп табиғатта бәрі құбылып тұратынын өзінің философиялық еңбектеріне арқау еткен. Гераклиттің бұл пайымдаулары Абай өлеңдерінде де бар:

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Әлемдік тарихқа енген атақты да ұлы философтардың айтқандарымен Абай ойлары, міне, осылай үндесіп, сабақтасып жатады.

Абай алдымен философ ақын. Оның кез келген өлеңі философиялық терең ойларға құрылып отырады.

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,

Ұрлық, қулық қылдым деп қағар елбек,

Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.

Осынау әйгілі жыр шумағында философ ақынның заңғар биік өрелі ойын әркім жадында сақтап жүрсе ғой дейсің.




1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет